Реферат: Құқық | Құқық нормаларын талқылау

0

Құқық нормаларын талқылаудың түрлері

Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар. 1. Субъектілері бойынша құқық нормаларын талқылау рес¬ми және ресми емес болып екі түрге бөлінеді.
1.Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субъектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы құқықтық кесім арқылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талқылаудын нәтижесі түсінік берілген құқық норманы қолдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада ұғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда қателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді.
2. Нормативтік талқылауда құқықтық норманы талқылаған түсініктің өзі бәріне міндетті нормаға айналады, көп рет қолдануға мүмкіндіктер туады. Мысалы, «Қазақстан Рсепубликасының нормативтік құқықтық актілер туралы заңында» заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылдаған органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар норма¬тивтік талқылаудың субъектісі болып әділ сот органдары, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар мен заңға сәйкес қабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге түсініктеме береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 81-бабында: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі Жоғарғы Сот органы бо¬лып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысанасында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады», — деп атап көрсетілген.
3. Казуальдық талқылау нақтылы каралған іс бойынша қолданылатын құқық нормаға түсінік беру. Мұндай талқылау негізінде құқық қолдану барысында арнайы құзырға ие органдардың шешімдері мен соттардың үкімдерінен, шешімдерінен өздерінің көріністерін табады, соттық және әкімшілік болып екі түрге бөлінеді.
II. Ресми емес талқылау заң күші жоқ, құқық нормаларын іс жүзіне асыруда құқық субъектілеріне міндетті емес түсінік беру. Мұндай талқылау кеңес берумен ғана шектеледі. Ресми емес талқылау мемлекет және құқық теориясында үш түрге бөлінеді: кәдімгі, кәсіби және доктриналдық.
1. Кәдімгі талқылау кез келген субъекттің өзінің білімі, деңгейі дәрежесінде қандай да болмасын заңға, оның нормаларына түсінік беруі. Мысалы, референдум барысында жеке адамдардың өз пікірлерін білдіруі.
2. Кәсіби талқылау құқық қорғау органдарының қолданылатын құқық нормалары бойынша азаматтарға, заңды тұлғаларға түсінік беруі. Негізінде қәсіби талқылауды арнайы заң мамандығы бойынша білімі бар субъектілер іс жүзіне асырады.
3. Доктриналдық талқылау заңгер ғалымдар мен ғылыми мекемелер жазылған мақалалар, монографиялар және коментарийлерде беретін талқылаулар. Бұл талқылаудың заңдарды жетілдіруде, олардың тиімділігін арттыруда, құқық нормалары¬ның кемшіліктерін жоюда үлкен рөл атқарады. Көрнекті заң¬гер ғалым Е.Б.Әбдірасұлов доктриналық талқылау туралы мынандай қорытынды жасайды:
«Біріншіден, доктриналдық талқылаудың субъектілеріне негізгі қызмет саласы ғылыми зерттеу болған ірі ғалымдар жатады.
Екіншіден, доктриналдық талқылаудың жеке субъекті ретінде ғылыми доктрина жасап, құқықты талқылау қызметінің нәтижесін шығаруды қамтамасыз ететін ғалымдардың тобын, бірге жұмыстарды орындайтын бірсыпыра ғылыми-зерттеу мекемелері мен институттарды бөліп айтуға болады.
Үшіншіден, доктриналдық талқылаудың жеке субъектілеріне ғылыми қызметтері өздерінің заң ұйымдары мен мекемелер, әр түрлі мемлекеттік органдармен байланысты заңгер-ғалымдарды жатқызуға болады.
Төртіншіден, құқық нормаларын доктриналдық талқылау субъектілері болып практика қызметкерлері табылады, егер олардың заңды талқылау қызметтері таза комментаторлық шығармашылықпен шектелмей, кәсіби интерпретация деңгейінен жоғары болса».
III. Тәсілдері бойынша құқық нормаларын талқылау тарихи-саяси, логикалық, арнайы-заңдық, жүйелілік, грамматикалық болып бөлінеді.
1. Тарихи-саяси талқылау нормативтік құқықтық кесімдердің қабылдануының тарихи жағдайларын түсіну арқылы олар¬дың негізгі мақсаттарын айқындап, танып білу және зерттеу.
2. Логикалық талқылау логиканың заңдарын пайдалана отырып, заң мәтінінде қолданылған ұғымдар мен категориялардың, құбылыстардың, бір бірімен байланыстарына, арақатынастарына талдау жасау арқылы түсінік беру.
3. Арнайы-заңдық (терминологиялық) заңнама шығарушы органның заң техникасын қолдану барысында пайдаланылған арнайы терминдерді түсіндіру, мазмұнын ашып көрсету. Мы¬салы, «әлсірету мақсатында жасалған», «ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер», «қылмыстық қоғамдастық», «ірі мөлшерде», «құнды заттар», «мүдделеріне елеулі зиян келтіру», «лизинг», «ипотека», «акцепт», «элемент», «регресс» және т.б.
4. Жүйелілік — құқық нормаларының институт, құқық салаларымен байланыстарын, алатын орындарын ұғыну арқылы тал¬қылау. Соның нәтижесінде талқыланған құқық норма басқа нормалармен салыстырылып, салалармен шектес екені айқындалады.
5. Граматикалық талқылауда құқық нормаларының мәтініне, сөз құрылыстарына талдау жасау арқылы оның мазмұнын ұғыну.
IV. Көлемі бойынша құқық нормаларын талқылау сөзбе-сөз, кеңейтілген және шектелген болып бөлінеді.
1. Сөзбе-сөз талқылауда құқық норманың мәтіні оның мазмұнын дәлме-дәл көрсетеді. Осыған байланысты оның мазмұ¬нын түсінуде ешқандай қиындықтар болмайды.
2. Кеңейтілген талқылауда құқық норманың толық мазмұны оның сөздік мағынасынан кеңірек болып ұғынуды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының бірінші тармағы: «Судья сот төрелігін іске асыру көзінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады», деген норманы бекіткен. Бұл жерде судьялар іс қарағанда тек ғана Конституция мен заңдарға ғана емес, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге бағынады. Бұл норма кеңейтілген талқылауды талап етеді. Сонымен қатар құқық нор-маларының мәтінінде «және басқалар», «өзгеше көзделмесе», «басқа құжаттар», «басқа да мүлік» және т.б. сөздер құқық нормалар мәтінде пайдаланғанда кеңейтілген талқылау пайдаланылады.
3. Шектелген талқылауда құқық нормасының толық мазмұ¬ны оның сөздік мәтінінен кеңірек болып қабылданады. Мыса¬лы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабы: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының кажетті борышы және парызы» деген норманы бекіткен. Бірақ, бұл борышты барлық азаматтар орындай алмайды. Атап айтқанда әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтарға отанды қорғау борыш және парыз бола алмайды. Немесе Конституцияның 27-бабының 3-тармағы «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» деп атап көрсетеді. Бұл жерде шектелген талқылаудың қорытындысы мен балаларына қамқорлық жасамаған және тастап кеткен ата-анаға көмек керсету міндетті емес екенін аңғарамыз ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз