Реферат: Қазақ әдебиеті | Турченко Николай Архипович
Турченко Николай Архипович (16.6.1921, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шаган ауылы — 1972, Ресей, Ставрополь өлкесі, Минеральные Воды қаласы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, бөлімше командирі. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, Ульянов жаяу әскер училищесін бітірді. 1942 жылы шілде айында майданға келді (161- атқыштар дивизиясы 565-атқыштар полкі). Турченко 1943 жылы қыркүйекте Черкассы облысының Рымаровка селосы маңында «тілді» қолға түсірді. Жауап aлy кезінде немістердің атыс нүктелерінің орналасқан жері және жау әскерінің саны туралы маңызды ақпараттар алынды. 23 қыркүйек күні Киев ауданы Луковица селосының жанынан Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып Турченконың бөлімшесі өтті. Тұрған жерлерін анықтап алған соң, жаудың оқ-дәрісі сақталған қоймасын жойып, олардың бекіністеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. Аз- ғана адаммен шайқасып жатқанын сезген жау шабуылға шықты. Осы мезетте негізгі күш келіп жетіп, жау әскерін Днепрден бірнеше шақырымға шегіндірді. Днепрден өту кезіндегі ерлігі үшін Турченкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.10. 1943). Соғыстан кейін әскер қатарынан босап, Ульяновск, кейін Минеральные Воды қаласында тұрды. Осы қаланың Кеңес Одағының Батырлары аллеясындағы мемориалда Турченконың барельефі орнатылған
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!