Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұсатай Ақынжанов

0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұсатай Ақынжанов казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұсатай Ақынжанов на казахском языке

Ақынжанов Мұсатай (1905 – 1986) – 9-мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. 1925 жылы Семейдің педтехникумын, 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.[1] 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған, республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған, облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді. «Исатай мен Махамбет», «Сырым Датов», «Бағытай – Бағила», «Фрунзе», «Жеңіс қамы», «Шопан қыз», «Алтын сақа», «Алтын алқап сырлары», «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.[2]
Шығармалары

Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925;
Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926;
Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931;
Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948;
Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955;
Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971;
Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971.
Пайдаланған әдебиет

«Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса – Алматы: «Аң арыс” баспасы, 2009


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз