Реферат: Педагогика | Кикілжің » ZHARAR

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Кикілжіңнің қоғамдық өмірмен және табиғатпен байланысы

«Кикілжің» ұғымына анықтама бермес бұрын, мына төмендегі сипаттамаларға тоқтала кетеиік.
Кикілжің –бұл қоғамдық өмірмен табиғатпен бірге пайда болған әлеуметтік түсінік болып табылады.
Қоғамның өзіндік қиын жүйесімен жинақтаған білім мен ерекше тұрақтылықтан және тарихи процестен көрінеді, бір ұрпақтан келесі ұрпақ адамдарына берілетін әлеуметтік байланыстар. Олар шыныменде нақты мақсатқа қол жеткізу үшін және бірлескен қызметтерін белгілі бір уақытта орындайды. Бұл кім-кімнің болмасын әрекетіне байланысты орайластырылмаған арақатынас, яғни ол объективті жағдай үстінде әсер етеді. Сонымен қоғам жеке тұлғалардың қарапайым жиынтығы ғана емес және олардың өзара байланысы. Ерекше жүйеде сапалы жағдай көрсету үшін жеке тұғада қарым – қатынас бірінші орында тұрады.Әрбір жеке тұлға өмірге келгеннен бастап қалыптасқан және өзімен байанысқан әлеуметік ортаға кіреді. Сол уақыттан бастап адам білімі мен құндылығын, мінез – құлық нормаларын анықтай отыра, оларды кеңейтеді.Әрбір адам әлеуметтік орта жағдайында қалыптасса, соғұрлым өзгеше және ерекше болады екен. Орыстың атақты ойшыл ғалымы И.А.Ильиннің айтуы бойынша адамдар арасындағы ерекшелікті былай байқады; «Қағида бойынша қоғамда ешқандай айырмашылықсыз құрылым мүмкін емес болмайды да»- деген, ол адамның әлеуметтік мәртебесіне және жеке санасына ерекше назар аударды, бұл сәйкессіздік бір- біріне еш сай келмейді, мысалы; кедей адам адал болуы мүмкін, ал белгілі, атақты адам айакер, сұрқия – банк директорының консорциумы ( ақша операциясын бірлесіп іске асыру үшін бірнеше банк компаниялары арасындағы келісім жасаушы).
Адам үшін қоғамдағы ең маңызды нәрселер – азық – түліктер, түрлі заттар т.б. Ерте замандағы адам өмірінің бастамасы былайша пайда болған, ол адамбасқа адамдармен ынтымақтастықта болуы тиіс еді. Бұл процеспен бірге жеке тұлғалар арасында өзара әрекеттесу мен қоғамдық байланыстар қиындап, белгілі бір қоғамның даму сатысында өзара қатынаста, ынтымақтастықта болған, кейін бақталастық, бәсекелестік, психологиялық сиысымсыздық, қызығушылықтардың қарама – қарсылығы және мақсатқа жету әдістері пайда бола бастады. Бұл қайшылықтар күшейіп нәтижесінде белсенді тайталас кикілжің пайда болды. Тұлға аралық кикілжің мыңдаған жылдар бұрын, адам өмір сүргеннен бастап әрекеттің пайда болуын дұрыс деп санады. Ол көрсетіп отырғандай тұлға ішілік кикілжіңнен алдын таралған, себебі жеке адамдардың арасындағы қатынас бұл индивидтің өз- өзімен қарым – қатынас болып табылады, яғни бұл автокоммуникация. Кикілжіңнің пайда болуы өте күрделі келіспеушіліктерден болған және болады. Пайда болған келіспеушіліктен оптимальды шешім табу, субъектілердің өзекті қызығушылықтарындағы ойларының бөлінуі, көзқарасы, бағалары мақсаттары әлеуметтік байланыста әрекеттес болып табылады.
Көп ғасыр алдын құрастырылған «алтын ережені» өте жоғары бағалауы бекер емес, себебі адам басқа адамдармен қарым –қатынас кезінде сыйластық, шыдамдылық және шынайы ерік жігер білдіруі керек, адал, адамгершілігі мол сыйлы және үлгілі тағы сол сияқты болуы тиіс және бұл іс- әрекеттерді қарым – қатынаста айналасындағыларға сенімін беріктілігін сөзінде және ісінде көрсетуі керек.
Осылай болуы тиіс, бірақ әрқашанда ақиқат болмайды. Шынында да өмірде кез – келген адам, әр бір қоғам түрлі кедергілермен, қиын мәселелермен кездесіп жатады.
Бұған ауытқуларды, яғни девиантты жүріс- тұрыстар,мысалы; ішкілікке салыну, нашақорлық, заң бұзушылық, экстремизм және тағы басқалар жатады. Бұл адамдардың тек қана жаман, зиянды әрекеттері ғана бар емес, сонымен қатар шектеулі жақсы жүріс- тұрыстары қалыптасқан. Кейде оған тәртіпті әрекеттерде, санамен қатар жаңаша асау талпыныс, әр түрлі жеке ғылымдар; техникалық және көркем шығармашылық түрі қатысты болады.
Айтылғандарды қорытындылай келе, мынандай шешімге келдік, кикілжің – адамдар арасындағы процесспен тәсідердің әрекеттестігі және әлеуметтік өзіндік жүйе, қоғамда жақсы қабылданатын құбылыс болуы тиіс. Қоғам да адам сияқты өзіндік табиғатынан, абсалютті түрде тәуелсіз, асқан тамаша болуы, яғни кикілжіңсіз болуы мүмкін емес. Келіспеушілік, үйлесімсіздік, кикілжіңдер әрқашан қоғам дамуының құрамды бөлігі болып табылады.
Келесі, кикілжің – бұл жете түсінікті ойланылған әрекетті құбылыс. Ол бұрынғы шындықты қатайтып, адам басқа тірі организімнен негізгі ерекшелігі, оның әрекеттері мен ниеті ырықсыз сезімге бағытталған және өзінің өмірлік іс- әрекетін өңдеп шығарады.
Адамның өзгеше тек қана өзіне тән сапалары; ақыл есі мен шынайыдүниені және тарихи қоғамдық формада идея мен көзқарастарды,сезімдерді, әрекеттерді және мінездер жиынтығын ұсынады. Ол адамдар жаратқан «Екінші табиғатты», мәдениеттің рухани бар байлығын қамтиды. Шыныменде табиғат сана мен және санадан тыстіршілік етеді екен. Қоғам
саналы адамдардан құралады.
Ақылға ие болу және өзіндік қабілеттері, адам көбінесе мамандық таңдауда бос болады, мүмкін өзінің қатынасын реттейді. Қарым – қатынаста мәдениеттілікке жету, әлеуметтік процесін ұғыну жазылған және жазылмаған жүріс- тұрыс немесе мінез – құлық ережелерін бөліп санау потенциялды түрде ұтымды болған.
Осылайша кикілжіңді – жеке адам санасының деңгейіне қарсы тұру, әуеуметтік топ немесе одан да үлкен қоғамда іс- әрекет және қатынастық процесте бір – біріне қарсы шығу, ерекшеліктеріндегі қызығушылықтарының бір – біріне сәйкес келмеуі, бағалы құндылық және мақсаты саналы түрде қарсы тұру болып табылады.
Келесі сыипат; кикілжің – жаппай барлығына да қатысты, кең тараған құбылыс. Кикілжіңдік жағдайлар – эканомика, саясат, мәдениет және идеоогия сияқты қоғамдық өмірдің барлық сферасында пайда болады. Олар адамның және қоғам дамуын ажырағысыз сияқты шарасыз компанентті. Шыныменде өзіңді жеке тұлға болып қалыптастыру немесе қызметті ұйымдастыруда ішкі шиеленісушіліктер, қайшылықтар, артта қалушылық пен тоқырауды жеңіп шығу, күресулер мен қақтығысуларсыз көрсету мүмкін бе?
Оның себептері бөлек шаруашылық пен айналысу шарты мекемені қалыптастыруға арналған қолайсыз жағдайлардың тоғысуы; еңбекке ақы төлеумен байланысты еңбек мативациясының мәселелері; құрылымдық қиылыспау; коммуникативтік байланыстардың үзілуі; жұмысшыардың әкімшілік шешімдеріне көңілі толмау; бірлесіп жұмыс істейтін адамдардың темпераменті, мінез – құлқы мен мінез- құлық мәнеріндегі олардың жас шамасы мен өмірлік тәжірибесіндегі өнегелі түсініктер, білім деңгейіндегі, квалификация және жалпы мәдениеттегі айырмашылықтарды тудыратын эмоцияналдық соқтығысулар тағы басқа болуы мүмкін.
Кикілжіңсіз – бұл тым игіліксіз иллюзия және құрғақ қиял. Кикілжіңдер басқа кез – келген әлеуметтік қайшылықтар сияқты шынайы қоғамдық байланыстарформасы, мотивтер мен ролдер олардың қажеттіліктерінің сиысымсыздығы, әлеуметтіктоптар қатынасы мен қоғамдағы сай келмеушіліктер болуы әбден мүмкін. Олар бұл мәнде тек қана лазым және мүмкін ғана емес, қоғамдық белсенді фактор мен өте қажетті дерек болуы мүмкін. Адамдар сөзбен әсер ететін іс- тәжірибеден әрқашанда кикілжің орын алады.
Кикілжің – бұл қақтығысу жеке тұлғалардың қарсыласуы немесе қоғамдық күш, қызығушылықтар, көзқарастар, төмен шамадағы екі жақты ұстанымдар, қарсы келу формасындағы ағылулардың өзара әрекеттесуі.
Қарсы әрекет тұлға аралық және топ аралық кикілжіңде ғана болмайды, сонымен қатар адамның втокаммуникациялық процесінде өзіндік ұйымдастырушылық және өзіндік бағдарламалауында,оның өз – өзімен қарым- қатынасында болады. Мынадай психологиялық өзін -өзі реттеу ішкі диологпен көріп түсінуді қамсыздандырады, адам ойындағы күйзелістері мен өзін әрекеттер, оның түрлі көзқарастарының салдарынан болады.
Белсенді тайталас пен қарсы тұру кикілжіңде конфликтологияны ( мақсат – мүдделердің қарама – қайшылығы) басқа формалармен, мысалы, қоғам мен жеке тұлғалар арасындағы қызығушылықтардың қайшы келуі, моралды және заңды ережеер арасындағы қақтығыс, жарысқа қатысушылар бақталастығы немесе қатаң бәсекелестікті салыстырады.
Кикілжіңдік өзара әрекеттесу, егер ол талқандайтын формада емес, жасанды болса, ол өзіне өнімді конструктивті бастама алып келеді. Мұндай кикілжің алға қарай өзгеруге себепші болады, осы немесе басқа әлеуметтік жүйелердің дамуына динамизм береді, соңғы нәтижесінде парасатты мәмілеге келеді.
Мысал ретінде жай ғанабазарды алып қарайық. Ол бәсекелестік пен келіспеушілік арқасында жүзеге асып отырады. Бірақ та базарда алу мен сату тәртібі жиі бұзылады, себебі базар кикілжіңдер үшін мүмкін болатын әмбебап сахнасы болған және солай болып қала береді.
Келесі бір маңызды бөлігі кикіжің – болжамдаушы, шалдығуды реттеуші құбылыс. Бұл табиғатта кикілжіңдік жағдайлардың соқтығысуынан пайда болған, екі жақпен өзара әрекеттесуге қатысушылардың қызығушылықтарының шектелуі мен тайталастың салдарынан түсінікті.
Біріншіден, қызығушылықтардың сәйкессіздігін білдіруші мен оларға бір уақытта қызмет көрсету және байланыстырушы түйін, қарсы тұру, өзара әрекеттесуші кикілжіңнің айырмашылығы осы.
Белгілі бір әлеуметтік ортада екі жақ бірін – бірімен қақтығысады, объективті шарт пен субъективті мақсатты кикілжің байланыстырады.
Қарапайым дәлелдеме: Жұмысқа алушы мен жұмысшы арасында, жұмыс ақысы жайлы соңғы сөз болады. Екі маңызды жағдай – оның біріншісі, жалпы хал – ахуалдары, жұыс беруші мен жұмысшының арақатынасы, ауызша келісім немесе жазбаша контрактты реттеу; өмір сүру мен ең төменгі еңбек ақы мемлекет әрекетімен белгіленген болу керек. Кикілжіңді реттеу шарттары немесе мүмкіндігінше белгіленген сәтте ақталуы тиіс.
Екіншіден, кикілжіңге қатысушы кез – келген адам өз пікірін қорғау немесе қарсы тұру керек, оның талаптарын іске асыру үшін күшті мобилизациялау немесе дәлелдеме талап етуі тиіс. Сонымен қатар болған ситуацияны талдап, жорамал жасап, салдарын таразылап, жобалап жоспарлау, шешім шығару, оның шығу мәселесін іздеп табу, жүріс – тұрысы мен әрекетіне корректировка жасау тағы басқа сол сияқты, кикілжіңнің шешімін тауып орнығуына көбіне басқарушы арсенал шарттары қызмет көрсетті.
Сонымен кикілжің жайлы бірнеше негізгі бөліктерден алынған ұсыныстар мен бұл құбылысқа нақты анықтама беруге болады.Ғалымдардың пікірлері кикілжің ситуациясындағы ауытқушылық әрекеттерін түсіндіруде сәикес келеді, сол уақытта « кикілжің» түсінігін ашуда, белгілі айырмашылықтарын демонстрациялаған.
Психология кикілжіңді адамдардың өзара әрекетіндегі табиғи жағдай ретінде қарастырады,оның негізінде қаишылықтар, әлеуметтік байланыстағы мәнді субеъектілерге лайықты эмоцияналды фондық айырмашылықтар және қызығушыықтар арасындағы айырмашылықтар болады. Олар кикілжіңді бір жағдайдағы қарым – қатынастың көрінісі ретінде сана – сезімді, қабілетті, келісімнің жоқтығын, пікірлердің айырмашылығын армандар мен көзқарастардың қарсы келуін, мотивтер мен стильдердің жүріс – тұрысы, қызығушылықтар мен мұқтаждықтарды бекітті. Басқару мамандары кикілжіңді күрделі жүйелі өзара әраекеттестікті универсалды әдіс ретінде,қайшылықтарды жеңу мен кез – келген сфераны тежеу олардың қоғамдық ортасы және жеке адамдармен контактылардың орындалуы.
Шетел ғалымдарының ішіндегі басқару мамандарының кең тарағаны АҚШ- тан келгендері кикілжіңді позитивті- функционалды мәнді қақтығысу немесе әлеуметтік дәреже, байлық,материалды – рухани құндылықтар үшін күрестер, оған қатысушылар бір – бірін бейтараптандыруға немесе қарсыласын жоюға талпынады деп түсіндірді.
Бұл түсінікпен қоса американдық «Менеджмент негізі» кітабының авторы кикілжіңді екі немесе оданда көп тараптардың біреуі немесе бірнеше нақты топтардың арасындағысоқтығысу; олардың кез – келгені өз пікірін дұрыс деп қабылдау үшін келесі біреуіне қарсы әрекет жасайды. Бұрынғы басылымдарда кикілжіңді көзқарастардың, пікірлердің, қызығушылықтардың, екі немесе бірнеше адамдар мақсаттарының қақтығысып, қарсы тұруына бағытталған сапа деп көрсетті. Мысал ретінде В.Р.Веснина кикілжіңді – адамдар арасындағы қатынастармен олардың формальды және формальды емес бірлестігі, пікірлер мен қызығушылықтар,көзқарастардың шартты айырмашылығының, адам психикасында беталды қарама – қарсы бағытталған соқтығысу немесе қақтығысу деп түсіндірді.
Кикілжің жайлы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, мына төмендегі анықтама мүмкін жақын, мүмкін қолайлы болады:
Кикілжің – бұл көзқарастардың сәйкессіздігінің соқтығысуларынан өзара әрекеттесу тәсілі, пікірлер және қызығушылықтар, өзара байланысты тайталастың, екі немесе бірнеше жақтардың өз мақсаттарына жету үшін қудалауы, адамдар арасындағы қатынас пен әлеуметтік байланыстардың қалыпты көрінісі.
Бірақ кез – келген маңызды нұсқада сақтау мен қатар талап ету маңызды, әлеуметтік байланысты өзара әрекетік субъектті процесс және кикілжіңнің заңқой мінезі мен қоғамдық табиғатқа нұсқау, қарсылықтарға назар салып айрықша бекіту, тайталасқа қатыстыру кикілжіңнің жақтары, кикілжіңдік жүріс – тұрыс мүмкіндігінше ерекшелеп бөліп шығару, кикілжіңді реттеу, демек оларды басқару.
Көптеген ойлардың шығуына сырт көрініс себеп болады, бірмәнді өзіндік салдар адамдардың өзара байланысы мен кикілжіңдер шынайы өмірде ұзақ, үлкен сана – сезімді қабылдап шығады, кез – келген әлеуметтік жүйе әсершіл аспаптармен дамиды.
Мұндай келісті мысал жанында көрсетуге болады, шекарадан рұқсат беріп өткізу мен түрлі формадағы мінездердің арасындағы әлеуметтік байланыс және жекелеп қарағанда кикілжіңді өмірдегі қайшылытан айқын ажыратуға болады – пікірлердің сәйкессіздігі, қарапайым келісімнің болмауы, ұстанымдардың қарама – қарсылығы, немесе басқа да өмірдегі маңызды мәселелер. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...