Реферат: Экономика | Жәрдемақылар

0

Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері.
Зейнетақылар азаматтаға не заңдарға белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі.
Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін көздері болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кезде және т.б. Мұндай жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді.
Жәрдемақылар заңдарда көзделген жағдайларда беріледі. Олар, әдетте, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғаларға негізінен бюджеттік қаражат есебінен немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен беріледі.
Әлеуметтік қамсызданудағы жәрдемақылар – бұл заңда көзделген жағдайларда берілетін, азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету сипатына ие мерзімдік ақшалай әлеуметтік төлемдер.
Жәрдемақылар, әлеуметтік көмек сияқты, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің тарихында жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүрудің жалғыз көзі болып табылған кездері болған.Жәрдемақылардың негізгі мақсаты отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделген кезеңдерде, мұқтаждыққа ұшыраған оларға материалдық көмек көрсетуінен тұрады.

Жәрдемақылардың белгілері.
Жәрдемақылар бірқатар айрықша белгілерге ие, бұл белгілер оларды зейнетақылардан, өтемақылардан, материалдық көмектен ерекшеленеді. Мұндай белгілерге мыналар жатады:
1. Жәрдемақы алуға құқылы тұлғалар шеңбері. Егер зейнетақы алу құқығын негізінен жұмыс істемейтін азаматтар иеленсе, жәрдемақылар барлық тұлғаларға бағытталған.
2. Жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығы. Жәрдемақылар уақытша жоғалтылған жалақыны толығымен, не ішінара орын толтыру немесе заңдарда көзделген жағдайларда отбасының қосымша шығындарының орнын толтыру мақсатында төленеді.
3. Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері. Жәрдемақылар, жоғарыда атап өткеніміздей, уақытша жоғалтылған жалақының немесе қосымша шығындардың орнын толтыру үшін тұрақты түрде емес, уақытша төленеді. Ал, зейнетақы, мысалы, тұрақты түрде төленеді.

Жәрдемақы түрлері.
Жәрдемақылардың түрлерінің көптігі оларды белгілі бір белгілері, мақсаттары және міндеттері бойынша түрлерге бөлу, топтастыру қажеттігін туғызады.
Бізің көзқарасымызша, жәрдемақыларды топтастырудың басты белгісі болып, жәрдемақыларды берудің әлеуметтік-құқықтық негіздері және мақсатты бағыттылығы табылады. Бұл белгі жәрдемақылардың мақсаты бағыттылығын ғана емес, сонымен қатар оны алуға құқылы тұлғалардың құрамын және оны төлеудің ұзақтығын анықтайтындықтан да, біз оны басты деп атап отырмыз. Осы саладағы заңдарға талдау жасау, жәрдемақылардың келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
1. Жәрдемақылардың бірінші тобының негізіне еңбекке уақытша жарамсыздық жатқызылған. Оларға мыналар жатады: ауырған жағдайдағы, отбасының науқастанған мүшесін күту қажеттігімен байланысты, басқа жұмысқа ауысымен байланысты, протездік-ортопедтік стацонарға жатқыза отырып, протездеумен байланысты жәрдемақылар.
2. Жәрдемақылардың екінші тобынан бала тууымен және кәмілетке толмаған балалармен байланысты жәрдемақылар жатады. Бала туу, балалар мен аналарға материалдық қолдау көрсету қажеттілігін туғызады.
3. Жәрдемақылардың төртінші тобына жалақыдан айырылған кездегі кезеңге өмір сүру көзін қамтамасыз етуі тиіс жәрдемақылар жатады.
4. Жәрдемақылардыңтөртінші тобына ерекше жағдайлар – отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда, оны жерлеу қажеттігі туған кезде, табиғи апаттар оын алғанда және т.б. кездерде отбасына материалдық қолдау көрсету мақсатында берілетін жәрдемақылар жатады.
Жәрдемақылар келесі белгілерге бөлінеді:
• Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар.
• Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар.
• Бала туған кезде берілетін жәрдемақылар.
• Жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақылар.
• Балалары бар азаматтарға берілетін жәрдемақылар.
• Оралмандарға берілетін жәрдемақылар.
• Қолайсыз аудандарда тұратын азаматтарға берілетін жәрдемақылар.
• Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін өзге де жәрдемақылар.

Жәрдемақылардың мөлшері.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдарында жәрдемақылардың мөлшері біріңғай тәртібі анықталмаған, сол себепті жәрдемақылардың мөлшерін анықтау үшін тәсілдер көзделген.
Бірінші тәсіл, жәрдемақының мөлшерін негіздік сомада анықтау. Бұл тәсілмен, негізінен, уақытша жоғалтылған жалақыны өтеуге бағтталған және табыстың өзге көздерімен бірге төленетін жәрдемақылардың мөлшері анықталады.
Жәрдемақының мөлшерін анықтау үшін негіздік сома ретінде айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
Екінші тәсіл, жәрдемақының мөлшерін өмір сүру деңгейінің еңтөменгі мөлшеріне немесе кедейшілік шегіне қарай анықтау. Мемлекеттік жәрдемақылардың жекеленген түрлерінің мөлшерін, өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне қарай анытайды.
Үшінші тәсіл, бұл жәрдемақының мөлшерін оны алушының жалақысына қарай анықтау. Осы тәсіл жәрдемақы алушының уақытша жоғалтылған жалақысын толығымен немесе ішінара өтеуі тиіс жәрдемақылардың мөлшері анықталады. Мысалы, жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, айлық жәрдемақының мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті жылдық республикалық бюджетіне арналған заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс.

Жәрдемақыларды төлеу көздері.
Әлеуметтік жәрдемақылар міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға жататын тұлғалардың негізгі жұмыс орны бойынша, келесі кезектілікпен төленеді:
— мемлекеттік мекемелермен – тиісті ерекшеліктері бойынша, бұл ретте есеп беру кезеңінен есептелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, осы кезеңге тағайындалған еңбекке уақытша жарамсыздығына, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылардың сомасына азайтылады.
— өзге жұмыс берушілермен — өз қаражаты есебінен, яғни жиынтық жылдық табысы салық төлеушілердің уақытша жарамсыздыққа, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеуге кеткен шығындарының сомасына дейін азайтылады. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!