Реферат: Қазақ әдебиеті |Шаншар Бұлбұлұлы
Шаншар Бұлбұлұлы(16-17 ғ.), қоғам қайраткері. Өз заманында қазақ хандығының нығаюына, ұлттың бірлігіне өлшеусіз қызмет еткен тұлға «Шаншар абыз» атанған. Ол Арғын тайпасының «бес Мейрам» тобына жататын Қаракесек руынан тарайды. Шежіреде оның ата-тегі төмендегі ретпен тарайды: Қаракесек — Ақша — Бошан — Таз — Бұлбұл — Шаншар. Шаншар — қазақ тарихында жарқын із қалдырған тұлғалар — Келдібек, Бертіс, Қаз дауысты Қазыбек, Бекболат, Алшынбай, Еспенбет тәрізді билер мен бектердін, Тәттімбет, Мәди, Айтбай, Балта, Ғаббас тәрізді өнерпаздардың түп атасы. Бұл жайлы Ш. Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С. Мұқановтың т. б. шығармаларында жазылған. Есім және Жәңгір хандар билік құрған 17 ғасырдың алғашқы жартысында Орта жүздің төбе биі болған Шаншар. Қазақ хандығының бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекетке айналдыру жолында күресті. Сөйтіп, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Ташкент, Науаи облыстарының жері Есім хан дәуірінде Қазақ ордасының құрамына енгізілді. Есім хан Әлібек (Ұлы жүз), Шаншар (Орта жүз) және Жидебай (Кіші жүз) билердің қатысуымен заңдар жинағын шығарды. «Есім салған ескі жол» атанған оған қазақтың тұрмыс дәстүрі мен салт-санасын реттейтін талап және тәртіп баптары енді. Қазақ хандығыньң ішкі және сыртқы жауларына қарсы күрестегі өлшеусіз еңбегі мен жеке басының ерлігі, шешендік-билік қасиетіне кермет белгісі ретінде Есім хан оған биліктен тайған Тұрсын ханның үш қызын — Айбике, Нұрбике, Қызданбикені берген. Кеңес дәуіріне дейін олардың әрқайсысы бір-бір болыс ел болып отырса, ұрпақтары әлі де Айбике — Шаншар, Нұрбике — Шаншар, Қызданбике — Шаншар тұқымымыз дейді. Шаншар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.
Полную версию материала можете скачать через секунд !!!