Реферат: Құқық | Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

0

Құқықтық сана – қоғамдық сананың формасы. Құқықтық сананың ұғымы

Философияда қоғамдық — сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеялар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып қарағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, этникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1 . Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әр түрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, теңдіқ, бостандық. (Мысалы, б.ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ. дейінгі I — II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер.) Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық құқық¬тық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлерімен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы не прогрессивтік, не регрессивтік, не конформистік, не ниглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдардың мемлекеттегі заңдарға, құқыққа олардың қағидалары мен мәніне әділсотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы.
Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағдарысқа ұшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:
1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.
2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.
3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигнлистік көзқарас қалыптастырады.
4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.

2. Құқықтық сананың құрылымы

Құқықтық сана мемлекет және құқық теориясының негізгі категориясы ретінде және күрделі, ең маңызды институты болғандықтан өзіне тән құрылымға ие. Заң әдебиетінде құқықтық сана дәстүрлі қағида бойынша екі құрылымға бөлінеді: құқықтық идеология және құқықтық психология.
Құқықтық идеология деп қоғамда жоғарғы деңгейде бейнеленген құқықтық көзқарастар, идеялар және теориялардың ғылыми негізде жүйеленген жиынтығын айтады. Құқықтық идеологияның өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық идеология негізінде мемлекеттің жүргізген саясатының негізінде қалыптасып билікке ие болған ұлттың, таптардың, топтардың мүдделеріне тікелей байланысты болып қалыптасады. Мысалы, Кеңес мемлекетінің жеке меншікті тәркілеу саясаты, бір ғана идеологияны қалыптастыру, коммунистік партияның диктатурасын орнату, еркін пікір, плюрализмге жол бермеу, жаппай репрессия қолдану сияқты саясаты қоғамдағы құқықтық идеологиядан да өзінің шешімін тапты. Соның нәтижесінде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары оның жүргізген саясатының әсерінен «пролетарлық құқықтық сана» құқықтың қайнар көзіне айналды.
2. Құқықтық идеология тікелей немесе жанама болса да қоғам¬дық және жеке адамның санасынан орын тебеді.
3. Құқықтық идеология мемлекетке жүргізілген саясатқа байланысты халықтың санасына гуманистік-демократиялық, реакциялық немесе діни ұстаным, бағыттарды міндеттеуі мүмкін. Сондықтан саяси процестер мен кақтығыс, шиеленістер әрқашан құқықтық идеологияға тікелей әсерін тигізіп отырады.
Кұқықтық психология дегеніміз әлеуметтік топтардың, страттардың, жеке адамдардық құқық пен құқықтық құбылыстарға деген сезімдерінің, хал-ахуалдарының негізінде стихиялық түрде пайда болатын жиынтығы. Құқықтық психология мы¬нандай сипаттармен ерекшеленеді:
1. Құқықтық психология жеке адамдардың, топтардың, страттардың күнделікті өмірлері мен қызметтерімен сырттан қабылдаған ақпарат негізінде қалыптасады және қоғамдағы өзгерістерге байланысты өздерінің пікірлерін мінез-құлық арқылы білдіріп отырады. Мысалы, нарықтық қатынастарда бағаның күрт өсуі құқықтық психологиядан лезде көрініс табады, наразылық білдіріледі. Немесе емтихан тапсырған студенттерден оқытушы пара алса, бұл қылмыстық әрекет шәкірттердің құқықтық психологиясына кері әсерін тигізеді.
2. Құқықтық психология негізінде заңдылықтың даму қағидасы бойынша құқықтық идеологияға жанасу бағытын көздейді. Себебі құқықтық идеология кең, қоғамның барлық саласына әсер етеді.
3. Құқықтық психология әр адамның санасының ажырамас бөлігі, тыныс-тіршілігінің көрінісі болса, құқықтық идеология¬ны қоғам, жалпы мемлекет қабылдаған.

3. Құқықтық сананың түрлері

Құқықтық сана субъектілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді:
1. Дербес Құқықтық сана — жеке адамның ішкі сезімінен туындайтын құқыққа және оның қағидаларына деген көзқарастары мен қатынастары.
2. Топтық (корпоративтік) құқықтық сана — қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің кызметтері мен мүдделеріне бай-ланысты қалыптасқан сана. Бұл сана негізінде адамдардың мамандықтарына байланысты қалыптасады. Мысалы, мұғалімдер, фермерлер, бір партияның мүшелері, қозғалыстар және т.б. ұжым біріктірген адамдардың топтары.
3. Қоғамдық құқықтық сана — белгілі бір мемлекетте немесе жалпы қоғамда бастапқылық дәрежеде бүкіл социум мүшелері мойындаған сананың түрі: қоғамдық құқықтық сана өз дәрежесінде билікті тұрақтылықта қамтамасыз етуі мүмкін. Сонымен қатар адамдардың сана наразылығы бақылаудан шығып, қақтығыстар мен шиеленістерді қалыптастыруы әбден мүмкін. Қоғамдық құқық сананың тұрақтылықта болуы көп жағдайда мемлекеттегі материалдық жағдайларға тікелей байланысты.
4. Жасөспірімдердің құқықтық санасы — жас ерекшеліктеріне, кәмелетке толмағандығына байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар сана. Бұл сана жасөспірімнің организмі қалыптасып, жетілу кезеңіндегі ерекшеліктерден туындайды. Құқықтық тәрбие барысында осы өлшемдер міндетті түрде ескеріледі.
5. Студенттердің құқықтық санасы — жоғарғы білім алу ба-рысында қалыптасатын сана. Бұл сананың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
а) Болашақта құқықтық белсенділікті қалыптастырудың іргетасы қаланады, азаматтық ұстаным және патриотизм рухы қалыптасады.
ә) Саяси процестерге тартылып, сана болмысы шыңдалады. Бұл көрініс негізінде ірі қалаларда (Алматы, Астана) білім алу барысында іс жүзіне асырылады.
б) Құқықтық сана білім алу сапасының төмен деңгейіне, сауатсыздығына байланысты маргиналдық (шетте қалу) деңгейінде қалып қоюы мүмкін. Бұл сана формасын ұялаған субъектілер Американың социологі Р.Парлатовтың айтуынша мазасыз, агрессилші, өзін ғана құрметтеуші, сезімтал, жасқаншақ, эгоцентристік қасиет мінездерімен сипатталады.
6. Отбасылық құқықтық сана — негізінде отбасы, ошақ қасында некелік қатынастардан туындайтын және бір жанұяның дәстүрлік салт-санасымен қалыптасады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Бала тәрбиесі бесіктен», «Мейірімділікті анадан үйрен, әділдікті данадан үйрен» және т.б.
7. Әйелдердің құқықтық санасы – әйел заты ағзаның биологиялық процестерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасатын сана нормасы. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, психологиялық әдебиеттерде көп жазылған.
Сонымен қатар құқықтық сана деңгейі (білімі) бойынша эмпирикалық, (кәдімгі) кәсіби және доктриналдық (ғылыми) болып саналады.
Эмпирикалық сана адамға сырттан қабылдаған ақпарат негі¬зінде қалыптасады, теориялық тексеріске шалдықпай бағаланады. Сондықтан көп жағдайда бұл сана формасы дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, дау-дамай, жанжал, қайшылықтар тудыруы әбден мүмкін. Мысалы, сот отырысының залында отырған адамдар судьяның шығарған үкіміне наразылықтарын білдіреді. Ал, шынына келгенде үкім әділетті және заңды. Юриспруденциядан мүлдем бейхабар адам теориялық білімсіздіктен, іспен таныс болмағандықтан қызуқандылық негізінде әділетсіз деп бағалады.
Кәсіби сана — арнайы білімі бар заңгерлердің немесе арнайы дайындықтан өткен мамандардың кәсіби қызметтеріне байла¬нысты құқыққа деген көзқарастары мен идеялары.
Кәсіби сана арнайы білім деңгейі арқылы қалыптасады.
Доктриналдық сана — юриспруденция саласында ғылыми жұмыстармен шұғылданып, заң ғылымында идея, тұжырымдама ұсынған құнды еңбектер жазған заңгерлердің санасы. Доктриналдық сана құқықтық сананың ең биік шыңы және қоғамның құқықтық ақиқатына баға беріп, болашақтағы құқықтық дамудың теориялық негізін қалыптастырады, тәжірибеден озық болады. Болжау, көргенділік таныту — доктриналдық сананың ең негізгі мақсаты.

4. Құқықтық сана және құқық қолдану
Құқықтық сана құқық қолданумен тікелей байланыста және ара қатынастары өте тығыз. Құқық қолданатын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға құқықтық сана деңгейін пайдалана отырып өз құзыры шеңберінде арнайы нормативтік-құқықтық кесімдер, шешімдер, үкімдер, бұйрықтар шығарады. Бірақ, құқықтық сананың негізгі идеялары қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларда бекітілген, жарияланған. Сонымен қатар құқық салаларында көрсетілген қағидалар құқықтық сананың негізгі талаптары болып саналады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы: «Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақ¬ты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады». Бұл норма судьяны істі «жан-жақты», «толық» қарауға міндеттеп тұр және заң судьяға дәлелдемелерді «өзінің ішкі сенімі бойынша» бағалауға, бұл күрделі жағдайда тек «Заң мен ар-ұятты басшылыққа алуды» міндеттеп тұр. Құқық қолдану барысында да, яғни әділ шешім қабылдау үшін судья заңға бағынып, ар-ұяттың негізінде шешім шығару тиістігі көрсетілген. Ал, әділеттілік әрқашан жоғары, кәсіби дәрежедегі құқықтық сананың қалыптасуын талап етеді.
Сонымен катар құқықтық сана құқықтың өзіне де тікелей әсер етеді. Оның мұндай қасиеттері саналық әсер мынандай көріністерден байқалады:
1. Құқықтық сана құқық нормаларының орындалуын тікелей қамтамасыз етеді. Құқықтық сана неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым құқық бұзушылықтың динамикасы төмен.
2. Қоғамда азаматтардың құқықтары міндеттерімен тікелей байланысты. Құқықтар мен бостандықтарды бір-бірінен еш уақытта бөліп қарауға болмайды. Құқықтық сана әрқашан аза¬маттардың конституциялық міндеттерін бұлжытпай орындауды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Конституцияны сақтауға, салық төлеуге, отанды және табиғатты қорғауға міндетті. Сондықтан барлық жағынан алып қарағанда құқықтық сана заңдылықты нығайтудың берік кепілі ретінде танылады.
3. Құқықтық сана құқық нормаларының мәнін, мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. Құқық қолданатын субъект құқықтық сана мүмкіндігін пайдалана отырып, құқық нормасының мәнін ұғынады, содан кейін ғана оның мазмұнын түсіндіру, қолдану құқына ие болады. Мысалы, тергеуші, судья нақтылы іс бойын¬ша жасалған қылмысты дәлелдемелер арқылы анықтап, Қылмыстык кодекстің нормасын қолданады. Бұл күрделі және асқан жауапкершілікті талап ететін әрекет болғандықтан құқықтық сананың іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалаудағы рөл өте зор. Сондықтан Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 25-бабы мынандай норманы бекітеді: «Судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдеме¬лерді қаралған дәлелдемелердің жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда заң мен ар-ожданды басшылыққа алады» ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз