Реферат: Психология | Қиялды зерттеу және дамыту әдістері

0

Қиялдын физиологиялык негіздері
Барша психикалық процесстер секілді қиял да үлкен ми сыңарлары қабығының өнімі. Қиял бейнелері оң және сол ми сыңарының жұмысына байланысты пайда болады. Он ми сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың біртүтастығы мен үйлесімдшігінен, композициялык бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әрқилы бейнелер негізінде эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпараттарды, реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз. «Ақылдан ажыратылған фантазия құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия — өнер атасы, ғажайыптар бұлағы» (Ф. Гойя).
Қиялдың физиологиялық негізі — жүйке байланыстарының іске қосылуы, бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы тәжірибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп шығады. Қиялдың сонша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы, қиялдың көңіл-күймен байланыстылығы қиял жасаушы тетіктердің тек ми қабығында ғана емес, мидың терең, тар бөліктерінде жайғасатынын пайымдатады.
Сонымен бірге, мида пайда болған бейнелер шеткі процестердің қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша психикалық процестердің арасында қиял денедегі органикалық процестермен аса тығыз байланысқан әрі оларды әсерлі өзгерістерге келтіріп отырады. Қапелімде қиялына бірдеңе түсе кетіп, адамның өзінен өзі шошынып, терге малынып, қызарып-бозарып, дірілдей қалатынын байқаған боларсыз. Осындай қиялдың әсерінен кей кездері адам өзін сырқатқа да ұрындырады. Тіпті, дәрігерлік институттардың төменгі сынып студенттері оқылып жатқан дәрістердің әсерінен қиялға еніп, өздерінде болмаған аурулардың белгілерін іздеп, әлек болады. Мұндай өзін-өзі қияли сендірудің салдарынан адам қатерлі жағдайға душар болуы мүмкін. Мажар психиатры Иштван Гарди осының дәлелі ретінде мынадай болған оқиғаны келтіреді: суытқыштар зауытының жұмыскері рефрежератор машинаның қорабында қамалып қалады. Оның ойынша, суытқыш жүйе іске қосылған болады. Күн өте, таңертең оны денесінің асқына суынуынан өлген мәйітімін тауып алып, болған жағдайдың себептерін тексергенде, рефражератор суытқыш жүйеге қосылмағанын, ол елім суықтан емес, суытқыш ішінде адамның тоңып өлетінін қиялдап, соны күтуден болғаны анықталған.

3. Қиял түрлері
Қиял қызметі әрқилы деңгейде көрінуі мүмкін. Оның көп түрлі болуының басты себебі ең алдымен әр адамның өз қиялын басқаруға деген саналы бағытынан. Әрексет дәрежесіне орай қиял енжар және белсенді болып, екіге бөлінеді. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын әрекет қажеттігінен ажыратады. Бұған мысал ретінде жатып алып, бос қиялмен нәтиже бермес арманға шомған Н. Гогольдің «Өлі жандар» поэмасындағы Манилов бейнесін келтіруге болады. Ш. Айтматовтың «Ақірет» романындағы Авдий Каллистратоп та осындай кейіпкерге меңзес.
Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер өлі болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады, ол жеке адамның қажетсінуіне байланысты. Мысалы, жарысқа түсетін спортшы, емтиханға бара жатқан студент не армандайтыны айтпаса да белгілі. Әлбетте, бірі жеңіс тұғырына көтерілгенін, екіншісі «5» алғанын елестетеді.
Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзіне жағымды, ұнамды арманға туседі. Ал егер мұндай арманшылдық өнімді іс-әрекетпен ұштаспай, адамның психикалық өмірінде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да кесапатқа ұшырағаны.
Ниетсіз енжар қиял сана қызметінің босаңсып, не зақымдануынан, мүлгіген хәлде, ұйқыға және т.б. жағдайларда белгі береді. Ниетсіз қиялдың аса жарқын көрінісі галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп, одан шошынып, не қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады.
Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және шығармашыл келеді. Жасампаз қиял негізінде алдын ала берілген көрсетпелерді басшылыққа ұстаумен қандай да бейнелерді түзу жатады. Бұл қиял түрі қалаған оқу жұмысының тірегі ретінде көркем әдебиет оқығанда, географиялық не тарихи карталармен танысқанда, сызылмалар мен іс жобаларын оқығанда өте қажет. Жасампаз қиял бейнелерін жазба не заттық құжаттар күйінде берілген басқа адамдар сөзінен тұрғызуға болады. Қайта жасау барысында адам таңбалық жүйедегі (сөз, сан, сызылма, нота және т.б.) іздерді өзінде бұрыннан қорытылған білімдерімен толықтырып отырады. Қандай да бейне, кейіпкерді жасауда автордың көркемдік шеберлігі, образ құрастырудағы әдістері мен тәсіл байлығы үлкен рөл ойнайды.
Сондай-ақ жасампаздық қиял бейнелерін тұрғызуда адамның көңіл күй жағдайын да ескермеске болмайды. Күшті эмоционалъдық кейіп жасампаздыққа кедергі ықпалын тигізеді. Мұндайда адам ойы шашыраңқылыққа түсіп, өзінің не оқып отырғанын түсінбей, мәнін, мазмұнын қабылдамайтын қалыпқа енеді. Сырқаттан, наша не ішімдік әсерінен болған психикалық ауытқулар да бастапқы мазмұнға сай келмейтін бейнелердің тууына себепші болады.
Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзі. Мұндағы «жаңа» түсінігі екі-талай мәнге ие: объективті жаңалық және субъективті жаңалық. Объективті жаңа бейне — бұл заттық не идея күйінде дүниеде бұрыш соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне — әрбір жеке адамның оқу, тәрбие, күнделікті тұрмыс жағ-дайында өз басы үшін ашатын жаңалығы. Қажеттіктерді қанағаттандыру жолында көрнекі елес туындыларын белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану — шығармашыл қиялдың негізгі қасиеті.
Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты: түзіліп жатқан бейне накты болмыс дүниеде олі жоқ, ол снді гана ғайыптан пайда болған сияқты. Осындай жаңа бейненің жасалуы тек жеке адамға керектілігінен ғана емес, сонымен бірге қоғам мүддесіне, сол қоғамның даму деңгейіне тәуелді келеді. Шығармашылық қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың болуы мүмкін емес. Шығармашыл қиял өнімі бірдейіне заттасқан күйде бола бермейді, бірақ сол зат бейнесі оның сол уақыт не дәуірде практикалық іске аспауынан саналық қалыпта сақталады.
Жасампаздық және шығармашыл қиялдар арасындағы айырмашылықты салыстырмалы сипатта деп түсінген ЖӨН. Жасампаз қиялда да шығармашыл қиялдағыдай нысан бейнелері жасалып, жаңаланады. Шынында да, жаңа сапа өнімін бермейтін, шығармашылықпен ұштаспаған қиял болмайды. Әр адам — оз Қамар сұлуын, Әйгерімін, Төлегені мен Бекежанын бейнелейді, яғни өмірден көрген, білгендеріне өз сана сезімінің, тұрмыс тәжірибесінің, дүниетанымы мен көзқарасы денгейінен баға беріп, өзінше бейне түзеді. Автордың жасаған кейіпкері мен түзген бейнесі қалың оқырман не көрермен қауымның бәріне бірдей ұнай, бермейтіні осыдан. Әр жеке тұлға қиялы жасаған бейнелердің өзара ұқсас болу ықтималдығы өте кем.
С. Л. Рубинштейн қиялды нақты жөне абстрактты түрге бөлуді ұсынады. Қиялға түсетін бейнелер әртүрлі болатыны сөзсіз: бірде ол бейне жалқы, заттасқан, қосалқы бөліктерімен күрделенген, сонымен бірге бейне жалпыланған, қорытынды схема және барша жағдайда қолданылатын символ кейпінде берілуі мүмкін. Бір бірінен жалқы мен жалпы мәні ерекшеленген көп санды және сатылы көрнекі бейнелер жүйесінін болуы да ықтимал, осыдан қиялдың нақты, нақтылау, жалпы, әбден дерексізденген түрлері келіп шыгады.
Сонымен бірге, нақты қиял бейнелері қызмет көрінісіне орай бөлектенеді. Осыдан, көз елестері (қыр жауқазыны, Абай келбеті, арғымақ және т.б.); есіту елестер (бұлбұл әуені, «Адай» күйі, сарқырама сарыны және т.б.); дене сезімдері (суық самал, жаңбыр тамшылары, қыспақта қалған бармақ және т.б.); иіс сезімдері (жусан иісі, бензин, жаңа орылған шөп және т.б.); дәм сезімдері (қазы, тіл үйірген қауын, ашыған сүт және т.б.); қозғалыс елестері (алтыбақан тербелісі, шыр айналған вальс, гимнастика жаттығулары және т.б.); туындайды. Өнер мен шығармасындағы бейне сан құбылмалы болса, оны қабылдау да толыққанды, әсерлі келеді. Кемеңгер Абай қаламынан туған келесі өлең қатарларын оқып отырып, тек көз елесіне емес, аң мен құстың жанталас дауыстарына да қияли қанық боласыз: «Біреуі көк, біреуі — жер тағысы Адам үшін батысып қызыл қанға. Қар аппақ бүркіт қара, түлкі қызыл ұқсайды қаса сұлу шомылғанға». Қиялдың ерекше түрі — арман. Армандау — өзімізге ұнаған болашақ бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпсс, бірақ келешекте орындалса деген адамның өмірлік мүддесін қанағаттандыруға қажет зат не әрекет. Арман — адам үшін өзінің шығармашыл күш-қуатын жүзеге асыруға бағыт беретін жұлдыз сипатты. Арманды сөз еткенде оның іске асатыны не аспайтынын ескерген жөн. Болар арман сол арманға жету әрекетінен ажыратылмайды, оның мақсаты анық, мазмұны мен орындау жолдары қиялдаушыға толық түсінімді. Ал болымсыз арманның мазмұны анық болғанымен, іске асу жолдары белгісіз. Көп жағдайда мұндай арман қиял бейнелері дәрежесінен аспай, адамды әрекетке ынталандырмайды.

4.Кіші мектеп жасындағы балалардың қиялын дамыту әдістемесі
«Әңгіме құрайық» әдістемесі

Мақсаты: Қиял деңгейін анықтауға арналған.
Орындалуы: Балаға әңгіме құрауға тапсырма беріледі. Ойланып, әңгіме құруға 1 минут, ал оны қайталап айтуға 2 минут уақыт беріледі.

Қорытынды баға
Бұл әдістемеде баланың қиялының даму деңгейі төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1. Әңгімені ойлану жылдамдығы;
2. Әңгіменің өзіндік құрылымы, ерекшелігі;
3. Әңгімеге пайдаланған бейнені түрлендіру;
4. Әңгімеде алынған бейнені анықтауы және талдауы;
5. Әңгімеде алынған бейненің сезімділігі, әсерлілігі;

Әрбір көрсеткіш бойынша төмендегі тәртіппен 0,1 не 2 ұпай қойылады:
1- көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгіме құруға 30 сек уақыт жұмсаса –2 ұпай
б) 30 секундтан 1 минутқа дейін уақыт жұмсаса –1 ұпай
в) 1 минут ішінде әңгіме ойлап таба алмаса – 0 ұпай
2 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала бұрын көргенін, не естігенін жай жаттанды түрде әңгімелесе –0 ұпай
б) Бұрын көргеніне, не естігеніне өз ойын қосса – 1 ұпай
в) Әңгіменің құрылымы мен ерекшелігін түгел өзі ойлап тапса –2 ұпай
3 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгіменің басынан аяғына дейін бір кейіпкердің (жағдайын, затын) мінез-құлқын жалаң түрде қайталап айта берсе – 0 ұпай
б) Әңгімеде әртүрлі бейне қолданса, 2-3 кейіпкер кездессе және оларға әртүрлі мінездеме берілсе – 1 ұпай
в) Әңгімеде 4 және одан да көп кейіпкерлер болса және әңгімелеуші оларға әртүрлі бағытта мінездеме берсе – 2 ұпай
4 –көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгімеде кейіпкерді атап қойып, оған қосымша мінездеме бермесе – 0 ұпай
б) Әңгімеде кейіпкерді атаса және басқа 1-2 белгі көрсетсе –1 ұпай
в) Әңгімеде айтылған зат үш және одан да көп белгімен
сипатталса – 2 ұпай
5 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер әңгімедегі бейне тыңдаушыға ешқандай әсер
қалдырмаса, әңгімелеуші өз тарапынан ешқандай сезім
тудырмаса –0 ұпай
б) Әңгімелеуші өз сезімін жеткізе алмаса, тыңдаушы оны әсерсіз қабылдаса –1 ұпай
в) Әңгімелеуші әңгімесін үлкен сезіммен, мәнерлеп жеткізсе және тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырса –2 ұпай

Қиял деңгейінің көрсеткіші
10 ұпай — өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
0-1 ұпай — өте төмен….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!