Реферат: Қазақ әдебиеті | Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы
Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы (1732 – 1822) – би. Жалайыр руының андас (толымбек) әулетінен. Әкесі Тәттібай батыр жоңғарларға қарсы соғысқан. М.Тынышбаев өз еңбегінде Абылай хан жасағында болған Тәттібай батыр, оның ұлы Қарымбай би жөнінде деректер береді. Қарымбай Әулие әрі сәуегей әулие болған. Ол Ескелді бимен және Балпық бимен бірге Қаратал, Көксу, Желдіқара өңірлерін мекендеген халықты егін егіп, отырықшылыққа көшуге үндеген. Тоғандар қаздырып, егін салдырған. Қарымбай Әулиеге арнап ел-жұрты 2003 ж. Қаратал өзенінің бастоғанына жақын тұстағы «Қорғантөбедегі” зиратына кесене орнатты. Әулие жайындағы деректер Р.Толымбекұлының «Жалайыр” шежіресінде, Қ.Қараманның, О.Исмайылұлының еңбектерінде кездеседі.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!