Реферат: Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы

0
143

Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты әрі көп деңгейлі аралық қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгіме еткенбіз. Ал осы қатынастар арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс – бұл тілдестік қатынастар. Тілдесу барысында адамдар өзара әрекеттік байланысқа келіп, тұрмыс-еңбек тәсілдері мен нәтижелерін, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және т.б. өзара бөліседі, алмасады. Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде қабылдануымен, субъекті белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде көрінеді. Тілдесу қызметінің нәтижесі – өзгертілген, болмаса қайта жасалған дүниелік не идеалдық өнім емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте әңгіме тек бірдің екіншіге бағытталған жай әрекеті, не оның ықпалы жөнінде емес, ал өзара, бір-біріне болған әсері туралы. Тілдесу үшін міндетті түрде әрқайсысы өз алдына субъективті мағынаға ие ең кемінде екі адам болуы қажет.
Тілдесу деген не? Тілдесу – біркелкі іс-әрекет қажеттігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі. Тіл қатынасы негізінен әңгімелесушілердің өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын құрайды. Тілдесудің екінші тарапы – сөйлеушілердің өзара ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бір-бірінің әрекетін, қылығын танып,
оны өзгеріске келтіруі, жауап беруі. Үшінші, ақырғы тарапы тіл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бірін-бірі қабылдап, өздерінің психологиялық бейнесін түзуі.
Сонымен, біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивті (адамның бірін-бірі қабылдап, түсінісуі). Осы үш, бір-біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдістерін құрайды. Тілдесу мен іс-әрекет өзара тығыз байланысты екені сөзсіз. Бірақ, әңгімеге арқау болып отырған тілдесу қызметі іс-әрекеттің бір бөлігі ме, не бұл екеуі өз алдына дербестігі бар, теңдей құбылыс па? – деген сұрақ туындайды. Бірлікті іс-әрекет барысында адам қажетсінуден міндетті түрде басқа адамдармен қауым түзеді, сөйлеседі, пікір алысады, яғни байланысқа келіп, өзара түсінумен ақпарат алысып, беріседі. Бұл жағдайда тілдесу қызметі іс-әрекеті бір бөлігі сипатына қарастырылады, бірақ адам мұнымен шектеліп қалмайды. Тілдесе отырып адам басқаларға өзінің ерекшелігін, даралық қасиетерін танытады (қазақтың «аузын ашса, көмекекйі көрінеді» деген қанатты сөзі осыдан).Өндірілген зат (құрылған үй, отырғызылған ағаш, жазылған кітап, орындалған ән)бұл бір жағынан, іс-әрекет нысаны, ал екінші жағынан – адамның өзін-өзі қоғамдық тұрға ретінде көрсетуінің қажетті құралы, себебі өнім басқалардың мүддесіне бағышталған. Осы зат арқылы адамдар арасындағы қатынас тіке емес, жанама сипат алады да, өндіруші мен пайдаланушыға теңдей ортақ тіл байланысын туңындатады.
Сонымен, іс-әрекет – тілдік қатынастың бір бөлігі, ал сезім іс-әрекеттің құрам бөлігі, ал екеуі қосылып барша жағдайларда тұтас бірлікті құрайды.
Тілдесу әрекетінің сипаты, аймағы мен әдістеріоған қатынасқан адамдардың әлеуметтік қызметтермен, қоғамдық қатынаста тұтқан орнымен,
қоғамдық қатынаста тұтқан орнымен, қандай да қаумға мүшелігімен анықталады да өндіріс, сондай-ақ қоғамда орныққан заңдар, ережелер, талаптарға сай әлеуметтік мекемелер тарапынан реттеліп барады.
Шынында да, қай тарапынан болмасын тілдесу процесіне қатыспайтын арамға тән психикалық құбылыстарды атау өте қиын. Іс-әрекетпен біртұтас байланысқан осы тілдесу арқылы адам бүкіл қоғам жаратқантәжірибені игереді. Жеке адам дамуы тұрғысынан тілдесу барысында біріне-бірі қайшы екі диалектикалық бағыт өзара байланысқа келеді: бір жағынан, жеке адам қоғам өміріне арналады, адамзат топтаған тәжірибені игереді, ал екінші жағынан – адамның даралығы айқындалады.
Тілдесудің жеке адам деңгейіндегі сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы оның қызметі үш түрге бөлінеді: ақпараттық тілдесу, реттеу тілдестігі және сезім білдіру тілдестігі. Осыдан тілдестік қатынастың үш түрлі мазмұны ашылады: ақпарат алмасу, адам аралық өзара ықпал жәнеадамдардың бірін-бірі түсінуі.
Коммуникативтік процесте, біріншіден, ақпарат бір жақты біреуден біреуге жеткізіліп қалмастан, екеу арасындағы хабар алмасуы, яғни бір адамның өз ақпаратының мазмұнына сәйкес екіншісі жауап хабар алуға бағытталған әрекеті үздіксіз жүріп жатады. Егер осы ақпарат тілдесу барысында түсінікті қабылданса ғана, тілдескен адамдар үшін өз мәніне ие болады.
Екіншіден, адамдар арасындағы ақпарат алмасу сипаты қоғамда қабылданған таңбалар жүйесі негізінде адамдардың бір-біріне ықпалды әсер ете алуына байланысты келеді. Бұл жағдайдағы коммуникативтік ықпал бір адамның екіншісіне жасаған психологиялық әсеріне теңгеріледі.
Үшіншіден, ақпарат алмасудың нәтижесі болған коммуникативтік ықпал тілдесуге қатысқандардың тіл жүйесіндегі таңбаларды теңдей таныса ғана пайда болады. Бірақ, ескеретін жәйт, бір сөзге тән мағынаның өзін біле тұра, адамдардың бірін-бірі түсініспейтін жағдайлары болады, мұның себебі сол адамдардың әртүрлі әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктерінің болуында.
Төртіншіден, адамдар өзара сөйлесу барысында ерекше тіл қатынастары кедергісіне ұшырауы мүмкін. Бұл, бір жағынан, әңгімелесушілердің өзара сұхбат өзегін түсіне алмауынан, яғни, әртүрлі көзқараста, нанымда, пікірде болуынан, екінші жағынан, кедергілер сөйлесушілердің даралық психологиялық бітістерінен немесе екеу арасындағы тілдесуге мүмкіндік бермейтін адам аралық қатынастардың белең алуынан туындайды.
Ақпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Біздің қолдануымыздағы бұл таңбалар дыбыс, сөз, сөйлеу. Сөйлеу мен ойлау генетикалық байланыста, қоғамдық еңбек желісінде, адамзаттың әлеуметтік-тарихи дамуында қалыптасты. Сөйлеу процесі санамен реттеледі де, адамдар арасындағы тілдесуде қалыптасады. Сананың негізгі қызметі болмысты өрнектермен бейнелесе, сөз бен тіл сол болмысты арнайы қабылданған таңбалармен белгілейді. Болмыс бейнесінің белгісі ретінде сөйлеу де тілмен бірлікті байланыста болады. Сөйлеу – тілдесу әрекеті, тіл негізінде мағына білдіру, ықпал жасау, ақпарат алмасу, яғни сөйлеу – әрекеттегі сана мен ойдың көрініс формасы.
Сөйлеу – тек адамға тән тіл қатынасының ең жетілген формасы. Бұл қатынас айтушы және тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады. Айтушы ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грамматика ережелеріне сай оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосумен дыбыстайды. Тыңдаушы сөзді қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсінуге әрекет жасайды. Айтушы мен тыңдаушы арасындағы сөз түсіністігімен белгілі ойды қабылдау үшін, сол ойды өрнектеуге бағытталған екі тұлғаға да ортақ сөздерді жүйелеу құралы мен ережелері болуы шарт. Мұндай құрал және ережелер тобы сипатында көптеген әулеттердің өмір барысында өзара сөйлесуден қалыптасқан белгілі бір ұлттық тіл қызмет

етеді.
Тіл – сөйлеу құралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жүйесі, ал сөйлеу – ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік қолданымы. Тілдің өзінде мағына-ой болмайды, ол тек ойды өрнектеуге арналған әртүрлі таңба-белгілердің жиынтығынан тұрады. Ал осы қордан сөйлеу үшін қажетті белгілі тілдік құралдар (дыбыстар, сөздер, ережеге сай сөз тіркестері мен сөйлемдер, әуен, ырғақ т.б.) іріктеліп алынған шақта ғана, ой білдіру мүмкіндігіне ие боламыз.
Қатынас дегеніміз не? Адамдар өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды меңгереді, білімін өсіреді, өздерінің әлеуметтік-тарихи тәжірибелерін дамытады.
Қатынас жасаудың түрлері қандай? Адамның қарым-қатынасында субъектіні (сөйлеуші адам) және объектіні (басқа адамдар, ал оның мәнін білдіретін құрал – тіл) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект – өзге адамдар және олардың санасы мен ниет-тілектері, сезім күйлері мен эмоциясы. Қатынас жасаудағы негізгі әрекет түрлері ең алдымен, білімдік маңызы бар жаңа хабарларды алмасу болса, екіншіден, сол қарым-қатынас жасау нәтижесінде адамдардың ниет-тілектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс-әрекеттер жасауға түрткі болатын себептер. Қарым-қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі психологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін.
Тіл арқылы адамдардың қарым-қатынас жасауы жеке адамдар арасында, не көптеген адамдар тобымен де болып отырады. Мұндай қатынас қоғамдық қатынас деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында да қатынастар балады.
Қарым-қатынас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асып отырады. Бұл ретте сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылырдан тұратын заңдылығы бар. Мұны сөйлеудің фазалары не сөйлеу әрекетінің сатылары деп атайды. Бұлар –
а) сөйлеуге даярлық; ә) жоспарлау; б) жүзеге асыру; в) бақылау сатылары.

Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетіне ұқсас. Ойлау әрекеті адамның танып, білу мақсатын көздейтін болса, ал сөйлеу әрекеті арқылы қатынас жасау мақсаты көзделеді.
Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынастың кең тараған түрінің бірі – зат алмасу қатынасы болып саналады. Этнопсихологиядағы әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрпы, мысалы, абысын-ажын арасында сақина-жүзік, білезік алмасу, ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу, сауға тарту, сәлемдеме жолдау тәрізді қатынастың басқа да сан алуан түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады. Қатынас жасаудың ым-ишара білдіру, бет құбылычы мен көзқарас арқылы түсінісу сияқты түрлері де бар. Сонымен, қатынас – дегеніміз белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйі мен эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып саналады. Коммуникативті әрекет сөзсіз де жүзеге асады. Дегенмен, адамдардың қатынасында сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасаудың маңызы зор.
Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Сөйлеу арқылы әрқилы істер мен мәселелердің түйіні шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті – күрделі психологиялық процесс. Мұндай жағдай сөйлесу әрекетін тек психология ғылымы тұрғысынан ғана зерттеумен шектеліп қоймай, тіл білімі арқылы да қарастырады. Психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын қызметін, адамның мінез-құлық бағытын белгілейді. Соңғы 30-35 жыл ішінде тіл білімі мен психологияның түйісуінен психолингвистика деп аталатын ғылым саласы пайда болды.
Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үш түрлі салаға топтастырылып қарастырылады :
1.Сөйлеудің коммуникативтік қызметі. Мұның мән-жайы жоғарыда баяндалды. 2. Сөйлеудің сигнификативтік қызметі. Бұл латынның «сигнал» – белгі, таңба деген сөзінен шыққан. Сигнификативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бірін-бірі белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін белгі, адамдардың түрлі қимыл-қозғалыстары мен ым-ишаралары, зат алмасулары арқылы қарым-қатынас жасау – сөйлеудің сигнификативті қызметін білдіреді. 3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі – әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын шымырлатып жібереді. Сондықтан, сөйлеу әрекетінің бұл түрі сөздерді нақыштап айту мен ой жүйесінің қисынды болуын талап етеді. Сөйленген сөз, айтылған ой – адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.
ІІ Тарау. Сөйлеудің физиологиялық механизмі. Сөйлеу әрекетінің рефлекторлық сипаты.
Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз «сигналдардың сигналы» (2-сигнал жүйесі, бұл-адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда, сөйлеудің физиологиялық негізі И.П.Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты. Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді» деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелей таным арқылы бейнеленетін заттар құбылыстардың қасиеттері
түйсік, қабылдау, елес процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнелеуші-танымдық ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.
Сөйлеудің динамикалық локализациясы. Осыдан 130 жылдай бұрын (1861 ж.) француз ғалымы П.Брока адамның ми қабығындағы сол жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатынын анықтаған. П.Брока мидың бұл бөлігін «сөздерді бейнелеудің қоөғаушы орталығы» деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К.Вернике мидың осы бөлігінің самай жағындағы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д.Джексон (1835-1911 ж.) сынаған болатын. Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар П.К.Анохин, Н.А.Бернштейн, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, Д.Н.Узнадзе, АҚШ-та Дж. Миллер т.б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлелдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті. П.К. Анохин сөйлеу әрекетінің физиологиялық механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлел- дейді. Сөйлеу мехонизімі- Н.И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі салалы процесс. Сөздерді қабылдау мен түсіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.
Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс және ол жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінеді. Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан.
Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдауына байланысты.Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялы жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми
жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар денамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысты және семантикалық, сенсорлы болып бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі псхолог ғалым А.Р.Лурия еді. «Афазия» деген грек сөзінің мәнісі- мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не өзге адамдар мен қарым-қатынасындағы сөйлеу қабілетінің мардымсыздығы дегенді білдіреді. Сөйлеу қабілетінің мұндай кемістігінің түрлері әрқилы. Динамикалық афаразияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса, ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің граммотикалық жүйесі бұзылады.
Афференттік қозғалыс афазиясы- сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Се- мантикалық афазия- әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы» деген сөздерді дұрыс айтқанымен, «әкесінің ағасы» не «әкесінің інісі» деген сөздердің мәнін ажырата алмайды. Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздері дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінің мәнісін түсінбейді.
Сөйлеуде кездесетін афазиялық кемістіктердің бәрі де- жан жүйесі күйзеліске душар болған немесе өзінің кім екенін де аңғара алмай, әр түрлі сандырақтарды айтып, елірме ауруғаұшыраған, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда болып отыратын құбылыс…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!