Home Білім Реферат: Құқық | Құқықтық жүйе

Реферат: Құқық | Құқықтық жүйе

0
161

Құқық жүйесі құрылымының қағидалары

Заң ғылымында қабылданған қағида бойынша құқықтың салаларға бөлінуінің негізін құқықтық реттеудің пәні және құқықтық реттеудің әдістемелері құрайды. Бұл негіздер барлық құқық салаларына тән.
Құқықтық реттеудің пәні дегеніміз құқық нормаларының біртекті қоғамдық қатынастарды реттеуі. Құқықтық жүйе әр түрлі, әр топтағы құқықтық нормалардың өзіне ғана тән құқықтық реттеу пәнін қалыптастырады. Яғни, құқықтық нормалар¬дың топтасуы, бірігуі, соның нәтижесінде бір құқықтық саланы құрауы құқықтық реттеудін пәніне құрайды. Мысалы, әкімшілік құқық саласы әкімшілік сияқты құқық нормалары¬ның жиынтығы, біртекті қоғамдық қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық біртекті мүліктік және мүліктік емес қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын атқаратын. Экологиялық құқықтық пәні эқологиялық құқық нормаларының табиғатты, қоршаған ортаны ластаудан қорғауда біртекті қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды.
Құқықтық реттеудің тәсілі дегеніміз құқық нормаларының қоғамдық қатынастарға әсер ететін тәсіл, амалдардың жиын¬тығы. Мұны қалай түсінеміз? Мысалы, кейбір құқық нормалары қоғамдық қатынастарды реттеуде заңның негізінде бір мемлекеттік органға билік жүргізуді жүктейді. Бұл тәсіл билік жүргізу тәсілі деп аталады. (метод властвования). Негізінде бұл тәсіл әкімшілік құқық саласында пайдаланылады, атқарушы — орындаушы органдар мен сот, прокуратураны да қамтиды. Ал, азаматтық құқықтық реттеу әдістемесіне диспозитивтік, яғни тең құқылық сипат тән. Азаматтық құқықтық қатынасқа түскен субъектілерге заң шеңберінде тең құқылық және бір-біріне өз еріктерімен қатынасқа түсуге құқы береді.
Құқықтық жүйе негізінде құқық нормаларынан, құқықтық институттардан және құқықтық салалардан тұрады.
1) Құқықтық нормалар — құқық институттарын құрайды;
2) Құқықтық институттар дегеніміз арнайы айшықталған қоғамдық қатынастарды реттейтін біртекті, біркелкі нормалар¬дың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық саласындағы меншік құқық институты немесе мәміле, міндеттемелік институттары. Қылмыстық құқықтағы жаза институты және т.б. Басқа құқық салалары да осындай көптеген институттардан қалыптасады.
3) Құқық саласы дегеніміз біртекті құқықтық нормалардан қалыптасқан және қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық нормалары мен институттар негізінде құқық салаларын қалыптаст
Құқық салалары материалдық және процессуалдық болып көрінеді. Материалдық құқыққа конституциялық, әкімшілік, азаматтық, отбасы, еңбек, қылмыстық сияқты құқық салалары жатады.
Процессуалдық құқық мемлекет бекіткен, қабылдаған материалдық құқық нормаларын қолданудың, іс жүзіне асырудың арнайы тәртіптерін бекітеді. Оған азаматтық іс жүргізу құқы, қылмыстық іс жүргізу құқы жатады.
Жеке құқық деген адамдар мен ұйымдардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жүйесі. Оның құрамына азаматтық, отбасы, еңбек тұрғын үй сияқты құқық салалары қіреді. Жеке құқық негізінде тұлғалардың жеке корпоративтік мүдделерін қанағаттандыру мақсатын көздейді, тең құқылық негізінде диспозитивтік нормалармен реттеледі және құқықтық қатынастар жасалған шарттар негізінде қалыптасады.
Жариялық құқық — жалпы мүдде мақсатында мемлекеттік билік пен басқарудың қызметтерін іс жүзіне асырудағы тәртібін бекітетін нормалар жүйесі. Бұл құқық саласына қонституциялық, әқімшілік, азаматтық және қылмыстық іс жүргізу құқықтары жатады. Жариялық құқық қоғамдық, мемлекеттік мүдделерді қанағаттандырады, жеке адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, императивтік нормалар басымдық танытады, жаза қолдану, айып салу кең етек жайған.
Заң әдебиетінде сонымен қатар құқық салаларын негізгі және комплекстік құқық деп бөліп қарауды ұсынып жүр. Бұл пікірді қолдайтын негізгі құқық салаларына конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқықтарын жатқызады. Ал, комплекстікке экологиялык, теңіз, ғарыш, кәсіпкерлік, жер, қаржы сияқты құқық салаларын кіргізеді. Комплекстік құқық саларында өздеріне тән құқықтық реттеу тәсілдері болмайды. Сондықтан кейбір құқық салаларын қомплекстік деп қарау қабылданған аксиомаға карсы келеді. Қазақстан Республикасында көптеген құқық салалары қалыптасқан. Материалдық құқық салаларына мыналар жатады:
1) Конституциялық құқық – мемлекетте билікті ұйымдастыру, оның құрылымын адам құқықтары мен бостандықтарын бекітететін және басқа ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін ең негізгі, бастапқы мәртебеге ие нормалардың жиынтығы. Конституциялық құқық барлық құқық салаларының қайнар көзі және ядросы болып саналады.
2) Әкімшілік құқық атқарушы — орындау және басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік құқықтық нормалардың жиынтығы. Әкімшіліқ құқықтың нормалары әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін, субъектілердің жауапкершіліктерін және министрліктердің, атқарушы органдардың құзыры мен құрылымдарын анықтайды.
3) Азаматтық құқық — мүліктік және онымен байланысты мүліктік емес қоғамдық қатынастарды реттейді. Оның конституциядан кейінгі қайнар көзі – азаматтық кодекс болып табылады. Негізінде Азаматтық құқыққа диспозитивтік реттеу тәсілі тән.
4) Қылмыстық құқық – қоғамға қауіпті қылмыстарды белгілеп, жаза қолдануды айқындайтын және қоғамдық қатынастарды қылмыстық әрекет немее әрекетсіздікпен қорғайтын нормалар жиынтығы. Қылмыстық құқықтың негізі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі болып табылады.
5) Отбасы құқы — неке және отбасы қатынастарын реттейтін нормалардын жиынтығы. Отбасы құқы некеге тұрудың шарттары мен тәртібін, ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттерін, олардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін, бала асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастарын, азаматтық хал актілері сияқты қатынастардың реттелу тәртіптерін бекітеді.
6) Еңбек құқы – жұмыскер мен жұмыс беретін мекемелер, фирмалар, қәсіпорындар мен корпорациялардың арасындағы еңбек етуге байланысты қалыптасқан қатынастарды реттейді.
7) Экологиялық құқық — табиғат пен қоршаған ортаны адамның жағымсыз қимыл-әрекеттерінен қорғау барысында қалыптасқан қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
8) Қаржы құқы — мемлекеттік органдардың қаржы-қаражат жинау қызметінен туындайтын және оларды қоғам қажеттілігіне бөлу қатынастарын реттейді.
9) Салық құқы — мемлекет пен салық төлейтін субъектілердің бюджетке қаржы жинау арқылы кіріс келтіретін қоғамдық қатынастардың нормаларымен реттелуі.
10) Жер құқы — жерге меншік құқын іс жүзіне асыру, оны қорғау және басқару барысында туындайтын қоғамдық қаты¬настарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Процессуалдық құқық салаларына азаматтық іс жүргізу құқы және қылмыстық іс жүргізу құқықтары жатады. Азаматтық іс жүргізу құқы сот өндірісінде іс қарау тәртібін реттейтін құқық саласы. Бұл құқық саласы азаматгық және еңбек дауларын қараудың тәртіптерін белгілейді. Қылмыстық іс жүргізу құқы жасалған қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғау, тергеу және сотта қарау үрдісі қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында халықаралық құқық пәні оқытылады және мемлекетте пайдаланылады. Ха¬лықаралық құқық дегеніміз мемлекеттер арсындағы қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Оның қайнар көздеріне халықаралық келісімшарттар, конвенциялар жатады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бой-ынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады», деп атап көрсетілген.
3. Құқықтық жүйе және заңнама жүйесі
Заң әдебиетінде қабылданған және орныққан ереже, аксиома бойынша негізінде құқықтық жүйе құқықтың ішкі құрылымын білдіреді және объективтік сипатқа ие. Себебі, құқық са¬лалары адамның санасынан тыс өмір сүреді және нақтылы қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқықтық жүйе жеке адамның қалауымен болмайды, өмірдің, құқықтық реттеудің талабына, қажеттілігіне сай қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау функцияларын атқарады және салалардан, институттардан тұрады.
Ал, заңнама жүйесі құқықтың қайнар көзінің формасы ретінде субъективтік сипатқа ие, заң шығарушының еркіне тікелей байланысты. Осыған байланысты заңнама жүйесі заң ғылымында екі мағынада түсіндіреледі:
1) Кең көлемде. Бұл қөзқарас, пікір бойынша заңнама жүйесінің құрамына Парламент шығарған кесімдер мен заңға сәйкес қабылданған басқару органдарының кесімдері (қаулылар, өкімдер, ережелер, бұйрықтар, шешімдер) кіреді, құрамдас бөлігі ретінде танылады.
2) Тар көлемде. Бұл қөзқарас бойынша заңнаманың құрамына тек ғана заң шығаратын — Парламенттің шығарған кесімдері – заң және оның қаулылары кіреді. Басқа мемлекеттік бас¬қару, атқарушы органдардың кесімдері кіруі тиіс емес.
Екі көзқарастың қайсысы дұрыс? Біздің ойымызша заңнама жүйесін қең көлемде түсіну Парламент шығарған заңның беделін түсіреді, оның басқа нормативтік құқықтық кесімдерден жоғары екендігін әлсіретеді. Атқарушы, орындаушы органдарға заңнаманы кең көлемде түсіну пайдалы, себебі, барлық қызметтерін заңның атымен байланыстырып қарайды. Бұл көзқарас заңның басқару органдарының кесімдерімен, бұрмалануына тікелей жол ашады. Заңды қолдану орнына ереже, нұсқауларды пайдаланады, заңсыздыққа жол беріледі. Кеңес дәуірі кезінде «Заңнама жүйесі деген заңдардың және заңға сәйкес қабылданған кесімдердің жиынтығы» деген қағида үстемдік етті. Мысалы, сол көздегі азаматтық кодексте сатып алушы тауардың сапасыз екенін байқаса, оны сатушыға қайтарып, ақысын алуға құқы бар деген норма болды. Бірақ, азаматтардың бұл құқықтарын іс жүзіне асыру өте қиынға соқты. Сауда министрлігі өз тарапынан бірнеше ережелер қабылдап, Кодекстің талаптарын жоққа шығарған. Ал, Мемлекеттік қауіпсіздік коми¬теті, Ішкі істер министірлігі заңға қарама-қайшы келетін ережелер мен бұйрықтарды лек-легімен қабылдап жатты.
Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырды. Міне, сондықтан да заңнама жүйесіне тек ғана Парламент шығарған заңдар мен басқа кесімдері ғана кіруі қажет. Сонда ғана қоғамда, мемлекетте заңның үстемділігі орнайды. Ал, басқару органдарының қабылдаған кесімдері заңнама жүйесіне еңбеуі қажет…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!