Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары туралы қазақша реферат

0

1999-2001 жылдардағы кезеңде өндірістің біршама ілгерілеуімен байланысты Ресей экономикасының барлық дерлік металл тұтынушы секторларында ішкі рынок сыйымдылығы айтарлықтай кеңейді. Осылайша, 2001ж қара металдар прокатының ішкі тұтынылуы 1998 жылғы көрсеткішті 50%-ке басып озып, шамамен 23 млн тонна құрады.

Негізгі түсті металдарға деген сұраныс 1999 –2001 жж. жылына 15-25% қарқындылықпен ұлғайды. Түсті металдардың негізгі бөлігі ішкі рынокта транпорттық машина жасауда тұтынылады (түрлі металдардың 30-дан 50%-дейін) және одан кейінгі де үлестің ұлғаюы құрылыста қолдану (10-15%-дан 20-40%-ға дейін ) мен қорғаныс өнеркәсібі есебінен болуы мүмкін /9/.

Сыртқы рыноктардағы шектеулерді ескерсек, Ресей металлургиясының 2010 жылға дейін даму перспективасы, ең алдымен оның өніміне деген сұраныстың ішкі рынокта ұлғаюымен байланысты болмақ. Бүгінгі таңда Ресей қара металдар өнімдерінің жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша негізгі өнеркәсіптік дамыған елдерден артта келеді, яғни 2001 жылы бұл көрсеткіш 154 кг/ад құраған. Ал Жапония, АҚШ, Европада – 350-550кг/ад.

Алайда ішкі метал тұтынудың өсім қарқындылығы баяулауда: 2002 жылдағы жалпы Ресей экономикасының өсім қарқындылығының кемуімен байланысты, метал тұтыну қара металдар үшін 4-6 %-ке дейін, түсті металдар үшін 58%-ке дейін кеміді. Оның үстіне, дүниежүзілік рынокта жағдайдың нашарлауы әсерінен Ресей рыногына импорттық метал өнімдерін демпингтік бағалармен әкелу қаупі бар.

Алдағы 10 жылда өнім бөлісу жөніндегі келісім жағдайларында экспорттық бағалаулар бойынша 100 млрд $ дейін инвестиция салынатынын ескерсек,  ресейлік металлургиялық кәсіпорындардың қатысу үлесі жөніндегі нормативті – құқықтық базаның қалыптасуын аяқтау маңызы зор.

Ішкі метал рыногын жандандырудың маңызды факторы экономиканың барлық салаларында негізгі қорды жаңарту қажеттілігі мен металл тұтынатын базалық салаларда машина жасау, құрылыс және ОЭК-өндіріс пен инвестицияны дамыту болып табылады.

Қазіргі кезде қара металлургия өнімдерінің тұтынышылары төмендегілер болып табылады:

1.Машина жасау кәсіпорындары –11 млн. тонна (соның ішінде автомобиль жасау – 2 млн т.);

2.Капиталды құрылыс –3,5 млн. т;

3.ОЭК кәсіпорындары – 3млн. т;

4.Темір жол транспорты – 1,6 млн. т.

Макрокөрсеткіштердің болжамдары Ресей экономикасының жекелеген салаларының даму стратегияларымен сәйкес қара металл өнімдерінің ішкі рыногы сыйымдылығының 2005 жылы 26,5 млн.тонна, 2010 жылы 32-33 млн. тоннаға дейін кеңеюі күтілуде. Сонымен, металл тұтыну өсімі 2001 жылмен салыстырғанда 20   % және 45  % құрайды /10/.

Қара металдардың дайын прокаттарын тұтынудың сортаментті құрамында беттік прокат , труба және метиз үлестерінің ұлғаю жағына қарай прогрессивті өзгерістер тенденциясы сақталады деп күтілуде.

Осылайша, титан өндірісінің энергияны аса көп қажет ететініне қарамастан (1тонна титан өндіру үшін –17-20 мың квт/сағат қажет) «Ависма» акционерлік қоғамы дүние жүзіндегі борпылдақ титанның 20% -н береді, оған деген сұраныс, әсіресе авиация өнеркәсібінде өсуде. Рынок қажеттілігіне байланысты 1997 жылы «Ависма» 1996 жылмен салыстырғанда титан борпылдағының өндірісін 30% -ға  ұлғайтты, және де оның сатылым көлемі 30 мың тоннаға жетті. Экспортқа жөнелтулер 12% -ке өсті.

Түсті металға деген сұраныс, ең алдымен, әсіресе алюминий және мыс прокатындағы төртінші қайта өңдеу өніміне қажеттіліктің өсімімен (2000 жыл деңгейіне қарағанда 2010 жылы 70-80% -ке) салыстырып қарағанда титан және латун прокатында 60-70-ке, анықталады. Бұл негізгі түсті металға деген сұраныстың 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 55-60   % -ке дейін өсуіне әкеліп соғады.

Металлургияның дамуы үшін мемлекеттің металды көп қажет ететін салаларды дамыту мақсатында тиімді жағдай қалыптастыру есебінен ішкі металл тұтынуды белсендірудің маңызы зор. Атап айтқанда 2010 жылға қарай болжанған  автомобиль өндірісін екі есе ұлғайту металл прокатын тұтынуды жылына 2 млн. тоннаға ұлғайтуы қажет, коммуналды шаруашылық пен ОЭК салаларында тозған құбырларды алмастыру 1,5 млн.тоннаға, лизингті ұлғайту есебімен ауыл шаруашылық техникасының өндірісін ұлғайту –1 млн.тоннаға. Қорғаныс тапсырысы да металл тұтынуды айтарлықтай өсіруі қажет /11/.

2010 жылға дейінгі кезеңде ресейлік металлургия өнімдерінің айтарлықтай мөлшерінің экспортқа кететінін ескерсек, бұл саланың дамуы дүниежүзілік металл рыногының жағдайына тәуелді болады.

Аса күрделі проблемаға дүниежүзілік болат рыногындағы жағдайдың күрт нашарлауын жатқызуға болады. Соңғы жылдары ресейлік металлургия сыртқы рыноктарда қара металдар өнімін өткізуге байланысты қиыншылықтарға тап болуда. Бұл ресейдің металлургиялық кәсіпорындарына 50 астам сауда шектеулерінің қойылуына байланысты болды. Яғни АҚШ-пен «Болат туралы келісімнің» және ЕО-мен «Болат өнімдеріне квота туралы келісімнің» мүмкіндіктері айтарлықтай шектелуде.

Бұл жағдай дүниежүзілік қара металдар рыногының дамуындағы негативті тенденциялармен негізделген. Соңғы 10 жылда дүние жүзінде болат өндірісі 70 млн.тоннаға өсті, ал қуаттылық 130 млн.тоннаға өсті. Нәтижесінде қазіргі уақытта болат өндірісіндегі артық өндірістік қуаттылық жылына 220 млн тонна деп бағалануда (рыноктың   шамамен   260 %-ы ). Бүгінгі таңдағы ғаламдану жағдайында ол нарықтық бағалардың айтарлықтай төмендеуі мен бәсекеге төзімділігі төмен компанирялардың банкротқа ұшырауына әкеліп соғады /10/.

АҚШ–да 2000-2001 жж. аралығында  ірі болат құю компанияларының 14 банкротқа ұшырауы тіркелген. Өз  өндірушілерін қорғау мен әлуметтік қиыншылықтарды төмендету мақсатында АҚШ үкіметі 2002 жылдың 6-шы наурызында метал өнімдерінің 14 категориясы бойынша арнайы қорғаныс шараларын енгізіп, дүниежүзілік рыноктың шамамен 15%-ын жапты.

Бұл шараларды енгізу болат рыногындағы «домино» эффектіне әкеліп соқты: қосымша қорғаныс шараларын енгізу туралы 2002 жылдың наурыз-сәуірінде  ЕО, Қытай, Канада, Малайзия және т.б. бірқатар елдер жариялады. Нәтижесінде 2002 жылдың мамырында дүниежүзілік болат рыногының ≈ 60%-і жабылды.

Дүниежүзілік қара металдар рыногындағы жағдайдың дамуы жуық перспективада және 2010 жылға дейінгі кезеңде ірі металлургиялық компаниялардың оларды өндіру көлемін шектеумен өнімнің бәсекеге төзімділігін жоғарылату мақсатындағы қолданып жатқан шараларына байланысты болмақ.

Дүниежүзілік қара металдар рыногында 2002 жылдың басындағы дағдарыс ресейлік кәсіпорындар-қара металдар экспортерларының жағдайын нашарлатып жіберді. 2002 жылдың І-кварталының нәтижелері бойынша қара металдардың экспорттық тауарларының (жартылай фабрикаттар мен сұрыптық прокат) жартысына жуығы рентабельсіз болды, ал екінші жартысы рентабельдік шегіне жуықтады.

Мұндай жағдайларда дүниежүзілік рынок конъютурасының нашарлауына шұғыл түрде жауап қайтару қажет, яғни қара металдарға экспорттық салықты салмаған жөн.

Түсті металдардың да дүниежүзілік рыноктары қара металдар рыногы сияқты циклдық ауытқуларға ұшырауда. 1998-2001 жж. кезеңінде дүниежүзілік бағалардың ауытқулары: алюминий бойынша 20-40%, мыста –15-30% никельде –1,5-2 есе болды. Нарық конъюктурасының өзгеруінде салықтың оперативті түзетулерін қамтамасыз ету үшін Лондонның металдар биржасында баға белгілеуге байланысты түсті металдардың экспорттық салығының дифференциясын белгілеу қажет.

Дүниежүзілік түсті металдар рыногында да, 2002 ж. жағдай жағымсыз болды – түсті металдар бағасының деңгейі соңғы 5 жылдағы  орташа бағадан төмен болып шықты. Соған қарамастан ресейлік және халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша дүниежүзілік түсті металдар рыногы 2001 жылдың 2-ші жартысында ең төменгі деңгейге жетті, ал 2002 ж нарықтық конъюктура айтарлықтай нашарлады /12/.

Жалпы алғанда, дүниежүзілік түсті металдар рыногында бүкіл 2010 жылға дейінгі кезеңде сұраныстың күшеюі күтілуде, бұл түсті металдардың қара металдарды ығыстырумен байланысты болады. Оптимистік болжамдар бойынша алюминий мен мысты әлемдік масштабта тұтыну орташа жылдық қарқындылығы 2,5-2,7% — пен, мырыш пен  рафинирленген қорғасынның тұтынылуы 1,7-2% — пен өседі деп күтілуде

Отандық өндірушілерді қорғау мақсатында ресейлік металл өнімдерінің сыртқы рынокқа енуінің кемсітпеу жағдайын қамтамасыз ету туралы келіссөздер процесін белсендіру қажет (Ең алдымен АҚШ, ЕО және Қытай рыноктарына). Алайда ұзақ мерзімдік перспективада ресейлік металл өнімдерінің экспорт көлемінің жоғары деңгейін сақтау және әлемдік шаруашылыққа аса терең интеграциялануы үшін отандық өнімдердің бәсекеге төзімділігін жоғарылатуға қол жеткізу керек.

Металл өнімдері рыногының даму перспективалары мен отандық металлургияның бәсекелестігіне әсер ететін факторлар металлургия өнеркәсібінің 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын анықтайды. Ресейдің металлургия өнеркәсібінің алдағы уақытта, дамуының басты мақсаты ішкі және сыртқы рынокқа талап етілетін номенклатура сапасы мен көлемі жағынан бәсекеге төзімді өнім жеткізу.

Бұл мақсатқа жетудің негізгі жолы–барлық өндірістік қайта өңдеулерде түрлі инновацияларды кең көлемде және жылдам ендіру. Инновациялық – инвестициялық іс-әрекетті күшейту отандық металлургиялық кәсіпорындардың дамуын тежейтін жағымсыз факторлардың әсерін әлсіретіп, өндірістік потенциалдың түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ресейдің металл тұтынушы салаларының сұраныстарына сәйкес төмендегі өнім түрлерінің өндірісін жолға қойып, ұлғайту қажет:

1. Штамталудың жоғарғы категориялы мырышталған автомобильдік беттер;

2. Диаметрі 1420 мм изоляциялық қаптамасы бар беріктігі жоғары трубалар;

3. Жүрдек қозғалысқа арналған темір жол рельстері;

4. Автомобиль жасауда қолданылатын беріктігі жоғары бекіту детальдарын көлемді штамптау үшін құрамында боры бар болат;

5. Үздіксіз құйма негізіндегі мыс трубалары;

6. Қалыңдығы 0,05 мм латун ленталары;

7. Қалыңдығы 0,18-0,2 мм алюминий ленталары;

8. Түрлі қорғаныс және декоративті өңделген алюминий құрылыс профильдері мен конструкциялар;

9. Оксидті – жартылай өткізгіш конденсаторлар үшін ниобий және тантал ұнтақтарын;

10. Микроэлектроника талабына сәйкес құрамындағы қоспалардың шектеулі болу шартымен металдық ниобий, тантал, титан және олардың бұйымдары;

11. Сирек металдар негізінде люминифорлар;

12. Әлемдік деңгейге сәйкес келетін параметрлері бар галлий арсенидінің монокристалдары;

13. Кокс негізіндегі графиттерден кем түспейтін эксплуатациялық сипат деңгейіндегі орташа – және ұсақ бөлшекті графит;

14. Жоғары модульді көміртегі талшықтары;

15. Арнайы техника қажеттіліктері үшін ұнтақ материалдарының кең көлемді гаммасы;

2010 жылға қарай болаттың конверттердегі өндіріс үлесі —68%, ал электр пештерінде -28% құрау керек. Қара металлургия кәсіпорындарындағы мартендік өндіріс іс жүзінде жойылады, алайда ол өзге салалардың маманданбаған кәсіпорындарында сақталуы мүмкін /13/.

Ауыр металдар өндірісінде аса кең көлемде автогенді процестерді ендіру қажет. Автогенді процестерді қолдану арқылы өндірілген мыс үлесі 80-85% ке, никель үлесі 65-70% ке дейін ұлғаюы тиіс. Алюминий өндірісінде алдын-ала күйдірілген анодтармен жетілдірілген электролизерларда және «құрғақ» және «жартылай құрғақ» анод технологиясы бойынша алынған металл үлесін 75-80%-ке жеткізіп, құйма – прокат  өндірісі мен шығарылатын өнім сортаментін кеңейту қажет. Түсті металлургияда өндіріске төменгі сапалы өнеркәсіп өнімдерін қолдануға және шикізатты кешенді қолдануға мүмкіндік беретін экологиялық таза гидрометаллургиялық процестерді кеңінен қолдану қажет.

2010 ж. металлургиялық өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің өсімі 2000 жылмен салыстырғанда 1,5 еседен кем болмау қажет. Сонымен бірге еңбек етушілердің айтарлықтай санының босатылуы күтілуде. Эксперттік бағалауларға сәйкес, 2000 жылмен салыстырғанда, 2005 жылғы кезеңге дейін металлургиядағы өнеркәсіптік — өндірістік персонал саны 7%-ке кемиді (100 мың адам), ал 2010 жылға дейінгі кезеңде 25%-ке (350 мың адам, оның 200 мыңы қара, 150 мыңы – түсті металлургияда). Бұл әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді – соңғы 20 жылда дамыған елдердің металлургияда еңбек етушілерінің саны 75%-ға кеміген /14/.

Жалпы алғанда, металлургиялық өнеркәсіптің даму және модернизация перспективалары айтарлықтай мөлшерде металлургиялық компаниялардың өзіндік қаржы көздерін қалыптастыру мен несие тарту мүмкіндіктеріне байланысты болмақ. Бұл, өз кезегінде, инвестициялық, тарифтік, инновациялық және бюджеттік саясат, сыртқы экономикалық қызмет, салық салу, баға бекіту және өзге де көптеген салалардағы заңдарды жетілдірумен байланысты.

Қазіргі кезде металлургиялық кәсіпорындлардың айтарлықтай бөлігі өзінің рентабельділік шегіне жетті. Егер саналы дамытудың оптимизациясына қатысты түбегейлі шаралар қолданбаған жағдайда металлургиялық өнекәсіпті дамудың негативті сценариі күтіп тұр. Ол дегеніміз 2005 жылға қарай түсті металлургиядағы стагнация мен қара металлургиядағы өндірістің 15-20%-ке құлдырауы /12/.

Металлургиядағы шектеулерді жою мен дамуды белсендіруге байланысты жоғарыда айтылған шараларды ұтымды іске асыру сала жұмысының сапалық көрсеткіштерінің жақсарып, 2010 жылға қарай өндіріс көлемінің 20-30%-ке ұлғаюына әкелуі қажет. Металл өнімдеріне деген сұраныстың динамикасын есепке ала отырып, 2010 ж қара металдардың дайын прокатының өндірісі 2001 жылмен салыстырғанда 18-20%-ға (54-56 млн т. дейін), алюминий және никель өндірісі – 7-9%-ға мыс өндірісі –10-14%-ға ұлғаюы керек.

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!