Репродуктивті денсаулық слайд,презентация
Репродуктивті денсаулық слайд,презентация
Отбасын құрып, шаңырақ көтерген кез-келген жұбайлар отын өшірмей, ұрпағын жалғастырар бала сүюді армандайды. Осы ретте болашақ аналарға мамандардың берер кеңесі жетерлік. Құрсағында 9 ай, 9 күн көтерген нәрестесінің дені сау болып туылуына ата-ананың өзі себепші екендігін ескерген жөн. Балалы болу дегеніміз – ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артуы десек, екі жаққа да артылар міндеттің жүгі ауыр болады. Тек осы сыннан сүрінбей өту үшін сауаттылықтың болу керек. Сонымен, мамандар кеңесіне назар аударайық:
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Есіңізде болсын: темекі шекпек түгіл оның иісінің өзі бала дамуына кері әсерін тигізеді;
2. Кез-келген дәрі-дәрмек атаулыдан бас тартыңыз. Әсіресе, гормональды дәрілер өте зиян.
3. 3-4 ай бұрaн дәрігерге көрініп, денсаулығыңызды кінәратының бар-жоқтығын тексертіп алғанның да айыбы болмас. Өйткені, бала көтергеннен кейін тұрмыс құрғанға дейінгі кезеңде білінбеген аурулар асқына бастайды. Ал, жүктілік кезінде дәрі пайдаланудың болмайтындығын ескерсек, сізді емдеу қиынға түсетіні айтпаса да түсінікті.
4. Дәруменге бай азық-түліктерді, мысалы, көкөніс, жеміс-жидектерді күнделікті тамақ рационына енгізіңіз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, дәрігермен ақылдасып, дәріханаларда сатылатын дәрумендерді алып ішуге де болады.
5. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын! Өмірде кездесетін түрлі проблемалар мен қиындықтарға қарамастан, бірінші орынға болашақта нағыз ана бақытын сезіндіретін сәбиіңіздің денсаулығын қоя біліңіз!