Реферат: Оңтүстік Американың табиғат зоналары

0

Саванналар зонасы. Экватор ормандары секілді, Оңтүстік Америка саванналары Африка саванналарынан ерекше болады. Олар ойпатты жазықтарда да, сондай-ақ субэкваторлық климат белдеулеріндегі таулы үстірттерде де орналасқан. Солтүстік жарты шардың саванналарындағы шөптердің арасында пальма мен қараган ағаштары өседі, ал оңтүстік жарты шарда ағаш өсімдіктері тапшылау. Әсіресе Бразилия таулы үстіртінің орталық аудандарының саванналарында құрғақ, мұнда аласа ағаштар, ағаш тәрізді кактустар кеңінен тараған.
Африка саванналарымен салыстырғанда Оңтүстік Америка саванналарының жануарлар дүниесі аз. Мұнда ұсақ бұғылар, пекарь деп аталатын жабайы шошқалар, денесінің сыртында мүйіз қалқаншалары бар сүтқоректілер — сауыттылар, құмырсқа жегіштер, құстардан — нанду түйеқұсы мекендейді.
Далалар зонасы. Саванналардан оңтүстікке қарай субтропиктік далалар көсіліп жатыр. Мұны Оңтүстік Америкада пампа деп атайды, бұл үндістер тілінен аударғанда «ағаштары жоқ кеңістік» дегенді білдіреді. Ылғалды субтропиктік климат жағдайында құнарлы қызыл ферралит топырағы

70-сурет. Жалқауаң тырнақтарымен 71-сурет.
Бразилия таулы үстіртіндегі жабысқан күйі бүкіл өмірін бұтақтар- саванна да өткізеді түзілген. Дала өсімдіктерінен — шөптер, олардың ішінде бетеге, жабайы тары және басқалары бар.
Пампаның жазық кеңістігіне жүйрік жануарлар тән. Олар: пампа бұғысы, пампа мысығы, ламалардың — түйеге ұқсас тұяқтылардың бірнеше түрі, құстардан — нанду түйеқұсы.
Шөлейттер зонасы. Материктің оңтүстігіндегі жауын-шашыны аз қоңыржай климат жағдайында шөлейттер аймағы пайда болған. Материктің осы қатаң өлкесі Патогония деп аталады. Бұл зонаға тән ерекшелітердің бірі оның сұр топырағының құнарлылығы аз, өсімдіктері тапшы. Астық тұқымдастар өскен шым мен тікенді бұталар мұнда қалың ну түзеді. Шөлейттерде, солтүстікте жатқан далалардағыдай, кеміргіштер мен ін қазушы жануарлар тіршілік етеді. Олардың арасында вискача, саз құндызы, қауіп туған кезде жерге тығылатын кішкентай тас қабықты жәндік бар.
Материктің топырағы, өсімдігі және жануарлары — маңызды табиғат байлығы. Өсімдіктердің көптеген түрлері, құнарлы топыраң, ңолға үйретілген және жабайы ламалар, терісі бағалы аңдардың зор шаруашылық маңызы бар. Өзендер мен мұхиттардың жағалау маңындағы суында балықтар көп (61-суретті қараңдар).
Анд тауындағы биіктік белдеу. Антропогендік табиғат комплекстері
Анд тауларындағы биіктік белдеу. Андының түрлі ендіктерде жататын учаскелері биік белдеулерінің көптігі және құрамы жөнінен көзге түседі. Анд жоталары биік болған сайын және олар экваторга таяу орналасқан сайын, тау етегінен шыңдарра қарай көтерілген кезде табиғат белдеулері соншама көбірек байқалады. Мәселен, Андтың экваторға таяу етегін экваторлық қалың орман жамылғысы жауып түр, оның Амазонка ормандарынан өзгешелігі шамалы. Биіктікке көтерілген сайын өсімдіктер түрінің саны азая береді, олар аласа бола түседі. Экваторлық ормандар біртіндеп таулы ормандар белдеуіне, одан жоғарырақ биік таулы ормандар белдеуіне ауысады. Содан кейін ормандар таулы шалғынға өтеді. Бұл шалғындар парамос деп аталады. Мұнда астық түқымдастар өскен шым, ағаш тәрізді гүлді өсімдіктер өседі. Таудың биік белдеуінде қар мен мұздықтар жатыр.
Тау етектеріндегі субтропиктік климат белдеуінде шөлейттер жатыр, олар белдеуге көтерілген кезде жапырағы қатты мәңгі жасыл ормандар мен бұталарға ауысады. Одан биікте оңтүстіктің жапырағын түсіретін шамшат ағаштары өседі. Одан да биіктікте таулы альпі шалғындары кездеседі.
Тау жоталары арқылы мұхиттардың әсерінен оқшауланған Орталық Анд таулы үстірттерінде құрғақ таулы дала мен шөлейттер орналасқан.
Андыны мекендеген жануарлардың ішінде өте ежелгі түрлер, мәселен көзілдірікті аю бар. Кемірушілерден өзінің бағалы терісімен көзге түсетіні шиншилла кездеседі. Кей жерлерде жабайы ламалар сақталған. Тау кемерлерінде біздің

72-сурет. Андта экваторға жақын ендікте орналасқан биіктік белдеулер
планетамыздағы ең ірі жыртқыш құс — кондор ұя салады, қанатын жайғанда ол 3 м-ге дейін жетеді.
Антропогендік табиғат комплекстері. Адамның Оңтүстік Американың табиғатына тигізетін әсері жергілікті тұрғындар егіншілікпен айналысып, ол үшін орман учаскелерін өртеген кезден басталады. Бірақ бұл өзгерістер материкке европалықтардың келуімен пайда болған өзгерістермен салыстырғанда оңша зор емес еді. XVI ғасырдан былай табиғат байлықтары жыртқыштықпен пайдаланыла бастады. Жерді жырту, орман ағаштарын кесу, жайылымды мал шаруашылығының, басқа материктерден әкелінген жаңа өсімдіктердің пайда болуы материк табиғатын көп өзгертті. Мысалы, пампалардың едәуір бөлігі жыртылған немесе мал бағуға пайдаланылады. Жайылымдарды арамшөп басып кеткен. Пампа өзінің алғашңы бейнесінен айрылған. Бразилия таулы үстіртінің шығысында өсетін бағалы қылқан жапырақты ағаш — араукарий орманына толық құрып кету қаупі туып отыр. Материктің оңтүстік-батысында өсетін оңтүстік шамшат ориандары да жойылып барады.
73-сурет. Орталық Анд таулы үстірттеріндегі ламалар
Соңғы жылдарда өнеркәсіп орындары қалдықтарының табиғатқа теріс әсері артып келеді. Шетел капиталистері көп қалдық беретін табиғатты уландыратын «лас» өндірістерін өз елдерінен Оңтүстік Америкаға көшіруі табиғаттың ластануын күшейте түсуде.
Материкте біршама антоопогендік комплекстер жасалған. Олардың басым бөлігі Бразилия таулы үстіртінің пампаларына, саванналарына, Андтың ішкі таулы қыратына тән. Мәселен, тропиктік ормандар мен саванналардың орнына Африкадан әкелінген кофе ағашы плантациялары, ал пампаларда бидай мен жүгерінің ұшы-қиырсыз алқаптары, мал жаюға арналған қашалар пайда болды.
Амазония ормандары ерекше тез жойылып келеді. Трансамазонка автомобиль жолының (5000 км) қүрылысы сельваға жол ашты. Пайдаланудың қазіргі қарқыны кезінде бұл ормандар XXI ғасырдың басында құрып кетуі мүмкін. Амазонка ормандарын «планетаның тынысы» деп атайды, өйткені олар Жер атмосферасына қосылатын оттегінің үштен бірі береді. Міне, бұл ормандарды қорғау бүкіл адамзаттың мүддесіне сай келетіні сондықтан.
Оңтүстік Американың табиғатын қорғау туралы мәселе алғаш рет XX ғасырдың басында қойылды. Бірақ ондаған жылдардан кейін ғана кейбір елдерде қорғауға мұқтаж болып отырган жануарлардың тізімі жасалды. Қазір сүтқоректілер мен құстардың жүзге жуық түрлері қызыл кітапқа енгізілген.
Қорғауға алынған табиғат учаскелерінің көлемі бүкіл материк территориясының 1%-ін ғана құрайды. Көптеген елдер үлттық парктер мен қорықтар құруда, олар бір мезгілде туризм орталықтары қызметін атқарады.
Табиғат апаттары. Анд елдерінің халықтары үшін ең үрейлі табиғат апаттарының бірі — жер сілкіну. Әдетте, вулкандардың атқылауы, сондай-ақ теңіз түбінің сілкінуі мен цунамидің пайда болуы соған байланысты. Таудағы жер сілкіну тастардың төмен қарай домалауымен, үйінділер түзуімен, қар көшкінімен бірге жүреді. Қалаларда үйлер қирап, өрт шығады, ол халыққа орасан зор зиян келтіреді.
Амазония ормандарын жою
Табиғат апаттары жазықтарда да, мәселен, Ла-Плата ойпатында да болып тұрады. Бұлар — ұзақ жауыннан кейінгі өзендердің тасуы, материктің ортасындағы қуаңшылықтың жиі болуы, күтпеген суықтың түсуі. Оңтүстік Американың дамушы елдері үшін табиғат апаттары ерекше ауыр, халықтың күнделікті тұрмысын тез қалпына келтіру үшін олардың қаржысы жете бермейді.
Халқы және елдері
Материк халқы. Оңтүстік Америка халқының құрамы өте күрделігімен көзге түседі. Мұны түсіндіру үшін материкте елдің қоныстану тарихын білу керек.
Алғашқы адамдар мұнда бұдан 20 мың жыл бұрын дерлік пайда болған. Бұлар ежелгі үндістер болатын, олар мұнда Солтүстік Америкадан келген. Олар бүкіл материкті қоныстанған көптеген тайпаларды құрады.
XVI ғасырда Оңтүстік Американы европалықтар жаулап алып, материкке қоныстана бастады. Алғашқы келгендер испандықтар мен португалдар, кейіннен Европаның басқа да елдерінің өкілдері болды.
Европалықтар үндіс халықтарының көпшілігін рулық-тайпалық құрылыс деңгейінде көрді. Андта ғана инктердің дамыған шаруашылығы мен мәдениеті бар ежелгі мемлекеті болған. Инктердің алып храмдары мен сарайларының қирандылары, жол тораптары, су құбырлары, суару каналдары осы күнге дейін адамдарды таң қалдырады.
Ғалымдардың зерттеулері үндіс халықтарының тауда ғана емес, жазықта да егіншілікпен айналысқанын, бөгеттер тұрғызып, жер құрғатқанын көрсетеді. Үндістер жүгері, картоп, арахис өсіруді бірінші болып бастады, бұлар қазір дүние жүзінің көптеген елдерінде өсіріледі.
Материкті европалықтардың жаулап алуы оның жергілікті халқына қисапсыз зардап әкелді. Инктер мемлекеті талан-таражға түсті. Атлант маңы аймақтарының үндістері құлға айналдырылды, ішінара құртылды немесе материктің ішкі жағына қарай тіршілікке қолайсыз жерлерге ығыстырылды. Үндістер санының азаюы европалықтарды жұмыс күшін іздеуге мәжбүр етті. Плантацияларда жұмыс істеу үшін негрлер — Африкалан күлдаю әкеліне бастады.
Сонымен, материкте қазіргі уақытта адамзаттың барлық үш үлкен нәсілдерінің өкілдері өмір сүруде. Келімсек халықтардың (европалықтар мен негрлер) өз арасында және байырғы халықтармен араласуы нәтижесінде халықтың құрамы керемет күрделене түсті. Европалықтардың үндістермен некелесуінен туған ұрпақтарды метистер деп атайды. Олар қазір көптеген Анд елдері халық бұқарасының негізін құрайды. Европалықтар мен негрлердің некелесуінен туған ұрпақтарды мулаттар, ал үндістердің негрлермен некелесуінен туғандарды самбо деп атайды. Негрлер мен мулаттар негізінен материктің шығысында тұрады.
Материк халқының арасында тілдердің, дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, салттардың араласу процесі жүріп жатты. Сөйтіп, Оңтүстік Американың жаңа халықтары осылай пайда болды. Халықтың көбі испан тілінде, Бразилияда португал тілінде сөйлейді, кейбір үндіс тілдері де сақталган.
Нәсілі жағынан аралас халық қазір материктің бірқатар елдерінде басым. Үндістер барлық елдерде дерлік бар, бірақ олар көп ретте халықтың болмашы процентін құрайды.
Оңтүстік Америка елдерінде үндістерге деген көзқарас барлық жерде бірдей емес. Олардың кейбіреулерінде үндістердің тұрмысын жақсарту үшін шаралар қолданылуда. Аргентинада, мысалы, оларды қорғау туралы заң қабылданған. Бірақ бұл шаралар әлі жеткілікті емес. ІІІамамен үндістердің 80%-і сауатсыз.
Халықтың орналасуы. Оңтүстік Америкада 250 млн.-нан астам адам тұрады. Халық материктің территориясына тым әркелкі орналасқан. Көпшілігі қоныстанушылар келіп орныққан мұхиттар жағалауларында тұрады. Сондай-ақ Анд таулы үстірттерінің орталығында да халықтың тығыздығы жоғары. Материктің ұлан-байтақ ішкі аудандарында халық сирек қоныстанған, ал кейбір экваторлық ормандар территориясында адам мүлдем дерлік кездеспейді.
Елдері. Қазіргі кездегі мемлекеттердің шекаралары XIX ғасырдың басында халықтардың испан және португал отаршыларына қарсы тәуелелсіздік үшін күресінің нәтижесінде қалыптасты. Оңтүстік Америка мемлекеттері дамушы елдер тобына жатады. Олардың шаруашылығының дамуын отаршылдар үстемдігі мен дамыған капиталистік мемлекеттердің қанауы кідірткен болатын.
Оңтүстік Американың екеуінён басқа барлық елдері дерлік мұхитқа шыға алады. Көлемі жағынан ең үлкен елдер материктің шығысында. Бұл Оңтүстік Американың жартысына жуығын алып жатқан Бразилия және материктің оңтүстігінің басым бөлігі үлесіне тиген Аргентина. Солтүстікте Венесуэла орналасқан. Анд елдері тобын Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили құрайды…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз