Ревматоидты артрит туралы мәлімет | туралы қазақша

0
187

Ревматоидты артрит — буынды зақымдайтын созылмалы аутоиммунды қабыну ауруы. Буынға диагноз қою және оны емдеу қиын, өйткені оның симптомдарына «құйылулар және шығарылулар» тән.

Ревматоидты артрит — әртүрлі қантамырларды зақымдайтын және қабыну сипатында болатын өте кең таралған ауру. Ревматоидты артрит бүкіл әлемде кең таралған, және оған 100 адамның бір-екеуі ғана үшыраған, сонымен қатар науқастардың арасында әйелдер ер адамдарға қарағанда 2-3 есе көп.

Ревматоидты артрит — әдетте алғаш рет 30-дан 50 жасқа дейін көрініс беретін созылмалы ауру. Ол балаларды да зақымдауы мүмкін, бірақ ювенильді (жасөспірімдік) ревматоидты артрит атауына ие ерекше түрде болады. Бұл жауыз ауру, өйткені оның симптомдары — буындардың ісінуі, ауруы және сіресіп қалуы — баяу дамиды, және бірнеше апта ішінде қайтады және ай ішінде айтарлықтай болады. Ең бірінші, көбіне қол мен аяқтардың ұсақ буындары ісінеді, ал содан кейін ол тізе және сандардағы өте ірі буындарға ауысады.

Уақыты келгенде бұл ауру буындардың бұзылуына және деформациясына әкелуі мүмкін. Ревматоидты артрит буындардың әртүрлі мөлшерін, әдеттегідей бесеуден көбін зақымдайды.

Аутоиммунды бұзылыстар

Ревматоидты артрит — бұл аутоиммунды   бұзылыс,   мұндайда адам организмі өз тіндерін  анықтап  айыра алмайды және оларды жою үшін антиденелер (аутоантиденелер) түзеді. Бұл жағдайда синовиальді жарғақша (буын-қуысының ішкі жағын қаптап жатқан жарғақша) зақымданады, бұл буындардың қабынуына және зақымдануына әкеледі. Антиденелер басқа тіндерді де, көбіне жүректі және қантамырларды нысана ретінде таңдауы мүмкін.

Ревматоидты артриттің себептері

Адамда ревматоидты артриттің пайда болуының дәл себептері күні бүгінге дейін белгісіз болса да, осы аурумен байланысты бірнеше факторларды бөліп көрсетуге болады.

Ревматоидты фактор: Ауру барысында емделушілердің 75-80%-ның қанында ревматоидты фактор (РФ) деп аталатын аутоантидененің деңгейі жоғары болатыны анықталды. Алайда жоғары РФ басқа да жұқпалы және аутоиммунды ауруларда да кездесуі мүмкін, сондықтан ол диагноз қою үшін сенімді және дәл көрсеткіш бола алмайды.

Цитокинез: Макрофагтармен (организміміздің қорғаныш жасушаларымен) бөлініп шығатын химиялық заттар қабынуға қарсы цитокиндер (мысалы, TNFalpha, IL-1) деп аталады. Олар, сірә, буындарда созылмалы қабыну үдерісінің пайда болуымен және дамуымен байланысты.

Жұқпалы фактор: Парвовирус («бетті шапалақтау» деп аталатын әсерді туындататын вирус), қызамық (неміс қызылшасы) және АИТВ жұқпа сияқты көптеген вирусты жұқпалар жедел полиартриттің (бірқатар буындарды зақымдайтын ревматизмдік аурулар) дамуымен байланысты екендігі анық. Ғалымдар көптеген жұқпалы факторлардың ревматоидты артритпен біршама байланысты екенін, бірақ ол тікелей қоздырғыш еместігін де айтады.

Генетикалық бейімділік: Ревматоидты артрит көбіне отбасында бұрын осы ауру жағдайлары болған адамдарда кездеседі. Зерттеулер қанында HLA класына жататын белгілі бір антигені бар адамдардың бір тобы осы ауруға өте бейім болатындығын көрсетті.

Симптомдары және асқынулары

Әдеттегідей, ревматоидты артрит баяу өтіп, клиникалық симптоматиканың біртіндеп жайылуымен баяу өтеді. Мұндай «құйылулар және шығарылулар» диагноз қоюды және емдеуді қиындатады. Аурудың өзіне тән белгілері мыналар болып табылады:

  • Қимыл-қозғалыс кезіндегі ауру;
  • Буындардың таңертеңгілік қозғалтпауы;
  • Буындардың ісінуі.

Әдетте буындардың ісінуі симметриялы, яғни егер оң жақ колдың буыны ауырса, сол жақтағы сол буын да ауруы тиіс. Басқа да жиі кездесетін симптомдар: температураның жоғарылауы, тәбеттің болмауы, қатты қажу, әлсіздіктің басым болуы немесе аурудың дамуымен қатар жүруі мүмкін.

Бұл ауру ең алдымен буындарды зақымдағанмен, ол басқа организмдерге де әсерін тигізе бастайды. Буыннан тыс көріністер — мыналар:

  • Түйіндер — қысым көп болатын жерлерде, әсіресе шынтақтарда қатты қатаюлар, бірақ олар өкпеде де, жүректе де және склерада да (көздің ақуыз қаоығы) пайда болуы мүмкін.
  • Жүрек-қантамыр жүйесі -перикардит, яғни перикардтың (жүрек айналасындағы қалта) қабынуы науқастардың 10%-да дерлік дамиды. Атеросклероз да (коронарлы артерияларда май түйіндақтарының түзілуі) ревматоидты артрит көріністерінің бірі.
  • Көз — эписклераның (көз ақуызының жарғақшасы) қабынуы артриттегі жиі асқыну болып табылады. Ақуыздың қызаруымен қатар жүрсе де, әдеттегідей оңай қайтады.
  • Васкулит — васкулиттің ең кең таралған көріністері қантамырлардың қабыну салдары ретінде пайда болған саусақ үштарындағы ойық жаралар болып табылады.
  • Өкпенің аурулары — өкпеде сұйықтық (плевральды эффузия) түзілуі мүмкін. Фиброзданатын альвеолит (өкпе қалталары — альвеолалар қабырғаларының қабынуы) сирек кездеседі.
  • Неврологиялық асқынулар -жүйкелердің қысылуы жәңе білезік өзектері синдромымен қатар аяқтардың үюы ревматоидты артрит салдарынан болады.
  • Остеопороз — дәрігерлер қазірде көбіне бүл асқыну сол аурудың өзінің салдары, сондай-ақ стероидтармен емдеу әсерінен болады деп есептейді.
  • Гематологиялық асқынулар — қанның қызыл денешіктері, яғни түйіршіктері түзілуінің бұзылуынан және анемияның дамуынан болуы мүмкін. Тромбоцитоз — қанда тромбоциттер санының жоғарылауы байқалады.
  • Съегрен синдромы — емделушілердің шамамен 10%-да сілекей және көз жасы бездерінің қабынуы пайда болуы мүмкін.

Дәрігерлер буындарының ауруына шағымданатын емделушілерге ауру тарихын білген кезден бастап мұқият тексеру жүргізеді. Содан кейін 1987 жылы Американың ревматологиялық колледжі бөліп көрсеткен ауру белгілерін анықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Кемінде алты апта бойы ең болмағанда келесі симптомдардың төртеуі болса, аурудың бар екендігін айғақтайды:

  • Буындардың және оның айналасындағылардың таңертеңгі уақытта қозғалтпай қалуы, оның жеңілдеуі кем дегенде бір сағатқа созылады;
  • Дәрігерге қаралғанда үш және одан көп буындардың айналасындағы жүмсақ тіндердің ісінуі;
  • Саусақтардағы немесе білезіктегі буындардың ісінуі;
  • Буындардың симметриялық ісінуі;
  • Ревматоидты түйіндер;
  • Қанда ревматоидты фактордың болуы;
  • Эрозиялар (сүйектердің зақымдануы) және алақан және білезік буындары айналасындағы сүйек массасының жоғалуы (остеопения).

Рентген жұмсақ тіндердің ісінуін ғана көрсетіп, аурудың айқын көрінісін көрсете алмаса да, жоғарыда аталған симптомдардың кейбірі рентген арқылы анықталады. Дәрігер қан талдауын алуы және синовиальды сүйықтықтың бар-жоқтығына тест жүргізуі мүмкін. Осы симптомдардың бірде-біреуі диагноз қою үшін жеткілікті негіз болмағандықтан, дәрігердің қарап тексеру мен зертханалық зерттеу нәтижелерін біріктіріп болжам жасауына тура келеді.

Ревматоидты артритті емдеу

Ревматоидты артритті емдеу әрбір жеке адамдағы осы аурудың жекелей сипатына байланысты және ол кешенді сипатқа ие, өйткені емделуші бірден бірнеше маманға қаралуы тиіс.

Ревматоидты артрит — бұл ұзақ емдеуді қажет ететін созылмалы ауру. Негізгі емді таңдау әр адамда жекелей жүзеге асады және аурудың ауырлығына, науқастың жасына және жалпы денсаулығы жағдайына байланысты.

Дәрігерлер әрбір нақты жағдайда аурудың қалай өтетіндігін алдын ала дәл айта алмайды, бірақ медицинада «аурудың клиникалық көрінісі» деп аталатын бірқатар жалпы заңдылықтар бар. Бірқатар жағдайларда шамамен бір жылдан соң, әсіресе ревматоидты артритке шалдықпаған адамдарда ауру өздігінен жазыла бастайды. Кейбіреулерде аурудың жіті ұстамалары біршама тыныштық кезеңімен алмасып отыруы мүмкін — аурудың бұлай өтуі аурудың қайталануының ұзаққа созылуы деп аталады. Ақырында, кейбір емделушілерде тұрақты және үдемелі симптомдардың «толқын тәрізді» ұлғаюы орын алады.

Жалпы алғанда, емделушілердің шамамен төрттен бірінде белсенді өмір сүру салты сақталады, 40%-ында ауру жеңіл түрде көрініс береді, тағы 25%-ында буындардың күрделі зақымдануынан еңбекке қабілеттілігінің едәуір жоғалуына әкеледі, ал 10% жағдайда науқастар мүгедектер креслосына таңылады.

Артриттің мүгедектікке әкелуі мүмкін ауыр түрлерінің дамуына жол бермеу үшін, оны дер кезінде, яғни аурудың ерте сатыларында білу және тиісінше ем жүргізу өте маңызды. Мұндайда көптеген мамандардың күш біріктіруі қажет — әдетте олардың тобына кеңес беретін ревматолог, хирург, осындай науқастармен жұмыс жасауға арнайы дағдыланған медбикелер, дәрігер-физиотерапевт, емдеу-сауықтыру гимнастикасы бойынша маман және еңбекпен емдеу және әлеуметтік қызметкерлер кіреді. Емделуші мен медицина қызметкері арасындағы жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Емделушілерді осы аурудың және оның асқынуларының ерекшеліктерімен таныстыратын оқу бағдарламасы маңызды рөл атқарады.

Алғашқы емдік шаралардың бірі — зақымданған буындарға түсетін жүктемені азайту. Ауыратын буындарға түсетін жүктемелерді азайту әдістері:

  • Қалыпты салмақты сақтау. Артық салмақ немесе семіздік зақымданған қантамырларға түсетін жүктемені ұлғайтады, сондықтан егер сіз дәрігердің ұсынысымен салмағыңыңызды бірнеше келіге азайтсаңыз, онда ол өте пайдалы болуы мүмкін;
  • Демалыс және тыныштық;
  • Орташа дене жаттығулары науқастың жалпы жағдайы үшін жағымды, өйткені ол буындардың бүгілгіштігін сақтайды және бүлшықет салмағының жоғалуына жол бермейді. Алайда буындар қабынғанда ауру мен қабыну үдерістері қайтқанша ауыр дене жаттығуларын жасауға болмайды, әйтпесе денсаулыққа үлкен нұқсан келтіретін қауіп туындайды;
  • Жүрген кезде таяқ немесе тіреуіш балдақ пайдалану;
  • Физиотерапевтке немесе еңбекпен емдеу маманына қаралу. Олардың нұсқаулары буындардың бүгілгіштігін сақтауға және аурудың әрі қарай дамуын тоқтатуға жәрдемдеседі. Еңбекпен емдеу дәрігерлері ревматоидты артриті бар адамдардың күнделікті міндеттерін атқаруын жеңілдету үшін жәрдемдесетін әртүрлі құрылғыларды таңдап алады.

Ревматоидты артритті емдеу үшін қолданылатын медициналық препараттардың үш түрі бар: қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД/NSAIDs), кортикостероидтар және иммунды жүйені (DMARDs) басым ететін ревматизмге қарсы дәрілер.

#Ревматоидты #артрит #туралы #мәлімет