Реферат: Мотивация түсінігі

0
418

Мотивация отандық және шет елдік психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады.Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін , мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай , ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде, ең алдымен оларды осындай байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына азды көпті мөдшердесаналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды» Ең жалпы түрде түрткі-бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекеткеитермелеуші, ынталандырушы , анықтаушы.
Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілі оның мәнін, табиғатын, құрылымын түсінуде және де оны әр тұрғыдан зертеу әдістерінің көп болуымен шарталады(Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, М.Аргайл, В.Г.Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Бо-жовивич, К.Левин, А. Мослау, Ж.Нюттен, З.Фрейд , П.Фресс, П.М.Якбсон және т.б) Отандық психологияда мотивациялық аясын зерттеуді анықтаушы негізгі әдіснамалық принцип мотивацияның динамикалық пен мазмұндық-мағыналық жақтарының бірлігі жайлы ереже болып табылады. Осы принцпті белсенді жетілдіру адамның қатынастар жүйесі мән мен мағына арақатынасы, түрткілер ықпалдасуы жәнеолардың мәндік контексі, тұлға бағыттылығы мен мінез –құлық динамикасы, іс-әрекеттегі бағдар сияқты т.б. проблемаларды зерттеумен байланысты.
Отандық психологияда мотивация адамның өмірлік іс-әрекетінің, оның мінез-құлқының күрделі көп деңгейлі реттеушісі ретінде қарастырылады. Осы реттеудің жоғары деңгейі саналы –еріктік деңгей болып табылады . Алексеев көрсеткендей , адамның мотивациялық жүйесі берілген мотивациялық тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие. Ол тек кең аямен сипатталады, оған автоматты түрде жүзеге асырылатын ұстанымдар да , ағымды өзекті болмағанмен де, бірақ оның түрткілерінің ары қарай дамуының мәндік болашағын беретін адам үшін маңызды функцияны атқарады. Мұның барлығы бір жағынан , мотивацияны қажеттіліктердің күрделі, бір келкі емес көп, деңгейлі жүйесі және қажеттіліктердің күрделі , бір келкі емес көп деңгейлі жүйесі және қажеттіліктерді, түрткілерді, қызығушылықты, мұраттарды, ұмтылыстарды, ұстанымдарды , эмоцияларды, нормаларды, құндылықтарды және т.б. қамтитын жүйе ретінде анықтауға , ал келесі жағынан, адамның іс-әрекетінің, мінез-құлқының көп мотивтендірілуі жайлы айтуға мүмкіндік береді. «Мотивациялық аяның бағыныстылық құрылымы тұлғаның бағыттылығын анықтайды, ал тұлға бағыттылығы өз мазмұны мен құрылысы бойынша қай түрткілер үстем болса, соған байланысты түрлі сипатқа ие»

Түрткі-мотивация-мотивациялық аясы
Мотивация белсенділік бастауы ретінде және кез-келген іс-әрекеттің түрткілер жүйесі ретінде түсініле отырып, түрлі аспектілерде зерттеледі, осыған байланысты оны әр автор түрліше түсіндіреді. Зерттеушілер оны бір нақты түрткі ретінде де, түрткілердің тұтас жүйесі ретінде де және де қажеттіліктерді, түрткілерді , мақсаттарды, қызығушылықтарды және олардың күрделі шырмалынуы мен өзара әрекеттесуін қамтитын ерекше аясы ретінде де қарастырады.
Түрткі түсіндіру бұл түсінікті ие қажеттілікпен(драйвпен) (Ж. Нютенн, А.Мослау),не осы қажеттілікті бастан кешіру және оның қанағаттануымен (с.л.рубинштейн),не қажеттілік затымен теңестіріледі. Мысалы, А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы контексіне «түрткі» термині «қажеттілікті бастан кешіруді белгілеу үшін емес, берілген жағдайда осы қажеттіліктің нақтыланатын объективін білдіреді және іс-әрекет оны алдырушы ретінде не нәрсеге бағытталатынын білдіруші ретінде анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтейік.
Түрткіні зерттеудегі жетекші зерттеушілердің бірі-Л.И.Божович берген анықтама неғұрлым толық болып табылады. Л.И. Божович бойынша , түрткі іс-әрекет сол үшін жүзеге асырылатын нәрсе, «түрткі ретінде сыртқы дүние заттары, елестетулер, мұраттар, сезімдер мен уайымдар болуы мүмкін» . Бір сөзбен айтқанда, қажеттілік өзінің іске асуын тапқан нәрсенің барлығы. Түрткінің мұндай анықтамасы энергетикалық, өзгермелік және мазмұндық жақтары бірігетін оның түсіндірілуіндегі көптеген қарама – қайшылықтарды шешеді. Сонымен бірге, атап кетейік , «түрткі» түсінігі енді «мотивация» түсінігі енді «мотивация» түсінігі, ол «іс-әрекеттің нақты формаларының пайда болуын , бағытын және де іске асырылу тәсілін анықтайтын формаларының пайда болуын, бағытын және де іске асырылу тәсілін анықтайтын тұлғаның өз мінез-құлығының ішкі және сыртқы факторларын байланыстыруның күрделі механизмі ретінде болады».
Ең кең болып табылатын тұлғаның аффективтік, еріктік аяларын да (Л.С.Выготский), қажеттіліктердің қанағатталуын бастан кешіруді де қамтитын мотивациялық аясы түсінігі. Жалпы психологиялық контексте мотивация-күрделі бірлестікті , субъектіге қажеттіліктер , қызығушылықтар, құмарлықтар, мақсаттар , мұралар түрінде көрінетін және де тікелей адамзат іс-әрекетін детерминациялаушы мінез-құлықтың қозғаушы күштерінің бірлігін білдіреді. Сөздің кең мағынасында, мотивациялық аясы немесе мотивация осы көзқарас тұрғысынан , тұлға өзегі ретінде түсніліп, оған бағыттылық құндылық бағдар , ұстанымдар, әлеуметтік күтімдер , тартылыс , эмоциялар , еріктік сапалар сияқты және т.б. әлеуметтік- психологиялық мінездемелер топталынады. Осылайша , әр түрлі тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, мотивацияны көптеген авторлар адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын детерминациялаушы психологиялық әр текті факторлардың жүйесі, жиынтығы ретінде түсінеді деп бекітуімізге болады.

Мотивация құрылымы
Мотивацияны зерттеуде (В.Г. Асеев, Дж. Аткинсон , Л.И. Божович, Л. Маслоу, Е.К. Савонько) оны белгілі бір иерархияланған құрылымдар енетін күрделі жүйе ретінде түсіну дұрыс. Бұл жерде , құрылым элементтердің , олардың қатынастары мен обьектінің тұтастығынан салыстырмалы тұрақты бірлігі ретінде , жүйе инварианты ретінде түсіндіріледі . Мотивация құрылымын талдау В.Г. Асеевке, оның ішінен а) процессуалдық және дискреттік мінездемелердің бірлігін және б) қос модальды , яғни , оны құраушылардың жағымды және теріс негіздерін беруге мүмкіндік берді.
Зерттеушілердің мотивациялық аясы құрылымы қатып қалған , статикалық емес , керісінше , білім берудің өмірлік іс-әрекеті процесінде дамитын , өзгермелі деген ережелері де маңызды.
Мотивация құрылымын зерттеу үшін , маңыздысы Б.И. Додонов бөлігін оның төрт құрылыдық компаненттілік -әрекеттін өзіне қанағаттану, оның тікелей нәтижесінің тұлға үшін маңыздылығы , іс-әрекет үшін сыйлаудың «мотивациялық» күші , тұлғаға мәжбүр еткізетін қысым. Бірінші құрылымдық компанент шартты түрде мотивацияның «гедоникалық» құраушысы деп аталған , қалған үшеуі – оның мақсаттық құраушылары . Сонымен бірге , бірінші мен екінші іс-әрекетке қатысты ішкі бола отырып , оған бағыттылықты , бағдарды (оның үрдісі мен нәтижесі) анықтайды, ал үшінші мен төртінші әсер етудің сыртқы факторларын (іс-әрекетке қатыстытеріс және оның ) белгілеп отырады. Тағы бір маңыздысы, марапат пен жазалаудан қашу ретінде анықталған соңғы екеуі Дж. Аткиисон бойынша, табысқа жету мотивациясының құраушылары болып табылады. Мұндай мотивациялық құраушылардың құрылымдық түсінілуі , оқу іс-әрекетінің құрылымы мен теңестіру- төменде көрсетілгендей , оқу мотивациясын талдауда өте өнімді болды. Мотивация меноның құрылымдық ұйымдасуын интерпретациялау адамның негізгі қажеттіліктері терминдерінде де жүргізіледі(Х. Мюррей, Дж. Аткинсон және т.б.)
Тұлғалық мотивацияны зерттеулердің алғашқылардың бірі (тұлға қажеттіліктерді : М. Аргаил мотивацияның (қажеттіліктердің ) жалпы құрылымына енгізген : 1) әлеуметтік өзара әрекеттесуді тудыратын әлеуметтік емес қажеттіліктер (суға, тамаққа, ақшаға деген биолгиялық қажеттіліктер); 2) көмекті, қорғанысты, басқаруды қабылдау сияқты тәуелділікке деген қажеттілік, яғни басқа адамдардың ; 3)аффилиацияға деген қажеттілік, яғни басқа адамдардыңортасында болуға , достық үндесуге, топпен , құрбыластармен қабылдануға ұмтылу; 4) үстемдікке қажеттілік, яғни басқалардың немесе топтың өзін ұзағырақ сөйлеуіне , шешім қабылдауына болатын лидер ретінде қабылдауы; 5)сексуалдық қажеттілік – денелік жақындық, бір жыныс өкілінің келесі тартымды жыныс өкілімен достық және интимдік -әлеуметтік өзара әрекеті; Тәунелділікке , өзін бекітуге және бір мезгілде агрессияға деген қажеттілік елеулі мөлшерде оқу іс-әрекеті мен оқушылардың мінез-құлқын талдау үшін қызығушылық тудыруы айқын. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!