Реферат: Экономика | Жұмысшы күшінің миграциясы
Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді.
Халықтың жаппай миграциясы XX ғасырдың екінші жартысында әлемдік қоғамдастықтың өміріндегі ерекше құбылыстардың біріне айналды.
1.1. Халық миграциясы
Халық миграциясы дегеніміз – тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған қайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы, ауысуы.
Халықаралық миграция әр түрлі формаларда болады: еңбектік, отбасылық, рекреациялық, туристік және. т. б.
Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы ұлттық шекараларды кесіп өтетін еңбек ресурстарының әр түрлі бағыттарын қамтиды. Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы – жұмысшы күшінің ұлттық және аймақтық нарықтарының жиынтығы. Еңбектің халықаралық нарығы еңбек миграциясы формасында болады.
Жұмысшы күші миграциясының екі түрлі себебі бар:
— экономикалық сипаттағы;
— экономикалық емес сипаттағы.
Экономикалық емес сипаттағы себептерге мыналар жатады: саяси, ұлттық, діндік, нәсілдік, отбасылық және тағы басқа.
Экономикалық сипаттағы себептерге жекелеген елдердің дамуының әр түрлі экономикалық деңгейіне сәйкес туындайды.
2. Жұмысшы күші өмір деңгейі төмен елдерден өмір деңгейі жоғары елдерге ауысады. Объективті түрде миграция еңбек ақы шартындағы ұлттық ерекшеліктерге байланысты туындайды.
Жұмысшы күшінің миграциясын анықтайтын маңызды экономикалық факторлардың бірі – кейбір елдерде, ең алдымен елсіз дамыған елдерде жұмыссыздықтың орын алуы. Халықаралық еңбек миграциясының маңызды факторының бірі – капиталдың шетке шығарылуы және халықаралық корпорациялардың қызмет етуі.
Трансұлттық корпорациялар жұмысшы күші мен ка¬питалдың бірігуіне ықпал етеді, олар бұл жағдайда жұмысшы күшін капиталға қарай жылжытады немесе еңбек күші атгық аймақтарға ауыстырады.
Транспорттық байланыс құралдарының дамуы өз ретінде халықаралық еңбек миграциясының елеулі түрде дамуына ықпал етеді.
Енді жұмысшы күші миграциясының 5 бағытын атап көрсетейік:
1) жұмысшы күшінің дамушы елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге миграцияламуы;
2) өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі миграция;
3) дамушы елдер арасындағы жұмысшы күшінің миграциясы;
4) жұмысшы күшінің бұрынғы социалистік елдерден дамыған елдерге миграциялануы;
5) ғылыми қызметкерлердің, білікті мамандардың өнеркәсібі дамыған елдерден дамушы елдерге миграциялануы.
Миграциялық ағымдардың негізін жұмысшылар, аз мөлшерде қызметкерлер құрайды. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы алғашында стихиялы құбылыс ретінде қалыптасты, кейінен ол мемлекет тарапынан реттелетін болды.
Енді жұмысшы күші миграциясының негізгі тенденцияларына тоқталып өтейік.
XIX ғасырдың 40-жылдарында көптеген эмигранттар Ирландиядан АҚШ-қа қоныс аударды.
XIX ғасырдың 80-жылдарының басында Италия және Шығыс Еуропа елдерінен АҚШ-қа қарай жұмысшы күшінің кең масштабты миграциялануы еуропалық бидай бағасының төмендеуі салдарынан болды.
Бірақ АҚШ-тағы экономикалық конъюнктураның нашарлауы салдарынан бұл миграция ағымы күрт баяулады.
Жұмысшы күшінің кең масштабты миграциясы себептеріне мыналар жатады:
• кейбір еуропалық елдердегі қоныс аудару;
• жұмыссыздық;
• АҚШ-тағы жұмыстың ыңғайлы жағдайлары;
• жекеменшік жұмысты кең турде дамытуға және өмір деңгейін көтеруге арналған қолайлы жағдайлардың болуы.
3. Елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына тәуелсіз түрде қалыптасқан жұмысшы күшінің миграциясы барлық елдерге тән сипат алған. Бірақ та әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл процесс индустриясы дамыған елдерде өте айқын және белсенді түрде байқалады, өйткені бұл елдерде болып өткен ауыр кезеңдерде жұмысшы күшінің эксперты валюталық түсімнің қайнар көзі болып табылады.
Бұл елдер, әлеуметік-экономикалық өмір жағдайының көтерілуі мен саяси тұрақтылықты сақтау жағдайында жұмысшы күшінің тұрақты түрде жылжуына мүмкіндік бар екендігін дәлелдейді.
Еңбек миградаясы сипатындағы көп қырлы процестің масштабын, интенсивтілігін және даму ерекшелігін анықтау үшін өте маңызды үш бағытты талдау қажет.
Ол бағыттарға мыналар жатады:
— эмиграция (жұмысшы күшінің кетуі);
— иммиграция (жұмысшы күшінің, келуі);
— халықтың ішкі қозғалысы.
Қазақстандағы еңбек миграциясы процесі бұрынғы КСРО кезінде де, қазіргі кезде де, яғни тәуелсіз құқықты мемлекет статусын алу жағдайында да әрекет етуде.
70-80-жылдарда Қазақстан пайда болған хылықтын эми¬грация құбылысы республика аралық халықтық миграция шеңберінде халықтық тұрақты және интенсивті түрде қысқаруы нәтижесінде қалыптасты.
«Ақыл-ойды» кетуі деген миграцияның төмендегідей себептері бар:
1. Демографиялық және экономикалық дамудық сәйкессіздігі нәтижесінде жұмысшы күшінің басқа елдерге кетуі ұлғаяды және жұмыссыздық дәрежссі өз ретінде төмендейді, яғни еңбек балансы реттеледі.
2. Тұрақты емес халықтың интенсивті түрде республикадан ағылып келуі.
Бұл процесс өздеріне етене жақын әлеуметтік-психологиялық ұлттық органы іздеу мақсатында жүреді.
Ресейлік мамандардың зерттеулері бойынша, халықтың рес-публикадан Ресейге миграциялануы бойынша, 1996 жылдың бірінші жартысында Қазақстан 10-орында болды.
Қазіргі кезде халықтық эмиграция таяу жене алыс шет ел¬дерге бағытталған.
Төмендегі кестеде Казақстан Республикасындағы соңғы екі жылдағы халықтық сыртқы миграция көрсегілген.
2-кесте
Жылдар Алыс шетел Таяу шетел
келуі кетуі келуі кетуі
1996 жылдың 9 айында 1543 51977 -50434 -73675
1997 жылдың 9 айында 1637 47512 -45875 -156621
Кеткен халықтың ұлттық құрамын орыстар (57,5%) және немістер (17%) құрайды.
Еңбекке жарамды жастағы адамдар саны 147,5 мың адамға жуық немесе кеткендердің жалпы санының 64%-ін құрайды.
СОҢҒЫ жылдардағы миграция саласындағы тенденция миграциялық қозғалыстардың азаюымен сиптталады.
1996 жылы миграциялық қозғалыс 757,2 мың адамға, ал 1995 жылы 990,7 мың адамға тең болды. Мигранттардың жерін ауыстырушы адамдар құрайды (1996 жылы — 63,0%, 1995 жылы — 59%).
3. Иммиграция интенсивтілігінің төмендеуіне мыналар себепші болды:
• сыртқы саясат жағдайының күрделенуі;
• республикадағы экономика және әлеуметтік сферадағы жағдайдың қиындауы.
Басқа мемлекеттермен миграциялық алмасу нәтижесінде республикамызда жыл сайын халық саны азайды. Соңғы 5 жылда (1991-1995) халық саны 1 млн. адамға жеткен. Ал 1995 жылдан бастап миграциялық шығындар тенденциясы төмендеді.
Елдің экономикасын тура тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы келешекте иммиграцияның ұлғаюына әкеліп соғуы тиіс.
1991-1994 жылдар кезеңінде халықтың ішкі миграциясының ағымы 10,7%-ке азайды.
1994-1996 жылдар ішіңде тұрғылықты халықтың миграция¬лық белсенділігі айқындалған, сонымен бірге, Алматы қаласында басқа облыстардан келген адамдар саны кеткен адамдар санынан 2 есе кем болды.
1995 жылы Солтүстік облыстарда қазақ ұлтының, саны көбейді. Сонымен бірге, республиканың Оңтүстік және Орталық аймақтарындағы Ресей ұлтының миграциялық ағымы өте жоғары болуда.
4. Әлем шаруашылығының дамуындағы жұмысшы күші, миграцияның дамуы
Дүниежүзілік шаруашылық – халықаралық экономи¬калық қатынастардың объективті негізі және маңызды бөлігі. Халықаралық экономикалық қатынастар (ең алдымен сауда-саттық қатынастары) дүниежүзілік шаруашы¬лық қалыптасқанға дейін де бар болған. Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасып, орнығуы оны өзінің дамуы үшін дүниежүзілік шарушылыққа «қарыздар» деп те айтуға болады.
Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасып, орнығуы оны өз заңдары, қызмет ету нысандары, ішкі механизмдері бар дербес құбылысқа айналдырды.
Қазіргі дүниежузілік шаруашылық рыноктық экономиканың объективті заңдарына негізделген, өзара байланыс¬ты және бір-біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм.
Өзінің қалыптасу және даму жолдарында дүниежүзілік шаруашылық ұзақ «тар жол, тайғақ кешулерден» өтті.
Үстіміздегі ғасырдың 60-жылдарында дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер келіп қосылды. 70-жылдардың ортасына қарай олардың қатарынан, «жаңа индустриалды елдер» — «төрт жолбарыс» — Оңтүстік Ко¬рея, Тайвань, Гонконг және Сингапур суырылып алға шығып, дүниежүзілік қауымдастыққа дамудың ерен қарқынын паш етті.
Латын Америкасы елдерінің ішінде өнеркәсібі жедел дамып келе жатқан мемлекеттерге Бразилия, Аргентина және Мексика жатады.
КСРО ыдырап, Шығыс Еуропа елдерінде болып өткен «барқыт революциялардан» кейін дүииежүзілік шаруашылық біртұтас мәнге ие бола бастады.
Құрылу мен қалыптасу үстіндегі бүкіл дүниежүзілік шаруашылық өз құрамына экономикалық өсу деңгейлері бірдей емес — өнеркәсібі дамыған, дамушы және экономикалық жүйесі өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған елдерді біріктіріп отыр.
Соңғы жылдары Қазақстанныі ішкі миграциясына тән ерекшеліктерді атап өтсек.
• біріншіден, республика ішінде халықтың жалпы көшуінің елеулі түрде төмендеуі;
• екіншіден, экологиялық тұрғыда қолайсыз жерлерден халықтың көшуінің жоғары дәрежеде болуы;
• әлеуметтік және экономикалық артта қалған облыстардан халықтың көшуі.
Келешекте жалпы миграция және Қазақстан астанасьшың Ақмолаға көшуі сияқты мәселелерді мемлекетгік реттеу жолымен жүргізу көзделіп отыр.
Қазақстандағы миграция саясаты төмендегілердің негізінде қалыптасады: «Иммиграция жөніндегі», «Қазақстан Ресиубликасындағы азаматтық жөніндегі» заңдар және де «2000-жылға дейінгі миграциялық саясаттың, негізгі бағыттары жөніндегі» Президент жарлығы.
1998 жылғы миграциялық саясаттағы приоритеттерге (артықшылықтар) мыналар жатады:
• республикадағы миграциялық ағымдарды тиімді реттеу;
• қазақтардң орналасуы мен бейімделуіне ықпал ету;
• миграция мәселесі жөніндегі сәйкес заңдылықтарды жасау мен қабылдау;
миграция проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдарды жетілдіру мен нығайту. Осыларға сәйкес мемлекет миграцияны реттеп отыруы тиіс.
Жұмысшы күшін экспортқа шығарудан түсетін тікелей валюталық табыс көздерінің төрт түрі бар:
1) делдал фирмалардың пайдасынан алынатын салықтар;
2) миганттардың, өз Отанына, отбасыларына және туған-туыстарына көмектесу үшін тікелей аударымдары;
3) мигранттардың жекеше инвестициялануы (өз Отанына өндіріс құралдарын және ұзақ уақыт пайдаланатын заттарды әкелуі; жер, қозғалмайтын мүліктер және бағалы қағаздарды сатып алуы);
4) жұмысшы күшін импорттауды елдерден алынатын капиталдар көп жағдайда әлеуметтік сфераға және еңбек ресурстарының ұдайы өндірісіне жұмсалады.
Бюро Француз мемлекеті болып саналады және шетелдік жұмыс күшін пайдалануға қойылған тәртіпті бұзғанға қарсы сол істерінде азаматтық талап етуші болып табылады. Шетелдік жұмысшы күшін заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлаушы, жұмыс беруші 1981 жылдың 17 қазандағы заңы бойынша келесі түрде жазаға тартылады: ол 2 айдан 12 айға дейін қамауға алынуы мүмкін немесе жұмысшы күші ретінде жасырын пайдаланған әр шетел азаматы үшін 2 мыңнан 20 мың франкке дейін айып төлеуі керек.
Сонымен бірге, бұл жұмыс беруші 1984 жылғы 5 марттағы декрет негізінде Бюро пайдасына төменгі шектік сағаттық став¬ка протоколын құру мерзімінен іске асырушы, екі мың еселенген мөлшерде айып төлеуге міндетті (30 мың франк). ….