Реферат: Құқық | Заңдылық және құқықтық тәртіп
Адамзат тарихында қабылданған тарихи-құқықтық ескерткіштерге назар аударсақ, заңдылық құл иеленуші, феодалдық мемлекеттердеде болған, бірақ мүддені қорғауда тар шеңбер аумағында, таптық сипат деңгейімен ғана шектелген. Мысалы, ежелгі Римдегі Юстинианның Дигестерінде заңдылық туралы мынандай норма бар: «Заң деген ол сол, оған барлық адамдар бағынулары тиіс». Хамурапи, Ману заңдарынан да осындай талаптар аңғаруға болады. Мысалы, б.э. дейін XVIII ғ., қабыл-данған Хамурапи заңының шығуы мынандай қағида негізінде қабылданған: «…елге әділеттіліктің нұрын беру үшін, заңсыздықпен жауыздарды құрту үшін, күштілер әлсіздерді жәбірлемес үшін». Немесе Ману заңдарында: «Егер патша жазаңы лайықты болғандарға үзбей қолданбаса, күштілер әлсіздерді істікте балықша қақтаған болар еді», — делінген.
Әрине, заң шығарылған соң да үстем тап өкілдері тарапынан қысым, басқыншылық, әділетсіздік жасалған. Бірақ, қалай айтсақ та заң күштілердің жүгенсіздік, бассыздық, заңсыздық әрекеттерін тежеп отырған. Құқық өзінің табиғатымен, құндылық қасиеттерімен және жауапка тарту сесімен жалпы адамзаттық игіліктер мен әділеттіліктің рәмізі ретінде санамен қабыл¬данған. Сондықтан заңдылық идеясы мемлекетпен құқықтың ажырамас бөлігі деп қабылдануы тиіс.
Ежелгі Рим заңгерлері заңның қаталдығына қарамастан оны орындау әрбір адамның міндеті деп санаған. Dura lex, sed lex — заң қатал, бірақ ол заң деген қанатты сөзді ұрпаққа қалдырған. Франция буржуазиясы 1848 жылғы революция көзінде көтеріліске шыққан жұмысшыларға қарсы күрес жүргізуде заңдылықты ең күшті кедергі деп таныды. Сол кезде өзінің қаталдығымен көзге түскен, буржуазия өкілінің бірі Одилон Барро: «La Legalite nous tue» — заңдылық бізді өлтіруде», — деп, көтерілісті басып жаншуға адам құқықтарын аяққа таптауға заңдылықтың кедергі болып тұрғанын тілге тиек еткен.
Заңдылық деп мемлекеттік билік жүргізудің ең негізгі қағидасы ретінде барлық органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, адам, дара азаматтардың заңдар мен заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқық кесімдерді бұлжытпай орындау және қатаң сақтауды айтады.
2. Заңдылықтың мәні және негізгі қағидалары
Заңдылық мемлекеттік билік жүргізудің негізгі қағидасы ретінде өзіне тән мәнге ие. Сол мән арқылы заңдылық бассыз¬дық пен күш қолдануға тосқауыл қояды, адамдардың санасын заңға бағыну, талаптарын орындау идеясын жариялайды. Заңдылықтың өзіне тән мәні және ерекшеліктері бар.
Біріншіден, заңдылық барлық мемлекеттік ұйымдардың, қоғамдық ұстанымдардың, азаматтардың іс-әрекеттерінің тек ғана заңға сәйкес болуы қажет екенін жаппай талап етеді. Сәйкес мінез-құлық қалыптасса заңдылық іс жүзіне асады, олай болмаған жағдайда заңдылық бұрмаланады.
Екіншіден, заңдылық іс жүзіне асу үшін ғылыми негізде, қоғамның даму заңдылығын көрегендікпен болжаған тиімді заңдар қабылданып, оларды бұлжытпай орындау тетіктері жасалуы тиіс. Бұл мәселені іс жүзіне асыру үшін мынандай мәселелерді шешу қажет:
а) Парламент шығарған заңдардың орындалуын, іс жүзіне асуларын бақылайтын өкілетті органның функциясын қалыптастыру қажет.
ә) Атқарушы органдардың заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдердің көлемін шектеу қажет. Көп жағдайда заң орындалмайды, ал «заңға сәйкес» деп қабылдан¬ған кесімдер атқарушы органдарға «ең қастерлі» болып саналады. Себебі заң нормаларының қажетті талаптары ведомстволық нормативтік кесімдермен (ереже, бұйрық) басқаша бұрмаланып, басқа мазмұнмен орындалуға ұсынылады.
б) Заңдылықтың дағдарысқа ұшырауының себебі заңды бұрмалаған, орындамаған лауазымды тұлғалардың қатаң түрде жауапқа тартылмауы. Атақ, дәреже, қызметіне қарамастан, кім болмасын заң алдында тең екендігі Конституция жариялаған тілек ретінде емес, аксиома ретінде құқықтық қатынастардың барлык субъектілерімен бірауыздан мойындалуы тиіс. Мысалы, осыдан біраз жыл бұрын Ұлыбританияда 16 адам ауыр қылмыс істегендері үшін жауапқа тартылмай, сот залынан босатылды. Себебі, «айыптаушының сот процесіне келмеуі». Судьяның заңды бұзуға құқы жоқ. Айыптаушы келмесе сотталушының кінәлары жоқ, заңды бұзған айыптаушы. Судья заңды бұлжытпай орындады.
в) Заңдылықтың бұрмалануына Парламент шығарған заңдар мәтінінің «каучук тәріздес» болып, қолдану кезінде қиындықтар мен шатастыруларды туғызуы. Осы күнге дейін заңдардың мазмұны түсініксіз, аударуы дұрыс емес олқылықтар жиі кездеседі.
г) Заңдардың орындалуы үшін мынандай мәселелерді шешу қажет:
Біріншіден, бізде әлеуметтік тәжірибені объективтік түрде талдау жасау мүлдем жоқ деуге болады. Қабылданған заңдар өмірден мүлдем алшақ, қоғамдық қатынастарға сәйкес келмейді, Сондықтан тиімді реттемейді. Заңды дайындау процесі дұрыс жолға қойылмаған, заң кабинетте дайындалады, көп заңдарымыз Ресейдің шығарған заңдарынан көшіріп алынады. Бұл жұмысты жаксарту үшін заң дайындалатын парламенттік комиссия фирмалардың, ғалымдардың, жеке адамдардың, саясаттанушылардың, сол саланың тікелей мамандарымен кездесіп, олардың пікірлері негізінде заңның алғашқы жобасын қалыптастырып, оны тыңдауға өнеркәсіпшілдерді, ауал шаруашылық мамандарын, профессорларды, мүдделі қоғамның өкілдерін шақырып, талқылауға салу қажет. Олардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын қорытындылап, тағы талқыға салып, Парламентке түсіру керек.
Екіншіден, әрқашан заң шығаруда ғылымның ұсыныстарын міндетті түрде ескеру қажет. Бізде осы күнге дейін заңның жо¬басын жасауға мүдделі, құштар мекемелер мен органдар қатысады. Ал, олар өздеріне қажетті заң жасауды көздейді. Одан кейін ол заң қалай орындалсын, оны аттап өтудің тетіктерін өздері жазып қойса.
Үшіншіден, сапалы, орындалатын заң шығару үшін кәсіби парламент құрылуы қажет. Сайланған депутаттарымыз жоғарыда көрсетілген факторлардың тетіктерін жақсы меңгерген маман, заңгер-ғалым, экономистерден сайлануы керек. Жалпы апараттық қажетттерден ада, оқшау ойлары бар білімпаз қайраткерлер болуы тиіс.
Төртіншіден, заңның орындалмауының себебі, қоғамда кең қанатын жайған құқықтық сауатсыздық. Заңның не екенін, оның мазмұнын, қолдануын түсінбейтін халық заңды қалай орындайды?!
д) Заңдылық демократияның ең негізгі және маңызды ажырамас бөлігі болып саналады. Тек заңдылық арқылы демокра¬тия толыққанды дәрежеде пайдаланылады, іс жүзіне асады. Тек заңдылық ғана анархия, бассыздық, өз беттерімен кеткендерге тосқауыл болады.
ж) Заңдылық жалпы мемлекеттік тәртіптің негізі болып табылады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайту заңдылықты нығайтудың кепілі.
Заңдылық мынандай қағидаларға ие:
1. Заңның ерекше пұрсаттылығы. Мемлекетте Парламент қабылдаған заңның ең жоғарғы күшке ие болуы. Барлық нормативтік құқықтық кесімдер заңды іс жүзіне асыру үшін қабылданады. Оған ешқандай кесім қайшы келмеуі керек.
2. Заңды қолданудағы бірлік және бірыңғайлық. Заңдылық әр аймақтық, аумақтық болып бөлінбейді. Қазақстан Республикасында Конституция бекіткен Конституциялық құрылым, демократия, билік жүргізу, адам құқықтарын қорғау бірыңғайлы, жүйелі мағанада іс жүзіне асырылады.
3. Заңдарды жаппай сақтау және орындау. Бұл қағида — Конституциялық талап. Заңды орындау әрбір адамның ішкі жан дүниесінің, ой-өрісінің қажеттілігі болуы тиіс.
4. Заңдылық пен мәдениеттіліктің тығыз байланыстылығы. Заңдылықты нығайту репрессиялық тәсілдерғе емес, мәдениеттілікті меңгеру, дамыту арқылы іске асырылады.
5. Адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі. Заңдылық арқылы адам құқықтары мен бостандыктары тиімді қорғалады және қамтамасыз етілді.
3. Құқықтық тәртіп
Құқықтық деп заңдылық қағидаларын іс жүзіне асыруда қоғамдық қатынастардың жүйелі түрде құқық нормаларымен реттелуін және тиімді қорғалуын айтады.
Құқықтық тәртіп заңдылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Құқықтық тәртіпті нығайту қоғамдық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға тікелей әсер етеді. Керісінше, қоғамда құқықтық тәртіп әлсіресе қоғамдық тәртіп те, заңдылық та әлсірейді, дағдарыс процесі дамиды. Құқықтық тәртіпті нығай¬ту негізінде мемлекеттің құқық қорғау функциялары арқылы іс жүзіне асырылады. Сот, прокуратура, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты органдар өздерінің құзырымен міндеттеріне байланысты құқықтық тәртіпті нығайту ісіне үлестерін қосады. Бұл жерде әр мемлекеттік органның функциялары ведомстволық мүддемен шектелмеуі тиіс. Бірігу, координациялық шаралар арқылы құқықтық тәртіпті нығайту, олардың басты міндеттерінің бірі.
Құқықтық тәртіпті нығайтуда азаматтық қоғамның үлесі зор. Бұл мемлекеттік емес қоғамдық қатынастар арқылы жеке адамдар мен ұжымның мүдделері құқық шеңберінде іс жүзіне асырылады «тыйым салмағанның бәріне рұқсат» қағидасы аясында құқықтық тәртіп нығаяды. Бірақ мемлекет азаматтық қоғамның барлық институттарының іс-әрекеттерінің Конституцияға сәйкес болуын бақылайды, заңдарды қатаң сақтауын талап етеді.
Құқықтық мемлекеттің басты мақсаттарының бірі құқықтық тәртіпті сақтауды әрбір азаматтың ішкі жан дүниесінің, психологиясының қажеттілігіне айналдыру.
Ол үшін қоғамдық сана денгейі моральдық құндылықтарды, діни қағидаларды күнделікті ереже мағанасында қабылдауы тиіс. Ондай талаптардан мүлт кетуді бүкіл қоғам айыптаумен қатар, элементарлық тәрбиесіздік деп бағалануы қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Н.Назарбаев. Қазақстан-2030. Алматы, 1997.
2. И.В. Тимошенко. Административная ответственность. Учебное пособие. М., 2004.
3. С.В.Полянина. Юридическая конфликтология — новое направ¬ление в науке. //Государство и право. 1994, №4.
4. А.Д. Липинский. Проблемы эридической ответственности. М., 2003.
5. А.В. Кустов. Законность и правопорядок. Спб., 2002.
6. А.А.Иванов. Индивидуализация юридической ответственности. Правовые и психологические аспекты. М., 2003.
7. В.А.Виноградов. Актуальные проблемы конституционно-право¬вой ответственности. 2002, №10.
8. Елеген Қайыржанұлы. Маскүнемдік — қылмыс көзі. Алматы, 1993.
9. У.С.Жекебаев. О социально-психологических аспектах преступ¬ного поведения. Алма-Ата, 1971…..