Реферат: Тарих | XIX ғасырдың 40 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар » ZHARAR
1848 — 1849 жылдар аралығындағы революция жеке мемлекеттер ішіндегі реакцияға ғана қарсы емес, сонымен қатар, монархиялық Еуропадағы халықаралық қатынастар жүйесіне де қарсы болды. 1848 жылы «веналық жүйе» жаңа соққыға тап болды.
1848 жылғы революцияның Германия мен Италия үшін басты мәселесі, осы елдердің феодалдық езгіден босату және осы елдерді біртұтас ұлттық буржуазиялық мемлекетке айналдыру болды. 1848 — 1848 жылдар аралығындағы революция Венгрияның австриялықтардың қол астынан азат етілуіне және Габсбургтер империясын құлатуға әкелер еді. 1848 жылғы Польшадағы революция Польшаны қайта қалпына келтіру проблемасын қайта туындатар еді.
1848 жылғы буржуазиялық — демократиялық революцияға қарсы реакциялық таптар мен оның үкіметі қарсы шықты. Әрбір мемлекеттердің феодалдық — абсолюттік реакциясы революцияға қарсы қозғалысқа бірігіп шықты және де осы қақтығыста дипломатия соңғы орында еместігі көрінеді.
1848 — 1849 жылғы революция дамыған жұмысшылар табының қолында жүруі еуропалық дипломатияға өзінің үлкен әсерін тигізді. 1848 жылға дейін британдық буржуазия барлық революциондық салттардан бас тартты, әсіресе, жұмысшы таптан сескенді. Англияның буржуазиялық — демократиялық плутократиясы реакцияның ең басты, ең маңызды қорғаны болды.
Азияда Пальмерстонның басшылығымен британдық үкімет және басқа да британдық буржуазиялық лидерлері агрессия саясатын жүргізді, ал Еуропада Балқан жартыаралы халқына Түрік сұлтандарының езгісін қолдаған. 1848 — 1849 жылдары Англия өзінің ақшасын, флотын және дипломатиясын революциялық — демократиялық қозғалыстың сәтті жүруіне кедергі келтіру үшін және еуропалық халықаралық жағдайдың өзгерулерін минимумға дейін жеткізу және де отарлық экспансия үшін бостандықты сақтауға қолданды.
Бірақ, 1848 — 1849 жылдардағы халықаралық қатынастардың мазмұны тек қана революциялық және контрреволюциялық күштердің арасындағы қақтығыспен сарқылмады. Дипломатиялық келіссөздерге орыс -ағылшындық және ағылшын — француздық қарама — қайшылықтар өзінің үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар, ұлттық және агрессивті буржуазияның талпынысы үлкен басты маңызға ие болды. Еуропа державаларының Шлезвиг — Гольштейн мәселесіне және 1848 жылғы Германияның ұлттық бірігу проблемасына деген қатынасы. 1848 — 1850 жылдары бүкіл ұлы державалар — Англия, Ресей, Франция, Австрия жэне Пруссия Германияның революциялық бірігуіне қақтығыстарында үйлесімге келді. Бұл германдық проблеманы шешу жолы еуропалық және сонымен қатар германдық реакция ушін де қажет болмады. Австрия мен Пруссияның қақтығысында және Англия үкіметінің, Германияның, Ресейдің және Францияның феодалдық езгілерін сақтап қалу және Еуропада өздерінің саяси үстемдігін сақтау мәселесі көзделді.
1848 жылы Шлезвиг — Гольштейн мәселесі туындаған кезде жағдай күрт өзгерді. Шлезвиг және Гольштиния герцогтығы Дат патшалығының құрамында болды. Гольштиния осымен бір уақытта Герман одағының мүшесі болды. Оның халық құрамы, Солтүстік Шлезвигтің халқы сияқты немістер болды. 1848 жылы осы герцогтығында Даниядан бөліну мақсатымен ұлттық қозғалыс басталды. Пруссия бұл жағдайды қолданып, Даниядан осы екі герцогтығы және Солтүстік Шлезвигті итеріп, Данияға соғыс ашып, осы аркылы осы герцогтығының барлығын өзінің билігіне жүгіндіру ойластырды. Осы соғыс арқылы прусстік үкімет өз елінің ішіндегі революциядан халықты алаңдату және Германияда өзінің беделін көтеруді ойластырды. Пруссияның сәттілігі Германияның прусстық қол астына өтуінің бірінші кезеңі болар еді. Герцогтықтардың Пруссияның қол астына өтуі Пруссияға Солтүстік теңізге жол ашар еді және Балтика жағалауында өзінің беделін нығайтуға жол ашар еді. Даниямен соғысты Германияны біріктіру және оның құрамына басқа да көрші жерлерді қосу жоспарын жасап жатқан франкфурттық парламент те қолдады.
1848 жылдың 6 сәуір күні соғыстың басталуы жайлы хабарламай, Прусстық әскер Шлезвиг және Гольштейнге басып кіреді, 23 сәуірде Ютландиде дат әскерін талқандады, бірақ, даттықтар Ресейден, Англиядан және Швециядан көмек сұрайды. Патша Ютландиден прустық әскерді шығаруды талап етті. Сонымен қатар, егер екі герцогтықты қайтадан қайтармаса, онда патша Висланың бағытын жаулап алуы жайлы хабар берді. Фридрих — Вильгельм IV өзінің әскерін Ютландиден әкетуге келісімін береді.
Италиядағы 1848 — 14849 жылғы революция
Италияда 1848 жылғы революциялық қозғалыс Сицилия аралығындағы халық көтерілісінен басталды. 1848 жылдың 12 қаңтар айында халық қозғалысы Сицилияның басты қаласы Палермода басталды. Қала баррикадалармен жабылды. Көтерілісші азаматтарға көмекке қарапайым азаматтар келді. Неаполитандық әскер талқандалып, 26 қаңтар айында Палермодан кетуге мәжбүр болды.
Келесі күні конституцияны талап етуші бұқаралық көтеріліс Неапольде болды. Патша реакциялық министрлерді отставкаға жіберіп, билікті қызмет етуші буржуазиялық либералдардың қолына берді. Көп ұзамай, Неапольде конституция жария етілді.
Сицилияда, Уақытша үкімет орнады. Оның құрамына либералды буржуазия мен либералды дворяндардың өкілдері кірді. Неаполитандық әскер тұрақтанған Мессины қамалынан басқа барлық аралдар Уақытша үкіметті қабылдады.
Сицилия мен Неапольдағы жағдайлар Италияның басқа да жерлерінің саяси қақтығыстарына өзінің үлкен әсерін тигізді. Сардина патшалығы мен Тоскана халқына қысым көрсету арқылы 1848 жылдың наурыз айында конституция жөніндегі декрет жарық көрді. Папа Пию IX да конституцияның енуін қабылдауына тура келді. Ол бұл шешімді басқа италияндық мемлекеттерге қарағанда кеш қабылдады, яғни, 15 наурыз айында. Папалық мемлекеттердің тарихында бірінші рет құрамында шіркеу адамдары жоқ, министрлер кеңесі қүрылды. 17 наурыз айында Венада революция басталды деген хабар жеткеннен кейін, Венецияда австриялықтарға қарсы қақтығыс басталды. 22 наурыз айында венециялық арсеналының жұмысшылары мен матростарының бой көтеруі басталды. Сол күні Венеция республикасының тәуелсіздігі қайта орнады. Венецияның президенті итальяндық буржуазиялық революционер, адвокат және публицист Даниэль Мании болды. 18 наурыз айында Ломбардияның басты қаласы Миланда қарулы көтеріліс басталды. Көтерілісте жұмысшылар, ұсақ кәсіпкерлер, ұсақ сатушылар және маңайдағы ауылдардың қарапайым шаруалары басты рөлді ойнады. Көтерілісшілер мен австриялық әскер арасындағы қақтығыс 5 күнге созылды. 22 наурыз айында австриялық әскер қолбасшысы Радецкиймен Миланнан кетуге мәжбүр болады. Миландағы билік Уақытша үкіметтің қолына көшті. Оның қүрамына буржуазиялық либералдар кірген болатын.
1848 жылғы Италиядағы революция феодалдық — абсолюттік тәртіпке ғана емес, сонымен қатар австриялықтарға қарсы да болды. Халықтың бұқаралық қысымы мен прогрессивті буржуазиялық жік және дворяндықтың қысымынан Сардиния патшалығының королі Пьемонта Карл — Альберт 1848 жылдың 23 наурыз айында Австрияға қарсы соғыс жариялады. Австрияға қарсы басқа да итальяндық мемлекеттерінің үкіметтері дайын екенін жариялады. Италия халқын патриоттық жалын жаулады. ¥лттық гвардиялық батальондар мен өз еркімен қатысушы жасақтар Ломбардияға қарай бет алды. Осы жасақтардың ішінде батырлығымен көзге түскен жэне ерекше орын алған өз еркімен қатысушы қолбасшысы Гарибальдидің жасағы болды.
Италияда наурыз айының аяғына таман құрылған антиавстриялық одақ берік болмады; оны итальяндық мемлекеттердің арасында болған қарама — кайшылықтар мен қақтығыстар үзіп отырды.
Ломбардияда австриялық езгіден босатылу мақсатымен жүрген халық қозғалысы өрши түсті. Сардина королІнен көмек аламын деген үмітпен Ломбардия өзінің Пьемонтқа қосылуы жайлы хабарлады. Ломбардиядан кейін Сардина королінің билігі Парма мен Моденді, сонымен қатар басқа да венециялық провинцияларды мойындады. Қосымша көмекке ие болғаннан кейін австриялық әскер шабуылын бастады. Әскери қозғалыстар өзгермелі сәттілікке әкеле бастады. 28 мамыр айында Мантунға жақын жерде австриялықтар пьемонттік әскерді талқандады. 30 мамыр айында пьемонттік әскердің 20 — мың корпусы австриялықтарға қысым көрсетті. Пескьера қамалы пьемондіктерге берілді. Бірақ, көп ұзамай, итальяндықтар жаңа сәтсіздіктерге ұшырады. 11 маусым айында австриялықтар ешбір қарсылықтарға кезікпей, Виченціні алады, ал 3 — 4 күннен кейін Падуяны алады. 23 — 25 маусым аралығындағы Кустоццедегі шешуші шайқаста пьемонттік әскер талқандалып, кері шегінуге мәжбүр болды.
Италиядағы ұлт — азаттық соғыстың бірінші кезеңі итальяндықтардың жеңілуімен аяқталды. Австрия мен Сардина арасында бейбіт қарым -қатынас орнады. Реакция бұл жеңілісті прогрессивті күштерге қарсы қақтығыста қолданды. 1848 жылдың тамыз айында үлкен неаполитандық әскер Сицилияға қарсы бағытталды. Мессиныдағы шайқас бес күнге созылды.
1848 жылдың күзінде Италияның кейбір жерлерінде жаңа революциялық бой — көтерулер басталды. 15 қараша айнда Римде халықтық көтеріліс басталды. Ішкі істер министрі граф Росси өлтірілді. Осыдан бірнеше күннен кейін, папа неаполитандық Гаэту бекінісіне қашуға мәжбүр болды. 1849 жылдың қаңтар айында римдік Кеңселік жиналыста сайлау өтті. Онда либералдарға бірталай орын және радикалды демократтарға бірталай маңызды орындар берілді.
1849 жылдың 5 ақпан күні ашылған Кеңсе жиналысы папаның зайырлы билігін алып тастауды және 9 ақпан күні Римде республикандық қатарды жариялауды белгіледі. Наурыз айында Римдік республика үкіметтерінің басшылығымен триумвират орнады. Оған Мадзини, Армеллини жэне Саффи кірді.
1849 жылдың 12 наурыз күні Сардиния патшалығының үкіметі халықтың қысымымен Австриямен бейбітшілік орнатып, соғысты қайта бастады. Бірак, Карл — Альберттің үкіметі соғысқа жалпыұлттық көрініс бергісі келмеді. Ол Тоскананың, Венеция мен Римнің республикандықтарынан көмек сұрамады және Ломбардияда австриялықтарға қарсы шабуылды бастауға тырыспады.
20 наурыз күні құрамында 75 мың әскері бар австриялықтар шабуылды бастады. Пьемонттік генералдардың біреуінің өзгермелі қимылдарына байланысты, австриялық әскерге еш қарсылықсыз Тичино өзені арқылы өтуге жол ашылды. 23 наурыз күні Новарда австриялықтар Карл — Альберттің әскерін талқандап, жеңіліс әкелді. Осындай үлкен жеңілістен қорыққан патша, сол сәтте таққа орнына үлын отырғызып, өзі Португалияға қарай қашуға мәжбүр болды. 26 наурыз күні жаңа патша Виктор — Эммануил австриялықтармен келісімге отырды.
Кейбір жерлерде халық бұқарасы қарсыласына әлі де қарсылық көрсетіп жатты. 1 сәуір күні австриялықтар Брешияны жаулап алады. Қаланы алған уақытта жабайы қаталдықтар көрсетілді: әскерлер дарға асылды, бейбіт, қарапайым түрғындар, сонымен қатар эйелдер мен балалар тірі күйлерінде отқа жағылды.
1849 жылдың 6 тамыз күні Сардиния патшалығы Австриямен бейбіт келісімге қол қойды, оған контрибуция төлеуге мәжбүр болды.
Австрияға қарсы ұлт — азаттық соғыс. Итальяндық жұмыстар жөніндегі Еуропа дипломатиялық конгресінің себептері.
¥лы державалардың араласуы тек қана Германияның ісіне ғана байланысты болған жоқ. Ол австро — итальяндык соғыс кезіндегі Италияның бірігуі жолындағы қақтығысқа да өзінің үлкен эсерін тигізді.
Италиядағы революциялық және ұлт — азаттық қозғалыс сардиния королі Карл — Альбертті Австрияға қарсы соғыс ашуына итермеледі. Карл -Альберт Австрияға қарсы соғыс арқылы Ломбардия мен Венецияны қосумен өзінің иеліктерін кеңейтіп, үлкейтуді көздеді. Басқа итальяндық монархияларды бұқаралық халық қысымымен Сардинияға қосты. Австриялықтар сардина әскерін талқандап, Пьемонтке кірумен қорқытты.
Патша Австрияға өнегелі тірек жасаап отырды; ол Сардиниямен дипломатиялық қарым — қатынастарын үзіп, австриялық елшіге итальяндықтарды талқандау туралы кеңес береді. Карл — Альберт Франция мен Англиядан делдалдылық жөнінде сұрады.
Франциямен жақсы қатынаста болса да Пальмерстон Италияда француздық ықпалдың өсуінен сескенді. Нәтижесінде, австриялықтар Миланды иемденді, ал 9 тамыз күні Франция мен Англия арасында Австриядан Венеция мен Ломбардияның қалуын сақтау жөніндегі келісімге кол қойылды.
Француздық үкімет итальяндық жүмыстарды талқылау жөнінде бүкіл еуропалық дипломатиялық конгресті немесе конференцияны шақыруды үсынды. Англия мен Австрияның үкіметі бүл жобаға қарсы болмады, бірақ, патша өз қарсылығын білдірді. Нессельроде батыс державалар шығыс мәселесін қайта көтеруі мүмкін деген қорқынышта болды. Конгресстің жобасы жүзеге асырылмады.
Итальян мемлекеттерінің жеңілу себептері.
Ломбардиядағы австриялық әскердің жеңісі Италияның басқа да жерлеріндегі жағдайларға өз әсерін тигізді. Әсіресе, Тосканаға. 11 сәуір күні Флоренцияда қалаға басып кірген қарулы шаруалардың қолдауымен контрреволюциялық төңкеріс болды. Бірнеше күннен кейін австриялық әскер Тосканаға басып кірді.
Италиядағы ұлт — азаттық соғыстың екінші кезеңінің сәтсіздігі Сицилиядағы жағдайға да өз әсерін тигізді. 1849 жылдың 29 наурыз кұні аралда әскери қимылдар қайта өрши бастады. Неаполитандық әскер құрамы Сицилия әскер құрамынан екі есеге көп болды. Сәуірдің басында Сицилия әскері бірқатар салмақты сәтсіздіктерге тап болды. Парламент пен Үкіметте басшылық еткен орташа — либералдық буржуазия мен дворяндықтың либералды жіктері қақтығысты тоқтатуды шешті. Билік Палермодан кетеді. 1849 жылдың 11 мамыр күні патшалық әскер Палермоны басып алады.
Римдегі революцияны басуда жэне папаның зайырлы билігін қалпына келтіруде төрт католиктік мемлекетердің араласуы шешуші рольді ойнады. Яғни, Франция, Австрия, Испания және Неаполь мемлекеттері.
1849 жылдың сәуір айының аяғында генерал Удиноның басшылығымен француздық эскер корпусы Римнің қақпасына жақындайды; бірақ, интервенттер үлкен шығынмен кейін шегерілді. Бұл сэттілік Римді қорғаушыларды жігерлендірді. Мамыр айының басында гарибальдилік жасақ Римге жақындап қалған неаполитандық әскерге қарсылық көрсетіп, оны кейін қайтуға мәжбүр еткізді. Гарибальдидің жасағы неаполитандықтардың территориясына кірді. Онда оларды халық азаткерлер ретінде қарсы алды.
Бірақ, басқа жерлерде Римдік республикасы үшін әскери қимылдар сэтсіздікпен жүріп жатты. Австриялық әскер Болонья тұрғындары қарсылығының бетін қайтарды. 27 күн бойы қақтығысқан австриялық интервенттерге Анкона бекінісі құлады.
Мамыр айынын ортасына қарай Римге француз дипломаты Фердинанд Лессепс келді. Франция мен Рим республикасы арасында бейбітшілік жөнінде келіссөздер жүре бастады. Бүл келіссөздер Луи Бонапарттың үкіметімен жоспарланған болатын. Оның негізгі мақсаты уақытты созу үшін осылайша қоғамдық ұстанымды алдау болды. Келіссөздердің көмегімен Удино корпусы Франциядан жаңа қосымша көмек алып отырды. Біршама күш жинаған француздық эскер бүкіл фронт бойына шабуылын бастады. Римдік республикандықтар жаудың шабуылына өжет қарсылык көрсетті, бірақ соңында 1849 жылдың 1 маусым күні австриялықтар Римге кірдІ. Римдік республика өз өмірін тоқтатты.
Римдік республика құлағаннан кейін, Италияның тәуелсіздігі мен азаттылығы үшін қақтығыста алынбаған Венеция қалған. Австриялық әскердің осы қала үшін күресі 11 айға созылды. Пьемонтпен соғысты аяқтағаннан кейін австриялық әскер Венецияны беруді талап етті. Венецияда халық бұқарасының бой көтеруі басталды. Австриялық әскер қаһарлы шабуылын бастады. Бүған сонымен қатар, аштық пен азық -түліктің тапшылығы қосылды. Венеция ешқандай қосымша көмегінсіз қарсылық көрсетті. 1849 жылдың 22 тамыз күні ғана Венеция жауға берілді…..
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com