Реферат: Тарих | Андронов мәдениеті
Андронов мәдениеті
Ежелгі егіншілер мен бақташылар.
Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаңан жылдарға созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-VII мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б.з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияга тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з. дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді.
Егіншілік пен бірге малшаруашылығы да пайда болады. Ғалымдар әуелі пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? — деген сауал жөнінде ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қәзір айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы-нулы жерлерде мал шаруашылығы егіншілікпен қабаттаса қанат жаяды.
Б.з. дейінгі II мынжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді. Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан — Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Coл жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В.Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері — шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі — орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірск андронов ескерткіштсрі Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды. Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола — б.з. дейінгі XVIII—XVI ғ.ғ. орта қола — 6. з. дейінгі XV XII ғ.ғ. кейінгі қола — б. з. дейінгі XII-VІІІ ғ.ғ. басы. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептелді. Бірақ кейін Федоров ескерткіштері ерте қола уақытына емес, орта қола уақытына жататыны даталанды, сөйтіп андронов мәдениеті дамуының сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне Федоров ескерткіштерінің ерте және кейінгі кезеңдерге бөлініп, ыдырап кететіні анықталды. Оның бірінші тобы б.з. дейінгі XV-XІV ғ.ғ., екінші тобы — ХІІІ-ХІІ ғ.ғ. жатады. Егер бұрын ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан табылса, енді кейінгілері Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мсн оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан табылды. Әсілі, федоров тайпаларының жан-жаққа тараған кіндігі Қазақстан болса керек, оларды бұл арадан тайдырып жібергендер алакөл тайпалары, Орталық Қазақстанға олар белгісіз бір батыс орталықтан келеді.
Хош, сонымен, алакөл мен федоров тайпалары бір мезгілде өмір сүреді, соның арқасында олардың өзара қарым-қатынасынан аралас типтегі ескерткіштер пайда болады. Жетісуда «жетісу типіндегі», батыста «қожамберды типіндегі» ескерткіштер қалыптасады. Андронов мәдениеті тұтас болмаған: бұл мәдениетте бір кездері соның аясында тіршілік еткен тайпалар мәдениетінің сипатын, ерекшелігін білдіретін варианттары анық көзге түседі, сол себепті де бізде бір қатар туыс мәдениеттерді біріктіретін андронов мәдениеті қауымдастығы деп айту әдетке айналған.
Орталық Қазақстанның тайпалары. Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Ортaлық Қазақстан болған. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары мен тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып зерттелген. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты — оның монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Көлемі шағын, үстіне топырағы үйілген қабырлар айналасына тақта тастардан дөңгелек немесе тікбұрышты қоршаулар салынған. Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты шұңқыр етіліп қазылған, жиек-жиегі тақта таспен (циста) көмкерілген моланың өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу біткесін мола үсті тақта таспен жабылып тасталып отырған.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен мендрлар, басылымды қосар сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектелген құмыралар көз тартады. Ыдыстардың тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөңгелек қола айналар, қола моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарынан байқау қиын емес. Бұл кезеннің Былқылдақ, Қарасай, Темір астау, Қарабие, Елшібек, Беласар сияқты қорымдары тиянақты зерттеліп, белгілі болған.
Мәдениетті дамытуда металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған. Орталық Қазақстанның палеометалдық ошағы көрші жатқан Алтай, Сібір, Орал өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын тигізген. Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды.
Орманды-дала зонасындағы топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдарды бірден тануға болады. Батыс аудандарда сақина секілді дөңгеленте салынған қоршаулар етек алған. Бұл ауданда небәрі 80-нен аса қоныс пен 90-ға тарта қорым ашылған. Ертедегі қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады. Петропавл қаласы маңындағы Вишневка қонысында қазба жұмыстарын жүргізген кезде көлемі 126 шаршы метр жер беті тұргын үйі табылған, оның ағаш шатырын ағаш бағандар тіреп тұрған. Co кездері ежелгі қалалардың алдын алушылар (прототиптер) деп атауға келетін қоныстар пайда болады. Солардың бірі — Арқайым Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан орын тепкен.
Орта Қала кезеңінде үй салу, қоныстандыру ісі, өлікті жерлеуді ұйымдастыру, жерлеу ғұрпы біраз өзгерген еді. Қоныстары бұрынғыша бекіністер салынбайды, тұрғын жайлар — жартылай жертелелер тікбұрышты — ұзынырақ болып келеді, оның 140-тан 200 шар. м. дейінгі көлемі, қоржын сияқтанып, екіге бөлінеді еденінде — біреуден сегізге дейін — ошағы болады. Мұнда тұрғын жайлар Явленка, Тасты-бұтақ қоныстарында болған.
Кейінгі қола дәуірінде, оның бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің Қима мәдениетінің, ал Батыс Қазақстан — Еділ бойының Қима мәдениетінін, қатты ықпалына түседі. Кейінгі қала дәуірі қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты сопақ, сегіз тәрізді жартылай жертелелер көбірек кездеседі. Көлем 300-400 шар. м., дейін баратын орасан зор жертөлелер салу етек ала бастайды, олар қысты күні мал ұстайтын болған. Шаруашылықта мал өсірудің әсіресе жылқы өсірудің ролі арта түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінің дамуы да осы тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бұқтарманың, Күршімнің көкора шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дәуірінін ондаған қоныстары мен қорымдары табылды, олардың дамуы мен құрылып қалыптасуына жез бен қалайының, алтынның аса бай кенді көздері әсер етеді. Қанай қорымы және онымен жарыса қатар орналасқан қоныс қабырларының дені кейінгі қола кезеңіне жатады. Ертістің он жағалауындағы қоныстан көлемі 50 шар. м. тікбұрышты жартылай жертөле және онымен жалғас қоражайлар қазылып, аршылып алынды. Үй қабырғалары қамыспен бастырылып сылақталған.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дәуірінің кезінде-ақ игеріліп, ел-жұрт «тығыз» қоныстанған аймақ болатын. Жетісуда Андронов мәдениетінің өзіндік (жетісулік) варианты бартұгын Таңбалы мен Каратау сияқты тастағы суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана табылды.
Жетісуға федоров пен алакөл тайпаларының мәдениеттері элементтерінің араласып-құраласып жататыны тән болып келеді. Федоров дәстүрінде қоршаулар тікбұрышты және дөңгелек болып келетін қабырлар көбірек кездеседі. Жер молалар мен жәшіктерге, таулы аудандарда қима қабырларға өліктерді табытқа салып қою, өртеп күлін көмумен ұштасып жатады. Жетісудың орта қола дәуірін Таңбалы, Қарақұдық қорымдары арқылы көзге елестетуге болады.
Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы қазылып аршылды.
Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дәуірінін бірегей ескерткіші — Тегіскен кесенесі ашылды. Тегіскеннің тым ертеректегі мазарлары қамкірпіштен салынған, оны жоспарлауға негіз болған нәрсе — сыртқы қабырғалар шаршысына үйлестірілген шеңбер. Оның ішінде, шеңбер бойын қуалай 8 немесе 12 тікбұрышты қыш ұстын тұр, олар екі метр биікте сақталып қалған. Одан әрірск іште — тағы да 8 немесе 12 әлгідей ұртын бар, бірақ олар тікбұрыш бойында тұр. Қыш ұстындарға қоса, оларды қайталағандайын, ағаш бағандар тұр, еденде олардың шұңқыр ізі сақталып қалған. Сөйтіп, мазар ішінде айналып өтетін дәліздер жүйесі жасалған. Мавзолей орталығына орналасқан бөлмелер мен дәліздерге керамикалық бұйымдар қойылған, мұнда қоладан жасалған қару-жарақтар, алтын-әшекейлер жатыр. Орталық бөлмеге қойылған өлікті мазармен бірге өртеп жіберетін болған. Тегіскен қорымдарының мәдени тегін анықтау өте қиын. Бірінші жағынан алсақ, бұдан Андронов мәдениетінің дәстүрін көруге болады (мазарлардың жоспарлануы Бегазы-Дәндібайдың орталық-қазақстандық үлгісіне жақын, қыш ыдыстардың түрі мен өрнектері Андроновтікі тәріздес), екінші жағынан, оңтүстік мәдениетінің күшті ықпалы сезіледі (қам-кірпішінің стандарты Намаз VI дәуірінің оңтүстік түрікпен мәдениеті мен Теккем-тепе мен Яздің кейініректегі ескерткіштеріне жақын), Тегіскен мазарлары дала мен отырықшылар мәдениеттерінің өзара жақындасып, ықпалдасып жатқан бастапқы кезеңдерінен хабар береді.
Андроновшылар шаруашылығы. Андронов қоныстарының көпшілігі таулардан ағатын дала өзеншелері мен өзектері жағаларына орналасқан. Олармен іргелес, өзендер жайылмаларында тұрғындардың егіні мен бау-бақшалары болған.
Қоныста қазба жұмысын жүргізген кезде ішінде тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Солтүстік Қазақстандағы Алексеев қонысы құрбандық қамбаларында бидайдың құдай жолына берілген масақтары мен дәндері жатқаны анықталды. Мало-Красноярск қонысында (Шығыс Қазақстан) орақтар жүзінен ап-анық боп басылып қалған дәндер танбалары кездесті. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, ұнға астық түйетін тікбұрышты және жұмырбасты келсаптар, орақтар мен тас кетпендер еді.
Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды рөл атқарған. Жануарлар ішерге — сүті мен етін, киерге — жүні мен терісін, ісмерлікке— сүйек-мүйізін, отынға — тезегін берген. Андроновшылардың негізгі тамағы — сүт еді. Одан сүзбе мен ірімшік жасаған, оны іркіт не сарысу сүзетін ұсақ тесікті ыдыстардан байқауға болады. Ет өте қат болған, оны мейрамдарда ғана жеген, құдай жолына құрбандық еткен. Олардың негізгі малы — қой, сиыр, жылқы екен. Тағам қажетіне негізінен тек екі-үш жастағы жас малды жұмсаған, ал асыл текті малды тұқым үшін қалдырған. Шаруашылықтың мұндай жүйесі мал санын кемітпей ұстауға, оның тиімділігін арттыруға жағдай жасаған.
Зерттеушілердің бір анықтаған жәйті: селеулі дала мен тау жайлауларында емін-еркін оттаған көкалалы көп жылқының әртүрлі үш тұқымы болған: биіктігі шоқтығын қоса — 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды, қарны салыңқы жатаған жылқы. Олар қәзіргі моңгол жылқысына ұқсас келеді. Табындардағы ең көбі — шоқтығы орташа не биік, 136-152 см-ге дейін, салмағы 350 киләға дейін жететін жылқылар. Ең ақырғысы асыл тұқымды, биіктігі шоқтығын қосқанда 152-160 см., аяқтары жіңішке, денесі сыпыт та сымбатты, басы кішкентай, қой мойынды келеді. Олар сол дәуірдің ең айбарлы, алапат күші соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар әлемдегі ең тамаша малшылар еді. Олар дүние жүзінде тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау практикасын енгізді. Аязды күндерде төлді жылы жерде ұстаган, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғастырыла мал қоралары салынған.
Андроновшылар қос өркеш-бактриан түйелерін өсірген. Олардың сүйектері мен тұяқтары қоныстар мен қорымдардан табылған. Түйе бейнелері жартастарға салынған, тіпті Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні қолға түсті.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б. з. дейінгі I мың жылд. басында андроновшылар отырықшы болған. Аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Мал шаруашылығының өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал ұстаудың жаңа түрлері мен тәсілдері қажет болды. Андроновшыларда бұл мал өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі) еді, мұнда әйелдер мен балалар ауылда қалып, егіншілікпен айналысады да, еркектер мен жасөспірімдер малмен бірге күллі көктем, жаз бойына алыстағы жайылымдарға кетіп, үйлеріне күз соңына таман оралып отырған.
Маусымдық жайылымдар қашықтығы әртүрлі болған. Жетісу мен Шығыс Қазақстанда олар 50-ден 80 шақырымға дейін болса, Батыс Қазақстанда жазғы жайлау жолы құба дала мен сусыз шөлді басып, жүздеген шақырымдарға жеткен. Сонымен, үй іргесіндегі тепсеңнен — жайлауға көшу, отарлы мал шаруашылығы, сосын көшпелі шаруашылық туады, бұл әрине дала мен шөл жайылымдарын тиімді пайдалануға жәрдемін тигізеді.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтуге байланысты, бірте-бірте мал құрамы да өзгере түседі: ірі қараның саны кеміп, қой мен жылқы саны көбейе береді….
Полную версию материала можете скачать через !!!!