Реферат: Қазақ әдебиеті | Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр

0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр на казахском языке

Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр (шамамен 1780, Қазығұрт бөктері – 1870, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылы) – белгілі би, батыр. Ел ішіндегі шежіре әңгімелерде Ұлы жүз албан ішінде қоңырбөрік руының сарықұл аталығын Шормақтың басқарғаны айтылады. 19 ғасырдың басында Жетісу қазақтары жоңғар шапқыншылығынан кейін есін жинап, атақоныстарына орала бастады. Осы уақытта қазақтар мен қырғыздар арасында жерге, мал барымтасына қатысты даулар аз болмаған. Осындай қақтығыстардың бірінде аз ғана қолмен қырғыз жасағына қарсы тұрған Шормақ қырғыздың бас батыры Қарабатырды жекпе-жекте өлтірген. Осыдан кейін қырғыздың бұғы руы мен қоңырбөріктер арасында үлкен дау болып, әрең басылған. 1998 ж. Қоңырөлең ауылынан Жаркент қаласына шығар жол бойында Шормақ қабірінің басына ұрпақтары ескерткіш орнатты.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!