Реферат: Экономика | Жасанды интелект дамуындағы кибернетикалық рөлі: білім беру саласында » ZHARAR

0

Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуни-кативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап , өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.
Мәліметтер банкі
Жүйеде шешілетін барлық есептерге «ақпараттық база бірлігі» принципін нақтылау үшін мәліметтер банкі қолданылады.
Мәліметтер Банкінің негізгі компоненттері — мәліметтер базасы (МБ) және МБ-н құрудан және программалық құралдарынан тұратын МБ басқару жүйесі (МББЖ) болып табылады.
МБ тұрақты және оперативті мәліметтердің ақпаратты массивтерінің байланысты жиынтығын құрайды.
Айталық, ЭЕМ-да орындалып жатқан есептерді өңдеу үшін, МБ-да сақталған ақпаратты қолдану керек болсын. Нақты есепті шешу қолданбалы программа (ҚП) көмегімен іске асады.
МБ-нан керекті массивті алу үшін, ҚП керекті ақпарат туралы МББЖ-ға өтініш білдіреді (1). МББЖ операциялық жүйеге командалар беріп, базалық массивтерден (БМ) таңдау (2) жүргізе отырып, жұмыс массивтерін (ЖМ) құрады. МБ-на үндеу жіберген кезде, көбінесе логикалық операциялар (іздестіру, таңдау, ЖМ құру) орындалады.
ЭЕМ-де берілген алгоритм бойынша нақты есепті шешу (4) және өңдеу нәтижелерін алу үшін ЖМ қолданбалы программаға (3) беріледі. Егер нәтиже өңдеу үшін қолданылса, онда оны МБ-на енгізеді.

3-сурет. Мәліметтерді өңдеу сұлбасы

Негізгі бағыты жүйенің ақпараттық базасының құрамаларына кіретін ақпаратты жұмыс режимінде қолдап, сақтау, есепке немесе қолданушыға керекті мәліметерді беру, сақталған ақпаратқа ұжымдық кіру мүмкіндігін (доступ) қамтамасыздандыратын ақпаратты-анықтамалық жүйе МБ деп аталады.
МБ комплексті программалармен бірлесе отырып мәліметтердің автоматтандырылған банкін (МАБ) құрайды.
Мәліметтер деп техникалық құралдар көмегімен өңдеу және жіберу мүмкіндігі бар ақпаратты айтамыз.
Мәліметтер құрылымы — мәліметтердің бөлек элементтерінің байланыстарын көрететін ережелер мен шектеулер жиынтығы ретінде анықталады.
Жүйедегі ақпаратты массивтердің жиынтығы жүйенің ақпаратты қорын құрайды, яғни ол мәліметтердің бір-бірімен байланысты элементтерінің жиынтығы болып табылады.
Жүйедегі мәліметтер иерархиясын, жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей, сұлбалық түрде көрсетуге болады: ақпараттық база – АқМ комплексі – АқМ жанұясы – АқМ – реквизит – таңба.
Ақпараттық материалдар құрылымы – жазбалар арасындағы қарым-қатынас жиынтығы.
Егер төмендегі элементтер берілген болса, онда ақпараттық материалдар құрылымы анықталған деп саналады:
— массив жазбаларын құрайтын өрістер жиынтығы; өріс – белгіленген мәні бар таңбалар жиынтығы; таңба — әріп, сан, т.б.
— жазбаларды ұйымдастыру әдістері;
— жинақтаушы құрылғылар.
Ақпаратты материалдарды жазбалардың орналасу әдісіне байланысты төмендегідей құрылымдарға бөлеміз:
— дәйектілген (последовательный) құрылым – белгілер мәндері бойынша жазбалар реттеліп орналасады;
— кездейсоқ құрылым – жазбалар реттелмей орналасады;
— тізбекті (цепная) құрылым – жазбалар кездейсоқ орналасады, бірақ сілтемелер көмегімен белгілер мәні бойынша реттеледі.
Егер ақпаратты материалдарда жазбалар кейбір белгілермен сипатталатын болса, онда ол оның біреуімен дәйектілген, екіншісімен кездейсоқ, ал үшіншісімен тізбектелген болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты материалдарды ұйымдастырудың мақсаты – керекті мәліметтерді іздестіру процессін жеделдету болып табылады.
Ақпаратты материалдарда сақталған ақпаратқа кіру мүмкіндігі (доступ) келесідей әдістер арқылы ажыратылады:
1. Массивтер жүйесінің көмегімен кіру мүмкіндігі. Негізгі массивтердегі мәліметтердің реттілігі мен үйлестірілуі жайлы ақпаратты қамтитын құрылымдық ақпаратты материалдар құрылады.
2. Тікелей кіру мүмкіндігі. Жазбалар адресін алу кезінде жазбаның сипатты белгілері қолданылады, оның көмегімен жазбаның нақты орналасқан орнымен қатар, маңайы анықталынады.
3. Дәйекті кіру мүмкіндігі. Көбінесе алгоритмдік процедуралар көмегімен программалық жолмен анықталады. Кішігірім массивтер немесе физикалық шарттар күшімен массив элементтерін дәйекті жолмен қарап шығу арқылы орындалады.
МБ құрастыру келесі белгілер арқылы негізделеді:
1. Мәліметтердің әртүрлілігі және олардың құрылымдарға байланыстылығы. МБ-ғы мәліметтер күрделі басқару объектісінің ақпараттық моделін сипаттауы мүмкін. Мәліметтер құрылымдары мен типтерінің көптүрлілігі осы модельдегі объектінің барлық компоненттерінің және осы компоненттер арасындағы барлық байланыстардың көрінісін бейнелеуі тиіс.
2. Әртипті қолданушылармен қарым-қатынас. МБ мәліметтердің көпмақсатты болуын қамтамасыздандыруы, әр түрлі режимде жұмыс істейтін және әр түрлі программалау тілдерін қолдайтын қолданушыларды қолдауы тиіс. Мультикіру мүмкіндігі.
3. Мәліметтер бүтіндігі:
A. Физикалық бүтіндік – жабдықтардың бұзылуы мен кездейсоқ сынуынан мәліметтерді қорғау;
B. Логикалық бүтіндік – орталық базадағы қолданушы жіберген қателіктерді немесе логикалық сәйкестелмеген қимылдарды жібермеу.
4. Мәліметер банкінің тәуелсіздігі. Әр қолданушының МБ-ның өзіне керекті және белгілі бөлігіне кіру мүмкіндігі бар болуы керек. МБ-ның логикалық және физикалық қайта ұйымдастырылуы кезінде, қолданушыға өзіне қатысты МБ-ның бөлігін қайта ұйымдастыру алдындағы қалпында көру мүмкіндігін қамтамасыздандыру керек, ол үшін оның программалары өзгермеуі тиіс.
5. Мәліметтер қайталымының болмауы. Ақпараттың әр элементі, кейбір кездерді ескермегенде, МБ-да тек бір рет қамтылуы тиіс (элемент қолданысы көпмақсатты, көпретті болса да).
6. Жасырынды қасиеті. МБ-да мәліметтердің жасырындылығы сақталуы тиіс (сауда экономикасында биржалар мәліметтері және т.б.).
Білім берудегі ақпараттық технологиялар
Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:
— дидактикалық бағыт;
— бағдарламалық ұсыныс;
— техникалық ұсыныс;
— пәндік аумақта қолданылуы.
Дидактикалық бағыт бойынша классификация
Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.
Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.
Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:
— компьютерлік оқулықтар;
— оқытылатын мәліметтер қоры;
— үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.
Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:
— қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);
— компьютерлік тренажерлер (КТ);
— зертханалық практикумдер;
— ойындардың бағдарламалы;
— үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар

III. Қорытынды
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.
Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Әдебиеттер тізімі
1. Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Инфармационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб.
2. Волобуева О.П. Теоретические основы компьютерных систем. Алматы, КазНТУ, 2002
3. А.В Кузин Архитектура ЭВМ; Москва-2006….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com