Реферат: Құқық | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Конституциясының мәні
Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық , өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Коституция қоғамдық өмірдің салаларына өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси –құқықтық бойына жинақтаған . Конституция мемлекеттік жіне қоғамдық құрылысты , оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адмдар мен азаматтардың , мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
1. Концтитуцияны Қазақстан халқы қабылдады.Сондықтан Конституцияда халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы , шаруа және еңбек интеллегенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы « еңбекші » термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды.
Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. Қазақстан Республикасы Конституциясында халық тұрғындарының бүкіл әлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай «халық» ұғымы Қазақстан Конституциясына сәйкес, біріншден, ол байлық жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жоқ, бұл маңызды Конституциялық фактор болып табылады.
Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өклі ретінде танылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей. Олардың құқықтарын шектемей конституциялық- құқықтық қатынастар субъектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көп ұлтты қоғам жағдайына қазақ ұлты, басқа да барлық халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын қазақ ұлтына ерекше: құқықтық , саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді.
Сөйтіп, Халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы « Біз , Қазақстан халқы … осы Конституцияны қабылдаймыз »деген сөздермен басталды. Қазақ халқы Конституцияны референдумның қортындысымен қабылдады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізуі мүмкін.
2. Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субъект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік – экономикалық құрылыс негізденрін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық , ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттіңқұрылым
негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық принциптері нығайтылған. Ол- мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық. Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны қабылдау мен оған өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мен дамытудағы мейлінше ерекше орынын, Парламент, Президент ; Үкімет үшін ; лауазымды адамдар, сот оргардары үшін , азаматтар үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді.
Қоғамдық қатынас ылғи да қозғалыста, өзгерісте болады, сондықтан конституциялық нормаларды өзгерту қажеттігі де туындайды.
Конституцияның қолданылу мәселелері
Бұрынғы КСРО ғалымдары Конституцияның қолданылу мәселесі туралы жазбады десе де болады.Конституцияның қолданылуы конституциялық құқықтағы өте маңызды проблема болса да, ол маәселе жөнінде жекелеген ой түйіндері ғана кездеседі. Оны айқындау шын мәнінде Конституцияның мемлекет, қоғам, саяси партиялар , басқада қоғамдық бірлестіктер, таптар, ұлттар, жекелеген адамдар өмірінде алатын орнын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан өркениетті, демократиялық қоғамда Конституцияға,оның қолданылуына, тиімділігіне айрықша мән береді. Конституцияның мәселесі екі кезеңнен :
1) оның жобасын әзірлеу және 2) қолдану кезеңінен тұрады.
Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормаларымен бірге оның қабылданғаннан кейңнгі қроданылу механизмі де терең, мұхият ойластырылады.Бірінші кезекте тұжырымдама әзірленеді және Конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сонымен бірге мәселе тек қайсыбір тұжырымдамамен шектелмейді , әсте КҢонституцияның өзі көптеген бөліктерден тұратын актілерді білдіреді. Әр бөлік белгілі бір тұжырымдама үшін объект болып табылады. Сондықтан Конституцияның жобасы Конституцияның тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс
тұжырымдамасы , адам құқы тұжырымдамысы , меншік құқы тұжырымдамасы және басқалары осындай тұжырымдамалар болып табылады.
Екінші кезең – Конституцияның қолданылуы .
Конституция тікелей қолданылады. Конституцияның құқық саласындағы белгілі маман Ю.А. Тихомиров Ү « Конституцияның тікелей қолданылуы оның тікелей азаматтар, ұйымдар жүзеге асыратын құқық шығармашылық ықпалын, кемшіліктен
сақтанушылықты, қоғамдағы өмір – салты мен көңіл – күйге игі әсер ету , институттық қайта құрылуларды білдіреді » деп жазды.
Алайда, Конституцияның мұндай тікелей қолданылуын Ю.А. Тихомиров қарастырмайды. Дегенмен, Конституцияның қандай қырымен қолданылатынын ол дұрыс атаған деп ойлаймыз.Тағы бір қағидамен келісуге болады : барлық осы қырларында, олар құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, Конституция нормалары тура және тікелей қолданылады.
Қандай заңдар қабылдау керек екендігін Конституция тура көрсетеді. Бұл заңдар не дәл айтылады, не жалпы сипатта көрсетіледі.
Конституция нормалардың тура қолданылуы барлық мемлекеттік органдарға , оның ішінде соттардың да қызметіне қатысты.
Конституция құқықты, бостандықты және заңды мүдделерді қорғауға кең жол ашады. Біріншіден , азаматтардың өздері Конституцияның нормаларына сүйене отырып , өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиіс . Конституция нкегізінде туындайтын сот билігінің барлық істері мен дауларды қамтитындығы Конституцияда тура айтылған .
Конституциялық нормалларды тікелей азаматтар мен ұйымдардың өздерія жүзеге асыра алады. Конституцияның көптеген нормалары азаматтарға ,олардың бірлестіктеріне өзіз-өзі басқаруға және өзін — өзі реттеуге мүмкіндік береді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ
1.Жалпы ережелер
Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған «бір буынды »өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғары өкілді орган ретінде 1937 жылғы ҚСР Конституциясымен белгіленді . Қазақ ҚСР –ның 1978 жылғы Конституциясы да Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде таныды. Ол КСРО Конституциясы мен Қазақ ҚСР Конституциясында көрсетілген респблика құзырындағы барлық мәселелерді шешуге құқылы болды . Басқаша атқанда , Жоғарғы кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі барлық мәселелерді шешу құқығын иеленді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады. Осының нәтижесінде Парламент және парламентаризм құруға қарай маңызды бір қадам жасады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де , өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді.Халық тікелей ғана емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Парламент бірден – бір заң шығарушы орган болып есептелмейді.
Себебі Конституцияда көзделген жағдайда Президент заң шығару қызметін атқара алады. Сонымен бірге Президенттің заң шығарушылық қызметінің өкілеттік берілген және тәуелділік сипатта болатындығ,ын да атап айтқан жөн. Парламент өзінің заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана Президент заң қабылдай алады. Егер Парламент зәру заңдарды шұғыл қабылдай алмайтындай болса Президент заң күші бар Жарлық шығаруға құқылы. Екі жағдайдың екеуінде де Президенттің заң шығару өкілеттігі уақытша сипатта болады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін заң шығару органы болып табылады. Заң шығару қызметімен бірге Парламент , шектеулі көлемде болса да, атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бірінші рет Парламенттің екі Палаталық ( Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекітті Мәжіліс Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс депутаттары жалпы сайлауларда сайланады. Сенатқа депутаттардың бір бөлігі жанама сайлау арқылы сайланады,енді бір бһөлігін Президент тағайындайды.Сенат депутаттары әкімшілік – аумақтық бірліктердің мүдделерін,жергілікті пікірлерді білдіреді. Сонымен бірге Сенат – бүкіл республика органы. Сондықтан Мәжіліс қабылдаған заң жобасы Сенат мақұлдағаннан кейн күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарына айрықша өкілеттіктер бергілген, олар өз құзыретіндегі мәселелерді шеше алады.
Қазақстан Республикасы Парламент Палаталары бірлескен отырыстарында мемлекеттің айтарлықтай кең көлемді мәселелерін
қарап, шеше алады. Турасын айтқанда , Қазақстан Парламенті қызметінің ерекшелітерінің бірі осында болса керек.
Жоғарыда көрінгендей , 1) Парламенттің Сенат пен Мәжілістің бірлескен және жеке отырыстарында жүзеге асырылатын құзыреті;
2) Сенаттың қатаң құзыреті;
3) Мәжілістің қатаң құзыреті бар.
Мәжіліс пен Сенат үшін әр түрлі құзыретті белгілей отырып, Конституция Парламент қызметінің тежемелік және тепе-теңдік жүйесін құрады.
Айналып келгенде , Парламент мемлекеттік билік тармақтарының бірі ретінде демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құуда маңызды орын алады.
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Сенат екі тәсілмен қалыптасады. : 1) депутаттардың бір бөлігі әр облыстан , республикалық маңызы бар қаладан және республикарың астанасынан екі адамнан , тиісінше облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және республика астанасынан барлық өкілетті органдары депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан тұрады.2) Сенаттың жеті депутатын Республика Президенті парламент өкілеттігі мерзіміне тағайындайды, Сенат мүшелігіне тағайындалғандардың өкілеттігі алынған немесе тоқтатылған жағдайда Президент 10 күндік мерзімде олардың орнына Парламент өкілеттігінің қалған мерзіміне Сенат депутуттарын сайлайды.
ҮКІМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.Қазақстан Республикасының үкіметі –атқарушы
биліктің жоғарғы органы
Қазақстан Республикасының Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарды және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Қазақстан Республикасының Үкімет атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды., биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым — қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді. Констиуция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара қарым – қатынасын анықтап,тежемелік және тепе-теңдік механизмін анықтайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикаы Конституциясымен , Президентің конституциялық заң күші бар Жарлықтармен, басқа да нормативтік жарлықтармен оның қарауына жатқызылған мәселелерді шешеді.
Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Премьер – министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді және кандидтураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді.Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер – Министр қызметіне бекітеді. Президент құрамында Премьер – Министр, оның орынбасарлары, Үкімет Аппаратының басшысы , министрлер, Мемлекеттік комитеттердің төрағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер – Министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Республика Президентіне ант береді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ
МЕН СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
1. СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды , басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат етеді.
Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде біртұтас мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар :
1) оның қызметі мемлекеттің бүкі кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.
2)оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады.
3) сот органдарының шешімдері тек олардың құзыреті шеңберңнде қабылдануға тиіс.
4)сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар,лауазымды тұлғалар, азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндеттң,
5) сот органдары заңдылық пен құқық тә»ртібін нығайтуға жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің біртұтас құрылысын ескерумен ерекше сот жүйесін бекітті.ҚР сот жүйесі елдің соттарының жиынтығы болып табылады. Қазақстаннын сот жүйесі азаматтық, шаруашылық, әкімшілік және қылмыстық істерді қарастыруды жүзеге асыратын жалпы заңдық хұкім соттары мен
мекемелерінің біртұтас жүйесінен тұрады. Олар ҚР жоғарғы соты, облыстық соттар, аудандық қалалық,халых соттары кіреді.Жалпы
соттар жүйесіне әскери соттар кіреді…..