Реферат: Психология | Диференциалды ψ-ғы жас мәселесі сандық ген сапалық сипаттамасы

0
78

Реферат: Психология | Диференциалды ψ-ғы жас мәселесі сандық ген сапалық сипаттамасы казакша Реферат: Психология | Диференциалды ψ-ғы жас мәселесі сандық ген сапалық сипаттамасы на казахском языке

Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі ме-ханизмдері. Жас кезеңін айналасындагылармен қарым-қатынас жасаудың деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Д. Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін («қозғаушы күшін») құрайды. Мысалы, баланың ерте сәбилік шағындағы сыртқы болмыспен байланысы оның үлкендерге қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді. Нақ осындай қарым-қатынастар жүйесі негізінде бала белгілі бір дағдыларды игереді, онда қарапайым дәрежедегі ұғымдар қалыптасады, үлкендермен қарым-қатынас жасау тәсілдері байланысады, тілі жетіледі т. с. с. Осының бәрі баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңеюіне, демек, айналасындағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болады. Ал соңғысы өз кезегінде психикалық дамудың онан арғы барысының жағдайларын өзгертеді (мысалы, бала сәнді болмысты өзі-нің тікелей іс-әрекеті арқылы да танитын болады). Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен тіршілік жағдайларын өзгерту жиынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым-қатынасының мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған де-гсн қарым-қатынас формаларын өзгертуге оксіт соқтыратын осыған ұқсас жағдай (мүлдем басқа дәрежедс болғанымен) жеткіншектік шақта пайда болады. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым-қатынастар ескерілмей, қалыптасқан және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезең барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесімділік бұзылған жағдайда пайда болады. Баланың айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдері және оның кез келген психикалық іс-әрекетінің дәреже арасындағы қарым-қатынас екі жацтан дамиды (демек, бүлінуі де мүмкін). Мәселен, баланың іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейту, оның қажеттіліктерін өзтерту, оның айналасындағыларға деген бүкіл қарым-қатынас жүйесінің өзгеруіне алып келеді. Ал қарым-қатынастың жаңа жүйесінің өзі баланың іс-әрекетінің әрі қарай дамуының негізі болады.
Бір жағынан, баланың өмірге деген қарым-қатынасының даму дәрежесі және соның негізінде жасалынған мотивтер, екінші жағынан, іс-әрекет мазмұны мен тәсілдері арасындағы белгілі бір сәтсіздік бастапқы оқыту жағдайларында байқалып отырды. Балалар мектепке көп жағдайда дамыған (қарапайым түрде болса да) танымдық мотивтермен, оқуға деген шын ықыласпен келетін болды. Мектепте қолданылып жүрген оқытудың негізгі мазмұны мен тәсілдері балалардың танымдық бағытына жауап бере алмады. Оқыту бала үшін дәлелденбеген және іштен ой елегінен өткізбеген, ойлау әрекетін тым аз талап ететін орасан көп таза техникалық жаттығуларды қамтыды. Бұл баланың сол уақытта қалыптасқан мотивтік қарым-қатынастары мен
мүмкіндіктеріне сай келмеді. Осының нәтижесінде танымдық іс-әрекетке, көп жағдайда оқу әрекетіне де қызығу төмендеп, кейде тіпті өшіп те қалатын.
Баланың өмір сүру жағдайларының тәрбиелеу мен оқыту формаларынын, өзгеруі жас шамасына қарай даму кезеңдерінің ауысуын анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Балабақшадағы оқыту сабақтары, мектепке даярлау жұмысы мектепке дейінгі лас шақтарының шекарасы мен мазмұнын айтарлықтай өзгертті. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер тәжірибе мен неғұрлым жетілдірілген программа бойынша оқыту нәтижелері оқу процесін белгілі бір түрде ұйымдастырып, оқыту мазмұны мен әдістерін қайта құрған жағдайда бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктері елеулі өзгеріске түсетінін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, олардың ойлау әрекетінің алғашқы теориялық формалары дамып, оқу іс-әрекетінің неғұрлым жоғары дәрежесіне қол жетеді. Сондықтан соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында педагоги-калық критерийлерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қол-данылады. Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдері (кейде бұл кезеңдерді ерте сәбилік шақ, балдырғандық және мектепке дейінгі шақ деп атайды) бала-бақшадағы топтарға сәйкес (үш жасқа дейін — ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы — балалар өмірінің төртінші жылы: естиярлар тобы — бесінші жыл; ересектер — алтыншы жыл және даярлық тобы — жетінші жыл) бөлінеді. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне және олармен байланысты оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай мектептік шақ үш кезеңге бөлінеді: төменгі класс оқушылары (1-ден 3—4 класқа дейін).
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектептерге дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумеи қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттін, сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдам-дығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік си-туациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ //. С. Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына ашылуына тығыз байланысты болып келеді.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасынын пайда болуы, «балалар қоғамының» құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «мінін» және өз қылықтарынын маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған топ іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді сезініп шамасы келетін оның формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке
дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі керсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.
Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психо-логиясында психологиялық эксперименттің, ролі айтарлықтай өсті. Психологиялық-педагогикалық зерттеуде пайдаланылуының жиілігі жағынан лабораториялық эксперимент баланы зерттеуде жетекші орын алып жүрген табиғи экспериментке ғана жол береді.
Оқу-тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктері мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәжірибешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкімдік береді. Советтік педагоглкалық психология үшін табиғи эксперименттің ерекше түрі — қалыптастыру (оқыту) эксперименті өте маңызды болып есептеледі. Бұл жерде сыналушылардың психикалық іс-әрекетінде болатын өзгерістер зерттеушінің (педагог ролім атқаратын) сыналушыға (оқушыға) белсенді әсер етуі нәтижесінде бақылалынып отырады. Мәселен, бастауыш мектеп жасында абстрактылы ұғымдарды меңгеру мүмкіндігіл дәлелдейтін деректер бірсыпыра оқыту эксперименттерін жүргізу нәтижесінде алынды.
Психологиялық-педагоглкалық мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі — егіздер әдісі деп аталатын әдіс. Оның мәні — бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бірдейлігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынан болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді.
ҚАЗІРГІ СОВЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ
Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы советтік псиХОЛОГИЯ ғылымының ертеден келе жатқан және тұрақты дәстүрі бар неғұрлым дамыған саласы. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларын ғылымды күрделі еңбектерімен байытқан белгілі советтік психолог-ғалымдар Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. В. За-порожец, Л. В. Занков, Г. С. Қостюк, А. Н. Леонтьев, Н. А. Менчинская, II. Ф. Талызина, Д. Б. Эльконин т. б. нәтижені зерттеді және зерттеп келеді.
Қазіргі совет психологиясының маңызды концепцпяларының
негізіне жеке адам іс-әрекеті арқылы белсенді түрде мате-
риалдық және рухани мәдениет заттарында сақталған адам-
заттың тарихи тәжірибесін иеленуі тиіс деген Л. С. Выготский
идеяларымен байланысты пікір жатады. Тек сонда ғана жеке
адам қоғамның толық дәрежелі мүшесі бола алады. «Бұл нәти-
жесінде индивидумның тарихи қалыптасқан адам қабілеттері
мен функцияларын қайта жаңғыртуды жүзеге асыратын процесс
болады
Психикалық даму әлеуметтік тәжірибені меңгеру жолымен, оқыту арқылы жүзеге асады деген идея, тек оқыту психологиясы үшін ғана емес, сонымен бірге тәрбие психологиясы үшін де басты идея болып табылады. Әлеуметтік тәжірибені игеруші жас адамның жеке басының қалыптасуы автоматты түрде емес бүкіл тәрбиелік әсерлерді дәнекерлейтін (Л. И. Божович, Т. Е. Қонникова т. б.) оның ішкі жан дүниесінің, ішкі позициясының өзгеруі арқылы болады. Тәрбие нәтижесінде қалыптасқан адамның қажеттіліктерін, оның мұраты бағалауын әрі өзін-өзі бағалауын білдіретін жеке адамның іс-әрекет мотивтерінің жиынтығы, позициясы жоғары саналынып өткен ішкі жағдайлар арқылы болатын түрлі сыртқы іс-әрекет әсерлеріне жеке адам-ды біршама тәуелсіз етеді. Бұл идеяны жүзеге асыра отырып, совет психологтары жеке адамның психикалық процестері мен қасиеттерін белсенді қалыптастырудың стратегиясын жасады. Психикалық дамудың жеткен дәрежесін тіркеумен ғана шектелген басқа психологиялық-педагогикалық концепцияларға қарама-қарсы, совет зерттеушілері белсенді қалыптастыру жолымен баланы психикалық дамуының эксперименттік үлгісін жасау қажет деп еселтеді….


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!