Реферат: Қызылша

0

М.Ж.Балапановтың зерттеуіндегі және меншікті өңдеудегі қызылша мен қант өндірушілердің Республикалық Ассоциациясының материалдары негізінде авторлармен есептелген .
2010-2015 жылдарда 35 кг/адам қантты орташа жылдық тұтынуды, осы мезгілдегі халық санының 5-6% шамасында өсуін ескере отырып, қант қызылшасы егіс алқаптары көлемін 50 мың га дейін ұлғайту, 330 цн га орташа түсімділік және құрақ шикізатының 576 мың тоннаға дейін әрбір жылдағы оптималды әкелінуі, тәулігіне 22,5 мың тн қызылша мен 3,2 мың тонна құрақ шикізатын өңдеу мерзімінде зауыттардың орташа тәуліктік қуатын ұтымды пайдалану жағдайында қосымша қуаттарды енгізбестен қантты өндіру көлемін өсіруге қол жеткізуге болады. Қантты қайнатудың барлық мезгілінде, республика ішіндегі тұтынудың 557,4 мың тонна көлемінде қантты 697,4 мың тоннаға дейін өндіруге болады, бұл ішкі рыноктың қажетін 27,6% дейін қызылша шикізаты есебінен қанағаттандыруға, ал қант зауыттарының қуатын 88,8% дейін қолдануға мүмкіндік береді. Бұның барлығы Қазақстанға болашақта импорттаушы елдер қатарынан шығуға және көрші елдерге жыл сайын 100 мың тоннаға дейінгі ақ қантты өткізу жағдайларына ие қантты экспорттаушы болуға мүмкіндік береді.
Елді меншікті шикізаттың қантымен қамтамасыз ету үшін ғалымдармен, салалар мамандарымен, ауыл шаруашылығы мекемелерінің Басқармасы және Жамбыл мен Алматы облыстары әкімшілігі экономикасының Басқармасымен әрбір облыс үшін «Қант» мақсаттық бағдарламасы дайындалды. Бағдарламалармен қойылған мақсаттар мен міндеттер, елді меншікті шикізаттың қантымен тұрақты түрде қамтамасыз етуге бағытталған, бірақ олар орындалмады, міне сондықтан берілген құжаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері бүгінгі күнге дейін толық көлемде өзінің өзектілігін сақтайды, яғни ол 2015 жылға дейінгі мезгілге қызылша-қант өндірісінің концепциясын дайындауда пайдаланылуы тиіс.
Даму концепциясы қызылша-қант өндірісінің барлық функционалдық звеноларының, шикізатпен қамтамасыз ету және өндірістік қуатты ұтымды пайдаланудан бастап, көлем мен даму қарқынының, өнімнің құрылымы мен сапасының даму тепе-теңдігін шешуге бағытталған болуы тиіс. Ең бастысы қызылша-қант кешеніндегі барлық шаруашылық субъектілердің мүдделерінің, сондайақ тұтынушыларды меншікті өндіріс қантымен қамтамасыз ету жағдайында тұтынушылар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау .
Қызылша-қант өндірісінің концепциясы екпінді сценари бойынша жүзеге асырылмауы тиіс. Экономиканың осы сферасының дамуының екпінді сценариі, өз кезегінде отандық рыноктың қызылша-қант кешенінде өндірілетін өнім көлемінің шектелуін туғызатын импорттық қантпен белсенді түрде толтырытуына жағдай жасайды; Республиканың қызылша өсіретін аймақтарында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуін туғызады; білікті кадрлар мен бизнес үшін инвестициялық тартымдылықты жоғалтуға әкеледі. Республикада қызылша-қант өндірісінің жедел дамуының алғы шарттары бар және олар келесі жағдайлармен анықталады:
-қызылша-қант өндірісінің дамуы онымен байланысты Қазақстан экономикасы салаларында өндірістің өсуін қамтамасыз етеді;
-отандық шикізаттан өндірілетін қант үлесінің жоғарылауы және отандық өндірістің қантымен толық қамтамасыз ету;
-қолайлы жер-климаттық жағдайдың болуы;
-алыс және жақын шет елден әкелінетін импорттық қантқа қызмет көрсету қаржысының азайуы;
-қант бизнесінің кәсіпкерлік сферасындағы жинақталған едәуір тәжірибесі
Сонымен отандық қызылша-қант өндірісінің жедел дамуы ең алдымен қант бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, ішкі қант рыногінің импортқа тәуелділігін төмендетумен байланысты объективті экономикалық негіздемеге ие.
Оған қоса қызылша-қант кешенінің даму концепциясын жүзеге асыру келесі шектеулермен тежеледі:
-қызылша өсіретін шаруашылықтар мен қант зауыттарының материалды-техникалық базасының жоғары деңгейде тозуы;
-қант қызылшасын өсіру мен оны өңдеудің технологиялық артта қалғандығы ;
-республиканың ДСҰ кіруі әлемдік қант рыногінде жұмыс істейтін транснационалдық корпорация тарапынан болатын отандық өндірушілердің күшейтілген ықпалымен қатар жүреді.
Қызылша-қант өндірісінің даму жолындағы көрсетілген кедергілер әсерінің әлсізденуіне, қызылша-қант кешені негізгі шаруашылық субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу ықпал етеді. Осы процестегі мемлекеттің ролі тұтынушылар, қант өнеркәсібі өнімін өндірушілер және онымен байланысты салалар мүдделерінің балансын қолдау мақсатында экономикалық жағдайларды құрумен анықталады.
Мұнда мемлекет болашақта қанттың ішкі рыногінің тұрақтылығын қаржы, ақпараттық, ұйымдастырушылық қолдау, кеден-тарифтік реттеу шаралары есебінен қамтамасыз етудің үлкен арсеналына ие. Қызылша-қант кешенінің дамуын мемлекеттік қолдау ең алдымен, қызылшаны егудің индустриалды технологиясын енгізу арқылы қызылша шаруашылықтары жұмысының тұрақтылығын көтеруге ықпал етуі тиіс. Қызылшаны өсірудің индустриалды технологиялары әрбір қызылша егетін аймақтың биоклиматтық потенциалын, аймақтың жағдайына бейімделген қант қызылшасы селекциясы мен сорттарын, гибридтерін толығымен пайдалануды қарастыратын агротехнологияны дайындауды және енгізуді ұйғарады.
Өз кезегінде қант зауыттарын мемлекеттік инвестициялық қолдау салаларды техникалық қайта жабдықтауға, моральді және физикалық тозған жабдықтарды қазіргі кездегі машинаның ресурстарды үнемдейтін түріне ауыстыруға, соңғы өнімді өндірудің материалдық шығындарын едәуір төмендету мақсатында қант қызылшасы мен құрақ-шикізатын өңдеудің едәуір жетілдірілген технологиясын енгізуге бағытталған болуы тиіс.
Мемлекеттік реттеудің басты міндеті-бұл бағаны тұрақтандыру. Бұл жағдайда мемлекет қолайлы бағалық климатты құруға айырбас ретінде өндірілетін өнімнің анағұрлым жоғары сапалық сипаттамаларын талап етуі тиіс. Қанттың бағалары ішкі рынокта шикізат пен дайын өнімді өндірушілердің шығындарын өздерінің өтеуін қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар өндірісті ұлғайту үшін өндіріс рентабелділігін қамтамасыз етуі тиіс. Өз кезегінде нарықтық экономиканың принциптері кез-келген елдің үкіметіне жігерлі шешіммен өнімге қалаған бағасын белгілеуге мүмкіндік бермейді. Бұл үшін ішкі рынокта отандық өнімнің бағасын арзан импорт бағасымен теңестіруге мүмкіндік беретін тарифтік барьерлерді белгілеу қажет.
Егер меншікті өндіріс елдің қажетін қамтамасыз етуге қабілетті болса, реттеу міндеттері импортты қатаң шектеуге және отандық өнімді өткізуді ішкі тұтыну көлеміне дейін шектеуге келіп тіреледі. Өткізу көлемін шектеу елде қажет етілмейтін, артық өндіру және өнім өндіруді қолдау қажеттігімен туындаған рыноктің толып кету мүмкіндігін жоққа шығарады.
Егер қант импортын шектеуді тарифтік барьерлерді белгілеу арқылы қол жеткізу мүмкін болса, онда ішкі өндіріс көлемін шектеу анағұрлым күрделі процесті береді. Әкімшілік жолмен жеке кәсіпкердің нарықтық экономика жағдайында өнімді өндіруіне тиым салу мүмкін емес, дегенмен өнімнің тек белгілі көлемін өндіру экономикалық жағынан тиімді болатындай етуге болады. Осындай жағдайларды қалыптастыру квоталау арқасында мүмкін. Квота-бұл өндірілетін немесе әкелінетін өнімдердің көлемін белгілеу. Квоталау қанттың ішкі рыногін реттеуде шет елдермен кеңінен қолданылады және қазіргі уақытта ТМД елдерінде енгізілуде /3/.
Осы елдердің үкіметі өндірушіге өнімнің белгілі көлемін елдің қажетін қанағаттандыру үшін әлемдік рынок бағасымен салыстырғанда көтермеленген бағамен сатуға мүмкіндік береді. Мемлекет өнімнің белгілі көлеміне жеңілдік ережесін белгілейді, фермермен өндірілген қалған өнімді ескермейді. Өнімді жоғары бағамен өткізіп және өз шығындарын өтеп, өндіруші өнімнің қалған бөлігін өз пайдасымен рынокті өніммен толтыра, төменгі бағамен сата алады. Осыдан аулақ болу үшін берілген квоталар көлемінен жоғары өнім көлемін ішкі рынокта өткізуге тиым салынады.
Агроөнеркәсіптік секторда болашақтағы түсімділікті дәл жоспарлау мүмкін емес және сондықтан жоспарланған өндіріс көлемін дәл орындау мүмкін болмайтындығын атап өту қажет. Кез-келген түсімсіздік азық-түліктің маңызды кемшілігін туғызады және қант рыногін реттеудің барлық жүйесін бұзады. Осыдан аулақ болу үшін өндірушілер оған тиімсіз болса да, оған талап етілгеннен көп өндіруі қажет. Сөйтіп олар өнімді көбірек өндіруге мәжбүр болады, себебі квота бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда, ол келесі жылы төмендетілуі мүмкін.
Сонымен, квоталау өндірісті ұлғайту және өнімнің белгілі көлеміне жеңілдік тәртібін қамтамасыз ету үшін мүмкін болмайтын жағдайларды қалыптастыруды ұсынады.
Қантың ішкі рыногін реттеу мақсатында бізбен, оны реттеудің келесі формалары ұсынылады (кесте3).
Кесте 3 мәліметтерінен көріп отырғанымыздай қант қызылшасына, сондай ақ қант-шикізатынан қант өндіруге және ақ қант импортына квота белгілеу ұсынылады. Қант қызылшасына квота белгілеу келесі себептермен қамтылған: біріншіден, зауыттың өндірістік қуаттары қантты қайнатудың нормативті 100 күн уақытында 2250 мың тонна қызылшаны өңдей алады; екіншіден, қант зауыттары мен қант қызылшасын игеру белгіленген квота шеңберінде субсидиялануы тиіс; үшіншіден, қант рыногі толған жағдайда, қант қызылшасына және одан өндірілетін қантқа белгіленген квота көлемінде минималды кепілдік бағалар қолданылуы тиіс /4,5/.
Мұндағы қызылша-қант өндірісін субсидиялау қаржысы ақ қант немесе қант шикізатына салынатын кеден салығы есебінен қалыптаса алады.
Қант қызылшасын игерудің субсидияланған көлеміне квоталар, егіс алқабының көлемі және өткен жылдардағы қызылшаны өңдеудің мәліметтері ескерілген қызылша егу зонасы бар барлық зауыттарға беріледі. Қант қызылшасын өсіруді ынталандыру үшін оны егіс алқабының көлеміне байланысты субсидиялау тәжірибесін жалғастыру қажет. Қант қызылшасын жеткізуге квоталар қызылша егетін шаруашылықтар арасында зауыттармен бөлістіріледі.
Қант-шикізатына квота белгілеу-бұл әкелінетін шикізат пен қызылша қантының балансын қамтамасыз етуге керекті қажеттілік. Қант-шикізатына квота белгілеу қанттың елде артық өндірілуін шектейді, өнімнің артық басынан қанттың ішкі рыногін сақтайды. Бұнымен қоса, ол құрақ шикізатының әкеліну көлемін шектеумен қызылша өндірісін ынталандырады. Әкелінетін шикізатты өңдеуге квоталар осы үшін өндірістік қуаттарға ие барлық қант зауыттарына беріледі. Ол келесі формуламен анықталады.

Q=VP1/ ΣР (1)
Мұндағы: Q-нақты зауыт үшін өндірістік квота, мың тн;
V-әкелінетін шикізат бойынша жылдық квотаның жалпы көлемі, мың тн;
Р1-зауыттың әкелінетін шикізатты өңдеу бойынша өндірістік қуаты, тәулігіне мың тн;
ΣР-Қазақстанның барлық зауыттары үшін әкелінетін шикізатты өңдеудің қосында қуаты, тәулігіне, мың тн.
Егер әкелінетін шикізат бойынша жылдық квотаның жалпы көлемі әртүрлі жағдайларға байланысты қант зауыттарының арасында толығымен қайта бөлістірілмесе, онда зауыттар қант шикізатын өңдеу бойынша қосымша көлемге яғни қант-шикізатынан қантты алудың 180 күн нормативтік мөлшерінен жоғары өз қызметін ұйымдастыруға хұқылы.
Бұған қоса, зауыттар алған квоталарын басқа зауыттарға беру (сату) хұқығына ие, оны олар қант-шикізаты мен қызылшадан қантты қосымша өндіру үшін қолдана алады. Жыл ішінде зауытпен пайдаланылмаған квота-келесі жылға көшіріле алмайды.
Қант-шикізатына және қант қызылшасына белгіленетін квоталар зауытпен рынокқа шығарылатын қант көлеміне шектеуді білдіретіндігін атап өту қажет, бірақ мұнда кәсіпорында қосымша көлем бола тұрып қант қызылшасы мен (жоғары түсімділік жағдайында) қант шикізатын өңдеуді тоқтату дұрыс болмаған болар еді. Бұл жағдайда қызылша шикізатынан өндірілген қантты рынокқа жіберу тек белгіленген квота көлемінде жүргізіледі, ал қант-шикізатының қантын рынокқа жіберу квотаның толық көлемінде немесе тіпті нақты зауыт үшін квотадан жоғары көлемде жүргізіледі.
Қантты құрақ шикізатынан квота көлемінде немесе квотадан жоғары өндіруді қай қант зауытының орындағандығына тәуелсіз, әкелінетін шикізат бойынша квотаның жалпы жылдық көлемі өзгеріссіз қалады. Қызылша қантының квотадан жоғары көлемін рынокқа жіберу тек жаңа календарлы жылда, осы жылдағы квота есебінен немесе оны елдің сырт жағына экспорттауға мүмкін болады.
Барлық квоталар календарлы жылға, ағымдағы жылдың желтоқсанында қызылша қантының өндірілу көлемі анықталғаннан кейін бөлістіріледі. Қызылша қантының көлемін және әкелінетін шикізат бойынша жылдық квотаның жалпы көлемін (біздің жағдайда мәні тұрақты, 576 мың тн) біле отырып, ақ қант импортына квоталар анықталады, ол жағдай өзгергенде рынокты қантпен толтыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін баланстау функциясын орындайды. Квота көлемінде әкелінетін қант-шикізаты жеңілдетілген кеден салығына ие болуы тиіс. Ал квота көлеміндегі ақ қант импорты, қант-шикізатын квотадан жоғары көлемде әкелу, қант-шикізаты мен ақ қант импортын 01.07-31.12 мезгілінде әкелу (қант қызылшасын өңдеудің белсенді уақыты) салықтың жетерліктей жоғары тарифімен қамтылады. Өз кезегінде квотадан жоғары әкелінетін импорттық қант салықтың екі еселенген тарифімен қамтылады.
Сонымен, барлық қант зауыттарында тең мүмкіндіктерін, сондай ақ өндіріс көлемінің өсуін, бірінші кезекте қызылша шаруашылықтары есебінен жүзеге асыру мүмкіндіктерін береді. Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қызылша-қант өндірісін құру басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырмай мүмкін болмайды, ол қант өндірісінің барлық технологиялық тізбегінде қойылған мақсатқа жетудің инновациялық технологияны енгізу негізінде өндірісті әріқарата интенсификациялаудың төзімді және тұрақты бағытын құрған еді.
Қызылша-қант кешенінің даму концепсиясының негізгі шарттарын жүзеге асыру әрекеттерінің реті мен күтілетін нәтижелері келесідей түрде беріледі:
Бірінші кезеңде (2007-2010 жылдар) келесі жағдайларды жүзеге асыру қажет:
-қант қызылшасы егіс алқаптарының көлемін 40 мың га дейін жеткізу;
-қант-шикізатынан қантты өндіру және қант импортына мемлекеттік квоталауды, сондайақ қант қызылшасын қабылдауға квоталар белгілеу;
— қант зауыттарын қант қызылшасын өңдегендігі үшін белгіленген квота көлемінде субсидиялауды жүргізу;
-қант қызылшасын егу, жинау және дайындауға арналған ресурсты үнемдейтін қазіргі кездің технологиясын енгізу;
-физикалық және моральдық тозған ауылшаруашылығы техникасы мен қант зауыттарының жабдықтарын ауыстыруды жүргізу;
-тұқымның отандық өндірісін жылдық қажеттілік көлемінде қалпына келтіру және оны импорттық қызылша тұқымының жеткізілуінен қорғау;
-қызылша-қант өндірісіндегі маусымдық шығындарды жеңілдетілген жолмен несиелендіру;
-қант қызылшасы кешенін басқарудың жаңа интеграциялық құрылымын қалыптастыру.
Бірінші кезеңнің негізгі нәтижелері:
-қантты тұтыну қызылша шикізаты мен қант-шикізатынан қантты өндіру есебінен, импорт ақ қантты әкелместен қамтамасыз етіледі;
-қантты тұтыну қант қызылшасы есебінен 20,6 %, қант-шикізаты есебінен 79,4% қамтамасыз етіледі;
-қант зауыттарының жалпы жүктелуі 83,4% деңгейіне дейін, оның ішінде қант қызылшасы бойынша 46,4% жеткізіледі;
Екінші кезеңде (2010-2013) келесілерді жүзеге асыру қажет:
-елдің аграрлық азық-түлік рыногінде отандық өндірушілердің позицияларын нығайту мақсатында кедендік-тарифтік саясатты жетілдіруді жалғастыру;
— ресурстарды тұтынуды төмендету мен қант қызылшасын неғұрлым тереңірек өндеудің инновациялық технологиясын кеңінен енгізу;
— қант рыногі инфрақұрылымының әріқарата дамуы;
— қанттылығы 17-18% төмен емес қант қызылшасының жаңа сорттары мен гибридтерін қалыптастыру;
— қызылша егетін шаруашылықтар мен қант зауыттарының материалды-техникалық базаларын нығайту;
— қант қызылшасын өсірудің жаңа прогрессивті агротехнологиясын енгізу;
— саланы дамытуға (қызылшаны өндіру мен өндеуге) отандық және шет ел инвесторларының қаржысын тарту;
Екінші кезең міндеттерін жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер:
— қант –қызылшасы егіс алқаптарының көлемін 45 мың га жеткізу;
— қантты тұтыну меншікті өндіріспен 100% қамтамасыз етіледі, оның ішінде қант-қызылшасы есебінен -24,4%, ал қант-шикізаты есебінен – 75,6%;
— қант зауыттарның жалпы жүктелуі -86,3% деңгейіне дейін, оның ішінде қант-қызылшасымен 55,6%.
Үшінші кезеңде (2013-2015ж) келесі міндеттерді шешу алға қойылады:
-салалардың толық өзін-өзі қаржыландыруға өтуі, қызылша-қант кешені кәсіпорындарының саланы дамытуға қосымша инвестицияны тарту мақсатында акцияны саудалауы;
— қызылша егетін шаруашылықтар мен қант зауыттарын кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін өндіріс рентабельділігіне шығару;
— кедендік-тарифтік саясатты әріқарата жетілдіру;
Үшінші кезеңнің негізгі нәтижелері:
— қант –қызылшасы егіс алқаптарының көлемін 50 мың га жеткізу;
— қантты тұтыну меншікті өндіріспен 100% қамтамасыз етіледі, оның ішінде қант-қызылшасы есебінен -27,6%, ал қант-шикізаты есебінен – 72,4%;
— қант зауыттарның жалпы жүктелуі -88,8% деңгейіне дейін, оның ішінде қант-қызылшасымен 63,8%.
Сонымен ұсынылған шараларды кезеңмен жүзеге асыру қызылша-қант өндірісінің шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайына жедел бейімделуіне, әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін көтеруге және ақыр соңында елдің қантқа қажетін қызылша шикізаты есебінен максималды қанағаттандыруды қамтамасыз етуге ықпал ететін жағдайларды қалыптастыруға мүмкіндік береді…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!