Реферат: ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ

0

Таза ауа — пәрменді ем. Туберкулезді емдеуде гигиеналық әдістің маңызы зор дедік.
Науқасқа емдік шараның қай түрін қолданса да, та¬за ауаны кең пайдалану жағы көзделуге тиіс, себебі адам ауруханада, үйде, санаторийде емделсе де сыртқы таза ауаны қысы-жазы бірдей пайдалану таптырмайтын ем. Бірақ басқа ем түрі секілді, ауаны да аурудың түріне, сатысына қарап пайдалануға тура келеді. Айталық, ауру қозған кезінде адам терлегіш, нерв жүйесі шыдамсыз, қозғыш келеді. Ондай ауру жатқан бөлмеге немесе палаткаға мезгіл-мезгіл терезені, есікті ашып, таза ауа жіберіп тұру керек. Егер адамның дене қызуы қалпына келіп, жалпы халі тәуірленсе, оған көлеңкеде жатуға және аздап серуендеп таза ауада жүруге рұқсат етіледі.
Қырым жағасындакы санаторийлерде емделген науқастар ала жаздай таза-ауада болады, тіпті түнде де теңіз жағасында ұйықтайды. Ал солтүстікте кейбір шыныққан адамдар жылы оранып, 10-15 градус аязда күніне 2-3 сағаттай таза ауада жатуға дағдыланады.
Туберкулез науқас үшін таза ауаның пайдасы өте көп. Күнделікті тыныстанатын ауамыз негізінде оттегі мен азоттан тұрады. Бірақ бұлардың құрамына организмге зиянды көмір қышқыл газы, су буы және басқа қосымшалар да қосылып отырады. Егер тұрғын үйдің (бөлменің) ауасы ауық-ауық жаңартылмаса, ондағы ауа бұзылады, ол адам үшін, әсіресе туберкулез ауруы үшін зиянды.
Таза ауада ауру жұқтыратын микробтар сирек кез деседі. Үйдегі ауаның бұзылуына ылғал, кір жуу, ас пісіру, темекі түтіні, лас киімдер сақтау себеп болады.
Таза ауа өкпсеге өтіп, онда жиналған қақырықтың шығуына көмектеседі. Адам таза ауада қыдырып жүріп, еркін дем алған кезінде ауа өкпені толтыра кернейді. Қақырықпен бітеліп қалған жіңішке тыныс жолдары ішке ауа тартуға ашылады. Далада немесе терезені ашып ұйықтағанда адамның күркілдеп, қақырық тастауы тиылады, көңілі көтеріледі. Өкпедегі жолдардың қақырық түкіріктен босауы; тыныс жолдарына (өкпе ішіңе) таза ауаның еркін және мол тарауына жардай туғызады. Мұның өзі денені оттегімен байытады, сөйтіп қан кұрамын жақсартады, адамның жалпы халі жақсарып, оның асқа көңілі шабады.
Үй жағдайында адамның сыртта көбірек жүргені жақсы. Жаз айларында тіпті күні боны таза ауада болғаны жөн. Ал қыстыгүні жылы киініп, далада қыдырып жүру таптырмайтын ақыл. Туберкулез науқастын ентігіп, шаршап жұмыс істемеуі, жүгірмеуі шарт екені есте болуға тиіс.
Күн сәулесімен емдеу. Туберкулезді емдеуде күн сәулесінің де маңызы күшті. Күнмен емдегенде науқастын қан кұрамы жасарады, дене тканьдары шынығады. Соның нәтижесінде олардың атқаратын қызметі жақсарады. Мұның өзі организмнін туберкулез микробына және оның уына қарсы тұруына қолайлы жағдай туғызады. Күн сәулесі, әсіресе, теріге жағымды келеді. Күнге қақталғаннан кейін (күн ваннасы) тері жылтырап, қоңыр тартады, пысып тығыздалады. Күн сәулесі, сүйек, буын, без, тері туберкулездеріне қарсы жақсы нәтиже береді. Ал өкпе туберкулезіне күн қауіпті. Сондықтан бұндай адамдарға күн сәулесі сирек қолданылады. Адам күн көзінде аңдамай көп отырып (жатып) қалса, туберкулез процесі тез қозады дене қызуы көтеріледі, тіпті қан қақырып та қалады. Дұрысында өкпе туберкулезді адам күн сәулесін тек дәрігердің айтуынша ғана пайдалануы керек. Күнге қақталғанда адам жалаңаш немесе трусикпен жатқаны жөн, басқа орамал тарту керек, бас ауырса орамалды суға батырып, сыра ораған жақсы болады.
Күн сәулесіне бірте-бірте дағдыланбаса пайда орнына зиян келтіреді адамның нерв жүйесіне зақым келеді, ұйқы қашады, бас ауырады және тары сондай әсерлер сезіледі.
Судың денсаулық үшін маңызы зор, өйткені адам өзін сумей емдеуге үйретсе, оның жүрек қызметі жақсарады, денеде қан айналысы тәуірленеді, асқа тәбеті шабады және тынысы ашылып, тереңдеп дем алатын болады. Алдымен науқас адам денесін таза ұстауға тиіс, ойын үшін жетісіне бір рет моншаға немесе жылылығы 32-35 градус ваннаға түсуге тиіс. Адам ваннада 10-12 минут ішінде денесін сабындап жуып, артынан 24-28 градус салқын сумей үстін шаяды да, үстін таза сүлгімен құррата сүртіп, бір сағаттай тынығады.
Ваннаға түскенде мына жағдай есте болсын. Егер ауру адамның дене қызуы аздап көтеріңкі болса, онда оған бес минуттан артық жуынуға болмайды. Өте жүдеген немесе дене қызуы тым көтеріліп кеткен адам ваннаға түсуді уақытша тоқтатады. Сондай-ақ қан қақырып жүргенде де ваннаға шомылу өте қауіпті, ондайда дәрігермен ақылдасқан жөн.
Денені таза ұстап, шынықтыруда ысқылаудың маңы¬зы зор. Денені күнделікті ысқылау тіпті әлсіз адамға да жағады. Тек өкпеден қан түскен кезде ғана ысқылауға болмайды, өйткені бұл кезде адам қозғалмай тыныш жатуға тиіс. Ысқылауды таңертең оянысымен, дененің жылы кезінде жасаған жөн. Суыған денені ыскылаудың пайдасы жоқ, тіпті зиян келтіруі де мүмкін.
Денені ылғалданған сүлгі немесе губкамен ысуға бо¬лады. Оның үшін сүлгі (губка) суға малынып сығылады. Онсын дене мүшелерін (қолды, мойынды, кеудені, арқа¬ны және аяқты) түгел тез ысқылап шығады. Кейбіреулер тек белуарға дейін ғана ысқылайды. Ол қате, өйткені көптеген адамдардың қан айналысы нашарлараннан аяқтары тоңғақ қеледі. Ал аяқты баса ысқыласа, қан тарауы қүшейіп, аяқ жылынып кетеді. Денені ылғалды сүлгімен ысқылап, құрғақ сүлгімен сүртеді, сонда тері ысып, қызарады, адамның қабары ашылып, көңілі көтеріледі, Ысқылағаннан кейін мұндай көрініс болмаса, тері түршігіп тоңса, онда ысқылаудың дұрыс жасалмағаны, бұл зиян. Шамалары қелетін адамдар үстерін өздері ысқы¬лайды, ал әлсіздерін күтуші адамдар ысқылауға тиіс. Кейбір әлсіз немесе нерв жүйесі нашар адамдар батыра ысқылауды жақтырмайды, сондықтан оларды жайлап ысқылап, денесін тез кептіре сүрту керек. Салқын сумен ысқылауға адамдардың өздері аз-аздап үйренуі қерек. Денесі толық, ширақ адамдар ысқылауды үй-ішіндегі судан бастауға тиіс, дене салқынға дағдыланған сайын су температурасы төмендетіле береді, сөйте-сөйте нарыз салқын (су құбырындағы) сумен ысуға жетеді. Әрине, әлсіз немесе дене қызуы көтеріңкі, жүдегендерді әуелі бірнеше күн құрғақ сулгімен сақтықпен ысқылаған жөн, одан кейін жылы, артынан жылымшы сумен ысқылауға болады. Әрине, денені салқын сумен ысқылағанда судың температурасы оған адам сүйсініп, көңілі көтерілетіндей болғаны жөн. «Салқындаудың жөні осы екен» деп дене түршігетін, тым мұздай суға шомылу қате!
Әлсіз адам ысқылау алдында бір стакан сүт ішіп немесе бір тарелка ботқа жеп алсын, ал ысқылағаннан кейін 15-30 минуттай төсекте жатып тынықсын.
Бұрын дағдыланбаған адам ысқылауды жаз айларында бастап, денесін салқын суға үйретуге тиіс. Әбден дағдыланып алған соң ысқылау қысы-жазы бірдей істеліп, әдетке айналады. Қыстыгүндері ысқылауды жылы үйде істейді. Егер әйелдер денесін бұрыннан ысқылап дағдыланған болса, оны етеккірі келгенде де тоқтатпауға тиіс, бірақ бұл кезде денесің тек белуарға дейін ысқылаған жөн, су тым салқын болмасын. Денені ысқылау әдісін әлі үйренбеген, етеккірі келіп жүрген әйелдерге ысқылауды бастауға болмайды. Екіқабат кезінде әйел дәрігерге барьш ысқылану жөнінен кеңес алады. Өзенге шомылу және салқын бүрікпе (душ) қабылдау денеге ысқылаудан гөрі күшті әсер етеді, Сондықтан туберкулез науқас дәрігермен кеңеспей ондай істеуіне болмайды. Өзен немесе бүрікпеге түскеннен кейін кейде өкпе ауруы қозуы, яки плеврит басталуы ғажап емес. Суға түсетін адамдардың денесі мықты, бүйрек, жүрегі сау, өкпе ауруы тоқтаған, ешбір қауіп туғызбайтын болуы қажет.

ТУБЕРКУЛЕЗДІ НАУҚАСТЫҚ ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ
Туберкулезді науқастың тағам құрамында дене мүқтажын өтеуге керекті белок, май, углевод, витаминдер жеткілікті болсын. Бірақ бұл заттарды организмнің мұқтажьша қарай, орнымен пайдалану керек. Бұл тәртіпті сақтау, асіресс, туберкулез науқас үшін өте қажет. Мөлшердегіі артық тағам туберкулез адам үшін пайдасыз. Әсіресе, өзі семіз, қарт және жүрек, қан тамыр, бауыр қызметі нашарлаған, ішегі ауыру адамдарға тамақты көп беру қате. Өкпесі ойылған және туберкулезі өршіп, қатты жығылған адамға да тағамды шамадан көп берудің қажеті жоқ, себебі ауру орган ішкен тамақтың бәрін бірдей ұқсата бермейді. Астың бойға сіңуі негізінде ішек-қарын қызметіне байланысты. Ал шамадан тыс ішкен асты бұлар баптай алмай қалады, тіпті қалыпты қызметі бұзылады. Туберкулезді адамның кейде іші өтіп қалуы осындайдан болады. Сау асқазан – туберкулез адамның қорғаны. Себебі астың бойға сініп, пайдасын көрсетуі үшін асқазан алқабында уыттағыш шырындар жеткілікті болуға тиіс. Ішек-қарын қызметі бұзылғанда бұл шырындардың бөлінуі де берекетсізденеді. Астың бойға дұрыс сіңбейтіні де осыдан. Есте болсын, тым семіріп кету өте зиянды. Артық май жүрек қызметін бұзады, ондай адамның жүріп-тұруы қыйындайды, тез ентігеді, жалпы халі нашарлайды.
Туберкулездін қай түрінде болса да астын жөні бөлек. Бірақ ауру адамдардың бәрі бірдей күшті тамақ тілемейді. Ауырған адам организмінің өзгешелігіне, оның жасына, бойына және атқаратын қызметіне қарап, кімге қандай тағамды қанша беру керектігін тек емдеп жүрген дәрігер ғана белгілеп береді. Мысалы, ас тапшылығынан, ауыр жұмыстан, түрліше қатаң аурулардан және босанғаннан кейін адам жүдеп-жадаса, ондайлардың тамағын күшейтуге тура келеді. Оның өзінде де тамақ мөлшері табиғи нормасынан 15-25 проценттен аспауға тиіс, яғни тәулігіне ішілетін тамақтың жалпы қуаты 2800-4500 калориядан аспауы керек. Мұнымен қатар Туберкулезді адамның күнделікті тағамында алдымен белоктар жеткі¬лікті болуға тиіс. Ауру өршіген сайын белоктың кажеті арта береді. Басқаша айтқанда, мұндай кезде тағамда ет, балық, сыр, сүзбе, сүт жеткілікті болғаны жөн.
Өкпе туберкулезін емдеуде қымыздың шипалық қасиеті күшті. Бие сүті туберкулезді емдеуде ертеден бері пайдаланылып келеді. Зерттеу нәтижесіне қарағанда қымыздың қасиеті оның химиялық құрамына байланысты. Қымыз белогы ішекке жетіп бойға сінімді келеді. Қымыздың адамды аздап желпінтетіні, көңіл көтергіштігі оның құрамында этил спирті, сүттік қышқыл және таза көмір қышқылы болуына байланысты. Қымыз кұрамында бұлардан басқа түрлі ферменттер мен А, В, С витаминдер де бар.
Қазақ халқының өмірінде қымыз бен бірдей орын алған шұбатты, ғылымға белгісіз болғанымен, айтпай кетуге болмайды. Өкпе туберкулезіне шалдығып, қан қақырған талай адамдардың шұбатпен емделіп, жазылғанын көп кездестіріп жүрміз. Біздің арнаулы зерттеуіміздің нәтижесінде шұбат құрамы мен емдік қасиеті жағынан қымыздан артық екен.
Туберкулезді адамға майлы тамақты көбірек беру жайындағы ертедегі көзқарас та өзгерді. Бұдан бірнеше жыл бұрын шипа болады деп ауру адамға борсық шошқа және күзен майлары және басқа да майлы тамақтар беріле берсін дейтін еді. Бұл ұсыныстың соңғы кезде қате екені анықталды, себебі ауру асқынған сайын майдың сіңуі нашарлайды. Май мөлшерден артық қабылданса ол бауыр қызметін және басқа қоректік заттардың ағзада алмасуын бұзады. Сондықтан науқастың күнделікті асындағы май тәулігіне 90-100 грамнан, ал қатал аурудікінде 70-80 грамнан аспауы керек. Майдың әр түрлі және ішінде өсімдік майлары да болғаны жөн. Ауру адамға минералды тұзы мол капуста, сүт, жаңа сүзбе (творог), помидор, инжер, балық майы және с. с. азықтар аралас берілуге тиіс.
Туберкулезде дененің витаминдерге тарықпауы шарт. Есте болсын, туберкулезбен ауырғанда, кесел қозғанда денедегі витаминдер кеми бастайды. Сондықтан бұл аурудан емделгенде витамин ұмытылмай, қайта оның мол болу жары қарастырылсын. Мәселен, денеде А витамин жетімді болуы үшін сары май, сыр, жұмыртқа, бауыр, сүт, балық майы, томат, бұршақ, сәбіз, абрикос және басқа жеміс-жидектерден жасалған тарамдар дастарханда күнде болуы шарт. Ал В витамині кемімеу үшін сыра ашытқысы, бидайдың қоңыр наны, асбұршақ және овощтар күнделікті тағамнан үзілмеуге тиіс. Егер осыларға қоса жұмыртқаның ақ уызын, етті, балықты, бауырды және сүтті тағамға күнде араластырып отырса, онда денеге В2 (рибофлавин) және В6 (пиродоксин) витаминдері жеткілікті барады.
Туберкулезді емдеуде С витаминнін маңызы күшті. Әсіресе ол туберкулез қозып ұлғайғанда, қабырға астары қабынғанда (плеврит), іш астары қабынғанда (пе¬ритонит), ми қабы туберкулезінде пайдалы әсерін тигізеді. Сондықтан С витамині мол қарақат және қызыл қарақат шырындарын, итмұрын тұндырмасын, жидек, помидор, апельсин сығындыларын, керек болса, оларға аскорбин қышқылын да қосып, ауру адамға күнде беруге болады. Бірақ витамині бар асты пісіру әдісін де білу керек. Қөп қайнатып пісірілген сүт пен овощта ви¬таминдер қалмайтыны есте болсын.
Туберкулезді науқас адам тамақты күніге негізінен төрт-бес рет ішуі керек. Бірақ асты бірден өте тойып ішіп-жегеннен гөрі мөлшерлеп жиі тамақтанғанда тағам сіңімді келетіні есте болсын. Адамның әрқашан да белгілі бір мезгілде тамақтануға дағдыланғаны жөн. Осы тәртіп мықты сақталса асқазан жүйесі күн сайын тамақтанатын сағатты күтетін болады, Оның асты баптап сіңіретін шырыны дайындалып тұрады. Бұл — адамның асқа тәбеті шауып тұр деген сөз.
Астың бойға сіңімді болуына оның түрі мен баптап ішу тәртібі де әсер етеді. Айталық, ас жете шайналған сайын ол қарында оңай бапталады, бойға сіңімді келедә. Сондықтан тамақты асықпай ішіп, әбден шайнап жұтудың зор маңызы бар,
Туберкулезді дәрі-дәрмекпен емдеу. Денеге ұялаған туберкулез микробтарының өсіп-өнуін тоқтататын дәрі-дәрмектерді науқастың жалпы деңсаулығын қүшейтетін шараларға қоса жұмсасақ, нәтижесі ойдағыдай болмақ. Бұл жөнінде ғылымның соңғы кезде ие болған біраз жетістіктері бар. Солардың бірі нашарларан ішкі секрециялы без қызметін түзейтін және асқынған Туберкулезді басатын дәрілер. Бұған соңғы кезде кейбір гормондық дәрілер пайдаланылып келеді. Гормондық дәрілер практикада антибиотиктермен қоса жұмсалады. Қабынуға қарсы қолданатын бутадиен, аминазин, туберкулин тәрізді дәрілер де антибиотикпен бірге пайдаланса дәрінің емдік қасиетін көтереді, тұрақты нәтиже береді.
Соңғы кезде туберкулезді емдеуде антибактериалдық дәрілер көп жұмысалып жүр. Тәжірибеде стрептомицин, фтивазид, ПАСК, циклосерин, кейде тибон секілді дәрі¬лер сенімді жақсы актады. Әсіресе фтивазид, ларусан тағы сол секілді дәрілер туберкулез микробына қырғидай тиеді.
Ал антибиотиктік және химиялық дәрі-дәрмектер табылып, іс жүзінде қолданыла бастағаннаи бері туберку¬лез науқастардың 85-90 проценті жазылатын дәрежеге жеттік. Бұл – ғылымның адам өмірін созу жолындағы ірі табысы. Химиялық дәрілерден жақсы нәтиже күткен науқас оларды белгілі бір тәртіппен ішқені жөн. Мысалы, тәжірибеде екі дәріні бірден ұзақ уақыт ішуге қосады. Әриие, оның қайсысын қалай, қанша мөлшерде ішуді тек дәрігер белгілейді. Сол секілді гормондық дәрілерді, внтаминдерді қай дәрімен қосып ішуді де дәрігер көрсетеді, Өйткені мұның өзі туберкулездің түріне, өршу сатысына, науқастың антибиотикке және басқа дәрілерге төзімділігіне байланысты. Сондықтан дәрі-дәрмек ішуде дәрігер белгілеген тәртіптен титтей де ауытқымау керек.
Практикада науқасты нақ сауықтыру үшін антибак¬териалдық дәрілерді аурудың түріне, сатысына қарай
9-12-18 айға дейін ішуге тиіс. Тек ауру адам қуаттанып, қақырығы микробтан тазарып, өкпедегі және басқа органдардағы туберкулез ошағы әбден бітеліп, өкпе ойығы жабылған соң ғана науқасты әбден жазылды дейміз, сонда ғана дәрі ішуді тоқтатуға болады. Әрине мұндай нәтижеге тез жету ушін ауруды асқындырмай, кезінде емдеу керек. Ресми мәліметтерге қарағанда өкпе туберкулезі білінісімен 12-15 ай үзбей емдесе, аурулардың 85 процентіне дейіні дақсыз жазылып кететіні анықталып отыр.
Амал қанша, кейбіреулер салақтық істейді. Берген дәріні біраз күн ішеді де, қойып кетеді немесе бірде ішіп, бірде ішпей жүріп, артынан қайта бастайды. Олардың ішінде арақ ішіп қоятындар да бар. «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады» дейді. Кейбір дәйексіз адамдар осы өмірден алынған талассыз сөзге де құлақ аспайды, 12-18 аи бойы үзбей дәрі ішуді үлкен жүк көреді. Әрине, олардың ақыры жақсылыққа соқпайды, өмірге қауіп туғызады.
Туберкулезді хирургиялық әдіспен емдеу. Туберкулезден адамды емдеудің үшінші жолы – хирургиялық әдіс. Мұндағы мақсат – микроб ұясын денедсн аластау. Хи¬рургиялық шара да басқа емдік әдістермен ұштастьтрыла жүргізіледі.
Туберкулезі асқынып, өкпесі ойылған ауру жеке басына ғана емес, оның төңірегіндегі, әсіресе сол, семьядағы сау адамдар үшін өте қауіпті. Себебі науқас жөтелген, кақырған сайын және басқа да тұтынған заттармен туберкулез микробтарын жан-жағына таратып, жұқтырып отырады. Сондықтан өкпе ойылғанын қалай да жабу шарасы көптен бері іздестіріліп келді.
Өкпедегі туберкулез ойған жараны (каверно) жаппайынша науқасты сауықтыру және оны төңірегіндегі кісілерге қауіпсіз ету мүмкін еместігі айқындалды. Сондықтан қазіргі күнде өкпеге әр түрлі операция жасалып, ашылған қуысты жабу шаралары істеліп келеді.
Кейде науқасты түнгі тер қатты қажытады. Бірақ кейбір қолдан келетін әдісті қолданын, терді тыюға неме¬се азайтуға болады. Тершең науқас тым қалық киінуге, әсіресе, түнде қалық оранып жатуға болмайды. Бөлмені ысытып жібермей, оны қоқыр салқын (12-13 градус) жылылықта ұстаған жөн. Жатар алдында денені жылымшы сулы орамалмен ысып ішкі киімді жиі өзгертіп тұру да пайдалы.
Өкпе туберкулезінің кейбір түрінде қан қақыру жиі кездеседі, тіпті өкпеден қан да ағады. Қақырықта аздап қан тамшысы, қан ізі көрінісімен адам кідірмей дәрігерге көрінуге тиіс. Әрине, дәрігерге қан араласқан қақырықты ала барған жөн. Қақырыққа араласқан қанның түрін көріп дәрігер оның қайдан шыққанын айтады. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!