Реферат: Сөздің ауыспалы мағынасы

0

Сөздің ауыспалы мағынасы

Бір көп мағыналы сөздің ішінде қарама-қарсылыққа негізделген семантикалық байланысты көрсететін аспект ретінде қарастыратын құбылыс – сөзішілік байланыс, энантиосемия.
Қарама-қарсылықтың осындай ерекше түрін алғаш ашып зерттеген В.Шерцль болатын. Ғалымның пайымдауынша, түбірлер және олардан пайда болған сөздер ежелгі дүниеде жалпы, ортақ, өте кең және көмексі мағыналы болған. Сол сөздерден уақыт өте келе әр түрлі реңдердің және өзіндік категорияларға бөлінудің нәтижесінде бірдей бір салаға жататындығына қарамастан, бір-біріне қарама-қарсы мағына бере бастайды. «Так из общего значения идти, двигаться», могли образоваться более конкретные «приходить» и «уходить» и. т.д. /Л.Новиковтан алынды/».
Жоғарыдағы пікірді жандандыра түсу үшін, сонымен қатар осы құбылысты сипаттаудағы терминдерді тәртіпке келтіру мақсатымен кейбір ойларды ортаға салсақ дейміз.
Семантикалық қарама-қарсылықты туындатудың бірден-бір оңтайлы әдісі деп В.Шерцльден соң Б.Г.Бобылев энантиосемияны айрықша атап өтеді. Алайда ғалымның зерттеген құбылысының өрісі энантиосемиядан тар.
Айды аспанға бір шығарды —
1. Даңқы жер жарды, аты шықты, даңғазалай жария етіп, таң қалдырды. Мұндағысы оның атақты саудагер Көк Орда ишік-атасы Мұхаммед әкім әл Таразидің мұрагері бар екен деп, жер-жиһанға дәріптеумен қатар, айды аспанға шығарға той жасап, атақ құмар саудагер, өзінің атын да өзгеге таныту еді /І.Е./.
2. Жағымсыз, ұнамсыз мағынада орынсыз әрекет еткен кісілерге қатысты берілген баға. Бүгін… бүгін, көрсетуіміз керек. Айды аспанға бір шығармасақ па?!/Т.А./.
Исіну 1. Жылқының сүт беруі; 2. Жылқының сүт бермеуі; (Бұл сөздің еш бағалауыштық қасиеті өзгермей-ақ қарама-қарсы мағынада жұмсалуы жайында Х.Нұрмұханов «Сөз және шеберлік» еңбегінде тоқталған болатын).
Бағалауыштық энантиосемияны Т.А.Космеда мейлінше кең және ауқымды қарастырады. Ғалым, жағымды/жағымсыз бағалауыштықтың қарама-қайшылығымен сипатталатын сөзішілік антонимияның бір түрі, объективті өмірдегі заттар мен құбылыстардың айырмашылығы мен қарама-қайшылығын көрсететін лексикалық мағынаның ерекше сипаттамасы деп таниды. «Для оценочной энантиосемии характерно оккозиональное речевое появление в определенной ситуации, в определенном контексте».
Түрліше көзқарастарға қарамастан, осы мәселе төңірегінде жұмыс жасап жүрген зерттеушілер оксюморонның екі түрін бөліп көрсетеді: анық және көмескі (Е.Атаева), олардың компоненттері тілдік және тілдесімдік компоненттерден тұрады: тілдік және тілдік емес. Алғашқысының мәнін мәнмәтінге (контекст) жүгінбей-ақ аша беруге болса, келесі тек бір мәнмәтін шеңберінде ғана ашылады. Сонымен қатар, А.Петров тағы да екі түрін бөліп көрсетеді: 1. компоненттері антонимдік мағынада жұмсалатын оксюморондар және 2. компоненттерінің антонимдік мағынасын мәнмәтін ашып бере алатын оксюморондар.
Біздің ойымызша, келтірілген пікірлердің ішінен А.Обердерфердікі шындыққа жанасатын іспетті, ол оксюморонды қисынды (қарама-қарсы мәнді сөздер антонимділігінен арылмайды, олар көрсететін қасиеттер бір зат шеңберінен ауытқымайды) және лингвистикалық (онда жалған парадокс мәнмәтін кезінде жойылады) деп бөліп қарастырады.
Мағынасы қарама-қарсы сөз тіркестерінің пайда болу мүмкіндіктері мен қолданылу мүмкіндігі өмірдегі заттар мен құбылыстардың бойында диалетикалық жағынан қарама-қайшылықты жақтар, қасиеттер, сипаттар, құрамдас бөлімдер болуымен байланысты. Міне осы қарама-қайшылықтар тілімізде жоғарыда келтірілген мысалдардан көргеніміздей сөздердің «байланыспайтын бірлестігі» арқылы бейнеленеді.
Әлде ақиқат, әлде лақап… Айтанның өзі де кәдуілгі адамға ұқсамайды. Жын буған түзік те, ақылы бүтін есерсоқ та емес. Әлде өнерпаз, әлде бақсы. Салдық киімі қандай оғаш болса, түр-тұлғасы, отырған отырысы да сондай ерекше… Зор денесі жиырыла тартылып, кішіпрейіп кеткендей. Кіші ғана емес, қораш… Кәдімгі тірі өлік. Мұхтар Мағауиннің «Көкбалақ» атты шығармасындағы осы күйші Айтанның бір басына байланысты қолданылған бірнеше, түйдекті оксюморондарды кездестіреміз — жын буған (ашуға булыққан, долданған — ҚТТС) дегенмен түзік (түзу, тура, дұрыс, ұстамды — ҚТТС); ақылы бүтін (есі дұрыс, ақыл-есі толық — ҚТТС) бірақ есерсоқ (ақымақ, әумесер, ескірік, ұр да жық). Сөйлемнің соңында тірі (өлмеген, жаны бар, жер басып жүрген – ҚТТС) және өлік (қаза болған, ажалы жеткен – ҚТТС) деген дәстүрлі оксюморон кейіпкерді суреттеудің түйінін шешіп, бір ноқатты, нүктені қойған іспеттес.
Табиғат өксімей ме әдемі үнмен.
Өксі сөзі қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «қатты күйінгендіктен солқ-солқ етіп жылау», ал ауыспалы мағынасы «дүниеден опық жеу, қайғы қасіретті тарту, налу» деп беріледі /ҚТТС — 7том/.
Әдемі — сын есім көркем, сұлу, әсем, сәнді, сәулетті, келісті, ұнамды, қонымды, жақсы, сүйкімді, жағымды.
Өксіден әдемі үн шықпайтыны белгілі. Сондықтан бұл күрделі тіркесті де оксюморон қатарына жатқызуға болады.
…Қақан әскері қазақ жасақтарынан анағүрлым көп, бірақ сана жағынан көш төмен. Өліп жатқан, өлмегені тірі аруаққа айналған құлдарға жаны ашыды (І.Есенберлин). Осы мысалдағы тірі аруақ жоғарыдағы тірі өлік оксюморонына тіптен ұқсас — құр сүлдесі қалған, тірліктен үміт үзген, түңілген, өлімге мойын ұсынған жан, кісі мағынасында қолданылып түр.
Таңертең қимай аттанам, кешке сағынып жетем. Жүрек тырнаған, ішті алай-түлей еткен ащы азап емес, өкпе бауырың езіле елжіреген, ындының құрыған тәтті азап (М.Мағауин). Осы сөйлемдегі соңғы тіркес тәтті (дәмі бал, қант, кәмпит сияқты; тіл үйіретін ҚТТС-9том) және азап (ауыр бейнет, қиыншылық ҚТТС- Ітом) деген сөздердің қосылуынан тосын, парадоксты қолданыс туындап тұр. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!