Реферат: Қазақ әдебиеті | Бекежан Айбекұлы
Бекежан Айбекұлы (1667, Ақтөбе өңірі, Мұғалжар тауы маңы — 1730) — батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі. Сүрмерген садақшы, «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі — башқұрт мырзасы Құрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ, Байрақ, Тайлақ деген үш ұлы да танымал батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасагын бастаса, Байрақ пен Қайрақ — мыңбасы болған. Бекежан батырдың дүниеден озуы жайында екі түрлі дерек бар: бірінде, 45 жасында соғыста алған жарақаттан қайтыс болды десе, екіншісінде түрікмендермен болған соғыста мерт болды делінеді. Бекежан мен оның ұлдарының қабірлері Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!