Рентген сәулесінің зияны | Скачать Реферат
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Тістер мен жақ сүйектерінің жасқа байланысты рентгендік көріністерінің ерекшеліктері (жас шақта, қарт адамдарда, инволюциялық)
Факультет:Стоматология
Тобы:203
Кафедра: Визуалды диагностика
Орындаған:Нурсейтова Роза
Тексерген:Тойметов Ш.П
Ақтөбе — 2016 жыл
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А) Рентген сәулесінің зияны
Б)тістердің жасқа байланысты рентгендік көрінісі
В)Жақ сүйектерінің рентгендік көрінісі
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Денсаулығымыды қадағалау үшін жылына кем дегенде бір рет «рентгенге» түсетініміз бар. Бірақ, рентген сәулелерінің қаншалықты зиянды екенін көбіміз біле бермейміз…
1895 жылы неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген катодтық сәулелердің көмегімен пайда болатын люминесценция құбылысын зерттеп, түрлі тәжірибелер өткізді. Әсерді көбейту үшін физик электронды сәулелі түтікшенің ішіне люминесценция тудырушы затты салып, күн сәулесі өтпейтіндей етіп зертханадағы барлық терезелерді жауып тастаған. Электронды сәулелі түтікшені қосқанда, Рентген қызық оқиғаны байқайды. Бөлменің бір бөлігінде жап-жарық сәуле пайда болады. Зейін қойып бәрін зерттей бастағанда, Рентген сәуленің барий платиноцианидпен, яғни люминесценттеуші затпен қапталған қағаздан шығып тұрғанын байқайды. Бұндайды күтпеген ғалым бірден шамды өшіруге асықты. Жарық сәуле өшті. Қайтадан қосқанда, жарық қайта пайда болды. Сонда, ғалым люминесценттеуші затпен қапталған қағазды басқа бөлмеге апарғанда, ол жарық болып, сәулеленіп тұрған. Сонда Рентген сәуленің тек қағаздан ғана емес, басқа да заттардан өте алатынын түсінді. Бұндай құбылысқа түсініктеме таба алмаған физик сәулелерді — Х сәулелері деп атап кеткен. Бұл бағытта Вильгельм Конрад бір жылға жуық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жүздеген теориялық мақалаларды жариялаған. Рентгеннің ізбасарлары да көптеген ғылыми мақалалардың авторлары атанғанымен, бұл жобаға айтарлықтай жаңалық енгізбеді. Кейін Рентгеннің х-сәулелеріне деген қызығушылығы жоғалып, ол бұл бағыттағы жұмыстарын тоқтатады. Кейін Рентгеннің шәкірті Абрама Фёдорович Иоффенің ұсынысымен Х-сәулелерді «Рентген» сәулелері деп атап кеткен.
Адам тістері шамамен ұрықтық дамудың жетінші аптасында құрыла бастайды. Осы кезде болашақ жоғарғы және төменгі жақ сүйегінің альвеолярлы өсінділері аймағында ауыз қуысын қаптайтын эпителийің қалындаған жері пайда болып, ол доға тәрізді табақша түрінде астыңғы жақтан мезенхимаға бітісе өсе бастайды.
Балаларда ұлпаның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ұлпа қабынуы ағымының өзіндік шарттарына себепші болады және емдеуде кейбір қиындықтар туғызады. Бала жасында (пульпа) ұлпа камерасының өзіндік өлшемі болады. Түбір өзектері және апикалді кеңістік кең болады. Ұлпа көп мөлшердегі лимфа қан тамырлары мен нерв талшықтары бар борпылдақ байланыстырушы тін (ткань) болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардағы сүт тістердің ұлпасындағы қабыну процесінің ерекшеліктері сонда, олар серозды қабынудың іріңді түріне тез ауысады. Кейін жедел периодонтитпен аскынған созылмалы гангренозды пульпитке өтуі болып табылады.
Балаларда пульпитті емдеу тәсілін таңдауда тұрақты және сүт тістердің түбірлерінің сорылу мерзімін ескеру керек. Сүт тістердің түбірлерінің толық қалыптасуы сүт тістер түбірлерінің қалыптасып болғаннан кейінгі 3-4 жылдан соң және шығып болғаннан кейін 4-5 жастан соң аяқталады. Балаларда жұқпалы аурулармен ауырған немесе созылмалы аурулармен асқынған тұрақты тіс түбірінің қалыптасуы олар шыққаннан кейінгі 5-6 жастан кейін (кейде 7 жаста) аяқталады
Рентгендік тексеру емдеу әдісін дұрыс таңдау мен сол арқылы асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Тістердің түбірлерінің қалыптасу және сорылу мерзіміне сүйене отырып пульпитті емдеуде көрсетілімдерді таңдауда мышьяк пастасын қойғаннан кейінгі перипикалды аймақта әр түрлі асқынулардың алдын алу үшін сүт азу тістерін 8-9 жаста жұлу керек. Сүт күрек тістерде пульпит некроз және ұлпаның өлуі салдарынан өте сирек кездеседі. Олар созылмалы периодонтитпен асқынады. Ұлпа қабынуын емдеу әдісін таңдауда бірінші кезекте қабынудың таралуы және түбір өзегін сипаттайтын анатомиялық талаптан кейін тістің жағдайын және баланың жалпы жағдайы маңызды болып табылады. Ұлпаны жасанды некрозды шақырып немесе иньекционды жансыздандыруды қолданып жансыздандырады (ұлпа қабынуын девиталды және виталды емдеу әдістері).
Жедел пульпитті емдеу
Сүт тістердің ұлпасының жартылай қабынуында негізгі емдеу әдісі ұлпаның сауыт бөлігін ампутациялау болып табылады. Виталды ампутация — көрсетілімдеріне алдымен дамуы әлі бітпеген тістер жатады. Түбір дамуы бітпеген немесе шамалы … жалғасы