Реферат: Қазақ әдебиеті | Рысбек Батыр

0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Рысбек Батыр казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Рысбек Батыр на казахском языке

Рысбек Батыр (1709, Шығыс Қаратау, Шұбарағаш мекені, қазіргі Рысбек батыр ауылы – 18 ғ. соңы, Манкент ауылы ) – Оңтүстік Қазақстан, Талас, Жетісу өлкесін жоңғар басқыншыларынан азат ету жорықтарына белсене қатысқан батыр-қолбасы. Әкесі Шінет батыр, атасы Қарабатыр қолбасымен бірге 1726 жылдары Ордабасы тауында өткен жиыннан кейін Қаратау, Талас жерін тазарту жорықтарында Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Қойгелді, Сеңкібай, Тойбек, Саңырық батырлармен бірге Ұзынбұлақ, Билікөл, Аңырақайда өткен ірі шайқастарға қатысқан. Бұл жорықтарда Сиқым мыңдығын бастап, есімі Сиқым руының ұранына айналған. Ол 1757 жылдары Сайрам мен Шымкент қ-ларын жоңғар басқыншыларынан азат ету соғысына да қатысып, ерлікке толы қимылдарымен көзге түскен. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Б.Момышұлы а-нда Р. б-ға ескерткіш орнатылған. Ұрпақтары Жамбыл облысының Талас, Жуалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандарында тұрады


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!