Реферат: Тепловоздар өндірісі
Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр. Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударды.
Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады
Үкімет басшысы Даниал Ахметов қыркүйектің 19-ы күні «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Кездесуде кәсіпорынмен ұзақмерзімдік ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Кездесу барысында атап көрсетілгендей, бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр.
Кәсіпорынның жұмысына оң баға беріп өткен Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударып өтті. Премьердің айтуынша, Қазақстанда әзірге бір ғана «ҚазСат» байланыс жерсерігі бар, бірақ болашақта біз жерсеріктер тобына ие боламыз. «Біз ғарыштық мүмкіндіктерімізді пайдалана білуіміз қажет», — деп атап көрсетті Д.Ахметов.
Кездесуде сондай-ақ, жолаушылар вагондарын сатып алу мәселелері көтерілді. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, алдағы 5 жылда тепловозға деген сұраныс 360 бірлікті құрайды. Өз кезегінде «Трансмашхолдинг» ЖАҚ өкілдері купе-вагондарды жасау ниеттерін білдірді.
«Гасыр- Мангистау» ЖШС 2ТЭ10В, М, ТЭМ-1 және 2 сериялы тепловоздарды, Дженерал-Электрик Компаниясы дизелді-генераторлы қондырғымен, компьютермен жарақтандырып, жаңғыртылған 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарды жөндеумен және техникалық қамтумен айналысады, осындай тепловоздарды өндіруде мынадай мәселелер шешіледі:
1. тепловоздарды жөндеу мен техникалық қамтуды ұйымдастыру және жоспарлау;
2. міндетті жұмыстар көлемдері;
3. жөндеу тәсілдері;
4. ақаулық белгілер;
5. деталдардың, құрастырылатын бірліктерді (тораптарды, агрегаттарды) және тұтастай тепловозды сынау нормаларының мүмкін шектері мен ең жоғарғы шектеулері;
Кәсіпорын техникалық қамтудың және ағымдағы жөндеудыі мынадай түрлерін жүргізеді:
1. тепловоздың ақаулары пайда болуының алдын алу және тепловоздың тиісті санитарлық-гигиеналық күйде болуын, бір-бірімен үйкелетін бөлшектердің жөндеу аралықтарында майлануын, әсіресе жүру бөліктерін, тежеу жабдықтарын, АЛСН құрылғыларын, жылдамдық өлшеуіштерін, қырағылық пен радио байланыс аспаптарын ерекше тексеріп, поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін – техникалық қамтуТҚ -3.
2. жол берілмейтін бандаждардың прокатын, үшкір тұйықты накатын, дөңгелек жұптарының қисаюларын оларды тепловоздан шығармай-ақ түзету үшін техникалық қамтуТҚ -4.
3. тепловоздардың негізгі пайдалану сипаттамаларын және тепловоздардың жөндеу, сонымен бірге жаңғырту аралықтарында жұмыс қабілеттілігіне кепілдік беретін тексерулерді, ауыстыруларды, жекеленген агрегаттар мен деталдарды, сынақтар мен реттеулерді қалпына келтіру үшін ағымдағы жөндеу ТҚ-6 және ТҚ-7.
Тепловоздардың техникалық қамтуы мен ағымдағы жөндеуі олардың жөндеу аралығындағы жүріп өткен қашықтығына қарай жүргізіледі. Тепловоздар жөндеуге мынадай шамаларда қойылады:
1. ТҚ-3 2ТЭ10 сериялары үшін 10-12 мың км. соң, ТЭМ-2 сериялары үшін 25-30 тәуліктен соң,
2. ТҚ-6 2ТЭ10 сериялары үшін 50-60 мың км. соң, ТЭМ-2 сериялары үшін 5-8 айдан соң,
3. ТҚ-7 2ТЭ10 сериялары үшін 120-150 мың км. соң, ТЭМ-2 сериялары үшін 16-20 айдан соң,
Тепловоздардағы ТҚ-3, ТҚ-4техникалық қамтуды және ағымдағы жөндеулерді ТҚ-6, ТҚ-7 кешенді және мамандандырылған бригадалар орындайды ….
Полную версию материала можете скачать через !!!!