Реферат: Шетел инвестицияларын тартудың негізгі жолдары және олардың тиімділігі
Экономикалық қаіпсіздік жағынан алып қарағанда займның да белгілі бір дәрежеде тиімсіз жақтары бар. Займдар елдің сыртқы қарызын көбейтеді, оның өтемі елдің валюталық түсімінің қомақты бөлігін қажет етеді. Ал тікелей инвестицияның тиімсіз жағы, инвесторлар қаржысын өзі қалаған жағына салады да қазақстандықтардың мүддесі, қажет еткен сала ескерусіз қалады.
Үкімет кепілдігімен сырттан тартылған займдар мен несиелердің экономиканың өндірістік және кәсіпкерлік секторын инвестициямен қамтамаысыз ету мақсатында алынғандығы белгілі. Алдын-ала болжағанындай бұл шара (сырттан қарыз алу көлемін арттыру) экономиканын тұрақтылығын сақтап қана қоймай, оны дамытуға тиіс еді.
Әйтсе де бүгінгі таңда Қазақстанда сырттан несие алудың жай-күйін салыстырмалы түрде қалыпты деңгейде деуге болады, біртіндеп борыштарды өтеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан ахуалды қалыпты деп айта аламыз. Алайда, сырттан несие алу мен сыртқы қарыздың өсуінің жоғары қарқыны осы күйінде сақталып, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайтын болса, онда таяу болашақта сыртқы қарызды өтеуге байланысты күрделі проблемалар туындауы мүмкін.
Сөйтсе де сыртқы қарыз елдің экономикалық қаіпсіздігіне әсер ететін басты қатерлердің қатарында саналғанмен, оған бір жақты қарауға болмайды. Егер сырттан алынған қаржы әлемнің озық технологиясын өндіріске енгізуге пайдалануға жұмсала, ол қаіупсізғана емес, қайта экономиканы нығайтып, дамытуға ықпал етпек. Бұл ыңғайда Жапония тәжірибесі үлгі бола аларлықтай. Олар соғыстан кейінгі жылдары шетелдік несиені бірыңғай әлемнің озық технологиясы мен құрылғыларын сатып алуға жұмсаған еді. Соның нәтижесінде әбден тұралған халық шаруашылығын 5 жылдың ішінде (1945-50) 80-100 процентке аяғынан тік тұрғызуға мүмкіндік алады. Біздің ойымызша, қазір біз бірінші кезекте осы мәселені қолға алғанымыз жөн. Шетелдік капиталды тиімді пайдаланудың осыған ұқсас тәжірбиесін Қытай экономикасынан да көруімізге болады.
Осылайша, кредит пен (займ) түрінде тартылған шетелдік инвестицияны экономиканың нақты секторларын дамыту бағытында пайдалану, кез келген елде өзінің онды нәтижесін береді және экономикалық дамуды қамтамасыз етеді деп айтуға толық ғылыми негіз бар.
Біз қазірше шетелдік инвестицияның қандай түрін болмасын қабылдап отырмыз. Тіпті, өте қымбаттығына қарамастан экспорттық кредитті де алудамыз. Оның үстіне олар нысаналы мақсатта пайдаланылмауда.
Шетелдік капиталды тартудың басқа түрлері
Әлемнің көптеген дамыған елдерінің тәжірибесі көрсеткеніндей, сырттан қарыз алудың өркениетті түрі мемлекеттік құнды қағазды орналастыру болып саналады. Бұл орайда Қазақстан белгілі бір дәрежеде біршама жетістіктерге жетті, яғни 200 млн. доллар көлемінде 3 жылдық айналым мерзімімен шығарылған тұңғыш қазақстандықевронот сыртқы қаржы рыногына орналастырылды. 40 процентке жуық евронот АҚШ инвесторларына өткізілсе, 40 процентке және 20 проценттейі Еуропа мен азия инвесторларының үлесіне тиеді. Сол сияқты 350 млн. доллар көлемінде 5 жыл мерзімге екінші рет шығарылған евронотты бірқатар тиімді шарттармен халықаралық рыноктарға орналастырудың республиканың экономикалық ахуалын түзеуге оң ықпалы болды.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының инвестициялық құрылымында халықаралық қаржылық ұйымдардың займы -22 процентті, кредиттік қаржысы – 28, шетелдік тікелей инвестиция – 49,2 портфельдік инвестиция – 1 процентті құрайды.
Шетелдік капиталды тартудың басқа түрлерімен салыстырғанда, тікелей инвестиция анағұрлым тиімді. Ол қызмет көрсету мен тауар өндірісін дамытуға қажетті қаржының көзі болып табылады. Сол арқылы ноу-хау, маркетинг пен өндіріс саласында қолданылып жүрген тиімді әдістерді, озық технологияны өндіріске енгізуге болады. Сондай-ақ ол сыртқы займ мен кредитпен салыстырғанда сыртқы қарызға қосымша ауыртпалығын түсірмейді, қайта оны өтеуге қажетті қаржыны табуға жағдай жасайды. Сонымен, тікелей инвестиция бір-бірімен тығыз бірліктегі өндірістік және ғылыми –техникалық кооперацияны құрудың арқасында ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылыққа тиімді интегграциялануына жол ашады
Бүгінгі таңда Қазақстан шетелдік тікелей инвестиция тарту көлемі жағынан ТМД елдері арасында екінші орынды иеленеді. Тікелей инвестиция, негізінен, бірлескен кәсіпорындарқұру, еншілес кәсіпорындар ашу және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге шетел капиталын қатыстыру есебінен іске асырылуда. Өкінішке қарай, Қазақстандағы көпшілік бірлескен кәсіпорындар мен шеьелдік кәсіпорындар экономиканың жанама секторларынғана қамтып отыр, әрі оған қомақты қаржы салмауда. Олардың басым бөлігі сауда-саттық, материалдық-техникалық жабдықтарменқамтамасыз ету, т.б. салаларда жұмыс жүргізуде. Аталған салаларда бірлескен кәсіпорындардың 40 проценті шетелдік фирмалардың 68 проценті қызмет етеді.
Тағы бір қынжыларлық жәйт, Қазқстанға негізнен алып- сатарлық мақсаты ғана көздеген ұсақ-түйек кәсіпорындар келуде. Ал өзінің қомақты капиталымен келген ірі кәсіпорындардың саны саусақпен санарлықтай-ақ.
Шетелдік инвесторларды қызықтыратыны, негізінен, өнеркәсіптің жылу-шикізат саласы. Бұл салада шетелдік инвестицияның салмағы басым. Қазіргі кезде, Қазақстандағы тікелей инвестицияның 60 проценті мұнай-газ саласының үлесіне тиеді. Басқа өнеркәсіп салалары бойынша инвестицияның үлесі мардымсыз. Мәселен, қара металлургияда —
5 процент, тамақ өнеркәсібінде -5 процент, басқа салаларда – 2 процент. Мұның ішінде, түсті металлургияда ғана оның үлесі көптеу, 28 процентті құрайды.
Соңғы жылдары елімізде мұнай өнеркәсібі жедел өркендеп, мемлекеттің валюталық түсімінің негізгі көздерінің біріне айналды. Бұған республика үкіметі де айрықша назар аударып отыр. Алайда, экономика саласындағы мамндардың атап көрсеткеніндей тек өндірістің бір ғана саласын инвестициялауға басымдық беру, экономиканың басқа саласының тұралауына алып келеді. Мұның салдары мынадан көрінеді. Еліміз жоғары өндірістік потенциалы мен табиғи байлығының мол қорының болуына жоғары білікті маман кадрларының көптігіне қарамастан әлемдік рынокта тек шикізат өндеуші ғана болып қалмақ. Сондықтан, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен, парасатпен, біліктілікпен қарап, қолда бар мүмкіндіктерімізді орнымен, тиімді пайдалануға жағдай жасау қажет. Мүнда керегі, тек барды ұқсата білетін мамандардың көп болуы ғана.
Жалпы қазіргі кезде тікелей инвестицияның көп тартылған саласы мұнай-газ кешені (47%) , түсті металлургия (24 %), энергетикалық кешен (5%), қара металлургия (4%) болып қалып отыр. Бірақ та, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат саласы есебінен ғана көтерілген экономика, түбіндетығырыққа тіреледі, бұнда индустриалдық даму туралы айтудың өзіқиын. Жоғарыда тап көрсетілгендей шикізат саласын жедел дамытуға бағытталған инвестициялық салымдар өндірістің өңдеуші саласының тұралап күйреуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда өңдеуші сала ішкі рынокта энергия құны мен жұмысшы күшінің бағасы өсуіне байланысты өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. Отандық өндірістің жоқтығы не аздығы қажетті өнімдері шеттен алуға мүжбүр етеді. Бұл дегеніміз мемлекетке елеулі шығын алып келеді, валюта шетке кетеді. Ашығын айтқанда, жоғарыда термеленіп өткен барлық негативті жағдайлар қазіргі экономикамызда орын алып отыр және бірте-бірте өзінің қорқынышты салдарының көлемін ұлғайтып келеді. Инвестицияның өндіруші салаға ғана салынуының тағы бір теріс әсері мынада. Шикізат бағасында қосымша құн үлесінің аз болуы өндіріс тиімділігін азайтады. Бұл, әрине, халықтың тұрмыс деңгейінің де төмендеуіне елеулі түрде ықпал ететіні айтпасада түсінікті. Оның үстіне шикізат бағасының дайын өнім бағасынан әлдеқайда арзан екені белгілі.
Тағы да бір теріс факторлардың елеулісі Оңтүстік –Шығыс Азия елдеріндегі, Ресей мен Латын Америкасындағы өткір қаржылық дағдарыстың шикізатқа деген әлемдік сұранысты азайтуы және дамушы елдерге деген инвесторлардың сенімсіздігін тудыруы болды. Яғни дамушы елдерге шетел инвестициясының ағыны тежелді, кредит бөлудің шарттары күшейіп кетті. Осында айтылғандары Қазақстан да толықтай өз басынан кешіріп отыр.
Шикізатқа деген әлемдік сұраныстың күрт азаюы тек өндіріс қарқынының бәсеңсуіне ғана әкеліп соқтырған жоқ, сонымен бірге осы салаға құйылатын инвестиция көлемінің кеміне де өз ықпалын тигізді. Соңғы әлемдік уақиға көрсеткішіндей, тек шикізаттық өндіріске бағыт ұстаған экономикалық саясат, ішкі экономикалық тұрақсыздыққа ұшыртады. Ұлттық экономикаға, әрине, сыртқы рынок коньюнктурасының елеулі түрде өзіндік әсері бар.
Сөйтіп, зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, шетел инвестициясының республика экономикасын жедел көтеріп жіберетіндігі туралы әңгімені айту әлі-әзір ертерек. Тікелей шетел инвестициясының негізгі бөлігі қаржы саласына кредит пен займ түрінде құйылуда. Оның үлесіне тікелей инвестицияның 65 проценттен астамы тең келеді. Несие мен займға салынған қаражат қысқа мерзімді болып келеді. Ол тек шикізат арқылы өтелмек. Инвестиция салымның жалпы сомасының акционерлік және теңестірілген капиталы 707 млн.долларға (77%) құрады. Ал ренвестициялаудың үлесіне бар болғаны 17 млн. доллар немесе 1% қана тиді.
Қазақстан көз жетер жақын болашақта «Қазақстандық кереметтің» болуын тікелей мұнай саласымен тығыз бірлікте қарастыруда. Сөйтсе де кейбір ғалымдар, атап айтқанда А.Е. Есентүгелов – Қазақстанның мұнай өндіру көлемін ұлғайту және экспортқа шығару жөнінде керемет жоспарлар жасауына ғылыми негізі жоқ деп санайды. Шындығында да мұнай өндіру көлемін арттыру және оны шикізат күйінде экспорттаудан түсетін табыс мардымсыз, әрі ұсақ мерзімді нәтижесін беруге қабілетсіз.
Біздің ойымызша, ғалым А.Е. Есентүгеловтің айтқан пікірлерінің жаны бар. Қазіргі кездегі Қазақстанның мұнай саласын дамытуға байланысты стратегиясын қайта қараған жөн. Мұнда, негізінен, ел экономикасының даму бағыттарында шикізаттық бағдардың күшейіп отырғандығын аңғармасқа болмайды.
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі саласындағы жаңа стратегиясы ескі бағдарлардан толықтай бас тартып, Қазақ
Стан
Мұнайын жан-жақты пайдалануға яғни кешенді және терең өндеуге бағытталуы керек. Экономиканың мұнай химия және мұнай өңдеу секілді секторларын дамытқан орынды болмақ. Жәй әншейін мұнай өндіру мен оны сол күйінде шетке шығаруға қарағанда, мұнай өнеркәсібі саласын түбірімен қайта құрып, оны өңдеуге талпынып, сол бағытта жұмыстар жүргізудің пайдасы зор. Сонымен, шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға байланысты атқарылған істерді зерттеудің нәтижелерін сараптасақ, сыртқы инвестициялаудың бұрынғы моделінің тиімсіз болуының негізгі себептері мынадан көрінеді:
— шетел инвестициясының экономиканың нақты секторларына аз бөлінуі;
— инвестициялық ресурстың жарымжан құрылымы;
— сырттан алынған несиелердің өндірістік емес мақсатқа, яғни бюджет тапшылығын қаржыландыруға көбірек жұсалуы;
— тікелей шетелдік инвестицияның экономиканың нақты секторларынан гөрі, қызмет көрсету, сауда-саттық саласында пайдалануы;
— шетел инвестициясын барынша өндіруші салаға жұмылдыру тенденциясының өсуі, соның салдарынан экономиканың өзге секторларының қағажу көріп, тұрақсыздыққа ұшырауы;
— сырттан тартылған қаржының қайтадан сыртқа кетуі, т.б.
Жоғарыда тізіліп өткен мұндай кемшіліктер инвестициялық саясатты қайта оны жағдайға сай түбегейлі өзгертудің қажеттілігін көрсетеді. Басты назар сырттан қаржыны көп көлемде тартуға емес, оны ең алдымен тиімді, ұтымды пайдалана білуге аударылуы керек. Бұл жайында президентіміз Н. Назарбаевтың өзі жаңа Үкімет мүшелері алдында сөйлеген сөзінде былайша қадай атаған еді: «Бізге инвестиция қажет. Уақыт үкіметіміздің сапа емес, сан, көлем қуғандығын көрсетіп отыр. Жалған көтеріңкі мәлімдемелердің жетігінде жүріпбіз лайықты қайтарым ала алмадық»
Шетел инвестициясын тиімді пайдаланудың мынадай шараларының жиынтығын бөліп көрсетуге болады:
— сырттан алынған займ мен несиені бюджет тапшылығын жабуға қолдануды тоқтату, оны әлемнің озық технологиясын алуға жұмсау;
— мұнай-газ саласының даму стратегиясын қайта қарап, Қазақстан мұнайын кешенді және терең өңдеу негізінде жан-жақты пайдалану бағытына көшу;
— шетел инвестициясын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жұмылдыруды ынталандыру;
— еркін экономикалық аймақтарды қалыптастыруға жағдай жасау. Бұл шетел инвестициясының келуін ынталандырмақ;
— шетелдік компаниялардың басқаруына берілген ірі кәсіпорындарға мемлекеттік бақылауды күшейту;
— шетел капиталына берілетін жеңілдіктерді шектеу және бірте-бірте оны жою. Шетелдік және отандық инвесторларға бірдей жағдай жасайтын инвестициялаудың ұлттық режиміне көшу. ….
Полную версию материала можете скачать через секунд !!!