Реферат: Құқық | Конституция және Сот билігі

0

Реферат: Құқық | Конституция және Сот билігі казакша Реферат: Құқық | Конституция және Сот билігі на казахском языке

Сот билігі биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Ол азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескерту айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.
Конституцияда әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары сот арқылы қорғалады деп тура көрсетілген. Бұл жерде Қазақстан азаматтығына байланысты еместігі айқын аңғарылады. Кейбір жағдайда Конституция Қазақстан Республикасының азаматы емес адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты мәселелерді қараудың басқаша тәртіптерін белгілейді. Мысалы, шетелдік діни бірлестіктердің қызметі Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады. Демек, мұндай жағдайда мәселе сот арқылы емес, әкімшілік жолымен шешіледі. Шетелдік азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғаудың сот арқылы емес, өзгеше әдістері де болуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін азаматтар, шетелдік азаматтар, басқа мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер бұзуы мүмкін, ондай жағдайда оларды соттар қорғайды. Мәселен, мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бірлестіктердің араласуына Конституция тыйым салады. Осындай араласу болған жағдайда мемлекеттік органдар өз құқықтары мен мүдделерін сот арқылы қорғауға хақылы.
Конституция сотқа өз нормаларының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Сот ең алдымен Конституцияның орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл міндетті сот әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Маңызды тәсілдердің бірі – нақты қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қараған кезде Конституция нормаларын тікелей қолдану болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асырғанда, қолданылып жүрген құқық нормаларының мәніне баға береді.
Конституциялық бұл ереже соттарды іске қатысушы адамдардың сұрануы бойынша олардың өз ана тілінде мәлімдемелер жасау, түсініктер мен куәліктер беру, сотта сөз сөйлеуін қамтамасыз етуге міндеттейді.
Сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар негізінде туындайтын істер мен даулардың барлығына тарайды. Бұл Конституциялық ереженің мәнісі – сотқа арыз айту үшін қандай нормативтік құқықтық актілер заңдық негіз бола алады дегенді білдіреді. Бірінші орында Конституция тұрады, оның құқықтық нормалары біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа арыз айтуына негіз бола алады. Сөйтіп Конституциядан туындайтын тиянақты нұсқау – оның нормаларында тікелей ықпал ететін күш болады, сондықтан соттар нақты істерді қарағанда сол нормаларды тікелей қолдана алады.
Конституция судьяларға ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді. Судьяны қамауға алуға, оны әкімшілік орындарына алып баруға, оған сот тәртібімен істелетін әкімшілік шараларды қолдануға болмайды. Президенттің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Жоғарғы соттың төрағасы, Жоғарғы соттың судьялары Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Судьялар қылмыс үстінде ұсталса немесе ауыр қылмыс жасаған болса, Президент пен Сенаттың келісімінсіз-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Судья жөніндегі қылмыстық істі тек қана Республиканың Бас прокуроры қозғай алады.
Cудья лауазымына алғаш рет ұсынылған адам ант береді. Жоғарғы соттың судьялары, облыстық соттар мен соларға теңестірілген соттардың төрағалары антты Жоғарғы соттың пленумында береді. Қалған судьялар судьялардың тиісті конференцияларында береді. Судьялар антты қолдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына қойып тұрып, мынадай мазмұнда береді: «Өзімнің міндеттерімді адал орындауға, сот төрелігін тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына бағына отырып жүзеге асыруға, ешқайда бұра тартпай, судьяның борышы қалай бұйырса, дәл сондай әділ болуға ант беремін».
Конституцияда сот төрелігінің принциптері белгіленген, судья заңды қолданғанда сол принциптерді басшылыққа алуға тиіс.
1. Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша оның қылмыс жасаған кінәсі жоқ деп есептелінеді. Жауапқа тартылған адам белгіленген тәртіп бойынша қылмысы дәлелденбей тұрып қылмыскер болып есептелінбейді. Демократиялық мемлекеттердің қылмыс туралы заңында танылғанындай, жорамалдау кінәлылықты көрсете алмайды. Мұны кінәсіздік жорамалы дейді. Сотқа жауапқа тартылған адам сот үкіміне дейін қылмыскер болып саналмайды.
2. Құқықты бір рет бұзған адам сол үшін екінші ретжазаға тартылмайды. Бұл принцип құқықты бұзған қылықтардың барлығына бірдей қолданылады. Егер адам қылмыс жасаған болса, сот оған бір ғана жаза қолданады. Сол сияқты әкімшілік құқықты бір рет бұзғаны үшін әкімшілік шара бір рет қолданылады. Бұл принциптің де өзіндік «тарихи тамыры» бар. Шын қылмысы үшін де, күмәнді қылмысы үшін де таяудағы өткен кезеңдерде адамдар бірнеше рет жазаланған, тіпті өмір бойы қудаланып жүретін болған.
3. Сотта әркім өзінің сөзін тыңдатуға хақылы. Бұл – демократиялық сот төрелігінің жалпы жұрт таныған принципі. Сот жазалаушы орган емес, ақиқатты анықтауға және мәселені әділдікпен шешуге тиісті орган. Ал мұның өзі сот процесіне қатынасушы әрбір адамның толық пікірін айтуға мүмкіндігі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
4. Конституция белгілі бір жағдайларға заңның кері күші болмайды деп белгілейді. Оған жататындар: а) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін; ә) азаматтарға жаңа міндеттер артатын; б) азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдар. Бұл принциптің мәні мынадай. Егер кісі құқықты бұзғаннан кейін заң сол құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын немесе жұмсартатын болса, онда жаңа заң қолданылады. Егерде заң бұрынғы заңға қарағанда жауапкершілікті күшейте түсетін болса, онда бұл заң қабылданғанға дейін құқық бұзған кісіге жаңа заң қолданылмайды.
5. Айып тағылған адам өзінің кінәсыз екендігін дәлелдеуі міндетті емес. Бұл принцип кінәсыздық жорамалынан туындайды. Егер кісі қылмыстық жаупкершілікке тартылып жатса, оның кінәлы екендігін тиісті орган дәлелдеуге тиіс. Бірақ бұдан кісі өз тағдырына немқұрайды қарасын деген мағына тумайды. Ол өзінің кінәсыздығын дәлелдеуге міндетті емес, бірақ барлық заңды тәсілдерді пайдалана отырып, өзінің кіәсыздығын дәлелдеуге хақылы.
6. Адам өзіне- өзі қарсы куәлік беруге міндетті емес деген принцип үлкен адамгершіліктен туындайды. Орта ғасырлар заманында, тіпті кеңес дәуірінің өзінде сотталушының өзі берген куәлік дәлелдің «падишасы» деп саналатын. Ал мұндай «дәлелді» айтқызу үшін неше түрлі тәсіл қолданып, тіпті адамды аяусыз азапқа салуға дейін барған. Қазір кісі өзінің кінәсын өз еркімен мойындауы мүмкін, бірақ өзіне қарсы куәлік беруге міндетті емес. Кісіні жазалау үшін бір ғана оның мойындауы жеткіліксіз дейтін конституциялық ереже бұл принциптің кепілдігі болып табылады. Кісі өзінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес дейтін конституциялық ережеде де үлкен адамгершілік мән бар. Ата- анаға, ерлі- зайыптылардың біреуі екіншісіне, басқа да туыстарға қарсы куәлік беруді қошеметтеген заман біздің есімізде. Мұндай қылықтар тіпті ерлікке де саналған. Конституцияда діни адамдардың өздеріне келіп ағынан жарыла арыздасу сөзін айтқан пенделеріне қарсы куәлік бермеуі көзделген.
7. Сот төрелігінің маңызды бір принципі – кісінің айыптылығы жөнінде қандай да күмәнданушылық туса, соның бәрін де сотты болған адамның пайдасына қарай бейімдеу. Бұл принцип айып тағылған кісінің кінәлы екендігіне жеткілікті айғақ болмаса да, оны сотқа тартып, жазалауға бейім тұратын тергеушінің теріс пиғылына қарсы бағытталған.
8. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтарға заңның күш бермеуі конституциялық принцип болып табылады. Заңсыз тәсілмен айғақ алудың басты жолдары Конституцияда көрсетілген. Оның 17-бабында былай деп жазылған: 1) адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның адамшылық қасиетін қорлау жолымен алынған айғақтар заңсыз деп есептеледі. Ешкімді азаптауға, оған зорлық- зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір- қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Айғақтарды жинастырып, кісіге тағу кезінде адам мен азаматтың кепілдіктері мен құқықтары, сондай-ақ сол айғақтарды жинаудың, оларды кісіге тағудың процесс жүргізу заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған болса, ондай айғақтар заңды бұзу арқылы алынған деп танылуға тиіс.
9. Конституцияда қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға болмайды. Мұның мәнісі – егер адамның істеген қылығы заңды қылмыс деп саналмайтын болса, ол қылықты сыртқы ұқсастығына қарай заң бойынша қылмысты жауапкершілікке жататын қылықтардың қатарына жатқызуға болмайды деген сөз. Қысқасын айтқанда: егер заңда көрсетілмеген болса, онда қылмыстың болмағаны. ….


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!