Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.
Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге
асы-рылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық үйымдардан қарыз
алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне
сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мүның өтпелі формасы ретінде бірлескен
кәсіпорындар үйымдастырылуы да мүмкін. Шетел капита-лын үлттық экономикаға
тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар еддің
өндірістік база-сын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін
арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын
ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен еңдірісті
үйымдастыру тәжірибесін ала келеді.
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды
орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға кауіпсіздік
кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайда-ны
түрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік
инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны
шикізат шылауына айнал-дыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның қүралы
ретінде көрініп отыр.
Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған рыноктық эконо-микалардың шетелдік
инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді. Мысалы, XX
гасырдың соңына қарай шетелдіктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд. долл. тең
өндірістік қорларды иемденді. Бүл соманы көзге елес-тету үшін Австралия
сияқты дамыған елдің жалпыүлттық өнімінің қүнымен тең десек те жеткілікті.
Бүл, әрине, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бірақ Америка
бизнесмендері 80%-тік шетел капиталының елэкономикасына қүйылуын белсенді
түрде қолдайды және үкімет тарапынан да бүл жағдай толық колдау табуда.
Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары
Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы
тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі шетел
инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.
Әрине кез келген стратегияның құндылығы түпкі ойында емес, сәтті
жузеге асырылуында. Ал біздің жағ-дайымызда сәттілік көбінде шетел
инвестицияларын белсенді тарту мен инвесторларға саяси кепілдер беруді
болжайды. Өкінішке орай, жақын болашақта ішкі ресурстарға сенуге болмайды.
Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа
әлемдік ғылыми-техникалық жеті-стіктер, технологиялар енетін маңызды арна
ретінде қажет.
Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық
шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қаты-настарға бейімделу
дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік
туғызады.
Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең
алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын
республикаға тарту бағ-дарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс
барысында кнвестициялық жобалардың мақсатқа лайыктылығын көрсететін,
белгілі бір қағидаларды жетекшшікке алу қажет.
Бұл қағидалар:
— экономикалық мақсатқа сәйкестілік ол сол немесе басқа
әлеумеуттік-экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер
мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын ин-
вестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз
қажеттлігінен туындай отырып анықталады;
— әлеуметтік экономикалық тиімділік кез келген нысанда шетел
инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты, Бұл кағида: шетел
компанияларының қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен
пайдалылығы, карыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс
орындарын құру мен тұрғын халықтың жұмысбастылығын арттыруды пайымдайды;
— экономикалық -экологиялык кауіпсіздік егемендік
қауіпсіздігінің қағидасы. республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен
пайдалануға, қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз
шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар
өндірушілсрді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол
беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкшдік бермеуі тиіс. Бұл кағиданы
қолдану ұлттық ресурстардың жекелеген түрлеріне (мысалы, жер) шетел
капиталының еркін кіруін шектеу қажет;
— шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік
қагидасы. Бірде бір мемлекет, бірде бір кәсіп-кер өзіне пайдасыз
болатын серіктестікке кірмейді, республика экономикасын
инвестицияламайды;
— экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтысалу қағидасы. Бұл
Қазақстанда жүргізіліп жатқан кұрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес
оларды
ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Сон-дықтан Республикада
2000 жылға дейінгі кезеңге тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту
үшін ең маңызды өндірістердін тізімі бекітілген.
Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада: ел белгілі бір
елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың
экономикалық жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орыны, экономиканың
нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да
сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс;
— Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз
коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудын негізі осы
процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті
хабар-дарлылығын қамтамасыз ету болып табылады;
— ең соңындй, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша
ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән
көптеген ерікшеліктері бар: экономикалык, технологиялық, қаржылық
және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің
жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.
Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін
құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде
реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылы-ғын
реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.
Сонымен қатар елде бұл процесті басқару барысында … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz