Реферат: Қылмыстық жауаптылық

0

Қылмыстық жауаптылық

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады .Қазақстан Республикасы жоғары Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы»1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында : Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған , бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай – ақ , олардың түзелетіндігімен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап , негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК – тің 65-68 – баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай – ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан – жақты , толық және обьективті түрде зерттелген мән – жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет ,- деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай – ақ немесе оған жаза тағайындап , бірақ оны жазаны нақты өқтеуден босату арқылы ,өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін .
Осыған байланйсты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазаиен айырбастау туралы институтты белгілейді . Сонымен бірге ескертілетін жағдай қылмыстық жауаптылықтан , жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар . Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады .Сондықтанда көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай – ақ жүзегек асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет .
Қ.Р – ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: » Құқық қолдану іс тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту .Ашық , демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып ,біз демократия мен құқық тәртібі — ажырағысыз ұғымдар екенін , бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтындығын естен шығармауымыз керек .
Біріншіден , құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шарасын жетілдіру жөніндегі іс қимылын үйлестіруді күшейтуі қажет Екіншіден , Өз назарымызды жас өспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі проблемасына акударып , мұны кеміту шараларін қолдануы міндет.
Үшіншіден , өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен еларалық қылмыс секілді қателерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.
Төртіншіден , елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып , жұмыс істеуін қамтамасыз ету ,бұл іске жұртшылық мен халықты кеңінен тарту керек.» деп айтылған .
Қылмыстық заң бойынша қылмыстқ жауаптылықтан босотудыңу мынадай туорлері көрсетілген :
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату .
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты жауаптылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне
6. Рақымшылық немесе кешірім жасыру актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады .
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден
жазаны өтеуді жалғастырудан босатылу немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін .
Қылмыстық заң бойынша жазадан босатылу мынадай негіздер бойынша жүзеге асырыдады :
1.Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату ;
2.Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату ;
3.Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру ;
4.Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден кейінге қалдыру ;
5. Төтенше мән — жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру ;
6.Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату :
7. Рахымшылық немесе кеншірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату ,жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір – бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады . Әдетте қылмыстық жауаптылықтан босату істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адаманың түзелуі , жаза қолданбай – ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Мұндай жазадавн босату тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады .
Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жазадан босату институты қылмыстық атқару құқымен ұштасып отырады. Бірақта, бұл салада жазадан босату институты толық қамтылмайды. Жазадан босату жазаны өтегеннен кейін немесе жазадан босату туралы ұсыныстан кейін орындалады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады .Мысалы ,жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босакту жазаны өтеу мекемесінің және бақылау комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге байланысты жазадан босату (69 ,75 – баптар ) жұртшы — лық өкілінің пікірін ескермей – ақ қолданыла береді .
Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану (ҚК-тің 55-бабының бірінші бөлігі) және шартты түрде соттау (ҚК-тің 63-бабы) міндетті белгілер ретінде саналады яғни қылмыстық жазадан босату институтымен әсіресе осындай жаза тағайындауда тығыз байланыста болады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату — адамның әрекетінің қоғамға қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған.
Қылмыстық жауаптылықтан босату — қылмыстық заңдарға және қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негізі — кінәлінің қылмыс жасағаннан кейінгі қоғамға тигізген зардабының қауіптілігі аз мөлшерде болуы. Кінәлінің шын өкінуі, қылмыстық жауаптылықпен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде Қылмыстық кодекстің 53-бабының «к» және «д» тармақтарында қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 65-бабы қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейді.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату. Қоғамдық қауіпті кол сұғушылықтан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (ҚК-тің 66-бабы). Қажетті қорғану — қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының өзін немесе өзге бір адамның жеке басын, құқықтарын қорғауы.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату,
Жауаптылықтан босатудың осы түрі, яғни ҚК-тің 67-бабы неғұрлым терең талдауды талап етеді. ҚІЖК-нің 37-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалмайды, себебі бұл жағдайда қозғалған қылмыстық іс тоқтатылады. Ол жәбірленушінің арызы бойынша — жеке немесе жеке-жариялық тәртіппен іске асырылады.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз.
6. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату өзінің мазмұнына қарай, жазаны өтеу сатысындағы жазадан босатудың түрі болып табылады.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату деп сотталған адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға, адал көзқарасы негізінде үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босата отырып, оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.
7. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға қарағанда, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруды сот кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамдарға қолдана алады. Басқа қылмыс санаттарына жататын қылмыстар үшін мұндай жеңілдіктер қолданылмайды.
8. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеуін кейінге қалдыру.
Жаңа Қылмыстық кодекс жас балалардың мүдделерін қорғау мақсатында оларға тиімді шараларды қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Осылайша, жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерді қоспағанда, сотталған жүкті әйелдерді және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйелдерді сот тиісінше бір жылға дейінгі немесе бала сегіз жасқа толғанға дейінгі мерзімге жазасын өтеуден босатуы мүмкін.
9. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.
Жаңа Қылмыстық кодекс жазадан босатудың негізі болып табылатын, яғни ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатудың үш түрін қарастырады.
ҚК-тің 73-бабы бойынша жазадан босатуды, қылмыс жасаған адамның қандай да болмасын ауруы емес, тек белгілі бір анықталған ауруының түрлері бойынша қолдана алады. Оған психиканың бұзылуы, жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр түрдегі аурулар, әскери қызметке жарамсыз деп санауға жататын ауруларды айтуға болады.
10. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру.
Кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса сот жазадан босатуы мүмкін.
11. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.
Ескіру мерзімінің өтуі қылмыстық құқықтағы қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздерінің бірі ретінде (ҚК-тің 69 және 85-баптары), сонымен қатар айыптау үкімінің ескіру мерзімі, жазадан босатудың негізі болып танылады (ҚК-тің 75 және 85-баптары).
Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босатудың негіздері, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерімен ұқсас болып келеді.
12. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.
Қылмыстық құқық бойынша рақымшылық деп Қазақстан Республикасы Парламенті актісі негізінде қылмыс жасаған адамға, оларға сенім білдіре отырып жеке бастарына жағымды шараларды қолдануды түсінуге болады…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!