Реферат: Сүт безінің аурулары

0

СҮТ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ

Сүт безінде әртүрлі патологиялық процестер өтіп жатады. Оларды емдеу шаралары әртүрлі болғандықтан, патологиялық процестің сипатын ажырата білуіміз керек. Ол үшін сүт безіне және бүкіл организмге зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оларды клиникалық және лабораториялық әдістерге бөлуге болады.
Клиникалық зерттеулерге: анамнез мәліметтері, организмді жалпы зерттеу және желінді зерттеу кіреді.
Анамнез: қашан бұзаулады, туу процесі мен туғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтті ме, бағып-күтімі мен азықгануы, туғанға дейінгі, туғаннан кейінгі кездегі сүт безінің клиникалық жағдайы қалай еді, бұрынғы жылдары желін аурулары болған ба, сауу режимі сақтала ма, малдәрігерлік-санитарлық шаралар орындала ма, жалпы шаруашылықта желін аурулары көп пе, сиырдың сүгтілігі қандай, сиырдың ауырғанына неше күн болды, ауруы қалай білінді, кім емдеді деген сұрақтарға жауап алатын болсақ аурудың туу себебін, патологиялық процестің сипатын анықтауға біршама мүмкіндік туады.
Организмді жалпы зерттеу дегеніміз малдың дене температурасын өлшеп тыныс алу жүйесін, жүрек-қан айналу жүйесін, ас қорыту жүйесі мен жыныс органдарын зерттеу, малдың жатып-тұруына көңіл бөлу, сыртқы лимфа түйіндері мен кілегейлі қабықтарды зерттеу болып табылады. Өйткені, желін аурулары көбінесе гастроэнтерит, эндометрит, субинволюцші, т.б. аурулардың салдары болуы мүмкін. Сол сияқты желін ауруларының салдарынан басқа органдарының қызметі бұзылуы мүмкін.
Желінді зерттеу. Қарап, ұстап және сауып көру сияқты тәсілдерден тұрады. Желінді тексергенде сиырдың артқы жағынан және жанынан келіп қарайды. Желіннің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігін салыстырамыз: көлемі, терісінің түсі мсн бүтіндігі, тығыздығы, температурасы, малдың реакциясы, сауған кезде емшегінен сүттің шығуы, сүттің түсі, иісі, бөгде заттардың болуы (құм, ірің, іртік, ұйынды, фибрин т.б.). Бұл белгілер аурудың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Соңынан желін үсті лимфа безін зерттейді.
Желінсау — желіннің қабынуы. Көбінесе жаңа туған малды, сиырларды суалтқан, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі. Себептері: желінсауды тудыратын себептер өте көп, кейде оның қайсысы негізгі себеп, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын болады. Ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80% жағдайда микробтардың үлесі бар деп есептейді. Микробтардың желінге келіп түсуі әрқалай:
1. Емшек үрпісі арқылы (галактогенді жол) — жаткдл жері лас болса, желінді жуып-сүртетін шүберек кір болса, сауыншының қолы, сауын агрегаты таза болмаса.
2. Қан арқылы (гематогенді жол)- гастроэнтерит, ретикулопсритонит, эндометрит, вагинит т.б. органдардың ауруынан желінге келіп түседі.
3. Желіннің терісі арқылы (лимфогенді жол) — тері жарақаттанғанда микроб сол жарадан ары қарай лимфа тамырлары арқылы тарайды.
Жіктелуі. Органйзй резистенттігіне, ауру тудырушы себептердің сипатына байланысты, жсліндегі қабыну процесі әртүрлі деңгейде өтуі мүмкін.
А.П. Студенцов қабыну процестерін сипатгай келіп, желінсауды былай жіктейді:
1. Серозды желінсау;
2. Қатаралді желінсау — а) цистерна мен сүт жолдарының қатары;
б) альвеола қатары;
3. Фибринозды желінсау;
4. Іріңді желінсау — а) ірінді — катаралді желінсау;
б) желін абсцесі;
в) желін флегмонасы;
5. Геморрагаялық желінсау;
6. Кейбір ауруларға тән желінсаулар;
а) желін аусылы;
б) желін акгиномикозы;
в) желін туберкулезі;
7. Желінсаудың асқынулары — а) желін индурациясы;
б) желін гангренасы;

Серозды желінсау
Серозды желінсаудың клиникалық көріністері: Ауру басталғанда желінде гинеремия болады және серозды экссудат жиналады, сүттің құрамы өзгере қоймайды. Малдың дене температурасы көтеріледі, тәбеті және сүт өнімділігі төмендейді. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайған, тығыз, ыстық және ауырсынады. Желін үсті бездерінің көлемі ұлғайған, Серозды желінсауды уақытында дұрыс емдесе, МАЛ КӨП Ұзамай жазылып кетеді.
Емі. Желінді астынан жоғары қарай сылап сипайды, жиі-жиі сауып тастайды, бұлшық етіне 8-10 мың ӘБ антибиотиктерді қолданады. Сонымен қатар аузынан 10-12г стрептоцид ұнтағын З рет бөліп ішкізеді. Д.Д.Логвиновтың әдісі бойынша қысқа блокада жасайды. Желінді камфора майымен майлап, 2-3 сағатқа озокерит жапсырады. Малдың рационындағы шырынды жем шөпті, суды азайтқан жөн.

Катарлді желінсау
Катаралді желінсау кезінде сүтте ірімшіктер пайда болады. Қабыну процесі екі түрлі өтеді: а) цистерна және сүт жолдарының қатары; б) альвеола қатары;
Малдың жалпы жағдайы орташа. Емшек үрпісінің үстіңгі жағын ұстап көргенде тығындалған жерлері байқалады олар іріп-ұйып қалған сүттің жиналып, емшек каналын бітелуінің белгілсрі. Оны сауын тастағаннан кейін сүт тазара бастайды, бірақ ондай сүтті пайдалануға болмайды.
Емі. Алғашқы күндері 6 сағат сайын 8-10 мың ОБ антибиотиктер қоспасын бұлшықетке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай сылап сипайды және жиі-жиі сауып отырады. Сауар алдында сүт жолдарын эксудаттан оңай тазарту үшін емшек үрпісіне 1-2 %-дық сода ерітіндісін, немесе 5 %-дық мүсәтір қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды.
Сонымен қатар 1-2 рет Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасау керек. Желінді камфора майымен сылап сипайды және жылылап орап тастайды.

Фибринозды желінсау
Фибринозды желінсау кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, мал күйзеледі. Малдың азыққа тәбеті және сүт өнімділігі нашарлап, дене температурасы көтеріледі. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайып қызарады, жергілікті температурасы көтеріледі, ауырсынады, соның салдарынан мал артқы аяғынан ақсап басып жүреді. Желінді қолмен ұстап зерттегенде қабынған жерлерден қытырлаған дыбыстар естуте болады. Мұндай белгілер фибринозды қабынудың негізгі белгілері болып табылады.
Емі. Ауырған малды жеке жерде ұстап, бұлшық етіне әрбір 6 сағат сайын антибиотиктер егеді. Вена тамырына 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін және 10 %-дық хлорлы кальцийдін ерітіндісін қосып жылы күйінде жібереді. Сүтті сауып болған соң желін үрпісіне 100-150 мл фурацилиннің 1:5000 ерітіндісін, этакридин лактаттың 1:3000 ерітіндісін, немесе 2-3% стрептоцидтің ерітіндісін жібіреді: Желіннің ауырған бөліміне камфора, немесе ихтиол майын жағып жылылап, орап тастайды.

Іріңді желінсау
Іріңді-катаралді желінсау — қабыну процесінің өту уақытына байланысты: жіті және созылмалы болады. Жіті іріңді-катаралді желінсау кезінде малдың дене температурасы көтеріңкі, желіннің қабынған бөлігінің көлемі үлкейеді, қызарады, жергілікті температурасы көтеріліп, ұстап көргенде ауырсыну байқалады. Сүттің құрамында ірің және сары-қызғылт қойыртпақ кездеседі.
Іріңді-катаралді желінсаудың созылмалы түрде желіннің, емшектің көлемі кішірейіп кетеді, сүттің мөлшері азайып құрамында іріңді-шырыш болады.
Емі. Желінді патологиялық эксудаттан босатудан басталады. Сүт цистернасында қатып қалған ұйындылардан жібіту үшін желін үрпісіне 1-2 %-дық соданың жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жібереді, сонымен қатар тері астына немесе бұлшықетке окситоцин, питуитрин салады. Желінді эксудаттан тазартқаннан соң емшек үрпісіне мастикур, мастисан дәрілерін және антисептикалық ерітінділерді жібереді. Мал дене қызуы түспесе венаға 10 %-дық норсульфазолдың ерітіндісін 150 мл шамасында жібереді. Егер іріңді желінсау абцесс немесе флегмонаға айналып кетсе оларды жуан инемен тесіп іріңін сорып шығарады да, орнына антимикробтық препараттар жібереді. Мал организмінің жалпы тонусын көтеру үшін 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін 100-150 мл және 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100 мл шамасында және 10-15 мл кофеиннің ерітіндісін жібереді. Сонымен қатар малдың бағып күтуін жақсартып азығының сапасын жоғарылатады.

Геморрагиялы желінсау
Геморрагиялық желінсау кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, температурасы көтеріліп, тыныс алуы, тамыр соғуы жиілейді. Желіннің қабынған бөлігін ұстап көргенде ауырсынады, жергілікті қызуы көтерілген, терісі қызыл-күрең түсті. Сүті су тәрізді, түсі қызғылт және ұсақ қосындылар болады.
Емі. Малды бөлек оқшаулап жиі-жиі сауып, тері астына 10 мл кофеинді, венаға 200-250 мл 40 %-дық глюкозаны, 100 мл 10 % хлорлы кальцийдің ерітіндісін жібереді. Желіннің сыртынан ихтиол, камфора майын жағып жылы орап, байлап тастайды, Д.Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасаған пайдалы.

Тәнді желінсау
Тәнді желінсау — бұл белгілі бір аурулардың салдарынан болатын желін аурулары.
Желін аусылы — мал аусыл ауруымен ауырғанда желінде, емшектерде көлкілдеп суға толған күлдіреуіктер пайда болады және олар жарылып жараға айналады.
Емі. Жара болған жерлеріне йод немесе йод-глицерин жағады. шаруашылықта аусылды жою мақсатында тиісті ветеринариялық-санитарлық шаралар ұйымдастырылады.
Желін иктиномикозы — желін ұлпасына сәулелі саңырауқұлақтар енгенде байқалады. Зақымданған жерлер іріңдеп жазылмайтын ойық жараларға айналады.
Емі. Жараланған бөлікке 0,5 %-дық новокаин ерітіндісінде ерітілген 1млн ӘБ пенициллин егеді. Сиырға ауызынан 5г калий йодидің күніне екі реттен береді, жараны дезинфекциялық ерітінділермен тазартып жуып-шаяды да, антимикробтық майлар жағады.
Желін туберкулезі – мал организміне туберкулез қоздырғыштары енгенде байқалады. Желіннің шалдыққан жағында лимфа түйінінің көлемі ұлғайып, қолмен ұстағанда ауырсынады. Мұндай малдарға емдеу шаралары жүргізілмейді,. малды жарамсыздыққа шығарып шұжық жасауға етке өткізеді.

Агалактия және гипогалактия, олардың жіктелуі
Агалактия (сүтсіздік) және гипогалактия (сүтаздық) — дегеніміз — малды азықтандырудың, күтіп-бағудың және пайдаланудың бұзылуынан немесе аурулардың, және сүт безінің туа пайда болған аурулары салдарынан лактацияның бұзылуы. Лактацияның бұзылуы сүт өндіруді төмендетеді.
Агалактия мен гипогалактияның себептерінің түбірлігіне байланысты жеті түрі бар.

Туа пайда болған агалактия және гипогалактия — бұл сүт безі нашар дамыған малда байқалады. Бұл асылдандыру жұмыстарың нашар ұйымдастыру, сүтті сиырларды өсіру үшін жоспарлы сұрыптаудың болмауынан туыңдайды.
Клиникалық белгілері. Сүт безі нашар дамыған, ешқандай қабыну белгілері жоқ. Емшектері де дұрыс жетілмейді, кейде олардың үрпі тесігі де болмауы мүмкін.
Алдын-алу. Туа пайда болған агалактия және гипогалактия байқалған малды жарамсыздыққа шығарып, толықтырушы жас малды дер кезінде анықтап, олардың енелерінің сүттілік белгілеріне қарап таңдап алу керек.
Кәріліктен болған агалактия және гипогалактия — малдың жасына байланысты сүт безінде және басқа органдарда жүрген өзгерістер салдарынан сүт өнімділінің төмендеуі.
Клиникалық белгілері. Желіні бір қалыпты кішірейеді (семуатрофия), тығыздала бастайды, кейбір жерлері тастай қатты болады және сүт өнімділігі, сүттің сапасы өзгеріп, сүт тастары, құмдары пайда болады.
Алдын-алу. Малды жас ерекшеліктеріне байланысты пайдалануды дұрыс ұйымдастыру керек.
Алиментарлық (азықтандырудан болған) аголактия және гипогалактия — малды азықтандырудағы кемшіліктері салдарынан болады.
Себептері. Толықтырушы жас малды дұрыс азықтандырмау, оларды етке дайындалатын малмен бірге ұстау, рационның құрамының дұрыс болмауы немесе бір жақты азықтандыру т.с.с. Рационның құнарсыздығы сауылатын сүт мөлшерін төмендетеді, сүттің сапасы нашарлайды.
Алдын-алу. Малды толық құнды азықтармен қамтамысыз ету, ағзат мөлшсрі аз немесе артық болмау керек. Минералды заттар, макро- микроэлементтер жеткілікті болу керек.
Жасанды қалыптасқан агалактия және гипогалактия — дені сау, қалыпты жағдайда күтіп-бағылатын сауын сиырларды сауу процесінің соңына дейін саумау, шартты рефлекстердің бұзылуы, малға жақындау дұрыс болмаса, сауу уақыты өзгеруі салдарынан болады.
Әсіресе малды үркіту, қорқьпу сауыншының ауысуы, сауын залында немесе қорада үйреншікті тәртіптің өзгеруі сүттің азаюына тікелей әсерін тигізеді.
Алдын-алу. Сауын ережелерін қатаң сақтау және күтіп-бағуды дұрыс жолға қою керек.
Климаттық гипогалактия — бұл мал организміне қолайсыз климаттық факторлардың әсерінен лактацияның бұзылуы.
Эксплуатациялық агалактия және гипогалактия — малды ұзақ уақыт пайдалану немесе дұрыс пайдаланбау, яғни лактацияны 300 немесе одан көп күнге созу, саууды дұрыс ұйымдастырмау, сауу ретінің кемуі салдарынан болады.
Симптоматикалық агалактия және гипогалактия — бұл мал организміңде белгілі бір өзгерістердің нәтижесінде болады. Оларға желін бездің қабынулары жоне басқа органдардың аурулары жатады.
Желін ауруларының алдын алу. Желін аурулары өте көп, әсіресе, желінсауды емдеу, біз ойлағандай нәтиже бере бермейді. Сондықтан оның алдын алатын, жүйелі түрде жүргізілетін шаралардың жоспары болуы керек. Ол жоспар зоотехникалық, агротехникалық, малдәрігерлік, санитарлық және шаруашылық ұйымдастыру шараларын қамтыйды. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!