Реферат: СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ

0


СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ.

Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы . Тепе-теңдік баға

Тауардың бәсекелестік сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде рыноктық баға қалай орнайтынын байқайық.
Рыноктық баға мен оған сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, онысатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және, керсінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график түрінде көрсетейік.

Егер абцисия рынокта сатып алынған таур саны ал кординатада баға қозғалысын белгілесек, онда осындай нәтиже болады.
Q – қисығы экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп аталады. Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгернін көруге болады. Егер P бағада сұраныс көлемі Q болса, баға P дейін төмендегенде сұраныс көлемі Q дейін өседі.
Пайда болған қисық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол заңды былай тұжырымдауға болады ; егер қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелдікті басқаша да тұжырымдауғаболады, егер рынокқа қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен өткізілуімен мүмкін.
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, рынокқа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек,осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі де төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер рыноктық жағдайды сатушылар немесе оны ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады. Барлық сатушылар рынокта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады.
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы бір жағынан, бағаның өсуі бұлсалаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналарды сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы туралы ғана екенін есте ұстау керек. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін .Бұл әрбір жағынан, табыстың жоғары деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны төмендетеді.
Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенді, өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз сұраныс пен ұсыныс қисығы бар. Бірақ оларға бір рет және мәңгілікке берілген деп қарау дұрыс емес. Кейбір фактордың әсерімен сұраныс пен ұсыныс қисығынын жылжуы мүмкін. Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді. әрбір (жоғары, төмен) сатып алышылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы, жаздың ыстық күнінде сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбееді. Бұл жағдайда d1 қисығымен қозғалмаймыз, өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2.
Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін тигізеді. Мысалы, сатып алушылардың орта табыстары өссе, онда басқа тең жағдайларда сұраныс қисығы д1, оңға жоғары ойысады, ьағаның сол деңгейіне p1сұраныстың өскен деңгейі сәйкес келеді.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор — өндіріс шығындары. Сондықтан, егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе ауыл шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төменге ауысады.
Ұсыныстың көлемі тұрақты P1 бағадан Q1-ден Q2-ге дейін өседі. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын алып салыстырғанда, жиынтық сұраныс пен ұсынысты белгілейтін графикті бір-бірімен беттестірсек, онда бізді қызықтыратын тауардың сұраныс пен ұсыныс тәртібін көрсететін график аламыз. Бір нүктеде екі қисық қиылысады. Қиылысу нүктесінде сұраныс сандық жағынан ұсыныспен тең, ал бағасы тепе-теңдік бағаны көрсетеді. Аса жоғары бағада ұсыныстың сұраныстан артығы пайда болады. Бұл артық ұсыныс сатушылардың арасындағы бәсекенің нәтижесінде бағаның бағада сұраныс ұсыныстан арьық болады. Бұл жағдайда сұраныстың артығы мен бәсеке бағаны жоғары көтереді.
Тепе-теңдік бағада тұтынушылар сатып алатын өнімдердің саны өндірушілердің рынокқа шығаратын өнімдердің санына сәйкес келеді. Тек осындай бағада ғана бағаның өсуі және кему тенденциялары жоқ болады. Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі, рынокта тепе-теңдік орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуы мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы жекелеген тепе-тендік. Рыноктағы бағалардың тауарға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және белгілі бір уақытта жинақтап қарағанда тепе-теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл жағдайда рыноктың жалпы тепе-тендігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе-теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе-теңдік жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе-теңдік жағдайында жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып алушы — өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе-теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды.
Ол қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология, өндірушілер мен тұтынушылардың күткендері мен таңдағандары өзгерулері керек. Әрине, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі теориялық абстракция,өйткені нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда, нақ осы абстракция рыноктық механизмнің қызмет істеуінің аса маңызды заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі және тепе-теңдік бағасының құрылу механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің қарапайым қызмет етуін жалпы тепе-теңдікке жетудің аса маңызды шарт екендігін сипаттайды.
Экономикалық еркіндік деңгейі, біріншіден, кәсіпкерлік еркіндігі, екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы экономикалық еркіндік рынокта өзгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және жекелей де жалпы да тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады. Қандай нарықтық экономикада болмасын, сұраным мен ұсыным тепе-теңдігін орнықтыру және ұстап тұру жеңіл міндет емес. Нарықтың тепе-теңдігін, сұраныс пен ұсыныс тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен бағаның белгілі бір деңгейі деп түсіну керек.
Енді сұраныс пен ұсыныс туралы біршама түсінік алғаннан кейін олардың бәрін бір кестеде көрсетуге болады.

Сурет – 6. Сұраныс пен ұсыныс қисығы.

Сурет – 6 көріп отырғанымыздай, тепе-теңдік нүктесі сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысқан жерінде тұр. Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарықтық баға – тепе-теңдік баға деп аталады .
Сұраныс пен ұсыныс өзгеруіне қарай тепе-теңдік бағасы да өзгереді . Нарықтық тепе-теңдік бұзылуы экономикада сәйкессіздіктің тууына, қоғамдық қажеттіліктер мен өзгерістердің қозғалысында теңсіздіктердің пайда болуына, ақырғы нәтижесінде, әртүрлі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеліп соқтырады.
Бәсекелі нарықта баға тепе-теңдігі «Е» нүктесінде болады. Бұл жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бірдей болады, яғни:

Xe = Xs = Xd

Енді баға тепе-теңдігінің өзгеруін сұраныс пен ұсыныстың тапшылығы мен артықшылығы түрінде көрсетуге болады. Өндіруге ниеттеліп отырған нарықтық механизм, сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі принципі бойынша әрекет етеді. Өндіріс барлық уақытта тауарлар мен қызметтерге сұранысты теңестіруге тырысады. Егер де сұраныс ұсыныстан артық болса, ол өндірісті ұлғайтуды ынталандырады, ал керісінше, егер егер ұсыныс мөлшері сұраныстан артып кетсе, онда өндіріс көлемі азаяды. Осындай ауытқуларды тіркейтін барометр – нарықтық баға болып табылады.
Нарықтық бағаның теңдігі қалыптасқан бағалар мен тауарлар саны жағдайында рынокта әрекет ететін күштерді байланыс тепе-теңдік болған кезде, яғни сатып алушылардың алғасы келетін тауардың мөлшерімен саны жағынан теңелген және баға мен тауарлар санын өзгертетін тенденциялар жоқ кезде пайда болады.
Баға теңдігі – ұсыныстың сұранысқа сай келуі. Бәсекелістік нарықтың тепе-теңдігі қисық сызықтары қиылысқан нүктеде пайда болады.
Үш кедергі:
Біріншіден, сұраныс ұсыныс қисық сызықтарын сала отырып, біз басқа факторларды өзгеріссіз деп қараймыз.
Екіншіден, қисық сызық қозғалысымен қисық сызық бойымен қозғалыстың арасында айырма байланысты.
Үшіншіден, сұраныс және ұсыныс теңдік нүктесінде қай мағынада тең болады?
1. Басқа факторлардың теңдігі жағдайында. Астыққа сұраныстың қисық сызығын сала отырып, біз оның бағасын өзгертеміз және басқа факторлар өзгермеген жағдайдағы астықтың сатып алған мөлшері қандай болатынын қарастырамыз. Біз отбасы табыстарын, салыстырмалы тауарлар бағасы өзгерссіз қалдырамыз. Неге ? себебі біздер лаборрториялық тәжірибелер жүргізе алмаймыз, сондықтан нақтылы факторлардың тиімділін білу үшін басқаларынан ойша оқшауланамыз.
2. Қисық сызық бойынша қозғалы және қисық сызықтың өзінің қозғалысы. Сұраныстың өсуі сұраныстың қисығына өзгерісіз енгізеді және сатып алудың ұлғаюы мен бағаның төмендеуі жағдайында қисық сызық бойымен қозғалыстың нәтижесін шатастырып алмау үшін үлкен сақтық қажет.
Астық шықпаған кезде оның бағасы өседі, өйткені ұсыныс қисық сызығын астықтың теңдік бағасын көтереді. Теңдік бағасының өте жоғары болуы сұранысты төмендетеді, тұтыну сұраныстың қисық сызығы бойымен қозғалады. Бірақ ешқандай өзгеріс болмайды, өйткені баға сұраныстың азаюына байланысты төмендейді деуге оьбективті негізі жоқ.
3. Теңдіктің мәні. Үшінші кедергіні былай айтуға болады:
Сұраныс ұсыныстың тепе-теңдігі баға теңдігін анықтайды қандай негіз бар? Себебі , біреу қанша тауар сатса, сонша тауарды біреу сатып алады. Бағаға қарамастан, сан жағынан сәйкес келеді.тек осындай бағаға, яғни сатып алғысы келетін мөлшер мен сатылыс болмайды..
Сұраныс пен ұсыныс теңдігі неге әкеледі? Жалпы теңдікке. Тауарлар оларды тұтыну мүмкіндігі барлар арасында бөлінеді. Оны кім істейді?жоспарлаушы орындар ма? Заң шығарушылар ма? Жоқ. Нарық механизмі ғана баға белгілейді.
Нарық механизмі «нені» , «қалай», «кім үшін» өндіру проблемаларын шешеді, оларды көптеген өзара байланысты рыноктар үшін бір мезгілде шешеді, өйткені сұраныс ұсыныс қисық сызығы баға мен асн мөлшерін анықтайды дегенді мойындайды. Баға теңдігі мұндай өзара тәуелділігі рыноктың жалпы теңдігі болады, ол – сұраныс пен ұсыныс арқылы анықтайды.
Сұраныс пен ұсыныстың қисық сызығы рыноктың ойдағыдай көрінісі.
Енді сұраныс пен ұсынысға негізделген баға стратеиясын қарайық. Сұраныс – тұтынушыларға қажетті тауарлардың ақшалай сомасы түрінде көрінеді. Әдетте тұтынушылар тауарды арзандау сатып алуға, ал сатушылар оны қымбаттау сатуға тырысады. Бірақ нарықтық баға сұраныс бағасы деп алатын баға шамасынан жоғары көтерім алмайды. Сұраныс баға деп, сатып алушылар тауарды алуға келісетін шекті ең жоғарғы бағаны айтады. Сұраныс бағасы мен сатылатын өнімдердің санының арасында өзара байланыс болады: сатылатын өнімдердің саны неғұрлым аз болса, соғұрлым сатып алушылар оны жоғары бағалайды және оған көп сома беруге әзір, ал керісінше, сатылатын өнімдердің саны көп болса, соғұрлым сатып алушылар оны төмен бағалайды және оның сомасы ұлғаймайды . Егер сұраныс бағасы жоғары болса, сатып алушылар көп болмайды, ал сатылу көлемі шамалы ғана болады. Сұраныс бағасы төмендеген жағдайда тауар бойынша арзан болады, сатып алушылардың саны мен сатып алатын өнімнің көлемі өседі.
Енді нарықтағы жағдайды өндірушілердің,яғни сатушылардың тарапынан қарастырайық. Олардың бәрін ұсыныс біріктіреді: баға төмен сатушы аз тауар ұсынады, немесе тіпті оны ұстап қалад, ал баға жоғары болса — тауарды көбірек ұсынады, ал өте жоғары болса – тіпті сапаға қойылатын талапқа сай келмейтін кез-келген бұйымды өткізуге тырысады. Осылай ұсыныс бағасы, яғни сатушылар өздерінің тауарларын сатуға ынталы болатын шекті төменгі баға құрайды.
Көріп отырғанымыздай сұраныс пен ұсыныс барлық уақытта қозғалыста болады. Ол процесс бір жағынан тауарларға сұраныстың көлемі мен құрылымының, ал екінші жағынан, олардың ұсынысының көлемімен құрлымымен арасындағы жалпы және дербес сәйкестікті сипаттайды.
Баға тек қана экономикалық емес, сонымен бірге психологиялық факторлардың да әсерімен де қалыптасады. Мысалы бағаны белгілегенде нарықтық қатынастардың диллер, жабдықтаушылар, мемлекеттік органдар сияқты басқа да қатысушылардың реакциясын ескеру қажет. Дамыған нарықты экономикада сатушылар қолданып жүрген заңдылықтарды белгіленген баға қоюдан аулақ болу, бөлшек сауда бағасын ұстап тұру, баға дискриминациясына, кемсітушілігіне, алалауына жол бермеу, шекті ең аз бағадан төмен бағамен сату, алаяқтық мақсатта бағаны өсіру тағы басқаларын бұзбау керек.
Бәсеке негізіндегі нарықтық бағаны реттеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі жақын уақытта өте шектелі болып отыр. Бізде қазірде бір тектес немесе ұқсас тауарлар және қызметтермен нарыққа шығатын бәсекелестер жоқтың қасы деуге болады. Тіпті меншіктің жаңа формаларын заңды түрде қабылдау – шын мәніндегі бәсекенің негізі болып табылатын жан-жақты дамыған кәсіпкерлікті автоматты түрде енгізе алмайды.
Мемлекеттік монополистік «еркін монополист» болуынан бәсекеге қажетті жағдай тумайды, ал тауар тапшылығын оның молшылығын жасау арқылы емес, тек қана «естен тандыру терапиясының» жәрдемімен ғана жоюы мүмкін болады. Сондықтан да нарықтан өтудің алғашқы кезеңінде бәсекеге негізгі бағыт бола алмайды. Осы нарықтық қатынастарының даму процессінің тереңдеуі және нарық инфрақұрылымын жасау барысында, яғни нарықтық экономиканың дамуының келесі кезеңдерінде ұстану қажет.
Баға белгілеудің жалпы бағытын таңдауда, өнім өткізу, тауар айналым көлемін ұлғайту үшін жаңа және шығарылып жатқан өнім бұйымдар мен қызметтерге бағаны анықтауда маркетингтің алатын орны зор. Қазіргі кезде жаңа бұйымдар мен қызметті нарықта тиімді өткізу үшін кәсіпорындарға бағаның негізгі алатын түрін қолдануға болады…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!