Реферат: Оркестірдің құрылуы мен қалыптасуы тарихынан » ZHARAR

0

Оркестірдің құрылуы мен қалыптасуы тарихынан
Қазақтандағы музыка және театр өнерін кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында 1932 жылы Алматыда музыка драма техникумы ашылған болатын. Оның алғашқы студенттері қатарында кейіннен өнердің әртүрлі салаларында жұртшылыққа кеңінен танымал болған әншілер Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, дирижер Ғазиз Дұғашев, компазиторлар Қапан Мусин, Құддыс Қожамияров, трубашы Александр Спирин, музыка зерттеушісі Гауһар Шомбалова тағы басқа домбыра, скрипка, флейта аспаптарында ойнайтын музыканттар мен актерлер болады.
Техникумда ұзтаздық ететін мамандар жетіспегендіктен 1933 жылы Ленинград консерваториясын бітірген Е.Брусиловскийді қызметке шақырды. А.Жұбанов пен Е.Брусиловскийдің келуімен техникум енді тек оку орны ғана емес, музыка мәдениетін жаңаша өркендетудің ошағына айналды. Солардың бастамасымен техникум жаңадан халық музыкасын зерттеу кабинеті мен қазақ музыка аспаптарын жетілдіру музыка-тәжірибелік шеберханасы ашылды. Қызметке дәстүрлі халықтық музыка өнерінің шеберлері: Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Д.Нүрпейісова, Қ.Байсейітов. А.Айтбаев, М.Өтемісов. М.Бөкейханов, Қ.Медетов, Қ.Жантілеуов, Ә.Құрмановтар аспап жасаушы шеберлер ағайынды Эммануил мен Борис Романенколар тартылды.
Сол 1933 жылы А.Жұбановтың ұйымдастыруымен техникум жанынан кұрамы 7 адамнан тұратын домбыра ансамблі құрылды. Ансамбль аз уақыт ішінде өзінің өміршеңдігін танытып, тез жетілді. Көп кешікпей сахналарға шығып, көпшілікке өнерлерін көрсете бастады. Радиодан, оку орындарының залдарында концерттер беріп жұртшылыққа таныла түсті. 1934 жылдың көктемінде ансамблъ кұрамының мүшелері 17-ге жетті. Техникумда қобызшы, сыбызғышылар болмағандықтан ансамбль кұрамына скрипка мен флейта ендірілді. Ол аспаптарда музыка бөлімінің студенттері Ғ.Дұғашев пен А.Бектасов ойнады.
1934 жылдың маусым айында Алматыда халық таланттарының Бүкіл қазақстандық, слеті өтті. Оған кең байтақ казақ даласының түкпір-түкпірінен өнер сайысына түсуге келген ақындар мен жыршы-жыраулар, әншілер, домбырашылар, қобызшылар, сыбызғышы күйшілер, сырнайшылар, тағы басқа өнерпаздар, талғампаз, білгір сарапшылар алдында барын салған болатын. Слетке техникум жағындағы ансамбль де қатысып, болашақ өнер өрісін меңзей сарапшыларға өзекті ой тастап кеткен еді.
Ендігі мақсат — оркестрдің мүмкіншілік деңгейін арттырып, мүмкіншілігін кең сермеуге әрекет ету еді. Ол үшін оркестр кұрамын әлі де өнерлі музыканттармен, әртүрлі музыка аспаптарымен толықтыру, репертуарды жаңа шығармалармен байыту, орындаушылық шеберлігін шыңдау, орындаушы әртістерді нотамен ойнауға үйретіп, сауапандыру сияқты сан алуан жұмыстар кызу жүріп жатты. Репертуарға орыс және шетел композиторлардың классикалық шығармалары енгізіле бастады. Мәселен, М.Глинканың «Руслан и Людмила операсынан фрагменттер, Ф.Шуберттің «Музыкалық сәті», А.Римский-Корсаковтың «Патшаның қалыңдығы» операсынан интермеццо, П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» операсынан Полина романсы, Кеңес Одағы композиторларының күрделі туындылары тағы басқа шығармалары орындалатын болды. Сондай-ақ Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Қазанғап, Сейтек, Сүгір және Дина мен басқа да халық композиторларының шығармалары кейнен қамтылды. Мәскеудегі оңкүндіктен кейін соңғы 2-3 жыл мерзім ішінде оркестр улкен жетістіктерге жетті.
Осынау қайнаған қызу еңбек майданының нақ ортасында, әрине, А.Жубанов жүрді, Оның атқарар жумыстарының шегі жоқ еді. Оркестрге жалпы басшылық жасау, шығармаларды жинау, реттеу, репертуарға енгізу, улгі аспаптарын ғылыми-тәжірибелік турғыда жетілдіру, әртістерді нота тануға үйрегіп сауаттандыру, дирижерлык ету, өзінід композиторлық және ғылыми шығарманшлығымен шұғылдану, коғамдық қызметтерді ағқару сияқты сан салалы жұмысгарды міндетіне алып, оларды асырғанына таң каласың. Оның үстіне 1935 жылы республика Үкіметінің Каулысымен оркестр үжьшы негізінде Қазақтың Жамбыл атындағы филармониясы құрылды, оркестр соның карамағьша көшті де, А.Жұбанов енді филармонияның көркемдік жағын басқарушысы және директоры болыил тағайындалды. Шығармашъшык;; адамына осыншама ауыр жүкті арқалау, әрине, оңай емес-ті. Содан да шығар, 1938 жылы оркестрге композитор Латиф Хамиди шақырылды. Осыдан кейін А.Жұбанов сөл тыныстап, шығармашылық жумысқа ден койып, оркестр ужымына жетекшілік етуді Л.Хамидітге тапсырды, Л.Хамиди оркестрге дирижерлық ету мен әртістерді нотаға сауаттандыру тәрізді жүмыстарды ез міндегіне алды. Бірақ, өзінің төлтума оркестр ұжымы А.Жұбановтың басты назарында болды. Ол қоғамдық-әлеуметгік, шығармащылық, ғылым-білім салаларында жүрсе де, 20 жылдай үзбей оркестрге қызмет етіп, ғүмырының соңына дейж оның бірден-бір кямқоршы басшысы болды.
1944 жылы құрылғанына 10 жыл толуына орай оркестрге күйші-композитор Құрмангазының аты берілуі тегіннен емес. Өйткені, А.Жұбановтың айтуы бойынша, Құрмаш^азы күйлерінің басым көпшілігі (өрк^йсысы әртүрлі нусқада болса да) жәые ол туралы деректерді жеткізген күйшшің тікелей шәкірті Дина Нүрпейісова бастаған көпшілігі оркестрдің күйші-орындаушылары болған Махамбет Бөкейханов, Оқал Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Лұқпан Мүхитов, Науша Бөкейханов, Ғабдулман Маговтар және Ерғали Есжанов, Мұрат Өскенбаев, Төлеген Аржанов, Ғылман Хайрошев, Саркенже Мъшжанов, Оразғали Сүйімбеков сынды өнер иелері еді. Сондықтан алғашқы оркестр репертуарының иегізің кұраған да Құрманғэзы күйлері бодды.
Құрманғазы — шынайы халық үлы. Ол — казактың аспашық музыка өнері тарихыңдағы табиғаты ерекше жаратылған шоқтығы биік ең алып тұлға.
Құманғазы өзтұсыңдағы коғамдық-әлеуметтік ортаның шытырман; кым-куыт қайшылықтарына қарамай, қайсарлығымен оған қарсы тұрып, қ^ншама куғын-сүргін қиыншылықтарға мойымай, туған ел-журтының арман-мұңын, мақсаты мен мұрат-мүддесін даналық дара үнімен, музыка тілімен жырлап өтті. Сөйтіп, ол шығандай шығыл, соншалықты шырқау биіктерге самғап, өлмес өрелі шығармалар Тудырған шынайы таңғаларлық ғажал қубылысқа айналды. Сол құдірет оның күйлерін әлемдік музыканың классикалық үлгілерінід алтын қазыналары корьша қосты.
Қүрманғазының өмір сүрген әлеуметтік ортасы кым-қиқаш қай-шылықтарға толы, бұлтаң-бұралаңы көп, саяси кұрылымы жағынан бір-бірінен керағар, алшақ жатқан коғамдық формациялардың тоғыскэн тү.сы еді. Мүндай ортаньің шьтгырмаи жұмбақ сырларының жігін ашып, түйінін шеше кою оңай емес-ті. Күйшщің көз ашқаннан көріп өскен ортасы — малшы, жалшы,. жоқшылық зардабын кешкен кедей-кепшіктің сұрықсыз коңыр тірлігі болатын. Ой көзі ояу, жіті аңғарғыш балаң жігіт Құрманғазы бұлай күн кешудің өзі әділетсіздік деп түйді. Сол себепті де ол бала жасьшан әділетгілік ушін күреске шығуға даярланды деуге болатын сияқхы. «Құрманғазы өзінің шығармаларында аддымен адам бейнесін жасады. Ол кандай тақырыпта күй шығарса да, неге бағыштаса да, нені суреттесе де негізгі аркау адам тағдырының айңаласында болды»,— дейді А.Жұбанов. Міне енді осыаан келіп оның бойындағы қасиетгері. іс-әрекеттері, ұстанған бағыты, шығармашиілышныңбедер-бейнесі, бар болмысы айырықша түседі. Демек, оның өмірлік тіккен туындағы ұраны — ел рухын көтеру, адам жігерін жасытпай, адамгершілік, азаматтық касиеттерді жоғары ұсгау, рухани тазалықты сақтау, халық еркіндігі мен бірлігіне дақ салмау, әділеттілік жолында бітіспес күреске шығу. Ал күресу үшін ержүрек батырлық пён батьътдық, таймас табандылық, қайтпас қайсарлық., қажымас кажыр-қайрат^ сарқьшмас күш-жігер керек. Қүрманғазы бойында осьшың бәрі де болды және ол ұстанған жолынаң еш айныған емес.
Құрманғазының өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісінің шындап қолға алынуы академик Ахмет Жұбанов есімімен тығыз байланысты. Аяулы Ахаң қаншама жылдар бойына жер-жерлерді аралай жүріп, «инемш күдық казғандай» зер сала еңбектеніл, қыруар кұнды деректер жинады. Ол үшін қушақ-қүшақ архивтерді ақгарып, күйшіні көзі көрген, білетін, естіген адамдармен жолығып. көнекөз, құймақұлак кариялармен әңгімелесіп, Құрманғазыньщ өскен ортасы, сол кездегі Бөкей хандышньщ коғамдық-әлеуметтіқ, саяси-экономикалық жағдайьі; күйші шығармаларының ту;’ кезендері мен себептері жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Композитордың ел арасына тараған күйлерін көптеген орындаушы куйшілерден жинақтал, сұрыптап талдау, нотаға тусіру, бір жүйеге келтіріл оркестрге лайықтап өидеу жұмыстары да А.Жұбановтың еншісіне тиді. Ол сонау 1930-жшгдардан бастап-ақ тынымсыз улы куйші өміріңін сан тарау ИіЫтырман оқиғаларына толы деректері мен куйлерік түкпір-түкпірден тірнектей жинақтап, оған ғылыми талдаулар жасап, мақаяалар жазып, кітаптар шығарып, тер төге ұлан-ғайыр енбек сіңірді.
Құрманғазыньщ аласапыран толқын атқам ауқымды ойлары, өмір жайлы толғақты толғаныстары, түсінік-түйсіктері жеке домбыра шынашағына сыймайтңндай. Бұл ойдьщ делелін тағы да А.Жұбановтың пайымдауынан табамыз. «Кұрманғазы күйлерімде, баста жалғыз домбыраға арналыл шығарылғанымен оркесгрлік касиеттер күшггі. Көбі «мені оркестрге тусіріп тарт» деп сұранып тұр. «Көбік шашқан», «Ақбай», «Кішкентай», «Адатау» жеке домбырада тартқанда қалай дегенмен шырайы шықпайды. Ал, «Сарыарқа» текоркесгр үшінжаралған сияқты»,—дейді А.Жұбанов. Осыдан кейін әу баста неліктен Қурманғазы күйлерінің оркестр репертуарынық арқауы болғаны, күні бүгінге дейін көптеген күйлерінің үздіксіз табыспен орындалып келе жатқаны оркестрдің Қурманға^уі атымен аталуы әркімге де тусінікті болса керек.
XX ғасырдың отызыншы жылдарының соңы мен қырқьншы жылдары жалпы қазақ өнері ұрдіс өсу, өрлеу жолында болғанын аңғарамыз. Қазақстанда опера жөне балет театрының, филармонияның, консерваторияның ашылуы, тағы баск,а өнер ошақтарының, көптел бой көтеруі профессионалдық музыка өнерінің мәртебесін биіктете түсгі. Кесіби музыка өнері кадрларының қатары да өсті.Осы мерзімдер ішінде Құрмайғазы атындағы оркестр ұжымы да шабытгы шағына жетіп, шынайы профессионалдық деңгейде шеберліктерің шыңвдумен болды.
1939 жылы Қазақстанға келіп, симфониялық оркестрдід бас дирижеры болып орналасқан білімді, білгір мамаи Леонид Шаргородский кейіннен Қазақтың Мемлекеттік филармониясында көркемдік жетекші, Абай атындадағы опера және балет театрында дирижерлық кызметтер атқарда. 1942 жылдан бастап біраз жылдар бойына Құрманғазы агындағы халық аспаптары оркестріне жетекшілік етті. Л.Н.Шаргородскийдың келуімен оркестр жүмысының қарқыны одан өрі удей түсті. Ол тек оркестрдегі дирижерлық кызметімен ғана шекгелмей, ужымға устаздық өнегесін де үйретіп, олардың музыкалык сауаттылығын арттқйруға көп көмегін тигізді. Л.М.Шаргородский мен композитор С.И.Шабелъский шығармапшльгқта тығыз одақтаса отырып, қазақтың халық композиторларының шығармаларын мо#ынан игерумен қатар оркестр-репертуарын-орыс және-шетел композиторларьшың классикалық шығармаларымен байытуға атсалысты. М.Глинканың «Вальс фамгазиясы» мен «Камаринскаясы», А.Бородинның «Орта Азияда» туындысы, В.Глазуновтың «Конңерттік вальстері», Л.Бетховинмін «И 1 симфомиясы», Моцарттыд «Роидосы», Бизенің «Кармен» операсынан антракт, Шуберттің «Вальсі» ез төл туындыларымыздай оркестр репертуарынан берік орын алды, Л.Шаргородский мен С.Шабельскийлердің шығармашылық ынтымақтаста тізе қоса еңбекгенуі нәтижесімде авторлық шығармалары — «Той бастар» поэмасы, «Казақ» тақырыбына арнал-ған симфониеттасы, «Қазақстан», «Алатау» поэмалары дүниеге келіп, оркестрге қомақты өз улестерін қостьі. Сондай-ақ Л.ШаргородскиЙ оркестрге дирижерлық ету мектебінің алуан түрлі көркемдік, эстетикалық, әдістеме-тәсілдік принциптерш өзінің жас ізбасарлары Ш.Қажығалиев. Ф.Мансуров, А.Мырзабеков, М.Әубәкіровтердің бойына сідіруге дек койып, тәлім-тәрбиелік жумыстарды да қоса жүргізді.
Жалпы қазақтың жазба кәсіби музыка өнерін дамытуда А.Затаевич, И.Коцык, Д.Мануцин, А.Жүбанов, Л.Хамвди, Е.Брусиловский, Б.Ерзакович, В.Великанов, С.Шабелъский, Л.Шаргородскийлер орасан мол үлес косқан алғашқы жалаугерлер болды. Одағы соңғы үлттық профессионалдық музыкамыздың өрісі өркен жайып, талантты композиторларымыз лек-легімен к°ліп қосылып, ез бағыт-бағдарымен сан салалы шығармашылық шеңберіыде жаңа , жаңа серпін тудырып, энер эстафетасын жіті жалғастырыш жедел дамытып әкетті. М.Төлебаев, Қ.Мусин, Б.Байқадамов, Қ.Қожамияровтардын ізін баса келген С.Мүхамеджанов, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, Н.ТІлендиев, М.Қойшыбаев, Х.Тастанов, К.Күмісбеков, Д.Ботбаевтар әртүрлі жанрда кептеген шоқтықта шығармаларды дүниеге келтіріп, үлкен өнер мерейін устем етті. Осындай үрдіс ұмтылыстар, с@з жоқ, әлемдік ауқым деңгейімен барабар улттыі^ аспаптық музыкамыздын, көлемі мен сапасынық аясын кеңейтіп, Құрманғазы оркестріне де таруы мол туындыларды тарту етті.
Оркестр репертуарының алтын қорышаі қось^іған А,Жұбановтың «Абай’:, «Қазақ’: сюиталары, «Төлеген Тоқтаров» /вертюра-фантазиясы, көп тармақты «Тэжік биі», «Би күйі». «Ария», «Көктем» атгві туындылары мен «Карлығаш», ‘:Ак көгершін» тәрізді әндері; Е.Брусиловскийдің «Дтаанда», «Румын әуендері», «Желдірме» поэмаларык М.Төлебасвтың «Қазақ фантазиясьг’, «Казақ», «Қазакстан» увертюралары. «Той» атга музыкалық, суретгемесі; Қ.Мусиннің «Жайлауда»‘, -‘Халық бақыты үшш». «Мереке» поэмалары; С.Мухамеджановтың «Балқадиша» вариаи^ялары, «»Кыз қуу» суреттемесі, «Домбыра туралы» баллада», «Шаттық Отаны» поэмалары, «Қазақ увертюрасы», «Мерекелік увгртюрасы», «Дархан дала» атты симфониялык. куйі; Н.ТІлендиевгьщ «Ата толғауы», «Мурагер», «Қайрат» увертюралары, «Көш керуен», ‘»Алтын дән», «Махамбет» поэмалары, «Алатау», «Саржайлау», «Өз елім» әерері; Е.Рахмад^іевтың «Дайрабай», «Қудаша-думан» поэмалары мен әндері, М.Қойшыбаев, Х-Тастанов, К.КүмІсбеков, Д.Богбаев, Б.Жүманиязов, М. Маңғытаевтар мен өзге де композиторлардьщ озыі^ шығармалары кумі бүгінге дейін тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленіл, табыспем орындалып келеді.
Қазақстанның алуан салалы музыка өнері қайраткерлерінің ішіңце Құрманғазы оркестріые қатысы болмаған адамдар кемде-кем. Оркестр туралы сөз болғанда, ол ұғымға дирижерлар, композиторлар, әншілер мен күйшілер, музыканттар түгелдей енеді. Мысалы, әр жылдары өздерініңбар ынта-ықьшасын салып, бойындағы күш-куат, жалпы жігерлерін жұмсап оркестрде дирижерлық еткен Ахмет Жұбанов ассистегатері — Мәлік Жаппасбаев, Ғабдулман Матов, Қапан Мусин; дирижерлар — Жаппас Қаламбаев, Латиф Хамвди, Леоіщц Шаргородский, Шамғон Қажығалиев, Нүрғиса Тілендиев, Фуат Мансуров, Алдаберген Мырзабеков, Үялбай Нүсіпов, Глеб Сафонцев, Мәлгеждар Әубәкіров есівдерін ардақтай айтуға тиіспіз.
Жезтаңдай уш әнші-әртісіміз Күлөш Байсейігова, тандайъша бұлбұл қонған Бибігул Төлегенова, айтуглы да аяулы әншілеріміз Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Роза Жамаңова, Ришат лен Мүсілім Абдуллиндер, Жамал Омарова, Қаукен Кенжетаев, Бекен Жьшыспаев, Байғали Досымжановтар кеп жылдар бойьша оркестрмен қосыла ән шырқап, сәніне сән, әріне әр беріп, оның да, өздерінің де беделін арттыра түсті. Басқа да республикалардың әйгілі әншілері С.Лемешев, Л.Зыкина, С.Киізбаевалар да Құрмакғазы оркестрімен қосылып өн салғандарын өздеріне мәртебе санады.
Біз бүл еңбегшізде Қүрмангазы оркестрінің жылнамасына жазыдар үзақ жылдар бойындағы жүріп өткен жоддарьг мен өмір-тарихының шып-шырғасын шығармай, егжей-тегжейлі барлығын камтыц, түгедаей жазып шығуды міндет еткеніміз жоқ- Олай боллъі мүмкін де елюс. Өйхкені, ондай міндетті атқару — бір кітап түгілі аиденеше томдарға жүк болары анык. Әр кезендерде оркестрге өз үлесгерін қосьщ. қазақ м>~зыка өнерінің абыройьға асырған бірнеше буын тарлан талант өнер иелеріне жіжелей арнайы тоқталып, жік-жігімен баяндап пшғудьщ да мүмінішгі жоқ. Сондықтан, Олар жайлы қыс^аіпа деректер мен толық тізімін кітап соңында беріп отырмыз. Әйхкеммен, жоғарыда біз есімдерін зтаған ардақты ағалар іздерін баса, жалғаса келіп, әр туетары оркестрде қызмет етіп, үздік өнерлерімен танылған: Темірбек Ахметов, Рустембек Омаров, Гүлнафис Еаязитова, Фащма Балғаева, Мағауя Хамзим, Әзіщолла Есқалиев, РысбаЙ Ғабдиев, Бақтияр Құбайжанов, Ғинолла Исмағулов, Мунира Ушшева; Айса Шәріпос, Бақьтг Қарабалина, Алмажаң Шағирова, Қаршымбай Ахмедияров, Зере Бейсембаева, Меруерт Кәленбаева, Гүлсара Ізтілеуовалар сынды және тағы басқа көлтеген айтулы музыканттардың елеулі еңбектерін қу_рмеітей де суйсіне айтуымыз ләзім.
Оркестр жайлы шынайы ой-санамызға салып. көңіл-сезім, көкірек көзімен тереңірек үиілер болсақ — телегей теңіз төгілген тер, жұмсалған қыруар ақыл-зейін, қажыр-кайрат, ересен енбезегі айгпағаңда, улкен бір дәуірді камгитын өнер өлкесі өмірінің киын да қызғьшықты, әрі жарқын іздерін көрер едік.
Оркестр даңқы әлемге әйгіленді

1950 жылдардан ары қарай Құрманғазы оркестірінің даңқы дүние жүзіне тарады. Оркестр ұжымы профессионалдық музыка өнерінің бүге-шігесін жеріне жеткізе толықттай меңгеріп, шарықтау шегіне жетті. Бұл Жұбановтан тәлім тәрбие алған көрермендердің көңілінен шықты. Дәл 1950 жылы қазақтың Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының үлкен концерт залында Құрманғазы оркестріне тұңғыш рет дирижерлық етіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленуі оның болашақ шығармашылық жолындағы жоғары баға алып шыққан алғашқы емтиханы еді.
Расында дэ, әсіресе, Ш.Кажығалиев басқарған тұста оркестр шарықтаұ шегіне жетіп, атақ-даңқы бүкіл әлемге әйгілі болды. Бір ғана мысал 1957 жылдың көкгемінде оркесгр Қытай Халық Республикасына гастрольдік сапармен барьш, Пекин, Шанхай, Нанкин. Шеньян, Харбин калаларында концерттер берді. Пекиннің ұлттық театрында өткен алғашкы коыдертіне Қытай Халық Республикасының басщьшары, қоғам кайраткерлері, мәдениет және өнер қызметкерлері, Кеңес Одағының, Қазақстанның Үкімет өкілдері мен мәдениет қайраткерлері, калың әлеумет түтел катысты. Концерт ұлкен табыспен өтті. Оркесгр күрамында домбырашы-музыканттар ретінде барып қайтқан, қазірде Қазақстан Республикасының еңбек сінірген қайраткері, белгілі композитор Дүнгенбай Ботбаев сол алғашқы концерт туралы бьыайша еске алады: «Қытай халқының үлттық теаірыңда Құрманғазының ‘»Сарыарқа» күйі орындалған сәғге залда отырған мыңдағаң халық қошемет көрсетіп, орышдарынан тұрып, кол шапалақтап карсы альгп, Кытай халқының, мемлекет кайраткерлері сахна төріне шығып. оркестрдің барлық мүшелерін аса ілтипагпен қурметтеп, кұттықтау көрсетті». Ал сол сапарда баяып, дәл осы бір сетті бейнелеп айтушы әнді біреулер: «Концерт соңында «Сарыарқа» күйі басталған сәтте-ақ бүкіл зал орындарынан қопарыла көтеріліп, күй аяқталғанша тапжылмастан тұрып тьщдады. Сірә, музыка мұхитын сапырғандай естілетін, алапат адуынды «Сарыарқаны» қазақтың ұлтық ұраны, ягни гимні екен деп қабылдаса керек», -дегенді айтады. Калай болғанда да сол сапарда оркестрге және оның көркемдік жетекшісі, бас дирижеры Ш.Кажығалиевке «тамаша оркестр, таланілы дирижер» деген айдар тағылды. Кытай халқы Қүрманғазы оркестрінің өнеріне құлшына қол соғып, тамсана кызықтал кана коймай, болашақта өздеріне үлгі етіп алатындарын да бүкілсіз айтты. Мәселен, Пекиндегі Қытай-Кенес Одағы достығы қоғамдық ұйымының «Достық» газетінің «Тамаша оркесір» деген мақаласында: ‘:Қазақтың Қүрманғазы атындағы халық аспалтары оркестрінің Қытайдағы гастролі тек адамдарды тебіренгерлік тамаша музыканы ғана емес, сонымен бірге музыкалъіқ бай тәжірибесін де алә келді. Бұл тәжірибе біздің де улттық оркестрімізді құру мен дамытуға айтарлықтай дәрежеде көмегін тигізеді. Біз Қазақтың Мемлекетгік оркестрі ұжымына Қытайға келген сапары үшін шын алғысымызды білдіреміз»,-
Сол сияқты Қурманғазы оркестрі 1959 жылы Венгер Халық Республикасында, 1971 жылы Финляндияда, 1973 жылы Польша Халық Республикасыйда, 1974 жылы Чехославакияда, 1975 жылы Францияда, 1976 жылы Итадияда, 1982 жылы Португалияда, 1983 жылы Ауғанстанда, Еуропаның сексснге жуық Калаларыңда — Парижде, Римде, Хельсинкиде, Лиссабокда, Прагадаг Будапеште, Бухаресте, Варшавада, тағы басқа толып жатқан жерлерде концерттер беріп, Қазақстан музыка мәдениетінід беделін әлем жұртшылығы алдында биік бедестен көрсете білді.
Міне оркестрдік бағына карай, сондай шақтарда ұжымды басқаруды білімді де біягір белгілі музыка мамандары колдарына алыл, үжымның әрі қарай шығармашылық дамуына ерекіде қолтаңбаларымен өзівдік үлестерін қосты. Солардың ішінен оркестр ужымыша әсіресе мол үлес қосып, тыңғьшықты да тындырымды еңбек сіңірген Ңұрғиса ТІлеЦциев пен Алдаберген Мырзабековтерді ардақтай айіуымыз кажет.
Талантты дирііжер, хас шебер домбырашы, композитор, Кенес Одағынын халық әртісі, Халық, каііарманы Нұрғиса Тшендиев Қурманғазы оркесгрімен жиырма жасар бозбала шагында танысты. Өнердің ерен жүйрік білгірі А.Жұбанов Нұрғиса табиғатыңа дарыған тума талантын бірден танып, балаң жас жігігі колынан жетелеп әке.ліп, оркестр құрамына ендіріл, домбырашы-музыкант етіп кабылдап алды. Сондықтан Н.Тшендиевгің үлкен өнер өлкесіндегі алғаши^ы кадамы осы оркестрден басталды деп анық айга аламыз.
Ал 1960-1962 жылдар аралығында Н.Тілеңдиев Қурмангазы оркестрдің дирижерлық етіп, негізін А.Жүбанов пен Ш.Қажығалиевтар калаған оркестрдің данқты шығармашылық, достүрін жалғастырып, өз бағыт-бағдарымен әрі қарай дамуына түсті. Оркестрді баскарған жылдары Н.Тілендиев қазақтың, халық музыкасының, халық композиторларынңң классикалық үлгідегі шығармаларының кенінен таралуьпіа көп көңіл бөлді. Ол тек дирижер ғана емес, аса көрнетті композитор ретінде де Қазакстан композиторларының оркестрге лайыкты аспаптық шығармадары мен әндерін молынан ендіріп, репергуарлық. кордың барьшша толыға түсуіне зор ыкпал етгі.
Қазакстанның халыі^ әртісі, профессор Алдаберген Мырзабеков Құрмангазы оркестрінде 1955 жылдан дирижердың ассистенті, 1960 жылдан кезектегі дириасер болды. 1962-1964 жылдар аралығында Кеңес Одағы Мәдениет министрлігі жолдамасымен Монғол Халық Республикасының музыкалық драма театры халық аспаптары оркестрінің дирижеры қызметін атқарды. 1964 жылы Монғолиядан оралған соң тағы да Құрманғазы оркестрінін дирижеры жүмысына орналасты. Ш.Қажығалиевтың Ленинград консерваториясында окығам 1968-1971 жылдары А.Мырзабеков оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры міндетін тынғылықты орындады. 1969 жчілы А Мырзабеков басқаруындағы оркестр ұжымы Кеңес Одаіы Мәдетгаетінің күндерін өткізуге Венгрияға аттанды. Ондағві Будапешт, Шапрон, Джер, Сембетх қалаларының өнерсүйер қауымының ыстық ықыласына бөленіп кайтгы. А.Мырзабековтың оркестрге косқан өзіндік үлестері де аз емес. Ол, әсіресе, оған дейін тың жатқан халық композиторларыиың шығармаларын өңдеп, оркесірге лайықтал түсіруде үлкен еңбек етті. Мысалы, Тәтгімбетгің «Қосбасарының»1 2,3-түрлері мен «Көкейкесті» күшгерін, Ыкіастың «Жез киік», «Ерден», «Қазан» күйлерін, Дәулеткерейдің «Түрікмен күйі», «Топан», «Кероғлы», «Байжүма» куйлерін, Абылдың «Қызыд әскер», «Абыл» күйлерін, Сүгірдің «Аққу», Әціімтайдың «Қоңыр қаз» күйлерін оркестр тшіне әсем өрнекгеп түсіріп, оның репертуарының бойына айтарлыктай мол үлесін қоосты….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com