Реферат: Құқық | Құқықтың негізгі тарихи типтері қағидалары және функциялары

0

Феодалдық типтегі құқық. Феодалдық құқық құл иеленуші мемлекет күйрегеннен және жер бетінің кейбір аймақтарында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін пайда болған құқықтық жүйе. Феодалдық типтегі құқықтық жүйе феодалдық мемлекеттің саясатын, билігін бекітетін нормалардың жиынтығы. Оның өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
— Феодалдық типтегі құқық феодалдардың саяси билігін, еріктерін жариялады, жерді феодалдардың жеке меншігі ретінде таниды. Жері жоқ шаруалар тобын феодалдарға тәуелді етеді.
— Феодализм дәуірі оның құқықтық жүйесін сословиелік қағида негізінде қалыптастырады. Қоғамдық саяси қатынастардың барлық салалары адамдардың мүліктік артықшылық пен ерекше пұрсаттылық қасиеттерімен айқындалады. Мысалы, «Русская правда» заңы бойынша боярлар табының мүліктері өлгеннен кейін, егер ұлдары жоқ болса, қыздарына өтетін бол¬са, шаруалар сондай жағдайларға душар болғанда меншіктері боярға тиісті болып, қыздарына аз ғана бөлігі мұрагерлікке берілген.
— Феодалдық типтегі құқық діни мағынамен сипатталынады және ерекшеленеді. Дін мемлекеттің барлық істерінде басшылық рөл атқарады, билік жүргізуде, әділ сот ісіне шіркеу тікелей араласады, діни нормаларды бұзу құдайға қарсы шығумен тепе-тең бағаланады.
— Ерекше қаталдығымен айрықша көзге түседі. Шіркеу соттарында инквизиция процесі арқылы өлім жазасын қолдану кең етек жаяды, тергеу және соттарда қаралған істер бойынша азаптауды қолдану өмірдің заңына айналады. Отқа өртеу, басын шабу, қинап өлтіру сияқты жазалар кең қолданылады. Жанна д-Арк, Джорданно Бруно, Николай Коперник, Ян Гусь сынды қайраткерлер көзқарастары үшін өртке салынады.
— Феодалдық кұқық негізінде партикулярлық сипатқа ие. Мемлекет ішіндегі герцогтер, княздер, барондар иелік еткен жерлерінде өз мүдделеріне сай әдет-ғұрып құқық жүйелерін қалыптастырған. Бір аумақтың заңдары бір аумақтың заңдарына сәйкес келмейді, мемлекетте жүйеленген заңнама жоққа тән.
3. Буржуазиялық құқық. Феодализмдегі қалыптасқан қоғамдық қатынастардын дамуы XVI- XVIII ғасырлардың аралығындағы Еуропада ірі буржуазиялық революцияларының болуына әкеп соқтырады. XVI ғасырда Нидерландияда, XVII ғасырда Англияда, 1789 жылы Францияда феодалдық мемлекеттің ескірген, даму заңдылығын тежеген институттары мен құқықтық жүйелері революциялық жолмен жойылып, буржуазиялық тип¬тегі мемлекет және құқық жүйесі қалыптасты. Ұлы Француз революциясы жарияланған «Адам және азамзат құқықтарының декларациясы» өзінің бірінші бабында: «Адамдар дүниеге еркін және кең құқылы болып келеді. Қоғамдық айырмашлықтар тек қана жалпы пайдаға негізделуі мүмкін», — деген қағиданы жариялап, буржуазиялық типтегі құқықтың негізгі идеясын дүние жүзіне паш етті. Екіншіден, буржуазиялық құқық жеке меншік құқын ең қасиетті деп жариялады, оған қол сұғу қоғамдық пікірмен қатты айыпталуымен қатар, қатаң түрде жазаланады. Жоғарыда көрсетілген Декларацияның 17-бабы мына норманы бекітті: «Меншік қол сұғылмайтын және қадірлі құқық болғандықтан ешкім одан айыра алмайды, айыру тек ғана заң, тәртіп бойынша күмәнсіз қоғамдық қажеттілік үшін, әділетті және алдын-ала орын толтырған жағдайда іске асырылады». Үшіншіден, қанаушылыққа қарсылық білдіруді адамдардың табиғи және ажыратылмайтын құқықтары екені қағида ретінде жарияланады. Аталмыш саяси құқықтық идеялар кейініректе дүние жүзі мемлекеттерінің басым көпшілігінде жарияланады.
Буржуазиялық типтегі құқықтың мынандай ерекшеліктері бар:
1. Буржуазиялық құқық капиталистік өндірістік қатынастар¬ды реттеуге бейімделген құқық. Бұл бағытта буржуазиялық құқық өзінің қоғамдық қатынастарды реттеу барысында көптеген ежелгі Рим құқының институттарын енгізеді.
2. Буржуазиялық құқық феодалдық құқық бекіткен сословиелік айырмашылықтарды жояды. Барлық адамдардың, заң алдында тең құқылығын жариялайды. Азамат деген ұғымды енгізеді. Ұлы француз революциясы жариялаған «Адам және азамат құқықтарының декларациясының» 6-бабы салтанатты мағынада: «Заң — жалпының еркін білдіру. Барлық азаматтар оны жасауға тікелей өздері немесе өкілдері арқылы қатысуға құқықтары бар. Ол қамкорлық жасағанда да, жазалағанда да бәріне тең болуы тиіс. Барлық азаматтардың заң алдындағы тендіктеріне байланысты бәріне қоғамдық лауазымға қолдарының жетулеріне теңдік дәрежесінде жол ашық…», —деп жа-риялады.
3. Буржуазиялық құқық жариялылық және жеке болып бөлінеді. Жариялылық құқық билік, басқару жүйесінде қалыптасқан қатынастарды реттеу функциясын іс жүзіне асырады, ал жеке құқық болса, азаматтардың меншікті иемделу, пайдалану және билеуден туындайтын қатынастарды реттейді. Құқықтың жариялылық және жеке болып бөлінуі буржуазиялық құқықтың тиімділігін арттырады, оның реттеу мүмкіншілігінің қең, ауқымды екенін аңғартады.
4. Буржуазиялық құқық шарттардың, келісімдердің еркіндігін салтанатты түрде жариялайды, олардың орындалуы мен қамтамасыз етілуі қастерлі болуын қамтамасыз етеді. Бұл талап ежелгі Рим құкы калыптастырған «Pacta sunt servanda» (Шарттар орындалуы тиіс) қағидасын дамытудын үлгісі.
5. Буржуазиялық құқық прогрессивтік сипат мазмұнда «заңда көрсетілмеген әрекет қылмыс бола алмайды» принципін жария¬лайды, яғни тек мемлекет тарапынан бекітілген қылмыстың түрлері ғана қылмыс деп танылады.
4. Социалистік құқық 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес мемлекеті қалыптастырған тарихи типтегі құқық. Социалистік кұқық Кеңес мемлекеті орнатқан саяси режим мен коммунистік партияның диктатурасын бекіткен нормалардың жиынтығы. Социалистік құқық буржуазия жариялаған құндылықтарды жоққа шығарады, барлық тарихи типтегі құқықтарды үстем таптардың заңға айналдырылған еркі деп жариялайды, қанаушылық функция атқарады деген айдарлар тағылады. Ал, Социалистік құқық ең жоғарғы типтегі құқық деп жариялана¬ды. Социалистік құқыққа тән мынандай ерекшеліктер бар:
1. Социалистік құқық буржуазиялық құқықты мүлдем жоюдың нәтижесінде орнатылады. Сондықтан оның мәні мен мазмұны репрессиялық нормалардан қалыптасады. Мысалы, сайлау құқынан айыру, меншікті тәркілеу, адам құқықтарының теңсіздігін ашық түрде бекіту және т.б.
2. Социалистік құқық барлық өндірістік құрал-жабдықтарға мемлекеттік меншік құқын бекітеді. Жеке меншікті «буржуазиялық, халықты қанауға бағытталған» деген желеумен өнді¬рістік қатынастардан мүлдем ығыстырылады. Жеке меншік құқы мемлекеттің қас жауы ретінде бағаланды.
3. Мемлекеттік билік жүргізуде жұмысшы табының және оған басшылық жасайтын коммунистік партияның үстемдігі жарияланады. Партияның құжаттары мен қаулылары барлық ұйым, мекеме, кәсіпорындарға және жеке адамдарға міндетті.
4. Социалистік құқық құқықтық мемлекет қағида ретінде жарияланған плюрализмге еш уақытта жол бермейді. Мемлекетте коммунистік идеологияның үстемдігі жарияланады. Жеке адамның ой-пікірі, қимыл-әрекеті тек қана коммунистік идеологияға сәйкес болуы тиіс. Еркін пікір, сөз айтуға цензура арқылы тыйым салынады.
5. Социалистік құқық нарықтық экономика заңы қалыптастырған еркін бәсекелестікке тыйым салады. Бүкіл мемлекет көлемінде жоспарлық экономикалық қатынастарды ғана бекітеді. Түйме шығарудан ғарыш кемелерін жасауға дейін барлығы құқық негізде жоспарланады. Жоспар заң мағынасымен бірдей ұғымда бекітіледі. Бекітілген жоспарды орындамау қылмыстық жауапкершілікті тудырады.
6. Социалистік құқық пролетарлық интернационализм желеуімен ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, дамытуға тыйым салады, тілдердің дамуын тежейді. Мысал ретінде айтып кететін болсақ, егер XX ғасырдың 20-жылдарында Ресей Кеңестік Социалистік Федерациясында 200-ге жуық тілде сөйлейтін этностар болған болса, 1979 жылға жүргізілген санақ бойынша 92 ғана ұлттардың қалғаны анық болған. Бір сөзбен айтқанда Кеңес өкіметі 108 ұлттардың тілін, этностық қасиеттерін жойып жіберді. Польшада кашубтар деген этностық топ жойылды. Дағыстандағы андин, ботлихтар, чамалдар, цездер, гуизабтар сияқты халықтардың тілдері мүлдем жойылды.
7. Социалистік құқық экономиканың нарықтық қатынастарға тәуелді заңдарын тас-талқан етіп, оның орнына мемлекеттің этатистік үстемдігін орнатады. Бұл процесс мемлекеттік биліктің бақылаусыздығына, құқықтық реттеуге бағынбаушылыққа әкеп соқтырады. Мақсатка сай келетін шешім қабылдау заңсыздыққа, бассыздыққа және құқықтық қағидаларға қайшы келетін субъективтік әрекеттерге кеңінен жол ашады. Субъективизм мен волюнтаризм құқық жүйесінің негізін қалыптастырады.

2. Құқықтың қағидалары (Принциптері)
Құқық теориясында құқық қағидасы (принципі) деп қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің қалыптасу және құрылуының, мәнінің негізгі идеяларының жиынтығын айтады. Зерттеуші Л.Р.Сюкияйненнің тұжырымы бойынша «құқықтың қағидалары — құқық құндылықтары болып табылады».
Құқықтың қағидалары құқықтың мазмұнын, мәнін және ерекшеліктерін айқындайды. Құқықтық сананың элементтеріне жатады. Халық құқық қағидаларын тану және оған сену арқылы әділеттілікті, әділ сотты бағалайды. Заң ғылымында құқықтың қағидалары мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Халық билігінің баяндылығы. Бұл қағида Қазакстан Республикасының Конститутциясының 3-бабында мына мағынада бекітіледі:
1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық.
2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Респуб¬лика Президентінің, сондай-ақ өзінің Конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
2.Демократизм. Қазақстан Республикасында құқық адам және азаматтардың бостандықтарына барлық жағдайлар жасайды, демократияның барлық басқару тетіктеріне құқықтық жүйеде пайдалану арқылы халықтың мүдделерін қорғауды паш етеді, құқықтарының тиімді түрде іс жүзіне асуына барлық мүмкіндіктерді жасайды.
Біздің мемлекетімізде құқықтың демократизм қағидаларының іске асырылуы үш бағытта жүргізіледі:
а) Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шеңберін кеңейту.
ә) Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын Конституциялық талаптарға сай дамыту, азаматтық қоғамның толыққанды дәрежеде қалыптасуына мүмкіндіктер жасау.
б) Демократиялық институттардың шеңберін кеңейте отырып, өмірдің барлық саласында заңдылықты нығайту. Заңды орындау барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қажеттілігі болуы тиіс. Заң бұрмаланған қоғамда лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар халықтың бақылауынан тысқары қалады, бюрократия күшейіп, адам құқықтары аяққа тапталады.
3. Барлық адам және адамзаттардың заң алдындағы тең құқылығы. Ешкім ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік тегіне, дініне, тіліне, жынысына қарамастан кұқық нормалары талабы шеңберінде артық деп танымайды. Лауазымдарға ие болу жеке Адамдардың кабілеттеріне ғана сай дәрежеде іске асырылуы тиіс.
Атап айтқанда қазақ елінің көсемі «Ахмет Байтұрсынов мемлекетте ең маңызды мәселе ретінде жеке адамдардың құқықтық теңдік идеясын нақтылы практикада іс жүзіне асуына ерекше көңіл бөледі. Заң алдында барлық адамдардың ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, лауазымына қарамастан тең екенін, бір-бірінен жоғарғы санатта болуына үзділі-кестілі қарсылык білдіреді. Адамдардың барлығы, туғаннан бастап тең болғандықтан кім болса да «низамнан (заң мағанасында — С.Ө.) күшті емес» — дейді Ақаң. Бұл идеяның мағынасынан біз құқықтық мемлекеттерде жарияланған табиғи құқық идеясының, яғни жеке адамның дүниеге келген сәтінен бастап заң, құқық алдында тең болу принципіне сай келеді. Ойшылдың ойынша жеке адамның та¬биғи құқы саясаттың кұралы болуға тиіс емес, керісінше, саясат тарихи творчестволық әрекет ретінде өзінің барлық бағдарламасын, дерективаларын табиғи құқық идеясына сай жүргізуге міндетті. Құқықтық мемлекеттің негізгі талабы осы».
4. Гуманизм. Адамгершілік қасиетінің асқақтауы ең жоғар¬ғы құндылықтар санатына көтеріледі, табиғи құқықтардың позитивтік құқықта орын тебуі. Гуманизм негізінде адам құқықтарын ең қастерлі құндылықтар санатына жатқызады және оның іс жүзіне асырылуы 3 мәселені қамтиды: Біріншіден, адамгершілік идеяның құқықтың барлық саласына енуі. Екіншіден, мемлекеттің күш қолдануы ереже, кек алу емес, кері¬сінше, тек қана қажеттіктен туындайды, келтірілген зиянды зардаптардың орнын толтыру, болашақта алдын алу үшін пайдаланылады. Осы бағытта жасалған қадамдардың ең бастысы ретінде өлім жазасын қолдануға мораторий жариялау болып табылады. Үшіншіден, құқық бұзушылық жасаған субъектілерге кінәлілерінің ауырлығына байланысты қажетті жазаны тағайындау. Гу¬манизм қағидасы құқықтық мемлекет құру барысында адамдар діни нормаларды кеңінен қажеттікке жаратады, оларды саналы дәрежеде орындау, іске асыру арқылы, ұлы Абай айтқан имани гүлді қалыптастрады. Бұл ең жоғарғы дәрежедегі гуманизм алланы сүю, оны жаратқан адамды және пендешіліктен арылып, әділеттілікті сүю.
5. Әділеттілік. Қабылданған құқықтық нормалар әділеттілік сипаттарға ие болулары қажет. Әділеттілік — құқықтың іргетасы. Бұл қағиданы құқықтық реттеудің барлық саласына енгізу мына бағытта іс жүзіне асады:
а) Мемлекет байлығы әділеттілік құқықтың талаптар негі¬зінде азаматтардың қоғамға қосқан еңбек, үлесіне қарай бөлінуі тиіс. Артықшылық тек халыққа сіңірген еңбегіне қарай ғана берілуі мүмкін.
ә) Әділеттілік тек қана заңдылық негізінде іс жүзіне асады. Заңды орындау әркімнің азаматтық борышы, оны бұрмалау әділеттілікті аяққа таптау.
б) Әркімнің кінәсіне қарай заң алдындағы тең жауаптылығы.
6. Адам құқықтары мен міндеттерінің біртұтастығы. Құқықтар мен міндеттерді еш уақытта бөліп қарауға болмайды. Бұл екі ұғым бір-бірінен ажырамайтын, біртұтастық мағынаны білдіреді. Адам құқықтары мен міндеттерін бөліп қарау әділетсіздік пен заңсыздыққа жол ашады.
7. Сендіру мен мәжбүр етуді үйлестіру. Құқықтық реттеудің негізгі қағидалары ретінде қоғамда кеңінен пайдаланылатын талап. Қалай болған жағдайда да, адамды ең алдымен сендіру қажет, тек бұл жағдайда тиімді нәтижелер болмаған жағдайларда ғана мәжбүр ету шаралары қолданылады. Сендіру құлықтылық (мораль), әдет-ғұрып нормаларын қолдану негізінде болатын болса, мәжбүрлеу шаралары заңнама негізінде іс жүзіне асырылады. Құқықтық мемлекетте сендіру мен мәжбүр ету прагмативтік көзқарас негізінде тәжірибеде пайдаланылады….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!