Реферат: Қазақ әдебиеті | Төлебай Әжімов

0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Төлебай Әжімов казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Төлебай Әжімов на казахском языке

Төлебай Әжімов (1921, Ресей, Астрахан облысы Икрян ауд. Мушрын а. — 14.2.1988, Алматы қаласы) — екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ефрейтор, барлаушы. Қазақ. Ұлы Отан соғысына дейін Ә. Омбы қаласында тұрып, балықшы болып жұмыс істеді. 1942 жылдан майданда болды. Ол 198-атқыштар дивизиясында Старая Русь түбінде, Брянск ормандарында шайқасты. Беларусьті азат етуге қатысты. Майданда Әжімов жау тылына талай рет барып, бағалы мәлімет алып келді. 1944 жылдың 24 шілдесінде ержүрек жауынгер Польшаның Красностав қаласынан азат ету үшін болған ұрыста ерекше көзге түсті. Вепш өзенінен бірінші болып өткендердің ішінде болды. Ол қалаға бірінші болып кіріп, жау әскерлерімен шайқасты. Сөйтіп басқа жауынгерлердің рухын көтерді. Жанындағы жолдасына жаудың оғы тиіп, құлап түскенде гитлершіл мерген оқ атып жатқан жерге жасырын келіп, оны автоматтан жайратып салды. Бұл Әжімовтің осы қалада өлтірген 16-фашисі еді. Келесі күні оған 3-дәрежелі Даңқ ордені тапсырылды. Гитлершілер батысқа қарай шегінгенде 1 -Украина майданының әскерлері Висла өзеніне қарай жылжып келді. Жау осы өзеннің бойындағы шептерін ұстап қапу үшін шілденің аяғы мен тамыздың басында 17 дивизия, оның ішінде 3 танк дивизиясын шығарды. 1-Украина майданының әскерлері жауға бұл жерден қорғаныс бекінісін жасауға мүмкіндік бермеу үшін, оларға Висла өзенінен өту жөнінде бұйрық берілді. Сандомир ауданындағы плацдармды басып алу үшін барлау операциясына жауынгерлер дайындады. Оның құрамында Әжімов те болды. Әжімов бұл жорықтан құнды мәліметтермен оралды және өзі 12 жау әскерін жойды. Осы ерлігі мен тапқырлыгы үшін Әжімовке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.9.1944). Ленин, 1-дәрежелі Отан согы- сы, 3-дэрежелі Даңк орденде- рімен, медальдармен марапат- талған. Соғыстан кейін ол Алматы қаласында тұрып, жұмыс істеді.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!