Реферат: Қазақ әдебиеті | Николай Власович Черненко

0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Николай Власович Черненко казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Николай Власович Черненко на казахском языке

Николай Власович Черненко (25.12.1924 жылы туылған, Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Келте ауылы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет расчетінің командирі. Украин. Кеңее әскері қатарына 1942 жылы 10 тамызда шақырылып, 1942 жылдың желтоқсанынан 1-Беларусь майданы 7-гвардиялық атты әскер корпусы 16-гвардиялық атты әскер дивизиясы 60-гвардиялық атты әскер полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылдың 26-28 сәуіріндегі Бранденбург қаласы (Германия) үшін болған ұрыстарда Черненко ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. 27 сәуірде Черненко басқаратын эскадрон күші басым жаудан кейін шегінбей, олардың қарсы шабуылын тойтарып, 50-ден астам адамын жойды. Черненкоға ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Соғыстан кейін Елек ауылында (Ақтөбе облысы) комсомол-партия саласында әртүрлі қызметтер атқарды. 1987 жылы Ресейге қоныс аударды. Елек атындағы орта мектепке Черненконың есімі берілген. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!