Реферат: Құқық | Еңбек құқығы

0

Еңбек құқығы

Еңбек құқығы – құқықтың азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек қатынастарын реттеуші саласы.
Еңбек құқығының негізгі бастауы 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Еңбек құқығы нормалары, сондай-ақ, басқа да нормативтік актілерде мазмұндалаған: Ұжымның шарттар туралы, Еңбекті қорғау туралы, Кәсіптік одақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңдары. Олар «Еңбек туралы» Заңға қайшы келмеуі себепті қолданылады.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң 109 баптан тұрады, олар жалпы ережелерге, жеке еңбек шартына, ұжымдық шартқа, қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге, жұмыс уақытына, демалыс уақытына, жалақы және еңбекті нормалауға, қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеуге, және еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігіне, қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шараларына, еңбек дауларына және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның сақталуына бақылау жасауға арналған 12 бөлімге топтастырылған.
Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік пен қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерді болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң еңбек қатынастарының ең төменгі стандарттарын белгілейді, олар жеке еңбекпен немесе ұжымдық шартта жақсы жаққа өзгеруі мүмкін және қажет. Басқа нормативтік құқықтық актілермен реттелетін қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек жағдайлары «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңда белгіленген стандарттан төмен болуы тиіс емес.
Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың мәмілелері, егер олар тзаңдылықтарға қайшы келмейтін болса, тараптардың орындалуы үшін міндетті болып табылады. Ұжымдық шарт – жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт.
Жеке еңбек шарты – жазбаша түрде, кемінде екі дана етіп, жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында жасалынған екі жақты келісім. Ол бойынша қызметкер белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызметбойынша, жұмыс берушінің актісін орындауға міндетенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге дәл уақытында және толық көлемде жалақысын және басқа, заңдылықтар мен және тараптардың келісімімен қарастырылған ақшалай өтемдірді төлеуге, еңбек туралы заңдылықтармен және ұжымдық шартпен және жағдайын қамтамасыз етуге міндетенеді. Жеке еңбек шарты: а) белгісіз мерзімге, ә) белгілі бір мерзімге, б) белгілі бір жұмысты орындау уақытында жасалуы мүмкін. Егер жеке еңбек шартында оның орындалу мерзімі жазылмаса, онда ол белгісіз мерзімге жасалынған болып есептелінеді. Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ата-анасының бірінің (қорғаншының, қамқоршының) келісімімен жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкін. Ата-аналардың (қорғаншының, қамқоршының) келісімі жазбаша түрде беріледі, бұл жағдайда ата-аналар (қорғаншылар, қамқоршылар) жеке еңбек шартына кәмелетке жасы толмаған тұлғамен бірге қол қояды.
Қызметкерлердің еңбек функциясын орындай бастауы шартта белгіленген жұмыстың басталу датасы болып есептелінеді, егер жұмыс беруші тарапынан тиісті дәрежеде жеке шарт болмаған немесе әзірленбеген жағдайда, жеке еңбек шартының жасалынғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алу туралы бұйрық жазуға міндетті, онымен қол қою арқылы танысады.
Қызметкер жұмыс уақытының толық емес ұзақтылығын қарастыратын бірнеше орынмен жеке еңбек шарттарын жасасуға құқылы. Жеке еңбек шарттарын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек жолын дәлелдейтін құжаттарды, жеке куәлігін (төлқұжат), әлеуметтік жеке код берілгені туралы, куәлікті, зейнетақылы шартты, он алты жастан кіші тұлғалар үшін тууы туралы куәлігін, білімі туралы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттарды және заңдылықтармен қарастырылған басқа да құжаттарды талап етуге құқылы.
Жеке еңбек шарты:
1) мерзімнің бітуі бойынша;
2) тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша:
– қызметкерлерді әскери қызметке шақырған кезде;
– сот үкімінің заңды күшке енген кезінде;
– қызметкер қаза болған жағдайда;
– сот қызметкердіәрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетсіз деп таныған жаңдайда тоқталуы мүмкін.
Жеке еңбек шарты:
1) тараптардың келісімі бойынша;
2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша;
– заңды тұлғаның қызметін таратқан немесе тоқтатқан;
– қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған;
жеке еңбек шартының қолданылу мерзім ішінде қызметкердің жеткілікті біліктілігін болмауы не белгілі бір жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметіне немесе горындайтын жұмысына сәйкессіздігі аңғарылған;
– уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ заңдарда сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімді белгіленбесе, жұмысқа екі айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда;
– қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқан;
– еңбек ақысын сақтай отырып, неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырудан қызметкер бас тартқан;
– еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқан;
– егер қызметкер тәртіптік жаза алған болса, ол дәлелді себептерсіз еңбек міндетерін қайталап орындамаған;
– қызметкер өзінің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзған;
– егер іс-әрекетті оған жұмыс беруші тароапынан сенімінің жоғалуына негіз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тікелей қызмет ететін қызметкер кінәлі іс-әрекет жасаған;
білім беру саласында тәрбиешілік міндетті атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастыруға сыйымсыз моральға жат қылық жасаған;
– жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік, қызметтік, комерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткен;
– басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқан;
– бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешімімен жұмысына қайта алынған жағдайда бұзылады.
ә) қызметкердің бастамасы бойынша, бұл жағдайда ол жұмыс берушіні бір ай бұрын жазбаша түрде ескертуге міндетті. Тараптардың келісімі бойынша, шарт ескерту мерзімі бітпей-ақ тоқтатылуы мүмкін. Жұмысты жалғастыруға мүмкіндік жоқ немесе мейілінше қиындататын жағдайларда (денсаулық жағдайы, зейнетақы жақсы, басқа орынға қоныс аудару, жалақының уақтылы төленбеуі және басқа мән-жағдайлар) жеке еңбек шартын бұзу қызметкерлердің арызында белгіленген мерзімде жүргізіледі.
3) Заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылу мүмкін.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын зерттейді. Оларға: маусымдық қызметкерлер, үй қызметкерлері, үйде жұмыс істейтін қызметкер, бақталық әдіспен жұмыс істейтіндер және жұмыс берушімен қатынасы жеке еңбек шартымен және еңбек туралы заңдылықтар мен реттелетін қызметкерлердің басқа да санаттары жатады.
Қызметкерлер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптысына 40 сағаттан аспауы тиіс. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс беруші белгілейді.
Күнделікті жұмыс ішінде қызметкерлере демалу және тамақтану күшін жалпы алғанда ұзықтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкерлер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.
Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей беріледі. Егер басқа нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушіні актілерінде қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқаша көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
Жалақы – еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес келетін сиақы (табыс). Қызметкерлердің еңбегіне ақы мерзімдік, кесінді түрде немесе еңбекке ақы төлеудің басқа да жүйелері бойынша төленеді. Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді және ол қызықстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болуы керек.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкерлердің күнәсінен оған жүктелген міндеттердің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға:
а) ескерту жасауға;
ә) сөгіс жариялауға;
б) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының нормалары негізінде жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.
Еңбек даулары тараптардын келісімімен келісім комиссиясы қарауынемесе сот тәртібімен қаралуы мүмкін. Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастардын туындайтын талаптар бойынша сотта жүгінген жағдайда олар мемлекет кірісіне сот шығындарын (мемлекеттік баж бен істің қаралуына байланысты шығыстарды) төлеуден босатылады. Еңбек заңдылықтарының және еңбек жағдайының сақталуын бақылауда еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

2. Еңбек құқығының неігзгі принциптері.

Еңбек қатынастарын ары қарай дамытудың бастапқы базасы еңбек құқығының негізгі маңызды бастаулары, негізгі принциптері болып табылады.
Еңбек ету бостандығы, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы.
Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің дербес өндіруші ретінде еркін еңбек етуге немесе өзінің қалауынша, бейімділігімен арнайы дайындығы бойынша еңбек шартымен еркін жұмыс істеуге, еңбегі үшін нендей бір кемітусіз сыйақы алуына құқығы бар.
Бұл принцип Негізгі Заңдағы әркімнің жұмыссыздықтан әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға құқығы барекендігі қағидасы мен үйлесіп тұр.
Еңбек тәртібін сақтау. Біріккен еңбек тәртібінің қажетті шарты ұжымның әрбір мүшесінің біріңғай тәртіпке, басшылыққа, еңбек кестесіне бағынуы. Еңбек тәртібін сақтаудың негізгі маңыздылығы «Республиканың азаматты өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарынан туындайды.
Еңбекті қорғау. Бұл принцип Конституцияда «әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар», «әркімнің тынығу құқығы бар» деген жолдармен орнықтырылған. Осылайша республика азаматы қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек ету жағдайына т.б. қолайлы жағдайларға құқылы. Бұл нарық көптеген нақты шаралармен, атап айтқанда, мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің тегін, білікті дәрігерлік көмек көрсетумен, еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жетілдіруімен және дамытумен, профилактикалық шараларды кеңінен өткізумен және т.б. шаралармен қамтамасыз етіледі. Бұл орайдағы дәрігерлік жәрдем заңда көзделген негіз бен тәртіпте жасалады. Еңбекті жан-жақты қорғаудың принципі тынығу құқығымен де жүзага асырылады. Әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға ерекше назар аударылады.
Кәрілік, ауру жағдайындағы материалдық қамтамасыз етуге, әлеуметтік сақтандыруға қатысты жайлар еңбек құқығымен реттелетіндігі секілді әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығымен де реттеледі. Мысалы, зейнетақы жөніндегі қатынастар тікелей әлеуметтік қамтамасыздандыру/қоғау құқығымен реттеледі. Мемлекет әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарды қамқорлыққа алуға кепілдік береді.

3. Еңбек құқығының қайнар көздері.

Еңбек қатынастары саласындағы құдіретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелген нормативті нұсқаулардан тұратын құқықтық актілері еңбек құқығының көздері болып табылады. Әдебиетте бұл көздер «еңбек туралы нормативтікактілері» «еңбек туралы заң актілері», «еңбек туралы нормативтікактілері» және т.б. деп аталады.
Еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңына сәйкес болуы қажет. Олар мыналардан тұрады:
1. Заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлақтарынан.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан
3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан
4. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заңға 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң жатады, осы заң қабалданғаннан кейін мынадай заңдар өз күшін сақтаған: 1) 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған «Ұжымдық шарт туралы», 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған «Еңбекті қорғау туралы», 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы», 1996 жылы 8 шілдеде қабылданған «ұжымдық еңбек даулар мен ереуілдер туралы», 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» заңдар.

4. Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары.
Еңбек құқығының қағидалары дегеніміз – қазіргі заңдылықта бекітілген, еңбек құқығының нормаларының мәнін және еңбек саласын құқықтық реттеуде мемлекеттің негізгі бағыттарын білдіретін негізгі бастамалар.
Еңбектік – құқықтық қатынастарды реттеуге басшылыққа алатын қағидалар өзге құқық салаларына тән екі топқа бөлінеді: бәрәншісі – салааралық, яғни басқа құқық салаларына да қатысты қағидалар, екіншісі – салалық, яғни нақты еңбек құқығының қатынастарын ғана реттейтін қағидалар.
Қазақстан Республикасы Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай қағидалары баяндалған: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілетілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тиым салу және жұмыссыздықтан қорғау; денсаулықты қорғау құқығы, бірлестіктер бостандығына құқығы; құқықтар мен бостандықтарды заңмен тиым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы; еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу құқығы; демалуға құқығы. Бұл конституциялық қағидалар еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің салааралық қағидаларына жатады.
Ал еңбек құқығының салалық қағидалары сол құқық саласының ғана нормаларының ерекшелігін көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі еңбек құқығы саласының қағидалары мынадай 3 топқа бөлінеді:
1. Еңбек нарығын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттің саясатын білдіретін қағидалар (бұларға: еңбек ету бостандығы мен еңбек шартына тұру бостандығы жатады).
2. Жұмысшылардың (қызметкерлердің) еңбек жағдайларын бекітуге басшалаққа алынатын қағидалар (бұларға: еңбек жағдайларының барлық жұмысшыларға ортақтылығы қағидасы, яғни еңбек жағдайлары азаматтардың әлеуметтік топтарына байланыссыз барлығына бірдей болуы керек дегенді білдіреді, сонымен, қатар еңбек құқығында еңбек жағдайларын салыстыра бекіту (дифференцияциялау) деген де қағида бар, бұл-еңбек жағдайларының өндірістік түрі мен ерекшеліктеріне қарай (салалық дифференция) немесе кәсіпорын, мекеме, ұйымының тұрған жеріне қарай (аумақтық дифференцияция) және т.б. жатады.
3. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалану құқықтық реттейтін қағидалар (бұларға: еңбек міндетерінің анықтылығы, мысалы, мамандығына, қызметіне қарай; еңбек қатынастарының тұрақтылығы; қалыпты еңбек тәртібін қамтамасыз ету; еңбек үшін мемлекет бекіткен жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу қағидалары жатады) ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз