Реферат: Құқық | Заңды тұлғалардың түрлері

0
205

Реферат: Құқық | Заңды тұлғалардың түрлері казакша Реферат: Құқық | Заңды тұлғалардың түрлері на казахском языке

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, олар жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.
Заңды тұлғалардың түрлері
1.Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын көтеруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
2.Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
3.Коммерциялық емес ұйым олып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыу кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
3-1.Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін.
1.1.Заңды тұлғаның құрылтайшылары
1.Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін.
2.Мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады.Бұл орайда, мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
3.Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа да қатысушыларынан қандай да бір артықшылықтарға ие бола алмайды.
1.2.Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары
1.Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметін жарғысы және құрылтай шарты негізінде, немесе егер заңды тұлғаны бір тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресімделген шешімі негізінде жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрі жөніндегі жалпы ережелер негізінде іс-әрекет жасай алады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкімет мазмұнын белгілейтін үлгі жарғының негізінде құрылтай шарты жасалмайды.
2.Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекітеді.Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бір адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.
3.Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметінің мәні мен мақсаты белгіленуге тиіс.
4.Құрылтай шартында тараптар заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді.Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе , шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудің, заңды тұлға қызметін басқарудың , оның құрамына құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртібі де белгіленеді және оның жарғысы бекітіледі.
Құрылтай шартына құрылтайшылардың келісуі бойнша басқа да еоежелер енгізілуі мүмкін.
4-1.Жалғыз құрылтайшының шешімі заңды тұлғаны тіркеу жөніндегі іс-әрекетті жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау, мүліктерді меншікке беру шарттары туралы шешімді және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де шешімдерді қамтуға тиіс.
5.Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртібі және олардың құзіреті, оның қызметін қайта құру мен тоқтату ережелері белгіленеді.
Егер заңды тұлғаны бір адам құрса, онда оның жарғысында мүлікті құру және кірістерді бөлу тәртібі де белгіленеді.
Жарғыда заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелері болуы мүмкін.
6.Бір заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының ;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғаларымен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолдануға тиіс.
7.Барлық мүдделі адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.
1.3.Заңды тұлғаның жауапкершілігі
1.Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Мекеме міндеттемелер бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді.Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді.
Мемлекеттік мекеме ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты болады.
Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді.
Қазыналық кәсіпеорында ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлік субсидиарлық жауаптылықта болады.Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік мемлекеттік кәсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен туындайды.
2.Заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе оның мүлкінің меншік иесі оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал заңды тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының немесе оның мүкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бұған осы Кодексте, өзге заң актілерінде не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлар қосылмайды.
3.Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының немесе оның мүлкінің меншік иесінің іс-әрекетінен туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда құрылтайшы немесе оның мүлкінің меншік иесі несие берушілер алдында субсидиарлық жауапкершілікте болады.
4.Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелерібойынша жауап береді.
1.4.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
1.Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс.Мемлекеттік тіркеу тәртібі заңдарда белгіленеді.
2.Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мем лекеттік регистріне енгізіледі.мемле
3.Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады.
4.Филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі.
Филиалдар мен өкілдіктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.
5.Заңды тұлға құрудың заңда белгіленген тәртібін бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуі заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады.Заңды тұлға құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тіркеуден жалтарғаны үшін сотқа шағым берілуі мүмкін.
6.Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) жарғылық капиталының мөлшері азайтылған;
2) атауы өзгергенде,
3) шаруашылық серіктестеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркелуге тиіс.
Аталған негіздер бойынша құылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер заңды тұлға қайта келмейінше жарамсыз болып табылады.
Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тікеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.
1.5.Заңды тұлғаның тұрған жері
1.Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жері оның тұрған жері болып табылады.
2.Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі.
3.Үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзінің нақты мекен-жайының бірыңғай мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайға сәйкес келмейтініне сілтеме жасауға құқығы жоқ.Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы.
Қорытынды
Қорытындылай келе, заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, олар жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын көтеруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа да қатысушыларынан қандай да бір артықшылықтарға ие бола алмайды. Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекітеді.Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бір адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді…..


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!