Реферат: Қазақ әдебиеті | Төле-Бұқа
Төле-Бұқа(т.ж.б. – 1291) – Алтын Орда ханы (1287 – 91). Бату ханның шөбересі. Ататегі: Бату — Тұқан — Тарбу — Төле Бұқа 1285- 87 жылы аралығында Туда Мөңкенің Венгрия және Польша жерлеріне жасаған жорықтарына қатысты. Мөңке Темірдің ұлдарымен бірлесіп, Туда Мөңкені тақтан тайдырды. Кейін өзі Алтын Орда ханы болды. 1288 жылы Рязаньға жорық ұйымдастырып, қаланы өртеді. Артынша Польша мен Венгрияға жорық жасады. Польша жеріндегі шайқастың бірінде Ноғай Төле Бұқаны тастап кетті. Соның салдарынан Төле Бұқа шайқаста жеңіліс тауып, жау қолынан кұтылып шықты. Оның билік етуі кезінде тақ таласы өрши түсті. Ол Ноғайдың ұйымдастыруымен қастандықпен өлтірілді. Одан кейін билік Тоқтаның қолына көшті
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!