Домой Білім Реферат: Статистика

Реферат: Статистика

0
292

Реферат: Статистика казакша Реферат: Статистика на казахском языке

Статистика пәні халықты эеономикалық және табиғи жиынтықтарды зерттейді.Бұл жиынтықты өзгерістің бағытын заңдарын анықтау үшін оның көптеген бірліктерін және ғылыми қағида бойынша іріптеліп алатын өкілдердің зеріттеуге қатыстыру керек.Statistic термині латынның-статус деген сөзінен шыққан,ол белгілі бір заттың белгілі бір орнын айтады.Ең алғаш рет статистика ұғымын неміс ғалымы Ахен Валь өзінің мемлекеттерді басқару деген еңбегінде келтірген.Жалпы статистика ұғымы үш мағынаны білдіреді:
1) Белгілі бір салада қызмет ететін адамдарды білдіреді.
2) Статистика деп-статистика тәжірибесіне қажетті ережелермен мен құжаттарды дайындайтын ғылымды айтады.
3) Статистиканың белгілі бір саладағы мекемелердегі кәсіпорынның әлеуметтік-экономика жағдайы туралы мәліметтер.
Қоғамда болып жатқан процесстердің сандық жағынан сапа жағымен салыстыратын пән статистика пәні боып табылады.Статистика тілі-сан,ал қоғам-статистиканы қамтитын обьектісі.Статистика қоғамдағы құбылыстың процестердің өзгеру көлемін,шамасын,деңгейін,есептеу санақ мәселелерін өркендеу,дамуының қарқынын зерттейді.Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстық өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының өзгеруінің заңдарын оның сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді.Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігін және ондағы еңбеккерлер санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды.Статистикалық әдістерді өздерінің қолданысына байланысты және бірінен соң біріне жалғастырып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді:
1) Статистикалық бақылау-яғни бастапқы мәліметтерді жинау.
2) Жиналатын мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау,өңдеу,жинақтау.
3) Жинақталған,өндірілген,топтастырылған мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.
Осы аталатын әдістердің жиынтығын статистикалық әдістемелер және зерттеу кезеңі деп аталады.Сонымен қатар статистика әдісінің құрамына жалпылай және ішнара байқау,топтау және тұжырымдамаға сипаттама жасау ұғымдары кіреді.Белгілі бір жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің көптілігін статистика жиыны деп атайды.Нышан иесінің бірін немесе шағын тобын зерттеу арқылы статистика заңдарының тұрғысынан тұжырымдап жасағанда болмайды.Халықтың бірлігіне адам тұрғыдан өнеркәсіптің бірлігіне кәсіпорын ауылшаруашылығының бірлігіне фирма жеке шаруашылық иесі жатады.Адамның,кәсіпорынның жеке шаруашылығының жалпы бірлігі статистикалық жиынтықты құрайды.Статистикалық зерртеу мүддесінде жиынтық бірлігін тексеріп,статистиканың заңдылық жайларында түйін жасауға болады.
Әлеуметтік-экономикалық тсатистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді,олардын пропорцияларын,экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарын көрсетеді.”Статистиканың” қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты-Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешені сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету,нарықтық жағдайды бақылау,мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.
Бақылаудың обьектісі-барлық деңгейдегі бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер:
а) микродеңгейде – шаруашылық субьектісі, үй шаруашылығы;
ә) мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ;
б) макродеңгейде – елдің жалпы экономикасы.
Әлеуметтік-экономикалық статистикасының теориялық негізі экономикалық теория және философия болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық статистика экономикалық теориямен және басқа ғылымдармен қалай байланысады?
Экономикалық теория қоғамның даму заңдылықтарын,олардың мәні мен шығу табиғатын анықтайды.
Диалектикалық тану әдісіне сәйкес,статистика қоғамдағы үздіксіз өзгерістер мен даму құбылыстарын,процестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып,тарихи оқиғалардың тізбегіндегі нақты фактыларды жинақтап зерттейді,
Статистикада жалпы сандық ақпараттарды қолданғанда,бір жағынан,жалпы заңдылықтарды сандық жағынан негіздеп,дәлелдерді немесе кейбір теориялық ұсыныстарды терістейді, ал екінші жағынан,нарықтық экономикадағы жаңа құбылыстарды,процестерді дұрыс бағалап,экономикалық теорияны одан әрі дамытады.Осыдан әлеуметтік-экономикалық статистиканың экономикалық теория,философия және өзге ғылымдармен байланысы көрінеді:математика (жоғары математика,ықтималдықтар теориясы және т.б.); салық экономика (қаржы,банк ісін ұйымдастыру,ауылшаруашылық экономикасы,өнеркәсіп экономикасы және т.б.); қоғамдық (тарих,әлеуметтану,саясаттану,демография және т.б.) сияқты ғылымның басқа да түрлерімен өзара байланыстылығын көруге болады.
Әлеуметтік-экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді.Қоғамды зерттеудің үш сатысында статистикалық әдістер қолданылады:
1. Статистикалық бақылау (алғашқы статистикалық ақпараттарды жинау).
2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға жинақтау және жалпылау.
3.Ақпараттарды талдау.
Әлеуметтік-эконоимкалық тсатистика жалпы әлеуметтік-экономикалық статистикалық зерттеуді ұйымдастырып,алғашқы сатысында (мысалы,халық,жалпы шығарылым туралы) келесі функциялар орындалады:
— бастапқы ұғымдарды,категорияларды қалыптастырыды, олардың зерттеу міндеттерін анықтайды;
— көрсеткіштердің жүйесін және көрсеткіштердің есептеу методологиясын құрайды;
— алғашқы ақпараттарды жинауға жаппай бақылау ұйымдастыру барлық тұлғаларды,отбасыларды санақ парағы формасы түрінде,барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формасы түрінде есептеу жолымен немесе үй шаруашылықтарына ішінара,жаппай емес бақылау ұйымдастыру жолымен жүргізіледі.
Статистикалық зерттеудің екінші стысында ақпараттардың жинақталу және топтастырылуы жиналған барлық фактыларды бөлу және біріктіру жолымен реттеліп,қорытындыланады және бірдей ұқсас белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі.Көрсеткіштер сомасы топтар бойынша және барлық жиынтық бойынша есептеледі.Әлеуметтік-экономикалық статистика топтастыру әдісінің көмегімен топтарды,кіші топтарды басты,мәнді белгілері бойынша зерттейді.Мысалы,Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері және жан басына шаққандағы орташа салымдар бойынша топтастырылуы халықтың өмір сүру деңгейін көрсетеді.
Статистикалық жұмыстың үшінші сатысында кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады,кәсіпорындардың,салалардың,секторлардың және еліміздің тұтас экономикадағы экономикалық іс-әрекет нәтижелеріне факторлардың ықпалы бағаланады.Қайта өндірудің барлық жақтарының байланысы және тәуелдік үшін жалпылама көрсеткіштер әдіс қолданылады: қатысты,орташа шамалар,вариация белгілерінің көрсеткіштері,детерминация есебі,баланстық,теориялық-ықтималдық әдістері.
Жиналған және топтастырылған ақпараттарды тиімді етіп көрсету үшін статистикалық кестелер мен графиктердің барлық түрлері пайдаланылады.
Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикалармен де байланысты.Олар жеке экономикалық салаларды,бөлімдерді немесе категорияларды зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін мәліметтерді жинайды.
Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикалармен де байланысты,бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша хаықаралық стандартқа,Ұлттық Шоттар Жүйесінің методологиясына негізделеді.Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі,яғни нарықтық экономиканың макростатистикалық моделі пайдаланылады.
Қазақстан ұлттық экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып, Ұлттық Шоттар Жүйесі 1993 жылы қолданылды,енгізілді.Қазақстан Ұлттық Шоттар Жүйесінің статистика тәжірибесіне енгізілуі статистикалық ақпараттарға деген қажеттілікті қанағаттандыруға және халықаралық деңгейдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады.Статистикалық көрсеткіш – бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты шартындағы сандық өлшемі,яғни әлеуметтік-экономикалық статистикалық көрсеткіштердің қалыптасу жүйесін кері зерттейді.Әлеуметтік-экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің құрамы:
1.Еңбек және халық туралы көрсеткіштер.
2.Ұлттық байлықтың көрсеткіштері.
3.Аралық тұтыну және шығындардың көрсеткіштері.
4.Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері.
5.Баға,тауар және ақша айналысының көрсеткіштері.
6.Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.
7.Ұлттық шоттар жүйесі бойынша баланстық құрулардың көрсеткіштері.
8.Әлеууметтік статистика көрсеткіштері.
Қазақтсан республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуымен қатар статистикалық көрсеткіштердің жүйесі де өзгереді,жетілдіріледі.
Статистикалық көрсеткіштер жүйесінің рөлі және мәні неге?
Көрсеткіштер жүйесі статистикалық бағалау үшін қажет:
— зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың деңгейін,құрылымын және динамикасын;
— еңбектік,материалдық,қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен факторларын;
— өндіріс пен тұтынудың аралық пропорциясын тұтыну және қорлану,әр түрлі меншік формалары бойынша кәсіпорындардың,экономика секторларының аралық пропорцияларын;
— бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың тұтас ұдайы өндіріс процестерінің және оның жеке сатыларының: ұлттық табыс өндірісінің,бөлінуінің,айналымының және қорлануының заңдылықтары мен байланыстарын;
— республикадағы аймақтардың,экономикадағы барлық салалардың дамуының заңдылықтарын,аймақаралық және салааралық байланыстарын көрсетеді.
Әлеуметтік-экономикалық статистиканың міндеттері қандай?
Қазақстанда, басқа да бұрынғы міндеттемелермен қоса,шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының статистика және есеп жетілдіру бойынша жаңа міндеттемелері анықталады.Әлеуметтік-экономикалық статистиканың негізгі міндеттемелері:
— Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша статистикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру,ғылыми зерттеу және әзірлеу;
— Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мәліметтерді жинау және жан-жақты көрсету;
— мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде талдау жасау үшін және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы және ақиқат мәліметтермен барлық респонденттерді уақтылы қамтамасыз ету;
— ұлттық байлықтың резервтерін анықтау үшін,жұмыссыздықтың және жұмыс істейтін халықты толық пайдаланбаудың әсерінен пайда болған өнім шығынын есептеу үшін статистикалық әдістерді қолдану және жетілдіру; ….


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!