Реферат: Педагогика

0

Педагоглкалық ғылымдар жүйесінде бастауыш мектептегі оқыту, жоғары сыныптарда жеке пәндерді (тіл, әдебиет, физика, химия, математика, тарих, география және т. б.) оқыту әдістемесі едәуір жетіле түсті. Педагогикалық ғылымдардың бұл саласы оқытудың тиімді әдістері ме тәсілдері, приициптері мен мазмұнын зерттейді. Пәндерді оқытудың әдістемесі—оқыту және білім беру теориясына — жалпы дидактикаға сүйенеді. Дидактика — педагогиканың негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол «нені оқыту керек»,«қалай оқыту керек»,«не үшін оқыту керек», деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері —бұл оқыту процссінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, оларды өмір практикасына дайындау проблемаларын зерттеп шешу.
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоқ оқу орындарының педагогикасы. Жоғары мектептерде жастарды оқыту және тәрбиелеу проблемасы жайында ғылыми еңбектер, оқу кұралдары шыға бастады. 1969 жылы аспиранттар және жоғары мектеп оқулықтары үшін «Педагогика высшей школы» кітабы (лекциялар цикілі), ал 1972 жылы «Основы вузовской педагогики» оқу кұралы баспадан шықты. Әрине, жоғары мектеп педагогикасы жаңа және жас ғылым. Ол келешек мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеу, оларды жоғары дәрежелі мамандыққа даярлаудың тиімді жолдарын іздсетіріп зерттеді. Педагогикалық ғылымдар салалары өзара бірыңғай байланыс, қисылды бір ізділікпен дамыды.
Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыса дамиды. Өйткені, адамды жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелку проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олардың бірі — философия ғылымы.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын,
түбегейлі мәселелерін зерттеді, өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білуішілікке тәрбиеленеді.
Тәрбиенің мақсаттары, халыққа білім берудің мазмұны, педагогикалық процесті ұйымдастыру сияқты проблемаларды зерттеудің барысында, педагогика ғылымы алдын – ала белгілі нақтылы әдіснамалық жағдайлардың негізіне сүйенеді.
Ғылымн педагогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін, негізгі кезеңдерін, басқа құбылыстармен өзара байланысын қарастырады, олардың заңдылықтарын анықтап қалыптастырады.
Педагогика материалистік диалектиканың қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысу және теріске шығаруды теріске шығару сияқты негізгі заңдарын тәрбие, білім беру және оқыту барыстарында шығармашылықпен пайдаланады.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы теріске шығаруды теріске шығару заңын, мәнін былайша түсіндіруге болады ескінің орнын жаңа басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи дамуы барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудың негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады. «Қай салада болмасын өзінің бұрынғы өмір сүру формасын теріске шығармайтын дамудың болуы мүмкін емес».
Педагогика ғылымның даму процесінде көптеген өзгерістер болады келеді. Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту жұмысшының осы заманғы ғылым мен техинканың, әдебиет пен өнердің даму дәрежесіне сай емес екендігі байқалады. Осы жағдайлар ескеріліп, оқыту мазмұнына байланысты өзгерістер енгізіледі; Бастауыш және жоғары сыныптар үшін ғылым негізінде бағдарламалар жасалды. Егер бұл өзгерістерді философиялық тұрғысынан қарастырсақ, онда жаңа оқу бағдарламалары емір талабын қайшы келетін ескі оқу бағдарламаларын теріске шығарғандық болып табылады. Демек, бұдан оқыту мен тәрбиелік бір кезеңі екінші жақа үдемелі кезекпен ауысады деген ұғым туады.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терек жане жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. Мысалы, құқық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттелгенде, педагогика, этика мен эстетнкаға, ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттегенде таным теориясына сүйенеді.
Кейбір жалпы проблемалар филоеофия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиелеп жұртшылықтың, рөлі, адамды қалыптастыруда тұқым қалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі т. б. жатады.
Сонымен, педагогика ғылымы философиялық білімдерді басшылыққа алып, тәрбиенің теориялық және практикалық, мәселелерін шешуде үлесін қосады.
Педагогика психологиямен тығыз байлаиысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Егер ПСИХОЛОГИЙ психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау және т. б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамепт, мінез, қабілет), демек, адам психикасыиың даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Педагогика мен психология ғылымдарының зерттейтін объектісі —адам. Бірақ, зерттеу екі бағитта жүргізіледі де, бір нәтижені көздейді. Мысалы, психология адамның мінез-құлқындағы түрлі ерекшеліктерінің механнзмін ашуды қарастырса, ал педагогика адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. Педагогика ғылымы басты проблемаларды психологияның көмегімен шешеді. Мысалы, педагогика ұжым жайындағы теориялық мәселелерді шешуде әлеуметік психологияға, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық даму заңдылықтарына байлаиысты мәселелерді — жас ерекшелігін және педагогикалық психологияға, эстетикалық тәрбие теориясын қарастырғанда — психикалық сезімдерге ,әсіресе, адамның таным әрекетіне байланысты сезімдер мен объективтік шындықтың сұлулығын қабыл алудан көніл-күйі генетикалық сезімдерге сүйенеді.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі — жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалімнің жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас организмнің даму барысында болып отырған анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе жоғары нерв қызметінің негізгі заңдылықтарына (қозу, тежелу және т. б.) жете түсіну жалпы педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудың, негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасын тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы —жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, иығайту және дамыту жанындағы ғылым. Окушылардың деңсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауанын жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек, түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етеді, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селкос, сылбыр болады. Олардың зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай сөзсіз үлгермеушілікті туғызады.
Мектеп гигиенасы мектеп ғимаратындағы жылу және ауа режимдерін, мектеп жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарды және оқу мен тәрбие жұмысының гигненалық негіздерін зерттеді. Сондықтан мұғалімнің осы мәселелерді терең түсініп, меңгермейінше, педагогикалық процесті ойдағыдай ұйымдастырып, басқаруы мүмкін емес.
Педагогикалық нақты мәселелерді зерттеп, жинақтауға социология ғылымының маңызы өте зор. Социология ғылымы әлеуметтік ортаның адамға ықпалын, адамдар арасыпдағы әлеуметтік қатынасты қарастырады. Жас ұрпақты дамыту, тәрбилеу және қалыптастыру проблемаларын зсрттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мем тәрбие жайындағы мұғалімдер мен оқушылардың бірдей дәрежеде мақсат қойып, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуын, педагогикалық және оқушылар ұжымын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлі құралдары мен әдістерін таңдап, пайдалануды білдіреді. Бұндай жағдай педагогикалық жүйенің мақсаттылығын сақтауға және оны құрайтын компоненттерді жақсартуға оң ықпал жасайды.

Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік педагогикалық және уақыттық шарттары
Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуы тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалғыз шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық географиялық шарттарын жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар — оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы мектептің орналасқан жері (қалалық, аудандық мектептің материалдық мүмкіндігі; қоршаған ортаны тәрбие мүмкіңдігі сияқты компоненттерден құралады.
Педагогикалық процестің тиімділігінің маңызды көрсеткіші педагогикалық- және оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата-аналарының педагогикалық деңгейі болмақ.
Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты баладардың дербес-психологиялық дамуы және жас ерекшелігіне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын бастауыш — негізгі орта – У-ІХ; жоғары – Х-ХІ сыныптар құрайды. Жалпы білім берудің әр сатысы өзіндік міндеттерді шешуге бағытталғанмен, ол бала тұлғасын дамыту – деп аталатын ортақ міндетке жұмылдырылады. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады. Жүйе құраушы факторлар, әлеуметтік — педагогикалық және уақыттық шарттар құрылымдық бақылау мен функциялық компоненттердің ерекшеліктерін айқындайды.
Педагогикалық жүйенің шаралардың компоненттері
Кез келген әлеумсттік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субьектісі шешуші рол атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық компонентері айқындалатын нағаз педагогикалық ұжым және оның басшысын немесе жүйені басқарушының әрекеті болмақ. Практикалық істерді талдау және арнайы зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына өз функцияларын кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бірге ол функциялардың мүмкіндігін сарқа пайдаланып, оларды үйлестіру арқылы жетуге болатындығын көрсетеді. Осыдан келіп басқару жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды. Көптеген мектептердің басқару жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен тұрады. Бірінші деңгей – ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган тағайындаған Мектеп директоры: мектеп кеңесі, оқушыдар комитеті, қоғамдық бірлестік басшылары.
Екшші деңгей – мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологиясы, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, мекендеген директорының әкімшілік шаруашылық істері бойынша көмекшісі, сонымен бірге өзін-өзі басқарушы бірілестіктер мен органдар.
Үшінші деңгей-оқушылар мен ата-аналарға, балалар бірлестіктері, сабақтан тыс үйірмелерге қатысты басқару қызметін атқаратын мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртшші деңгей – сыныптық және жалпы мемлекеттік оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіне басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының сипатын айқындайды. Оқушы ол қарым-қатынастың обьектісі болумен бірге өз дамуының субьектісі де болады. Бұл келтірілген өзара қарым-қатынастар тізбегінен аңғаратынымыз, әрбір төменгі деңгейдегі басқару обьектісі бір мезгілде өзінен жоғары деңгейдегі басқарудың обьектісі болады. Басқару жүйесінде оқушылар ұжымы негізгі орын алады, оны да жалпы мемлекеттік ұжым жене сыныптық ұжым деп басқарудың ою деңгейіне топтастыруға болады. Ал көлбеу бағыттағы басқару жүйесі оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер деп жіктеледі. Басқару жүйесі оқушылар қатысатын іс-әрекеттің біртұтастығын (оқу, ізденушілік, спорт, көркем эстетикалық, қоғамдық пайдалы еңбек) танытады. Тұтас педагокалық процестің құрылымдық компоненті ретінде мазмұн білім беретін мекеменің (мектеп, лицей т.б) алдына қойтан мақсатымен айқындалады. Ал педагогикалық-және оқушылар ұжымының оқу-тәрбие процесі мазмұнының өзгеруі мемлекеттік білім стандарттары негізінде реттеледі.
Қазіргі қоғамға тән білім беру процесін іздендіру, дербестандіру және дифференциялау, мәдениеттанушылық сипат беру бағыттарын іеке асыру балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен төрбиелеудің әдістері мен түрлерін пайдаланудың ерекшеліктерін айқындайды. Бұл бағытта ұжымдық және топтық жұмыс түрлерімен бірге дербес жұмыс түрлеріне де баса мән беріледі.
Педагогикалық әрекеттегі басқару жүйесінің басқарылушыға ықпал жасау әдістері де айқын болуы тиіс. Оның тиімділігі – қолданған әдістің нақты педагогикалық жағдайға сәйкестілігіне байланысты .
Тұтас педагргикалық процестің ұйымдастыру әдістері жүйенің ұйымдық, функционалдық және ақпараттық бірлігін тоқтатуы тиіс. Сондықтан мұғалім сендіру, бақылау және өзін-өзі бақылау, ынталандыру сияқты тәсілдермен бірге ақпарат жинау және оны талдау дербес дамудың диагностикасын жасау, түзету және т.б. сияқты әдістерді де игеруі тиіс.
Сонымен, аталған жүйе құраушы факторлар педагогикалық процесті ұйымдастырудың ішкі құрылымының өте күрделі екендігін танытады. Сонымен бірге әрбір компонентгі алға қойған мақсатқа, қалыптасқан нақты жағдайға байланысты дер кезіңде реттеп отыруда қажет етеді.
Аталған компоненттер өз бетінше өмір сүрмейді, олар мұғалім әрекетімен тығыз байланысты болады да педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттерін құрайды. Функциялық компоңентердің негізіне педагог әрекетінің процесінде туындаған тұрақты базалық құрылымдық компоненттер түзеді. Ал функциялық компоненттер педагогикалық процестің қозғалысын, өзгерісін таныхын, оның даму қисынын айқындайды….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз