Реферат: Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың маңызы

0

Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын бекемдеу

МАҚСАТЫ
Халықтың қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру үшін ерлердің, әйелдер мен жасөспірімдердің ұрпақ әкелетін денсаулығын сақтау және нығайту.
ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруының нәтижесінде бірқатар медициналық-демографиялық оң өзгерістер болды.Бала туудың өсу үрдісі байқалды. 2004 жылы бала туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 18,1-ді құрады және 2000 жылмен салыстырғанда 1,2 есе көбейді. Халық санының табиғи түрде өсуі 1,7 есе артты, көрсеткіш 2004 жылы 1000 адамға шаққанда 8,05-ті құрады.Сонымен бірге халық арасындағы өлім-жітімнің көбеюі байқалады. 2004 жылы көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 10,2 оқиғаны құрады (1999 жылы 10,1), соның ішінде әйелдер – 8,5, еркектер – 11,9. Қайтыс болу себептерінің құрылымында 84%-ы қан айналысы жүйесінің ауруларына, жазатайым жағдайларға, жарақаттар мен улану жағдайларына, ісік аурулары мен тыныс жолдарының ауруларына келеді.Нәрестелердің шетінеуі көрсеткішінің төмендегені байқалады, бірақ Еуропаның елдерімен салыстырғанда жоғары болып қалуда және 2004 жылдың бас кезіне тірі туған 1000 нәрестеге шаққанда 14,5 оқиғаны құрайды. Аналар арасындағы қайтыс болу көрсеткішінің 2000 жылғы 60,9-дан 2004 жылғы 100 мың тірі туған нәрестеге шаққанда 36,9 оқиғаға дейін төмендегені байқалады. Алайда бұл Еуропалық қоғамдастықтағы орташа деңгейге қарағанда 4 есе жоғары және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айқындамасы бойынша шекті деңгейден 3 есе жоғары.
Туберкулез, АҚТҚ/ЖҚТБ, нашақорлық, маскүнемдік сияқты бірқатар әлеуметтік мәні бар және қатерлі аурулардың көрсеткіштері жоғары болып қалып отыр.Өршімелі туберкулезбен ауыру әйелдердің арасында 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 130,3, ерлердің арасында 178,8 оқиғаны құрады.
Жыныстық жолмен берілетін аурулар күрделі проблема болып табылады. Мерезбен ауыру 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 79,3 оқиғаны құрады, соның ішінде әйелдердің арасында – 78,1, ерлердің арасында – 79,8, гонококк жұқпасымен ауыру 100 мың адамға шаққанда 76,2 оқиғаны құрады. Наркологиялық дімкәстікпен бастапқы сырқаттанушылық көбейді. 2000 жылғы 294,9 оқиғамен салыстырғанда ол 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 404,1 оқиғаны құрады.Есірткіге тәуелділікпен есепте 50 мыңнан астам адам тұрады. Есірткіге бой ұрған әйелдер санының арту үрдісі байқалады. Мысалы, егер 2000 жылы есепте 3,8 мың әйел тұрған болса, ал 2004 жылы – 5 мыңнан астам әйел тұрды.Республикада АҚТҚ жұқпасы бар 4696 адам, соның ішінде – 874 әйел тіркелген. Олардың арасында 229 жүкті әйел болды, оның 89-ы босанды, 91 нәресте туылды.
Қан аздығымен ауыру өзекті проблема болып отыр. 2004 жылы диспансерлік есепте тұратын, қан аздығымен ауыратын науқастардың саны 296,8 мың адамды құрады, олардың ішінде жартысынан астамы (52,4 %) – 14 жасқа дейінгі балалар.Қан аздығымен және Орталық Азияда кең таралған йод жетіспеу дерттерімен ауырудың алдын алу және санын азайту үшін қазіргі уақытта елде ас тұзын йодтандыру және ұнды темір препараттарымен және витаминдермен байыту жүргізілуде.
Қатерлі ісіктермен сырқаттанудың да өсу үрдісі бар. 2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда оның көрсеткіші ерлер арасында – 4,2 %-ға, әйелдер арасында – 9,2 %-ға көбейді. 2004 жылдың соңына қарай есепте тұратын науқастардың саны барлығы 114628 адамды құрады.
Осы аурулардың барлығы еркектер мен әйелдердің ұрпақ әкелу денсаулығына әсерін тигізеді. Ұрпақты болу, денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, контрацептивтер қолдану және т.б. бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралар жағдайдың жақсаруына әзірге елеулі әсер етіп жатқан жоқ. Соңғы үш жылдың ішінде халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар заңдар қабылданды. Олардың ішінде «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бар.
Қазіргі кезде ерлердің денсаулығы едәуір өзекті әлеуметтік проблема болып табылады. Олар үшін еңбекке қабілетті жаста (16-62 жас) қайтыс болу тән – 100 мың адамға шаққанда 957,23 жағдай, әйелдерде (16-57 жас) бұл көрсеткіш 3 есе төмен – 313,37. Мұның себебі жүйкеге күш түсу, жүйке тозуы, ширыққан жұмыс ырғағы, жүрек-қан тамыры аурулары, атеросклероз, өкпе рагы, ішімдік пен есірткіні пайдалану, жарақаттанудың жоғары деңгейі және басқалар болып табылады.Ерлердің ұрпақ әкелу денсаулығына жыныстық жолмен берілетін аурулар, қуық безі мен ұрық арқауының аурулары, белсіздік және басқалары әсер етеді.
Әйелдердің денсаулығы аса үлкен алаңдаушылық тудырады. Олардың денсаулығының индексі 20-30 %-ды, жекелеген аймақтарда – 10 %-ды және одан да төмен көрсеткішті құрайды. Әйелдерде көбінесе гипертония, невроздар байқалады, олар жыныстық жолмен берілетін аурулардан, бедеуліктен, сүт безі рагынан, остеопороздан және басқа аурулардан көбірек зардап шегеді. Әйелдердің 60 %-дан астамы анемиядан зардап шегеді. Аборт аналардың өлімінің басты себептерінің бірі болып қалып отыр. Аборттан туындаған асқынулар 2004 жыл ішінде 1826 оқиғаны, аборттан қайтыс болу – 1,2 промиллені құрады. Аборттардың саны 2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда бала туатын жастағы 1000 әйелге шаққандағы 30,9-дан 30,3-ке дейін шамалы ғана төмендеді. Аборттардың ең көп саны 19-34 жас тобында (75 %), жасөспірімдерде (15-18 жас) – 4,9 % тіркелген.
Бала туатын жастағы әйелдердің 38,3 %-ы контрацепцияның қандай да бір түрлерін қолданады. Контрацепцияның негізгі әдісі жатыр ішіне салынатын спираль болып қалып отыр – 62,5 %.Некеде тұрғандардың шамамен 16 %-ы баласыз, бұл үшін ерлер де, әйелдер де тең дәрежеде жауапты. Қазіргі кезде бедеулікті емдеудің жаңа бағыты ─ ұрпақ әкелетін көмекші технологиялар жасалған, оларды ел халқының өсіп-өнуін жақсарту үшін дамыту қажет.
Сүт безінің қатерлі ісігімен әйелдердің сырқаттануы 2000 жылғы 100 мың әйелге шаққандағы 33,9-дан 2004 жылы 38,9-ға дейін көбейді. Олардың үлесіне әйелдердің ұрпақ әкелу жүйесінің онкологиялық ауруларының жартысынан астамы келеді.
Жасөспірімдердің денсаулық жағдайына жасалған талдау жасөспірім қыздардың денсаулық индексінің деңгейі төмен екенін куәландырады, олардың әрбір екіншісінің дерлік (46,9 %) қандай да бір аурулары бар. Гинекологиялық патология тексерілген 100 мың қыз балаға шаққанда 1466 қызда байқалды. Олардың жартысынан астамының ұрпақ әкелу жүйесінде дисфункционалдық ахуал бар. Жасөспірімдер арасындағы жасынды түсіктің үлес салмағы 2004 жылғы деректер бойынша 5 %-ды, жасөспірімдердің жүктілігінің көрсеткіші 1000 қыз балаға шаққанда 22,9-ды құрады. Басты себептері – ақпараттың жоқтығы, зиянды әдеттер, ата-аналар жауапкершілігінің төмендігі, жастар арасында есірткі құмарлық пен маскүнемдіктің таралу
Осы мәселе төңірегіндегі мемлекет тарапынан ескерілген және тыс қалып қойған жақтары
Ескерілген басым жақтары:
• «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
• Денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеп тұрған медициналық мекемелердің базасында ерлердің денсаулығын қорғау жүйесін құру үшін мүмкіндіктер бар.
• Ерлердің өздерінің ұрпақты болу денсаулығын ұзартуға, неғұрлым биік деңгейдегі өмір сүру сапасына қол жеткізуге деген ынтасы.
• Әйелдердің денсаулығын қорғау жөнінде қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың жүйесі дамыған.
• Әйелдердің ұрпақты болу денсаулығының мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар құрылған.
• Қоғам жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөнінде кейінге қалдыруға болмайтын шараларды қолдану қажеттігін түсінді:
• «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кәмелетке толмағандардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау туралы бап бар.
Осы Заңға сәйкес жасөспірімдерді отбасылық өмірге дайындау Білім және ғылым министрлігінің міндетіне енгізілген.

Ескерусіз қалған әлсіз жақтары:

• Ерлердің ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау жөнінде мақсатты түрде бағытталған саясат жоқ:
• ерлер дәрігерге сирек қаралады, сирек тексеріледі, профилактикалық шараларды елеусіз қалдырады және соның салдарынан аз өмір сүреді;
• денсаулық сақтау органдары ерлердің денсаулығын сақтауға аса назар аудармайды;
• денсаулық сақтау жүйесінде ерлерге арналған арнайы инфрақұрылым құрылмаған;
• денсаулық сақтау мәселелері жөнінде ерлердің хабардар етілуі төмен.
• Әйелдердің ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау жөніндегі тиімді тетіктері жеткіліксіз:
• әйелдердің ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде ақпараттық науқандар өткізілмейді;
• әйелдердің, әсіресе жүкті әйелдердің тамақтануы жеткіліксіз;
• неғұрлым сапалы ем алу үшін әйелдердің ресурстары мен қаржы қаражаты жеткіліксіз.
• Жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен білікті медициналық көмек алу мәселелерінде хабардарлығы мардымсыз. Бұл бағыттағы мақсатты жұмыс жеткілікті дәрежеде ұйымдастырылмаған.

Мүмкіндіктер:

• Ұрпақты болу денсаулығының проблемаларын шешуге барлық жұртшылықты, денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін және т.б. тарту.
• Қоғамдық денсаулық сақтауды пайдаланудың кең мүмкіндіктері.
• Ел басшылығының ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын жақсарту қажеттілігін түсінуі.
• Халықаралық ұйымдардың ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтауға қолдау көрсетуі.
• Әр түрлі келісімдердің шеңберінде мамандарды шетелдерде және ТМД елдерінде даярлау мүмкіндігі.
• Ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау мәселелерімен айналысатын ұлттық, өңірлік және халықаралық ұйымдармен байланыстар орнату.
• Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жандандыру.

Қатерлер:

• Ерлер денсаулығының дағдарыс ахуалы сақталуда:
• ерлердің мезгілсіз қайтыс болуының деңгейі жоғары;
• ерлердің есірткі қолдануға және ішімдік ішуге бейімдігі;
• ерлердің өзіне-өзі қол көтеру жағдайларының көбеюі. Ерлер мен әйелдер арасында өзіне-өзі қол көтеру жағдайларының арақатысы 3 : 1-ді құрайды;
• ерлер әйелдерге қарағанда денсаулық пен өмір сүру үшін жоғары қатері бар жұмыстарда көбірек істейді.
• Гестоздармен, акушерлік қан кетулермен, септикалық асқынулармен қатар аборттардың таралуының жоғары деңгейі, аналар өліміне, бедеулігіне себеп болады.
• Жүкті әйелдердің денсаулығының төмен индексі жүктілік пен босанудың күрделілігіне әкеледі.
• Балалардың денсаулығына ата-аналарының маскүнемдігі мен нашақорлығы кері әсер етеді.
• Балаларға мерез бен АҚТҚ жұқпасы тікелей берілуі мүмкін.
• Жасөспірімдердің денсаулығы алаңдаушылық туғызады. Жастардың елеулі бөлігі әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
• Жастардың арасында нашақорлық пен ішімдік ішу кең таралған.
• Елдің бірқатар өңірлеріндегі қолайсыз экологиялық ахуал халықтың ұрпақ әкелу денсаулығының жағдайына кері әсерін тигізеді.

Стратегиялық міндеттер және іс-қимылдар

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР

• Ұрпақты болу денсаулығын сақтау саласындағы нормативтік құқықтық базаны одан әрі жетілдіру.
• Халықтың ұрпақты болу денсаулығына әсер ететін аурулардың деңгейін төмендету.
• Жасөспірімдер мен жастардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау шаралар кешенін қолдану.

ІС-ҚИМЫЛДАР СТРАТЕГИЯСЫ

• «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында халықтың ұрпақ әкелу денсаулығын сақтау жөнінде шаралар қолдану.
• Жоғары қатер топтарын қазіргі заманғы контрацепция құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану.
• Сенім телефондары, дағдарыс орталықтары желісін, психиатр дәрігерлердің, психологтардың, психотерапевтер мен әлеуметтік қызметкерлердің қызметін дамытуды қоса алғанда, өзіне-өзі қол көтеру жайттарының алдын алу жөнінде шаралар қолдану.
• Халықтың арасында ерлердің де, сондай-ақ әйелдердің де контрацепциясының қазіргі заманғы құралдары саласындағы білімін арттыру жөнінде ақпараттық жұмыс жүргізу.
• Ерлердің өз денсаулығын сақтау жөнінде жауапкершілігін арттыру, ерлер денсаулығының түрлі мәселелері бойынша тегін ақпарат беру, отбасы мәселелері бойынша консультация беруді қамтамасыз ету.
• Ана мен баланы қорғау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, аталған қызметті дамытудың басымдығын қамтамасыз ету және оны қаржыландыруды жақсарту…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!