Реферат: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар Тұрғындарды қорғау

0

Төтенше жағдай дегеніміз-табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен,қаражатпен жоюға мүмкіндік беретін,ол үшін әдейі материалдық,техникалық,ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері-орасан зор,кең байтақ.Олжерлерде табиғат апатының неше түрі;жер сілкіну,қар тасқыны,қатты жел,су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала-бұл кенеттен пайда болатын,халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын,материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын,сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғат құблысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті,пайда болу себебі,қозғаушы күші,сипаты мен даму сатысы,қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық,келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін:жер сілкінісі,сел,қар көшкіні,сырғыма,дауыл,су тасқыны,буырқасын,өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40пайызы келеді екен,20 %-тропикалық циклондары,15% жер сілкінісі ал қалған 20 %-зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне,Арал теңізінің құруына,Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Жер сілкінісі.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді.Жер
cілкінісі-бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде
кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда
болған,елеулі ауытқу түрінде,үлкен қашықтыққа таралатын жер асты
дүмпуі мен жер астының қозғалысы.Бұл құбылыс жер асты
дүмпулерінен,тербелістен болады.Әзірге ғылымдар жер сілкінісі қашан,қайда,қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін
тура басып айта алмай отыр.Сейсмикалық станциялардың көрсетулері-
дәл емес.Жыл сайын жер бетінде 100 ден аса жер сілкіністері болып тұрады.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғаңдар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су
құбырлары, канализатция, электор беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарлыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңізде гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрлыста үлкен бүлінушілік жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады,27 қала 400-ден астам елді мекендер бар.Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуметтік осы аймақта жоғарыланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,Маңғыстау обылыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% -ы шоғырланып,түрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан,Республика халқының 40 % -ы тұрады.
Жер сілкінісі қауіпі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер,гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары,жасанды және су қоймалары,жарылғыш және улы материялдар қоймалары орналасқан.Түрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреуінің бұзылуы,оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келіуі мүмкін.Инженерлік желілер мен комуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.
Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалыуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шнккен шығыннан біршама есе асып түседі.
Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып,геологиялық ортаның экологиясы бұзылады,қопарылма,сырғыма,сел тасқыны және т.б.шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор:өндірістік циклдың уақытша тоқтауы,еңбек рисурстарының зардапты жоюға тартылуы және тағы басқалар.Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлауына, халықтың апат аймағынан кетіуіне,жерасты дүмпуінің қайталануын күтіуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғасының түсуінеәкеліп соғады.

Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жүмыстар жер сілкінісі қаупі ескерусіз жүргізілетін жұмыстар жер сілкінісі қаупі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады.Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады.
Халықты,аумақты және шаруашылық объектілердің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:сейсмалогиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту;сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарт;сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;халықтың сейсмикалық білімін жақсарту;басқару;хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;дамыту және қолдау;жер сілкінісікезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Адамзаттық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
Опырмалар.

Опырмалар-ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы.Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлеріндегі жақпарлардың құлауы.
Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарда болып турады.Олардың пайда болуы себептері жерүсті және жер асты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады.Аса ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты.Осындай учаскелерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су қоймаларын жасай отырып, таулы жазықтарды құрсаулайды.Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.
Опырмалар жылдың кез-келген уақтында, әдетте тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады.Ірі қопарылмалардың алаңы 50-60 ға дейін жетеді.
Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырмалар құбылыс өрістеген техногенді жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады.Сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суармалы сумен ылғалданады. Опырмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.
Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн.Үйден шығарда пешті өшіріп су мен газ бұрандаларын жауып, жарық пен басқа да электр қондырғыларын ажырату қажет ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!