Реферат: Құқық | Мемлекет және құқық теориясының пәні
Соңғы жылдары дүние жүзі қауымдастықта тыныс-тіршілік еткен халықтар арасында гуманитарлық ғылымдарға деген құштарлықтың арта түскендігін анық байқауға болады. Бүкіл адамзат тарихын, оның әр кезеңдерде қалыптасқан саяси, құқықтық, әлеуметтік және этникалық ерекшеліктері, тәжірибелерімен жетік танысу, оқып үйрену, болашақта гуманизм мен өркениет идеясына негізделген құқықтық, демократиялық мазмұндағы мемлекет құруға кеңінен жол ашады. Себебі адамзат тарихында болған мемлекеттердің саяси құрылымдары мен құқықтың жүйелерінің мәнін, мазмұнын, ішкі қозғалысының даму диалектикасын зерттеу, оқып үйрену — тиімді басқару формасын, билік жүргізудің оңтайлы, жүйесін және халық мүддесіне сай келетін құқықты қабылдауға тікелей мүмкіндіктер
береді. Неге десеңіз, тарих сабағы — ақиқатты анықтаудың іргетасы.
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың даму заңдылығы құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқық жасаушылық, құқық бұзушылық, мемлекеттің формалары, сот билігі сияқты көптеген категориялық аппаратты қалыптастырады. Осыған орай қазіргі жаһандану кезеңінде саяси-құқықтық ілімдер мен тұжырымдамаларда
мемлекет және құқықтың жалпы даму бағыты, ішкі қозғалысының мәндік мағынасы өзінің шешімін табуда. Зерттеу объектісі мынандай мәселелерді шешуді талап етеді:
— жаһандану заманында мемлекеттердің даму бағыттары қандай;
федерация құрамындағы ұлттық республика, автономия немесе ұлттардың жеке тәуелсіз мемлекет идеясының болашағы қандай;
— ұлттық мемлекет құруда дәстүрлік саяси-құқықтық институттарды енгізу мәселесі;
— құқықтың реттеу функциясының мүмкіндіктерін арттыру, тиімді болуының тетіктерін жасау;
— адам құқын аяққа тапталмауының демократиялық сипаттағы үлгісін жасау, субъективизм мен волюнтаризмге жол бермеу;
— құқық бұзушылықпен күресудін жаңа тұжырымдамасы мен теориясын қалыптастыру, оны әлеуметтік практикада пайдалану.
Бұл проблемаларды шешу үздіксіз зерттеуді талап етеді. Мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеті мемлекет пен құқықтың дамуын тану, қисынды мағынада меңгеріп, оның заңдылықтарын ашып көрсету болып табылады. Бұл көрініс біртұтастықты тек бөліп алып зерттеу арқылы іс жүзіне асырылады. Тану барысында мемлекет және құық біртұтастық өзінің барлық күрделі байланыстарымен қозғалыстың, дамудың формасы ретінде танылады.
Сонымен қатар мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының интеграцияланған саласы болып табылады. Олай дейтін себебіміз егер біз мемлекет және құқықтың барлық салаларын бір арнаға тоғыстырсақ мемлекет және кұқық теориясын калыптастыра алмаймыз. Тануда, зерттеуде тек қана білімдегі ең негізгі қорытынды, бағыттар арқылы мемлекет және құқық теориясы¬ның категорияларын қалыптастырамыз. Сондықтан интеграция¬ланған деп айта аламыз. Себебі, қайсы бір ғылым саласы болмасын өзінің пәнін бөліп зерттеу арқылы объективтік мағынада және жан-жақты ашып көрсете алады. Жалпы пән ұғымы арнайы ғылым саласы нені оқытады, қоғамның, табиғаттың қандай құбылыстарын зерттейді деген сауалға жауап береді. Белгілі Ресей зерттеушісі В.С.Нерсесянц өз зерттеулерінде былай деп дұрыс қорытынды жасайды: «Ғылыми зерттеу объектісінің ғылымның пәнінен айырмашылығы бар. Бір объект бірнеше ғылымдармен зерттелуі мүмкін және әр ғылым сол объекті өзінің ерекше пәні және әдісімен зерттейді… заң ғылымдарының объекті мемлекет және құқық болып табылады, ал оның пәні — құқық және мемлекеттің негізгі мәндік қасиеттері».
Сонымен қорыта айтқанда, мемлекет және құқық теория¬сының пәні деп арнайы қоғамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан мемлекет және құқықтық негізгі категорияларының пайда болып, заңдылықпен дамып, заң ғылымының іргетасы болып танылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет және құқық теориясының оқулықтары жарық көрді және оларда пәннің анықтамасы бір мағынада берілген: «Мемлекет және құқық тео¬риясының пәні — бұл мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары».
Басқа авторлардың пікірлері бойынша «жалпы теорияның пәні — мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруларының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы және мақсаты»2. Професор Т.Ағдарбеков: «Мемле¬кет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықта көрсетілген қоғамдық дамудың объективтік заңдылығын, олардың әлеуметтік саяси мақсаттарын анықтайды, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеудің тетігін (механизмін) және оның даму мақсатын көрсетеді,»3— деп тұжырым жасай¬ды. Ал, У.Д.Құдайбергеновтің пікірі бойынша: «Мемлекет және құқық теориясы — базалық жалпытеориялық заң ғылымы және заң оқу орындарындағы оқу пәнінің бірі. Ол мемлекет және құқық сияқты күрделі әлеуметтік құбылыстардың міндеттері мен мәніне қорытынды фундаменталдық білім береді, олардың зандылықпен дамуы мен қызметтерін, мемлекет және құқықтың қазіргі қоғамдағы, дүние жүзінің әр аймақтарындағы рөлін айқындайды».
Ресей зерттеушісі B.C. Нерсесянц: «Өзінің ғылыми мәртебесі бойынша мемлекет және құқық теориясы жалпытеориялық сипаты және маңызы бар фундаменталдық заң пәні болып табы¬лады… онда мемлекет және құқық туралы ғылыми-теориялық ой-пікірдің ең елеулі жетістіктері шоғырланған» деген пікірге тоқталады.
Мемлекет және құқық теориясының пән ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар.
Біріншіден, біздің анықтамада көрсетілгендей, мемлекет және құқықтың дамуы, бір сатыдан бір сапалы сатыға көтерілуі еш уақытта өзінен-өзі қоғамнан алшақ қалыптаспайды. Әсіресе өндірістік қатынастардың жиынтығы, оның сипат, формаға ие болған ерекшеліктері — экономикалық детерминизмнің мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалы бар. Экономиканың заңдары қоғамның билеуші күші болып қала бермек. Мысалы, нарықтық қатынастардың бағаны белгілеуі. Бұл жерде мемлекет және құқық — пассивті әрекет мәртебесіне ие. К.Маркс былай деп жазды: «Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда-өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды және бұған коғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді.
Екіншіден, мемлекет және құқықтың пәніне халықтың ғасырлар бойы этникалық ұйымдастыру факторлары қалыптастырылған тарихи дәстүрлері, әдет-ғұрыптары біршама әсер етеді. Оларды ескермей мемлекеттік билік жүргізу құқықтық жүйені қалыптастыру шиеленістерді тудыратыны хақ. (Мысалы, Ауғанстанда социалист құқық жүйесін енгізу немен аяқталғаны белғгілі). Ойдан шығарылған жасанды сырттан теліген мемлекеттік-құқықтық институттар дәстүрлі қоғамдық қатынастарды дағдарыстарға ұшырататыны тарихтан нақтылы дәлелденген құбылыс. Мысалы, Қазақстанды отарлау барысында Ресейдің енгізген реформалары (1822, 1867-68,1892) қазақ қоғамын, ұлт санасын дағдарысқа ұшыратты, ішкі шиеленістерді күшейтті.
Ресей әкімшілігі ұлттық, мемлекеттік-құқықтық институттардың эволюциялық дамуын жасанды реформалармен қиратып, орыс бюрократиясының жағымсыз көріністерін қазақ даласына күшпен мойындатты. Соның нәтижесінде біркелкілік жүйенің негізі қаланды, көшпелі қазақ өркениетінің төлтума құндылықтары, гуманистік мағынадағы құқықтық, әлеуметтік институттары табиғи қажеттерінен мүлдем айырылды. Бұл көрініс ұлттық сана дағдарысын ұрпақтың жалғастыруына негіз болды. Ұлы Мұхтар Әуезов өзінің «Көксерек» әңгімесінде заман шиеленісін, қасқыр, адам образдары арқылы асқан шеберлікпен, философиялық мағынамен көрсете білген. Көк бөрі көшпелі қоғамның ғасырлар бойы қабылдаған төтемі мен рухы, мифологиялық табыну символы жаңа даму сатысында сырттан телінген басқа жат құбылыстардың әсерінен қанішер, барып тұрған жауыз, рақымсыз көріністің символына айналады. Соңында өзі де өліп тынады. Бұл мағынада ұлы ойшыл көшпелі қазақ құндылықтарының болашақта құрдымға кететінін асқан көрегенділікпен көрсеткен.
Осындай жағдайларды көрегенділікпен болжай білген Шоқан Уәлиханов: «Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтардың өміріне негізделіп зорлықпен ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп келеді. Өзіне етене таныс, сонымен тәрбиеленіп, өсіп-өнген заң ғана халық үшін жайлы болмақ.»1
Үшіншіден, мемлекет және құқық теориясының танымдық мағынасы тарихтың даму ерекшеліктерімен байланысып отырады. Тарихтың сабақтары мен қалыптастырған тұжырымдамаға теориялық деңгейде қорытындылар жасауға жаңа принциптер, ұғымдар мен анықтамаларды қалыптастыруға мүмкіндіктер ту¬ғызады.
Төртіншіден, мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық түсініктерді (категорияларды) өзінің негізгі тақырыбы ретінде зерттейді және бүкіл юриспруденция ғылымына әдістемелік маңызы бар пән болып табылады.
Бесіншіден, әр ғылым саласының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп, эмпирикалық санаға байқалмайтын ішкі мәнін, қозғалысын ашып көрсетіп, адам игілігіне жарату болып табылады. Мемлекет және құқық жүйесінің негізгі даму заңдылығын, мәнін, әр тарихи кезеңге тән сипаттары мен қызметтері диалектикалық тұрғыдан зерттеліп, теориялық қорытындылар жасалынады.
Алтыншыдан, мемлекет және құқық теориясы салалы құқық жүйелерін (конституциялық, әкімшілік, қаржы, азаматтық, салық, кедендік, экологиялық, жер, қылмыстық т.б.) құқық салаларын оқудың, танудың іргетасы, негізгі өзегі.
Жетіншіден, бұл пән тәуелсіз Қазақстанда болашақ заңгерлердің теориялық білімдерін тереңдетіп, кәсіптік деңгейлерінің жоғарғы рухани дәрежеде болып қалыптасуына өлшеусіз ықпалын тигізеді.
2. Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Жалпы ғылымның барлық саласында әдіс (метод) деп белгілі бір зерттеу объектісін оқып үйренудің, танудың тәсілдерін айтады. Мемлекет және құқық теориясында таным әдістері екі түрге бөлінеді:
1) диалектикалык әдіс;
2) жеке ғылыми әдістер;
Диалектикалық әдіс мемлекет және құқықты зерттеудің, танудың әмбебап тәсілдері ретінде танылады. Бұл әдіс құбылысты, барлық заттар мен қатынастарды қозғалыста қарап, прогреске жол ашып отырады. Диалектикалык әдістің басқа тәсілдерге қарағанда басымдылығы сол, ақиқатты ашуда диалектикалық үрдіс үлкен рөл атқаратынын, ғылыми тұжырымдар жасауға себепші екенін көрсетеді. В.ИЛенин танудың диалектикасын: «Нақтылы аңғарудан абстракт ойлауға және одан практикаға
көшу — ақиқатты танудың, объективтік реалдықты танудың диалектикалық жолы осындай,» — деп дұрыс қорытынды жасаған.
Мемлекет және құқық теориясында диалектикалық әдіспен қатар жекелеген ғылыми әдістер кеңінен пайдаланылады. Оларды тиімді қолдану арқылы құбылыс, объектінің қарапайым байқаушыға аңғарылмайтын ішкі қозғалысы, мәні, сипаты ашылады, форма мәнге сәйкестендіріледі. Форма мәнді, мән формалы. Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мынандай жеке әдістер пайдаланылады:
1.Тарихи-генетикалық — зерттеуге алынған ғылыми объектіні, тақырыпты, мәселелерді тарихи дамуда, козғалыстағы сипаты мағынасында талдау жасау, кезеңдеріне сипаттама беру арқылы ақиқатка жету. Мысалы, қазіргі Қазақстанда Консти¬туция бекіткен билікті бөлу принципін зерттейтін болсақ, ол тарихта қалай пайда болды, кандай сатылардан өткен ерекшеліктерін және қазір бүкіл дүниежүзілік қауымдастықта қандай мағынада іс жүзінде асырылып жатқандығы айқындалады, алынған нәтиже біздің елімізде заңға өзгертулер енгізіп, сот билігінің, атқарушы биліктің тиімділігін арттыруға себебін тигізеді.
2.Салыстырмалық (компаративтік) — қүбылыс пен заттарды салыстырып зерттеу арқылы объектінің әр түрлі қырларын ашу, ақиқатты анықтау. Мысалы, сайлау құқын жетілдірудің негізгі жолы басқа мемлекеттердің сайлау институтымен салыстыру арқылы демократиялық, әділетті сайлау өткізудің талаптарын енгізу т.б.
3. Жүйелілік — мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланыстағы мағынада, тұтастық идеясында зерт¬теу. Мысалы, адам құқының кейбір бұрмаланатын жақтарын жеке бөліп алып қарамай, оны бүкіл демократиялық мазмұндағы құқық жүйесімен байланыстырып баға беру.
4. Нақтылы-әлеуметтік — қоғамдағы зерттеуді талап ететін, арнайы саланың даму зандылығын, оның бағытын арнайы тәсілдер қолдану арқылы мәліметтерге қол жеткізу. Атап айтқанда, анкеталық сұрау салу, әңгімелесу, тест, байқау сияқты әрекеттердің қорытындыларын компьютер арқылы өңдеу. Мысалы, ажырасудың себептерін анкета арқылы анықтау, сұрау салу арқылы сайлауда қай партия жеңіске жететінін білу т.б. көптеген мәселелер.
5. Статистикалық — мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды сандардың мәліметтері арқылы көріністердің, азаюы мен көбеюін анықтау, бағытын байқау. Мысалы, криминалдық ста¬тистика бойынша қай облыстарда нашақорлық көп, қай облыстарда аз, немесе өлім жазасының деңгейінің өсуі, немесе төмендеуі т.б.
6. Синергетикалық бірнеше пәндердің зерттеулерінің ықпалымен құбылыстың зандылықтары айқындалады. Мысалы, математиканың, физиканың ұғымдары енгізіледі.
7. Құқықтық эксперимент — арнайы тәжірибе жасау арқылы зерттеуге қажетті мәліметтер алу және соның нәтижесінде құбылыстың ақиқатын анықтау. Мысалы, жасалған эксперименттің нәтижесінде алкогольдің көру, есту, тыңдау сияқты қабілеттерді әлсірететіні дәлелдейді.
8. Герменевтикалық — заң, құұық нормаларының мәтінінің мағанасын мұқият зерттеу арқылы олардың ішкі мазмұнының кодын, мақсатын табу. Герменевтикалық әдіс құқық нормаларына түсінік берген жағдайларда кеңінен пайдаланылады. Осы тәсілді қолдану арқылы форма мен мазмұнның, заң мәтінінің адамгершілікке сәйкестігі немесе сәйкессіздігі анықталады.
Бұл әдістерді пайдалана отырып, мемлекет және құқық теориясын зерттеу барысында логикалық ойлау арқылы ақиқатқа жетуге болады. Ал, «логика дегеніміз ойлаудың сыртқы формалары туралы ілім емес, «бүкіл материалық, табиғи және рухани заттардың» даму зандары туралы ілім, яғни дүниенің бүкіл нақтылы мазмұнның және оны танудын даму зандары туралы ілім, яғни дүниені тану тарихынын нәтижесі, жиынтығы, қорытындысы,»1 — деп жазды В.И.Ленин. …..
Полную версию материала можете скачать через !!!!