Реферат: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты
Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.
1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7
Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді.
Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының алдында ұлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету, инвестициялар тарту, елдің экспортын ұлғайтудың жолдарын қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса қазір де аталған бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгі күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға әлемдегі экономикалық қатынастарды жетілдіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып табылады.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінің саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталастырады.
Мысал үшін айтсақ, Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының шет елдерде 47 елшілігі мен миссиялары және консулдық өкілдіктері тіркелген. Еліміз мүше болып кіретін халықаралық ұйымдардың саны – 68.
Қазақстан шекарасының бүкіл бойында сенімді «Қауіпсіздік белдеуін» жасай алады.
Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Бұл жөнінде елеулі ілгерілеу бар. 1998ж. Шілденің 6-сында Мәскеуде қол қойылған 11 ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация екі ел үшін маңызды тарихи мәнге ие. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің құқықтық проблемасы шешілді. Келісім хаттамасына 2002-2003 жылдары қол қойылды. Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастық 10 жылға арналған шарт жасалды, қаржы мәселелерін реттеу туралы ірі келісімге қол қойылды.
Біз үшін бірінші дәрежелі маңызы бар келісім, дүние жүзілік ірі проблемалардың бірі-Каспий теңізінің мәртебесін айқындау. Ел президенті алғашқы кезден бастап принципті бағыт ұстады, өз айқындамамызды қорғап қалды. Қазір ол айқындама Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін белгілеу жөнінде Ресеймен ортақ желі принципі бойынша жасалған келісімнен өз көрінісін тауып отыр.
Осы келісімнің іске аса бастауы үшін Сыртқы істер министрлігі белсенді түрде жұмыс істеді. Каспий теңізінің түбіндегі ұлттық секторлар координаттарын айқындайтын хаттаманы қысқа мерзім ішінде даярлады. Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінің заңдық мәребесі жөніндегі екіжақты және көпжақты келіссөздерді жалғастырып келеді. Каспий проблематикасының Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне тікелей қатысты мейлінше күшті екенін ұдайы есте сақтауда.
Қазақстан 1997 ж. Маусым айында Мәскеуде қол қойылған тәжіқаралық бейбіт келісімдердің кепілі ретінде Тәжікстанда берік азаматтық татулық орнатуды ұдайы жақтап келеді. Бұл бүкіл Тәжікстан аумағына бақылау орнатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Азия елдері ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстеризмге, халықаралық терроризмге, ұиымдасқан қылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару — жарақ контрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-қимыл жүгізілуге тиіс деп есептейміз.
Қазір елеулі іркілістерсіз жұмыс істей бастаған Орталық Азия экономикалық қоғамдастығының түпкілікті қалыптасқаны қуантарлық жәйт.
Мемлекетаралық интиграция қазіргі аймақтық дамудың басты бағыты болып табылады. Батыс Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда орталық экономикалық және геосаяси мүдделер байланыстырып отырған қуатты блоктар мен аймақтық бірлестіктер жұмыс істейді. Осыдан ынтымақтастықтан бас тартудың ешқандай мәнісі жоқ. Орталық Азиядағы және тұтастай алғанда ТМД-дағы серіктестіктерімізбен бірге Қазақстанда да осындай бағыттарды өмірге енгізбекші.
Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің көпшілігі әлемдік энергия көздері рыногындағы ынтымақтастыққа, сауда, көлік және коммуникация салаларынан өзара тиімді түрде дамытуға объективті тұрғыдан бейімділік танытып отыр. Ұлы Жібек жолын қайта түрлетуге де көптеген мемлекет мүдделік білдіруде. 1996ж. қол қойылған Беларус, Қазақстан, Қырғыстан және Ресей елдері арасындағы экономикалық және гуманитарлық интеграцияны тереңдету мәселесі туралы шарт 28 баптан тұрады. Мемлекеттердің өз халықтарының игілігі үшін ерікті түрде кірігу процесі осы құжаттың негізгі арқауы болып отыр.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы 1992ж. 3-ші қаңтарынан, яғни дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бастап оң бағытта және ырғақты дамып келеді. Он жылға созылған екі жақты байланыстар көрсеткішінің қорытындысы іспетті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2002ж. 23-ші желтоқсанындағы ҚХР-ға мемлекеттік сапары барысында 1993-1999 жылдардағы біріккен декларациялар негізінде Қазақстан мен Қытай арасындағы Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
Қазақстан Ақтөбе облысында мұнай мен газ өндірісін арттыруға қол жеткізген Қытай ұлттық мұнай-газ коорпорациясының қызметін жоғары бағалайды. Аталған коорпорация Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын іске қосуда да белсенділік танытты. Қытайлық әріптестер инвистициялық міндеттемелерін орындап қана қоймай, түскен табысты өндіріске қайта салып жүр.
Біздің еліміздегі мұнай өндіру перспективасын ескере отырып, Президент Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысын кезең-кезеңімен жеделдете түсуді ұсынды. Кездесуде сондай-ақ Қытай компанияларының Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібін дамыту бағдарламаларын іс жүзіне асыруға қатысуы және керісінше Қазақстан кәсіпорындарының Қытайдағы мұнай-газ жобаларына қатысуы тақырыптары қозғалды.
Қазақстан сыртқы саясатының күн тәртібінде Таяу Шығыс аймағындағы Туркия мен Иран сияқты мемлекеттерге маңызды мән беріледі. Бұл елдермен ынтымақтастық оңды бағытта дамып келеді.
Туркия мен әрі саяси, әрі экономикалық байланыстарымыз нығайа түсті. Энергоресурстарымызды тасымалдау саласында бұл елмен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қазақстанның Парсы шығанағындағы елдермен ынтымақтастығын дамытуда елеулі ілгері басшылыққа қол жетті. Ол мемлекеттердің Қазақстандағы инвестициялық қызметі неғұрлым белсенді бола түсті.
Қазақстанның тәуелсіз дипломатиясы өз үшін тиімді саналатын Баку-Жейхан мұнай құбырының жобасына қолдауын да білдірді. Солай болса – дағы Европадағы, қала берді дүние жүзіндегі қауіпсіздік мәселесін Ресейді қатыстыра отырып шешу қажеттігін қадап айтты.
Қазақстан Оңтүстік Азияның ірі-ірі мемлекеттері- Үндістанмен және Пәкістанмен достық қарым-қатынастарды дамытуға әбден мүдделі. Сонымен қатар біз принцип тұрғысынан алғанда ядролық қаруларды таратпау тәртібін бұзу саясатына риза еместігімізді айтуға тиіспіз.
Қазақстан үшін сыртқы саясаттың Еуропалық векторы барған сайын зор мән мағынаға ие болып отыр. Оның өзі Батыс Еуропадағы ықпалдастықтың жоғары деңгейіне және алдағы кезде біртұтас Еуропалық валютаның айналымға шығуына байланысты.
Қазақстанның Еуропадағы саясатында Германия бағыты басыңқы болып табылады. Принциптік тұрғыдан алғанда біз өз еліміздегі неміс капиталының мүдделерін толық қамтамасыз етуге ұмтыламыз. ГФР-дің Үкіметімен және қаржы институттарымен жасалған маңызды уақдаластықтарға 1997ж. қол қойылды. Мұның өзі істің шын мәнісінде біздің елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалады.
Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен өзара іс қимылын нығайтуға барған сайын көбірек көңіл бөліп келеді. Еліміздің сыртқы істер министріне осы ұйым жанындағы Адам құқықтары жөніндегі бюромен ынтымақтастық туралы, сондай-ақ осы беделді ұйымның Қазақстандағы өкілдігін ашу туралы құжаттарға қол қойылды.
Қорыта келгенде Ресей Федерациясымен ынтымақтастық жөнінде елеулі іргелілеуге қол жеткізілді. Ең алдымен XXI ғасырға бағдарланған, мәңгі достық және одақтастық туралы Декларацияны атап өткен жөн. Бұл құжаттың ережелері екі жақты қарым-қатынастың іргетасын нығайтатыны соншалық оның болашағы айдан анық көрініп тұр. Каспий теңізінің шешілмей жатқан мәртебесі проблемасын алға жылжытқанда Қазақстан мен Ресей екендігі назар аударатын жәйт. Қаржы тұрғысындағы өзара кінәләсу тәрізі күрделі проблема бойынша түсініктікке қол жеткізілді.
Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен басқа да полигондарды жалға бергені үшін ақы алатын болды.
Өзара сенімге негізделген тұрақты ынтымақтастық Қазақстанға да,Ресейге де өте қажет. Біздің мемлекеттеріміздің халықтары өзара қарым-қатынастың одастық пен серіктестіктен жолдарын қабылдамайды.
ОрталықАзиядағы көршілес мемлекеттермен ынтымақтастыққа да маңызды мән бергенбіз және одан ешқашан айнымақ емеспіз. Сонымен бірге Украина мен, Беларуспен, Кавказ мемлекеттерімен арадағы өзара қарым-қатынастардың әлеуетін әлі жақсарту алда тұр.
Біз Достастықты нығайтуға бағытталған іс қимылдар Еуразияның ірі мемлекеті ретінде Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сай келетін нық сенімдеміз.
Қазақстан үшін Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың стратегиялық зор маңызы бар. 1992ж. бастап Қазақстан-Америка қарым-қатынасы үдемелі түрде дамып келеді. Саяси және экономикалық салалар бойынша серіктестік деңгейіне шықтық. Біздің экономикамызға ірі инвестиция салып отырған ел нақ осы АҚШ болып табылады. АҚШ Президентінің айтуы қарағанда, Вашингтон Қазақстанды Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарастырады екен.
Қазір Қазақстанның шетел инвестицияларын тарту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Ел экономикасына 1998ж. өзінде 8 миллиард долларға жуық қаржы енгізілуі фактісінің осы кездейсоқтық емес. Жасалған келісімшартар бойынша ұзақ мерзімді инвестициялардың жалпы құны 60 милиард доллардан асып жығылады.
XXI ғасырда Қазақстан іс жүзінде сыртқа көмірсутегі шығаратын басты елге, ірі мұнай державасына айналды. Біз үшін мұнай және газ шетел инвестицияларын одан әрі тарта беру басым бағыттағы міндет болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымның ең алғашқы жетістіктерінің бірі адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларды сақтаудың басты өлшеуіне айналып отырған Жалпыға ортақ адам құқықтары Декларациясы болып табылады.
1991ж. Тәуелсіздік алғаннан кейін адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен қорғаусыз демократиялық қоғамның өмірсүре алмайтындығы туралы басты принцип біз үшін айдан анық болды. 1995ж. Қазақстан Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары деп жарияланады. Атқарушы және сот үкіметін, сондай-ақ, құқық қорғау органдарын реформалау барысында осы конституциялық басымдықтар ескерілді.
1994ж. Ақпан айының өзінде, тұңғыш ұлттық құқық қорғау мекемесі-Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылған болатын, содан соң бір мезгілде өкіметтік емес 20-ға құқық қорғау ұйымдары іске кірісті.
Қазақстан адам құқықтары саласындағы бірқатар маңызды халықаралық шарттарға қосылды. Келесіде адам құқықтарын қорғау жөніндегі басқа да халықаралық конвенцияларға қосылатын болады.
Қазақстан азаматтық қоғамның берік неізін қалауға қол жеткіздік. Қазақстандағы тұрақтылық та халқымыздың ғаламдық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қосқан үлесі болып отыр. Қазақстан Республикасы өзінің геосаяси бірегейлігі, экономикалық әлеуетті, тарихы, рухани және мәдени дамуының ерекшеліктері арқылы XXI ғасыр қоғамдастығынан лайықты орын алатын, оның азаматтары бүкіл дүние жүзінде құрметке бөленіп отырған мемлекетте өмір сүріп жатқанын мақтан тұтатын болуна қол жеткізер. 1990ж. бергі кезеңде Қазақстан Республиасының Президенті іс жүзінде әлемнің барлық іргелі елдеріне 138 мемлекеттік, ресми және жұмыс сапаларын жүзеге асырды. Ресей мен АҚШ-қа, ҚХР мен Ұлыбританияға, Францияға, Италия мен Испанияға, Швецария мен Австрияға бірнеше мәрте сапарлар жасалды. Авсралияға, Үндістанға, Сауд-Арабиясына және басқа Араб елдеріне сапарлар жүзеге асты. ….